Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЧМПТС книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

2.7 Домендік қождар және оларды утилизациялау

2.7.1 Теміркенді шикізаттарды кешенді қайта өңдеу

Ресейдің кейбір ірі металлургиялық комбинаттарында 2009 жылы 1,5 млн т дан астам шойын шығарылды :

ОАО «Новолипецкий МК» - 1694,6

ОАО «Череповецский МК»- 1561,6

ОАО «Магнитогорский МК»- 1591,7 .

Қайта өңделетін материалдың түрлері (руда , агломерат, шекемтас)т және олардың химиялық құрамдары 10 таблицада келтірілген . Оларды доменді пеште қайта өңдеу кезінде қож және шойын алынды және 11 кестеде көрсетілген .

Негізді домендік қождарда кристалдық фазаның басым көпшілігі мелитит , окерманиттің қатты еріндісі болып келетін 2CaO * MgO * 2SiO2 және геленита 2CaO*Al2O3 – SiO2 , сонымен қатар екікальцилі силикат 2CaO*SiO2 болып келеді . Қышқыл қождарда мелититтен басқа воластонит 3CaO*SiO2 және анортит CaO болады. Бірақ та, негізді домендік қождарда минералдық құрылған тип CaO*SiO2 немесе CaO*Al2O3 – 2SiO2 кездесуі және , керісінше қышқылды қождарда көп мөлшердегі CaO минералы , мысалы 2CaO*SiO2 және 2CaO*Al2O3 – SiO2 болуы мүмкін. Алюминаттар сирек кездеседі , тек қатты негізді қождарда төменгі силикатты модулде және тек қана алюминат кальций түрінде кездеседі . Шпинель MgO * Al2O3 тек жоғары мөлшердегі MgO және глинозем бар қождарда кездеседі . Домендік қождар құрамында , әсіресе негізді, сонымен қатар сульфид түріндегі күкіртте болады . Олардың ішіндегі маңыздылары CaS, MnS, FeS , ал MgS сирек кездеседі.

Кесте 10

Домна пешіне тиелетін материалдардың химиялық құрамы

Кәсіпорын

Материал түрлері

Химиялық құрамы, % мас.

CaO/SiO2

FeOж

FeO

SiO2

ОАО «Новолипецкий»

Кен

42,55

3,816

33,88

Агломерат

55

12,337

5,665

1,496

Шекемтастар

64,72

3,243

5,294

0,222

ОАО «Череповецкий МК»

Кен

42,65

31,9

Агломерат

57,64

11,68

5,88

1,53

Шекемтастар

63,61

5,1

0,63

ОАО «Магнитогорский МК»

Кен

41,59

3,816

33,88

Агломерат

57,67

12,337

5,665

1,496

Шекемтастар

63,136

3,273

5,294

0,222

Домендік қождардың минералдық құрамдары олардың негізділігіне бацланысты қатты өзгереді. Минералогиялық құрамдағы елеулі өзгерістер әртүрлі кен орындарынан шойынды балқытып алған кездегі шойында байқалады.

Іргелі ғылым жаңа «бірыңғай кен шикізаты » ұғымын енгізеді , ал сәйкесінше , темір кені – бұл теміркенді зат , құрамында , геохимия оқытатындай, периодтық жүйедегі 5-10 кларк аралығындағы химиялық элементтердің барлығы дерлік кездеседі , яғни олардың металлургиялық қайта өңдеу кезіндегі щоғырлануы жеткілікті мөлшерде болады .

Кешенді темір кеніндегі темірмен бірге жүретін бағалы компонеттерді шығарып алудың принципиальды текхникалық мүмкіндігі және экономикалық тиімділігі көпшілік кенорындарға көптеген ғылыми және практикалық әзірлемелер , сонымен қатар отандық және шетелдік кәсіпорындарда расталған .

Сондай ақ , доменді пешті қолдану кезінде де қарпайым балқыту кезінде де және хлор – ионын осы үрдіске енгізу кезінде де , түсті және сирек кездесетін металлдарды шоғырландыруға мүмкіндік бар . Домендік пештің биіктігі бойынша күшті ректификационды агрегат ретінде бағалы металдар шоғырландырылады , цинк және сурьма ; вольфрам және молибден газ және шаңмен бірге пештің колошнигі арқылы ұшып кетеді. Шахтаның үстінгі бөлігінде олар бугазды фаздан қайта – қайта конденсациялау кезінде жиналады. Олар домендік пештегі түсті және сирек металдардың айналымдары кезінде қалыптасады .

Домендік пеш сонымен қатар сілтілердің шоғырландырушысы болып табылады . Олдардың возгондары сода өндірісінде шикізат ретінде қолданылуы , және органикалық заттардың синтезінде , мысалы қақтарда және жоғарылайтын газ ағымындағы цианды да қолданылуы ықтимал .

Алайда , қара металлургия оларды бөліп алуға негізделмеген. Себебі бұл халық шаруашылығының саласы қара металл деп аталатын белгілі шеңберге жауапты . Қара металлургия сонымен қатар түсті және сирек металлдар үшін жасанды шикізат шығару керек екені айқын , себебі олардың темір кендеріндегі мөлшері түсті металлургия өндірісіндегі мөлшерімен тең.