Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

30 Баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

5. Сұрақ: Өкпенің шашыранды туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап: Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі

Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

Біріншілік туберкулезді жиынтық

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

Өкпенің шашыранды туберкулезі

Өкпенің милиарлы туберкулезі

Өкпенің ошақты туберкулезі

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Казеозды пневмония

Өкпе туберкулемасы

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

Өкпенің цирротикалық туберкулезі

Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)

Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі

Клиникалық көріністері. Дерттің басталуы мен ағымы әр түрлі болуы мүмкін. Кей жағдайларда ол жедел басталуы мүмкін, интоксикация симптомдары айқын болады: дене температурасы 38-39 С-ға дейін көтеріледі, әлсіздік, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, тәбетінің бұзылысы, дене салмағын жоғалту. Көп жағдайда аурудың біртіндеп дамуы тән: шағымдары бірнеше аптадан бірнеше айға дейінгі аралықта күшейеді. Кейбір науқастарда туберкулездің осы түрі гриппен, ошақты пневмониямен, созылмалы бронитпен маска кейпінде болуы мүмкін.

Сонымен қатар, жеделдеу диссеминирленген туберкулездің өкпеден тыс көріністері де байқалуы мүмкін: көмейдің, дыбыс байламдарының зақымдалуы. Осы жағдайларда алғашқы клиникалық көрініс – жұтыну кезіндегі тамақтағы ауырсыну және дауыстың қарлығуы тән. Туберкулезді процесс бүйректе, сүйекте, буындарда, плеврада (экссудативті плеврит) орналасуы мүмкін. Науқастарда айқын бронхопульмональды-плевральды синдром байқалады: жөтелу, қақырықтың бөлінуі, ентігу, кейде қан қақыру.

Перкуссияда–өкпенің жоғарғы бөліктерінде өкпе дыбысының тұйықталуы және эмфизема салдарынан төменгі бөліктеріндегі тимпанит.

Аускультацияда – тыныс алудың әлсіреуі, қатаң түрде тыныс алу және таралаған құрғақ сырылдар (жоғарғы бөліктерінде). Дерттің өршу кезінде инфильтраттар түзіліп, ылғал сырылдар естіледі.

Рентгенологиялық белгілері:

  • Өкпенің жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасқан симметриялы ошақтар, пішіні және айқындылығы бірдей, 5-10 мм, тегіс емес шеттерімен – «қардың үлпегі симптомы»;

  • Инфильтративті фокустар(процесскеальвеолалар мен бронхтардың қосылуы салдарынан);

  • Көп немесе бөлек каверналардың болуы – «көзілдірік симптомы»;

  • Плевраның жиі зақымдалуы;

  • Торлы фиброздың болуы.

Өкпенің созылмалы шашыранды туберкулезі

Клиникалық көріністері. Толқын тәрізді ағым тән: Ремиссия кезінде клиникалық симптомдар жартылай басылады, өршу кезінде күшееді. Интоксикациялық белгілері айқын емес. Көп жағдайда науқастар өздерін қалыпты сезінеді, бірақ мұқият сұрастыру кезінде жалпы әлсіздік және физикалық жүктемеден кейінгі ентігу анықталады. Өкпедеге деструктивті өзгерістерге алып келетін өршу кезінде интоксикация белгілері айқындала бастайды. Кейіннен, созылмалы өкпелік жүрек белгілері байқала бастайды (ентігу, диффузды цианоз).

Фиброз дамуы салдарынан өкпенің жоғарғы бөліктерінде бронхэктаздар түзіледі (перкуссияда – өкпе дыбысының қысқаруы), төменгі бөлігінде эмфизема дамиды (перкуссияда - тимпанит). Аускультацияда – паравертебральды аймақта – құрғақ, кей жағдайларда – ылғал сырылдар естіледі.

Рентгенологиялық белгілері:

  • Әр түрлі көлемді ассиметриялы орналасқан полиморфты ошақтар – «жұлдызды аспан» симптомы, жоғарғы бөліктерінде – тығыздығы жоғарылау ошақтар.

  • Штампты бөлек каверналар

  • Өкпедегі фиброзды өзгерістер – «жылауық тал» симптомы

  • Бронхэктаздар, эмфизема белгілері

Қандағы өзгерістер

Миллиарлы туберкулез

Жеделдеу шашыранды

Созылмалы Шашыранды

СОЭ жоғарылайды, қалыпты немесе аздаған лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз.

Лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз,

СОЭ жоғарылайды.

Ремиссия кезінде қалыпты болуы мүмкін. Өршу кезеңінде - лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз,

СОЭ жоғарылайды.

 

Туберкулин сынамалары

Миллиарлы туберкулез

Жеделдеу шашыранды

Созылмалы шашыранды

Гипоергиялық немесе

теріс мәнді анергия

Нормергиялық, гиперергиялық

Нормергиялық, Гиперергиялық

 

 

 

 

 

ТМБ анықтау жиілігі

Миллиарлы туберкулез

Жеделдеу шашыранды

Созылмалы шашыранды

Сирек

96 % дейін

60 % дейін

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]