Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дрістер Металл кескіш станоктар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

6.22. Сурет. Айналдырық берісінің қозғалысын шектеуге арналған айлабұйым:

а- реттеуші тірегі бар қысқы; б – тіреуші сақина; 1 – бұрғысы бар қысқы тұрқысы; 2 – тіреуші төлке; 3 – кондукторлы төлке.

Қысқының тіреушісі төлкесіне 2 бұрғымен бірге берілген өңдеу тереңдігіне тұрқыға 1 қатысты жылжытуға және орнатуға болады. Білдек айналдырығы кондукторлы төлке бүйірімен төмен тірелгенше ылжиды.

Мұндай қысқы саңылаудың тереңдік дәлдігін 0,1...0,5 мм аралығында қамтамасыз етеді.

Егер бұрғылау тереңдігі жоғары дәлдікті талап етпесе және көрсетілген қысқы болмаса, онда бұрғыда бекітілген төлке тәрізді тіректі қолдануға немесе бұрғылау тереңдігін бұрғыда бормен белгілеуге болады. Соңғы жағдайда бұрғы дайындамаға белгіленген жерге тереңдемегенше айналдырық берілісі беріледі.

Бітеу саңылаудың бұрғылау тереңдігін тереңдік өлшегішпен периодты түрде тексеріп отырады, бірақ бұл тәсіл қосымша уақыт шығындауды талап етеді. Мұнда бұрғыны саңылаудан шығару керек, жоңқадан тазалау керек және өлшегеннен кейін бұрғыны қайтадан саңылауға енгізеді.

Саңылауды кеңейбұрғылау. Диаметрі 25 мм ден жоғары саңылауларды екі өтпеде бұрғылайды: бастапқыда кіші диаметрі бұрғымен, содан кейін – үлкен дисматрлі. Бірінші бұрғы диаметрі, екінші бұрғының кесуші жиегінің көлденең ұзындығына тең болады. Бұл үлкен диаметрлі бұрғымен өңдеу кезінде кесу күшін біршама азайтуға мүмкіндік береді.

Кеңейбұрғылау кезінде бұрғы өлшемін саңылаудың кіші диаметріне байланысты алуды ұсынады. Бұрғылаумен алдын ала - алынған саңылауды кеңейбұрғылауға болады. Құюмен, қалыптамамен алынған саңылауларды кеңейбұрғылау ұсынылмайды. Өйткені бұл жағдайларда саңылау орталығы бұрғы оймен сәйкес келмеуінен бұрғы біршама ауытқиды.

Саңылауды кеңейбұрғылау кезіндегі жұмыс ережелері мен тәсілдері бұрғылау кезіндегі ережілер мен тәсілдерге ұқсайды.

6.7. Үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау технологиясы.

Бұрғылау білдектерінде саңылауды бұрғылау және кеңейбұрғылаудан басқа үңгілеу, ұң жоңғылау, үңгіштеу және ұңғылау операцияларын орындауға болады. Үңгілеу саңылау дәлдігін 9 – 11 квалитетке дейін және беттің кедір – бұдырлығын Rz40 – 10 мкм дейін алуға мүмкіндік береді және сопақтық, конустық және басқа да ақауларды болдырмайды.

Үңгілеуіштерде бұрғыға қарағанда екі емес, үш немесе төрт кесуші жиектері бар, далдалар жоқ және бағыты жоғары қатаңдығының арқасында бұрғыға қарағанда жақсырақ, үңгілеу кезіндегі беріс бұрғылау кезіндегіден біршамаға көп, сондықтан саңылауларды кеңейбұрғылауды үңгілеумен алмастыру ұсынылады. Үңгілеу негізінен бұрғылау мен кеңейбұрғылау арасындағы аралық операция болып табылады. Сондықтан үңгуіш диаметрі түпкілікті саңылау диаметрінен ұңғылауда алынатын әдіп шамасынан кіші болуы тиіс.

Бүйірлі беттерді үңгілеу – ұң жоғылау - дөңгелектерді, құйылшаларды, тірек сақиналарды бүйірінде тістері бар тіліктеу үңгілеуіштермен жүзеге асырылады. Бүйірлі үңгілеуіштердің бағыттаушы шетмойындары болады.

Бұрамалар мен бұрандамалардың цилиндрлік немесе конустық бастиегіне цилиндрлік немесе конустық үңгілеуіштердің көмегімен цилиндрлік немесе конустық тереңдік үңгілеу жасалады, оларды үңгілеуіштер деп атайды.

Ұңғылауды бұрғылау немесе үңгілеуден кейін ұңғылағышпен жасайды. Бұл саңылауды өңдеудің соңғы операциясы болып табылады, өңделетін беттің төмен кедір бұдырлығын және диаметр (7.8) бойынша үлкен дәлдікті қамтамасыз етеді.

Ұңғылау барысында материалдың мәнсіз қабаты бір уақытта ұңғылағыштың бірнеше тістерімен қатар кесіледі.

Ұңғылауышпен өңделген саңылаудың алдында бұрғының немесе үңгілеуіштің өлшемін, қаралай ұңғылауға 0,25...0,50 мм, ал тазалай 0,05...0,015 мм әдіп қалған есеппен таңдап алады.

Мынаны ескеру қажет, ұңғыланған саңылаудың диаметрі ұңғылауыштың диаметріне әрқашан бірнешеге үлкен болады. Саңылау мен ұңғылауыштың диаметрлерінің айырмашылықтарын азайту үшін, олардың өңделетін саңылауға байланысты ұңғылауыштың дұрыс бағытын қамтамасыз етуі керек. Бұны өзібекіткіш қысқылардың көмегімен жүзеге асыруға болады.