Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

5. Сұрақ: Көз туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Көз туберкулезі барлық жаста кездеседі.

Патогенезі: Көз туберкулезі екіншілік туберкулез, көбінесе созылмалы біріншілік туберкулезден кейін, шашыранды немесе ошақты туберкулезден кейін, туберкулезді менингит, өкпеден тыс туберкулезден кейін дамиды. Көз туберкулезінің түрлері туберкулезді – аллергиялық және гематогенді. Туберкулезді – аллергиялық түрінде қабыну диффузиялық түрде дамиды, гранулемалар түзбейді. Көз алмасының сыртқы қабаты қабынады.

Гематогенді түрі өкпе туберкулезі мен кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінен кейінгі қалдықтарының белсенуінен пайда болады. Көбінесе көздің тамырлы торы зақымданады.

30 Баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

5. Сұрақ: Көз туберкулезі жіктемесі, клиникалық белгілері. зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап: Өкпеден тыс туберкулездің клиникалық жіктемесі

Басқа мүшелері мен жүйелердің туберкулезі

Ми қабығының қабынуының туберкулезі

Ішек туберкулезі

Сүйек – буын туберкулезі

Несеп- жыныс мүшелерінің туберкулезі

Тері туберкулезі

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезі

Көз туберкулезі

Клиникалық көрінісі. Балалар мен жасөспірімдердің белсенді біріншілік туберкулезбен ауырған кезде көбінесе көз туберкулезінің туберкулезді-аллергиялық түрі кездеседі. Көбінесе кератиттер, конъюнктивиттер, кератоконъюнктивиттер. Ауру жедел түрде басталады: жарықтан қорқу, көзден жас ағу. Көз қарашығында тамырлардың гиперемиясы, конъюнктивтің ісінуі. Фликтен пайда болады — майда сұр тәрізді жартылай мөлдір түйіндер. Қолайлы жағдайда бірнеше күннен соң фликтеналар сорылады. Қабыну процессі тез регрессияға ұшырайды, бірақ рецидивтер жиі кездеседі. Көз алмасының қабығының гематогенді түрімен зақымдалуы жиі ересек адамдарда кездеседі. Ауру симптомсыз басталады, содан соң алдыңғы увеит, шеткері увеит, хориоретинит немесе жалпы увеит болады. Көбінесе түйіндер 0,5- 2 мм диаметрлі көлемде 10-12 дейінгі ақшыл-сұр немесе сарғыш ошақтар көрінеді. Кейде шақтардың саны көбееді. Олардың шекаралары айқын емес, қосылуы мүмкін. Диффузиялық түрлерінде жіті қабыну реакциясы, ісіну, шынытәрізді дененің көміскіленуі, бірнеше түйіннің пайда болуымен сипатталады.

Диагностикасы. Туберкулинодиагностикасы оңды болады. Офтальмологиялық арнайы аспатық зерттеулер жүргізіледі.

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

5. Сұрақ: Науқас К, ер адам, 37 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, медициналық тексеру кезінде флюорографиялық зерттеуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған, сұрастыру кезенде келесі шағымдар анықталған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына екі ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.2хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 7,5x109; ЭТЖ-25 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде II қабырға шамасында шоғырланған көлеңке анықталады, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия. Туберкулиндік диагностика: Манту сынамасы, Диаскинтест.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]