Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

30 Баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

3. Сұрақ: Өкпенің инфильтративті туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы.

Жауап: Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі

Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

Біріншілік туберкулезді жиынтық

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

Өкпенің шашыранды туберкулезі

Өкпенің милиарлы туберкулезі

Өкпенің ошақты туберкулезі

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Казеозды пневмония

Өкпе туберкулемасы

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

Өкпенің цирротикалық туберкулезі

Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)

Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі

Клиникалық көрінісі.

Бронхолубулярлы немесе дөңгелекті инфильтраты бар науқастарда клиникалық көріністер айқын емес. Бұлт тәрізді инфильтрат және перисциссурит кезінде инфильтративті туберкулез жедел басталып, тұмау немесе жедел пневмонияға ұқсас болып келеді. Қақырықты жөтел және қан түкіру пайда болады. Плевраның патологиялық үрдіске ұшырауынан зақымдалған аймақта кеуде қуысының ауырсынуы пайда болады. Лобиттің пайда болуынан жөтел және уытталу синдрмының өршуі, қақырық мөлшерінің ұлғаюы болады. Ыдырау қуысы пайда болғаннан кейін уытталу синдромы азаяды.Бірақ жұқпаның бронхогенді таралуынан, жаңа ошақтардың пайда болуынан, бронх және өкпе тінінің зақымдалу симптомдары үдей түседі.

Зақымдалған аймақ үстінен өкпе дыбысының тұйықталуы, дауыс дірілінің күшеюі, везикобронхиальды тыныс естіледі. Науқас жөтелгеннен кейін дем алғанда, ыдыраған қуыстың үстінен, тұрақты емес орташа көпіршікті сырылдар пайда болады. Тиіді емнен кейін сырылдар тез жойылады(2-3 апта).

Диагностика.

Аурудың басталғанын науқастар көпке дейін байқамайды. Олар клиникалық көріністерге мән бермейді, жоғары температураны жақсы көреді, көп шағым айтпайды. Науқастар дәрігерге ауру асқынып кеткенде, қан түкіру пайда болғанда келеді. Осындай кезде анамнездік мәліметтерге, әлеуметтік факторға, туберкулездің дамуына әсер ететін медициналық – биологиялық қауіпке мән берген маңызды. Туберкулезді науқаспен қарым – қатынаста болғанына және бұрын туберкулезбен ауырғанына көп көңіл бөлу керек. Маңызды мәліметте 2ТБ Манту сынамасынан алуға болады. Бронхолобулярлы және дөңгеленген инфильтраты бар науқаста туберкулинге реакциясы, көбінесе, нормергиялық болады. Туберкулинге жылдам және жоғары сезімталдықты бұлт тәрізді инфильтрат өршігенде және лоиттің бастапқы кезеңінде анықтауға болады. Инфильтративті туберкулездің асқынған ағым кезінде казеозды пневмония дамуынан теріс анергияға алып келеді.

Бактерологиялық зерттеу инфильтративті туберкулез диагнотикасында маңызды және шешуші мәлімет береді. Тіпті қақырық аз мөлшерде болғанда, тура микроскопия әдісімен ТМБ сирек анықтайды. Бұлт тәрізді инфильтрат және лобит кезінде бактерияның бөлінуі массивті өтеді. Аз мөлшердегі қақырықта ТМБ аз мөлшерде болады. Бронхолобулярлы немесе дөңгелекті инфильтраты бар науқастарда бактерияның бөлінуі айқын емес. Оны люминецентті микроскопия және себу әдісі арқылы анықтайды. Қақырықты культуралдық зеріттеу диагностикасында маңызды рөл атқарады. Және табылған микобактерияның түрін ғана анықтап қана қоймай, сонымен қатар осы әдіс арқылы олардың химиялық препараттарға сезімталдығын анықтайды.

Инфильтративті туберкулезі бар науқастарда қақырық зеріттеуінде жаңа эластикалық талшықтар сирек анықталады. Олардың болуы зақымдалған аймақта диструктивті өзгерістердің, әктелген эластикалық талшықтардың холестирин кристалдарын, фосфат тұздардың және кальций тұздардың болуы ескі әктелеген туберкулезді ошақтардың ыдырауын көрсетеді.

Бронхолобулярлы инфильтрат диаметрі 3см – лік аз қарқында қараюмен сипатталады. Көп жағдайда полигональды формада өкпе түбірінен таралып, сыртқы контуры айқын емес болады. Дөңгеленген инфильтрат анық шектелген қараюдан тұрады. Рентгенограммада ол бұғана асты аймағында орналасады. Қараюдың медиалды аймағынан өкпе түбіріне қабыну жолы бағытталған. Ол кейде дренажы бронхқа сәйкес келеді(Тенис ракеткасы) симптомы. Инфильтрат ыдыраған кезде оның орталық бөлімдерінде қуыс пайда болады. Өкпенің төменгі бөлімдерінде бронхогенді себілу табылады. Томография кезінде туберкулездің этиологиясында маңызды көрінісі болатын тығыз және кальцинирленген ошақтарды анықтауға болады.

Бұлт тәрізді инфильтрат рентгенограммада бір немесе бірнеше сегментте орналасқан біркелкі қараюдан тұрады. Қараюдың сыртқы контуры қоршаған өкпе тінінде сіңіп кеткендей болады. Зақымдалған аймақ ыдырау қуысымен сипатталады. Бұлт тәрізді инфильтрат бөлік аралық қуыста орналасқан жағдайда үшбұрышты формаға ұқсайды. Үшбұрыштың жоғарғы қабырғасының шекарасы айқын емес, ал төменгісі анық болады. Үшбұрыштың шыңы өкпе түбіріне, ал негізі сыртқа қарай бағытталады.

Лобарлы инфильтраттың рентгенологиялық көрінісі зақымдалған өкпе бөлігінің проекциясына сәйкес келеді. Бөліңтің шекараларын тығыздалған плевра жапырақшалары жауып жатады. КТ-да зақымдалған бөлікте деформацияланған және обтурацияланған бронхтарды, сонымен қатар көптеген ыдыраған қуыстарды анықтайды. Өкпенің мұндай бөлігін ара ұясына ұқсатады. Лобиттің өршу кезінде қарама-қарсы бөлікте IV,V сегменттерде ошақты диссиминацияны анықтауға болады.

Жалпы қан анализінің өзгерістері инфильтрат көлеміне және қабыну серпілісінің өршуіне байланысты. Өкпе тінінің айқан эксудатциясы бар науқастарда лейкоциттер 15,0 – 25,0 х 109/л-ге жоғарылайды. Таяқша ядролы нейтрофилдердің пайыздық көрсеткіші жоғарылайды, лимфопения, моноцитоз, ЭТЖ 20 – 40 мм/сағ дейін жоғарылайды. Бірақ шектелген зақымдалуда ЭТЖ және гемограмма көрсеткіштері аз өзгереді. Жалпы зәр анализінде интоксикация айқын болғанда ақуыз кейде, гиалинді целиндрлер анықталады. Инфильтративті туберкулез диагнозын анықтағанда, қақырықта ТМБ – ны анықтау қиындық тудырмайды. Ал егер МБТ анықталмаса, ПЦР–ге жүгіну керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]