Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ftiz_Zhauap_etalony_doc.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361 Кб
Скачать
☆

50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)

1. Сұрақ: Медициналық тексеру кезінде науқас Б, әйел адам, 45 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған, сұрастыру кезенде келесі шағымдар анықталған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына екі ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.2хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 7,5x109; ЭТЖ-25 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде II қабырға шамасында шоғырланған көлеңке анықталады, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта – өзгеріссіз.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)

2. Сұрақ: Өкпенің фиброзды – кавернозды туберкулезі анықтамасы, этиологиясы. патогенезі.

Жауап: Фиброзды кавернозды туберкулез маңындағы тіндерде айқын өзгерістермен және бронхогенді диссиминацияда полиморфты ошақтармен, қабырғаларында жақсы фиброздалған бір немесе бірнеше қуыстық түзілістер пайда болуымен сипатталады, сирек екі өкпеде. Фирозды – кавернозды туберкулезге созылмалы толқын тәрізді өршімелі ағым тән. Дөрекі фиброзды өкпе тінінің спецификалық ауыр зақымдалуы тиімді терапиялық емді шектейді. Фиброзды – кавернозды туберкулездің үш түрін ажыратады: шектелген және салыстырмалы тұрақты, өршімелі, асқынған.

Өкпенің фиброзды – кавернозды туберкулезімен негізінен үлкен адамдар ауырады. Балаларда фиброзды – кавернозды туберкулездің дамуы бастапқы туберкулездің өршімелі ағымының нәтижесінде пайда болады, бірақ ол сирек кездеседі. Өкпе туберкулезі бірінші рет анықталған науқастарда шамамен 3 % құрайды. Өкпе туберкулезі науқастарының негізгі өлім себебі фиброзды –кавернозды туберкулез және оның асқынуы болып табылады.

Патогенез және патологиялық анатомиясы. Өкпенің кавернозды туберкулезінің тиімді емінен кейін жаңа каверна орнында фибринозды ошақ , әрі қарай тыртық қалыптасады. Кейде каверна фокустың пайда болуымен жабылады. Сирек ішкі қабырғада біртіндеп бөліктік эпителизация жүреді және каверна «санировандыққа» өтеді. Осы жазылу түрі тұрақты және сенімді болып табылмайды.

Өкпе тінінің маңайындағы кавернаға өршу кезінде жас ошақтар, содан кейін, перикаваторлы инфильтрация аймағы пайда болады. ТМБ бронхогенді дессименациясы төмен орналасқан каверналарда, ерте зақымдалмаған өкпе бөліктерінде фокустың және туберкулезді ошақтардың пайда болуына әкеледі. Қабырғаның ішкі беткейі тегіс емес, кейде кавернада шырышты іріңді құрамды казеозды массалардың ұнақтарын анықтайды. Каверна қабырғасынң фиброзды қабаты ақырындап кеңейеді, тығыздалады және үзіліссіз сипатта болады. Өкпе тінінің маңайында фиброзды өзгерістер пайда болады. Каверна қабырғасы деформирленеді. Мұндай кавернаны фиброзды немесе ескі деп атайды. Оның пайда болуын кавернозды туберкулездің өкпенің фиброзды - кавернозды туберкулезға көшуін көрсетеді.

Фиброзды кавернозды туберкулез бастапқыда шектелген және салыстырмалы тұрақты болуы мүмкін. Әрі қарай фиброзды кавернаның өлшемі ұлғаяды. Бірнеше жақын орналасқан каверналардың перде аралықтары бқзылады, көп камералы, сирек алып туберкулезді каверналар қалыптасады. Кавернаны бөлетін перегородкаларда қан тамырлық тамырлар болады. Олардың бұзылуы сирек өкпелік қан кетуге алып келеді. Өкпедегі бронхогенді себілу ошақтары жаңа каверналардың біртіндеп пайда болуы арқылы фокустардың бірігуі үрдісіне ие.

Уақыт өте келе каверна қабырғасында, өкпе тінінде және плеврада қайтымсыз сипатта болатын дөрекі өзгерістер қалыптасады. Өкпе артериясының сабауы тарылады және жартылай облитерацияланады, ал бронхты артериялар кеңейеді, әсіресе, каверна қабырғасының маңайындағылар. Өкпенің жайылған өршімелі кавернозды туберкулезі дамиды.

Өкпенің қайталамалы қан кетуінде , өршімелі тыныс жетіспеушілігі , өкпелік жүректің дамуында асқынған фиброзды кавернозды туберкулезді диагностикалайды. Бұл түрінде сирек плевра эмпиемасын және басқа мүшелердің туберкулездік зақымдалуын, жиі аралас көмейдің немесе ішектің туберкулезін анықтайды. Фибринозды – кавернозды туберкулез бүйрек амилоидозымен , бауырдың, көкбауырдың бірігуімен жүруі мүмкін. Казеозды пневмоняның дамуымен асқынған фиброзды – кавернозды туберкулездің ағымы жиі летальды болжамға әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]