Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

4. Сұрақ: Науқас В, әйел, 25 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, емханаға келесі шағымдармен қаралған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына бір ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,8°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-22 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.4хІ0І2/л; Нв-100 г/л; T.K.-0,9; лейк. 9,5x109; ЭТЖ-45 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде I-II қабырға шамасында дөңгелек пішінді, мөлшері 4,0 х 4,0 см, жабық сақиналы көлеңке анықталады. Перикавитарлы аймақта аздаған ошақтар бар, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта – өзгеріссіз.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

5. Сұрақ: Өкпенің туберкулемасы анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Туберкулема-диаметрі 1 см немесе одан көп болған,фиброзды қабықты казеозды фокусты айтамыз. Өкпе туберкулемасының 6-10%-і алғаш туберкулезбен ауырған адамдар арасында кездеседі.ал оның туберкулезге қарсы күресетін диспансердегі контингенттер арасындағы жиілігі 10-12%. Туберкулема балаларда және жасөспірімдерде өте аз кездеседі. Туберкулеманың морфологиясын және даму кезеңдерін туберкулездің әр түрлі клиникалық түрлері түзеді. Туберкулеманың негізгі формасы екіншілік туберкулезінен құрылады. Туберкулеманың түзілуі ауруға жоғарғы табиғи қарсылық көрсететін және туберкулезге қарсы иммунитеті бар адамдарда байқалады, бұларда туберкулездік қабыну дәнекер тінмен және эпителиоидтық клеткамен шектеледі. Туберкулемалар туберкулез ошақтарының өршу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Алдымен каезозды қабыну , сонымен қатар продуктивті дәнекер тінді реакция түзеді. Көп рет өршулер болғанда туберклема ядросының капсуласы дәнекер тіндері сақиналарымен бөлінген қабаттардан тұрады. Сонымен қатар туберкулема инфильтраттың және топталған ошақтардың орнында түзілуі мүмкін. Диаметрі 1см-ден үлкен туберкулемалар өршігенде өкпеде каверналармен бірге бронхогенді, яғни кеңірдек тамырлары арқылы тараған ошақтар пайда болады. Туберкулемалар аппозиционды өсу арқылы, сондай ақ инфекцияның лимфогенді және гематогенді таралуымен конгломерат түзіп өршиді. Туберкулема көбінесе өкпенің сыртқы бөліктерінде орналасады. Каезозды біркелкі заттардан құрылады немесе бірнеше қабаттан тұрады,олар бір бірімен коллагенді талшықтар арқылы бөлініп тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]