Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

5. Сұрақ: Науқас Ж, ер адам, 40 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, медициналық тексеру кезінде флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған, сұрастыру кезенде келесі шағымдар анықталған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына екі ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.2хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 7,5x109; ЭТЖ-25 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде II қабырға шамасында шоғырланған көлеңке анықталады, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта – өзгеріссіз.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

1. Сұрақ: Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі- біріншілік туберкулездің жиі кездесетін түрі. Ол ТМБ популяциясының жоғарылауынан және иммунды жүйенің зақымдалуынан дамиды. Осындай жағдайларда кеуде ішілік лимфа түйіндеріндегі арнайы қабыну үдей түседі. Зақымдалу деңгейі ауқымдалады. Ақырындап лимфа түйіндернің тіні толығымен грануляциялық тінге аламасады. Патологиялық үрдіске көкірек аралықтың лимфа түйіндері мен тіндері ұшырайды. Зақымдалу аймағы ауқымды болсада, әдетте өкпе тінінде арнайы өзгерістер болмайды. Бірақ асқынудың салдарынан лимфогематогенді және бронхогенді жайылу болуы мүмкін.

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі-өкпе тінінде арнайы өзгеріссіз лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталатын бастапқы туберкулездің формасы.

Лимфа ағысының заңына сәйкес аурудың ерте кезеңінде көбінесе бронхопульмональды және трахеобронхиальды лимфа түйіндері зақымдалады. Бронхопульмональды лимфа түйіндерінің туберкулезді қабынуын бронхоаденит деп атайды.

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі инфильтративті және туморозды (ісікті) деп бөлінеді. Инфильтративті формады зақымдалу аймағы ауқымды емес, казеозды-некротикалық өзгерістер әлсіз, қоршаған тіндерде инфильтративті реакция бар. Туморозды формада зақымдалу аймағы ауқымды, казеозды-некротикалық өзгерістер көп, қоршаған тіндерде инфильтративті реакция әлсіз болады.

Асқынбаған кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезін ерте анықтағанда және дер кезінде емделгенде ағымы жақсы өтеді. Перифокальды инфильтрация сіңіріліп, казеозды массаның орнына кальцинаттар пайда болады. Лимфа түйіндерінің капсуласы гиалинизирленіп, қоршаған тіндері фиброзды өзгерістерге ұшырайды. Аурудың басталғаннан 2-3 жылдан кейін қалдықты өзгерістер мен клиникалық сауығу дамиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]