Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

3. Сұрақ: Бұрын туберкулезбен ауырмаған, науқас Ф, әйел, 29 жаста, медициналық тексеру кезінде флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 1 см аспайтын ошақты көлеңке анықталған. Сұрастыру кезінде шағымдары анықталған: кешкі уақытта дене қызуының 37,5°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, дене салмағының аздап төмендеуі, еңбекке қабілетінің төмендеуі, тез шаршау. Қарағанда:жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,2°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-18 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – бронхиальды дыбыс естіледі.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасы. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Компютерлі томограмма. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

4. Сұрақ: Өкпенің циррозды туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Циррозды туберкулез – айқын емес бактерия бөлетін қасиеті бар туберкулезді ошақтар сақталған тыртықтық тіннің едәуір өсіп кетуі.

Цирротикалық өкпе туберкулезіне тән белгілер:

  • Клиникалық көрінісі айқын байқалатын өкпедегі туберкулездік өзгерістер

  • Кезеңділікпен өршу тән

  • Мардымсыз бактерия бөлуші қасиеті

Өкпедегі циротикалық туберкулездің классификациясы:

  • Сегментарлы, бөліктік

  • Шектелген, жайылған

  • Біржақты, екіжақты

Патогенез. Цирроз – паренхиматозды мүшеде құрылымын, тығыздығын өзгертетін және деформациясын тудыратын дәнекер тіннің өсуі. Цирроздың дамуы дәнекер тіннің өсуінің бұзылысы және коллаген түзілуінің стимуляциясымен байланысты.

Бронхогенді цирроз – аттелектазбен асқынатын кеудеішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінің салдарынан дамиды. Бір ай немесе одан да көп уақытта ыдыраған аймақтарда цирротикалық өзгерістер дамиды.

Пневмогенді цирроз – дамиды:

  • Инфильтративті цирроз (лобита) – спецификалық өзгерістер аймағына дәнекер тіннің өсіп кетуі болады;

  • Созылмалы диссиминирленген туберкулез – екі өкпенің де қан тамырларында және ошақтарында дәнекер тін өсіп кетеді;

  • Фиброзды кавернозды туберкулез

Плеврогенді цирроз – плеврадағы патологиялық өзгерістер салдарынан дамиды(мысалы, іріңді плеврит).

Өкпе тінінің эластикалығының өзгеруінің дәрежелері:

  • Склероз (пневмосклероз) – нәзік тыртықтық тіннің диффузды өсуімен сипатталады, өкпенің ауа кернеулігі сақталған. Тыртықтық тін альвеолалар арасына өсіп кетеді, олардың эластикалығы бұзылады да, өкпе эмфиземасы дамуы мүмкін.

  • Фиброз – дөрекі дәнекер тіннің өкпенің шектелген ошағында өсіп кетуі, ауа кернеулігі жартылай сақталған.

  • Цирроз –дәнекер тіннің интенсивті түрде өсуі, өкпенің ауа кернеулігі сақталмаған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]