- •1. Сұрақ: Біріншілік туберкулез, анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •1. Сұрақ: Біріншілік туберкулез жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •2. Сұрақ: Ошақты өкпе туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •2. Сұрақ: Ошақты өкпе туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •3. Сұрақ: Өкпенің инфильтративті туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •3. Сұрақ: Өкпенің инфильтративті туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы.
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
- •20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
20 Баллдық емтихан сұрақ (есте сақтайды)
3. Сұрақ: Өкпенің инфильтративті туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
Жауап: Инфильтративті туберкулез – жедел ағымды, тез дамуға және өршуге бейімді, мөлшері 10мм-ден үлкен перифокальды ошағы бар әр түрлі қабыну реакциясы бар процесстер жиыны. Инфильтративті туберкулездің клиникалық – морфологиялық ерекшелігі өкпе тез зақымдалып , үдерістің тез үдеуімен сипатталады. Инфильтративті туберкулез өкпе тінінің спецификалық гиперсенсибилизациясының және қабыну аймағындағы экссудативті тіннік серпілістің өршуінен болады. Өкпенің инфильтративті туберкулезі жедел және үдемелі өтуге бейімді,өйткені ол айналасында перифокалды қабынуы бар. Бірнеше бөлікшелерді немесе өкпе бөлігін қамтып бір немесе көптеген казеозды ошақтардан құрылады. Инфильтративті туберкулезбен негізінен ересек адамдар,оның ішінде жастар көп ауырады,кейде қарт адамдар арасында да кездеседі.
Патогенез және патологиялық анатомиясы.
Инфильтративті туберкулез дамуы ошақты туберкулездің өршуімен байланысты. Ескі және жаңа туберкулез ошағының аймағында инфильтрация пайда болып, оның аймағы үлкейеді.
Ошақ аймағындағы қабыну серпілісінің өршуіне массивті туберкулезді суперинфекция, қосалқы аурулар (қант диабеті, алкоголизм, наркомания, АИВ инфекция), ашығу, психоэмоциональды жарақаттар, гормональды препараттарды қолдану, цитостатиктер мен иммуносупрессивті әсер көрсететін емдеу әдістері әсер етеді. Бұл маңызды факторлар иммундық реакцияның тиімділігін төмендетеді және ТМБ – өсуі мен көбеюіне жағдай тудырады. Нәтижесінде туберкулезді ошақ айналасында экссудативті компоненті айқын болатын қабыну серпілісі пайда болады. Спецификалық қабыну өкпеден тыс жайылады, бронхолобулярлы инфильтрат пайда болады. Әрі қарайғы өршу зақымданудың ұлғаюымен сипатталады. Түзілген инфильтрат даму ерекшеліктерімен салыстырылады, бірақ уақыт өте келе бұл айырмашылықтар белгілі бір дәрежеде жойылады. ТМБ популяциясының өсуінен және тіннің сезімталдығының жоғарылауынан, тіндік реакция экссудативті – пролиферативті сипатқа ие болады. Осы жағдайда сегментте дөңгелек инфильтрат пайда болады.
ТМБ вирулентті популяциясына өкпе тінінің гиперергиялық реакциясының кенеттен жоғарылауы экссудациясының маңызды шамада күшеюіне және іргелес сегменттердің патологиялық үдерісіне тартылуына әкеледі. Зақымдалған аумақтағы морфологиялық өзгерістер спленопневмонияға ұқсас болып келеді. Бұлт тәрізді инфильтрат пайда болады. Казеозны – некроздық реакциясының одан әрі өршуі, бронх өзегі арқылы казеозды массалардың іру мен шеттетілуі ыдырау қуыстарының пайда болуына әкеледі. Жаңа ошақтардың, инфильтраттардың пайда болуына әкелетін ТМБ бронхогенді массивті таралуына жағдай туады, мұның өзі инфильтраттардың жаңа ошақтарының пайда болуына әкеледі. Өкпенің бүкіл бөлігінің зақымдалуы және ол жерде көптеген қуыстардың пайда болуын лобит деп атайды.
Инфильтраттар, көбінесе, өкпенің І,ІІ,VІ сегменттерінде орналасады. Зақымдалуыдың көлемі мен орналасуына байланысты өкпенің 2-3 бөлігінің алып жататын бронхоглобулярлы инфильтрат бір сегментте болатын сегменарлы,полисегментарлы немесе бөліктік инфильтрат деп бөлінеді. Бөлік аралық саңылауда орналасқан инфильтратты перисциссурит деп атайды.
Емделмеген инфильтративті туберкулез, өрши келе казеозды пневмонияға, кавернозды туберкулезге ауысады. Кейде инфильтрат туберкулемаға түрленеді. Емдеуден кейін инфильтративті туберкулездің жазылу ағымында қабыну реакциясының сіңірілуі, фиброздың дамуы, казеозды массаның тығыздалуымен инкапсуляциясы болады. Ыдыраған қуыстың орнында құрғақ казеоздан тұратын фиброзды ошақ қалыптасады.Кейіннен ошақ орнында сызықша немесе жұлдызша тәрізді тыртық қалыптасады.
