Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

4. Сұрақ: Тері туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Тері туберкулезі сирек кездесетін түрі.

Патогенезі: Тері туберкулезі туберкулезді инфекциясының бір түрі. Теріге МБТ гематогенді, лимфогенді, сирек экзогенді түрде теріні зақымдайды. Терінің зақымдалуының екі түрі бар: спецификалық және бейспецификалық. Спецификалық: әртүрлі бөрітпелер мен түйіндердің, казеозды некрозды инфильтраттармен көрінеді, бейспецификалық : ісінулер, жасушалық инфильтрттармен, фиборзды өзгрістермен көрінеді. Терінің туберкулезді зақымдануларында туберкулезді волчанка, скрофулодерма, индуративті эритема, жаралар, сүйелді, лихеноидті, папулонекротикалық тері туберкулезі.

30 Баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

4. Сұрақ: Тері туберкулезі жіктемесі, клиникалық белгілері. зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап: Өкпеден тыс туберкулездің клиникалық жіктемесі

Басқа мүшелері мен жүйелердің туберкулезі

Ми қабығының қабынуының туберкулезі

Ішек туберкулезі

Сүйек – буын туберкулезі

Несеп- жыныс мүшелерінің туберкулезі

Тері туберкулезі

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезі

Көз туберкулезі

Клиникалық көрінісі. Волчанкамен көбінесе балалар ауырады. Көбінесе беттің терісі, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабаты, мойын, кеуде, аяқ ,қол терісі зақымдалады. Бірінші клиникалық белгісі бір немесе бірнеше бір біріне жақын орналасқан түйіндер (люпом) пайда болады, диаметрі 1—3 мм, ақшыл – қызыл түсті болады. Түйіндеріндер баяу түрде шеткеріден ұлғайып, бір біріне қосылып, жоғарыға көтеріліп бляшкілер пайда болады. Түйіндерді басқан кезде алма желесіне ұқсап тұрады, түйметәрізді зондпен басқанда қанның тамшыларымен көрінетін шұңқыр пайда болады.

Люпомды бляшкілер жойылған кезде беткей тыртықтар пайда болады. Кейде люпомалар бір біріне қосылып инфильтраттар түзейді. Бұндай инфильтраттар тері терең қабаттарын, тері асты қабатты, бұлшық еттерді, сіңірлерді, сүйекті зақымдайды. Бұл жаралардың орны үлкен деформациялармен тыртықтанады.

Скрофулодермамен көбінесе балалар мен жасөспірімдер ауырады, созылмалы біріншілік туберкулезбен ауыратын. Мойын, кеуде, қолтықтың астын көбінесе зақымдайды. Скрофулодерманың белгілері терінің терең қабаттарында тығыз, ауырсынусыз түйіндер пайда болады. Түйіндер ұлғайып, бір бірімен қосылады. Түйіннің үстіндегі тері жұқарып, қызыл көк түсті болады. Бірнеше апта немесе айлар бойы инфильтратар ауырмайды, біраз уақыт өткен соң олар жұмсарып, беті ашылады. Жыланкөздер арқылы сұйық іріңдер шығады. Аузы ашылып әртүрлі пішінді жаралар пайда болады. Жазылған кезде әртүрлі пішінді тыртықтар пайда болады. Көбінесе келоидты тыртықтар түзіледі.

Диагностикасы. Биопсия және гистологиялық зерттеулер арқылы қойылады.

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

4. Сұрақ: Науқас Х, ер адам, 55 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, медициналық тексеру кезінде флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған,сұрастыру кезенде келесі шағымдар анықталған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына екі ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.2хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 7,5x109; ЭТЖ-25 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде II қабырға шамасында шоғырланған көлеңке анықталады, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия. Туберкулиндік диагностика: Манту сынамасы, Диаскинтест.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]