Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЧМПТС книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

2.5 Өндірістік қождар

Өндірістік металлургиялық қождар өзара қыйын жүйені құрайды. Олар көп жағдайларда сульфидтерді, сулфаттарды және тағы басқа қоспаларды санамағанда, төрт немесе оданда көп оксидтерден құралады.Мысалы, доминдік қождардың негізі болып SiO2, Al2O3, CaO және MgO оксидтері құрайды; түсті металлургияның қождарын SiO2, FeO, CaO оксидтері құрайды; конвертірлі қождар көп жағдайда екі оксидтерден FeO, Sio2 құралады. Алайда, бұл берілген қож құрамының жақын және болжамды ұсынылуы ғана.

Қазіргі кезде қожды жүйенің бинарлы диаграммасының артықшылығы зеріттелінген. Үшінші обылыс ішінде толық бірнешеуі зерттелген. (CoA-Al2O3-SiO2, MgO-CaO-SiO2). Төрттік облста ал тіпті кейде бестік жуйені зерттеуде металлургиялық практиканың және зерттеу жұмыстарынның мәндерін колдануға тура келеді. Әсіресе қождағы металлдарды бөліп алу кезіндегі жоғалымдарының себептерін анықтағанда қолданамыз.

Металл жоғалымдарының негізгі түрлері төмендегідей:

1) Берілген металлдардағы оксидінің қожбен химиялық байланысы кезіндегі химиялық жоғалымы.

2) Қождағы сульфидтердің және металлдардың ерітінді түріндегі физикалық(егер штейнді балқытсақ) жоғалымы , алайда әдетте металдар қож құрамында аз ериді .

3)Тұндыру кезіндегі қождағы тұнбаған металл түріндегі механикалық жоғалымдар.

Металдың қожбен бірге жоғалуының көлемі қождың бірқатар физико химиялық қасиеттеріне : балқымалардың тұтқырлығы, олардың тығыздығы, беттік керілісі,қож балқымаларындағы металлдардың және сульфидтердің ерігіштіне тәуелді .

Қождарда коллоидты ерітінді түзетін заттың күйі үлкен рөл атқарады. Бұл жүйе сұйық ортадан тұрады , онда қождың негізгі массасында қатты және сұйық күйдегі ерімейтін қосылыстар болады . Коллоидты күйдегі сұйық қож құрамында қожды белгілі бір түске боятын таза металлдар ; бөлек оксидтер SiO2 , Al2O3, Fe2O3, Fe3O4 және т.б. қосылыстар , әсіресе фериттер ,және сульфидтер мысалы : ZnS , Cu2S және т.б. кездесуі мүмкін .

Қож құрамындағы дисперсті қатты фазаны әрдайым коагуляциялау , пештің қалыпты жұмысын бұзатын немесе көп жағдайларда пешті істен шығаратын төсемдерің пайда болуымен жүреді.

2.6 Сұйық қож құрамындағы металдың байланысуының себептері

Барлық қолданылатын шараларға қарамасатан , өндірістік қождағы металдардың мөлшері айтарлықтай көп , бұл металлургтерді қождың пештен тыс кедейленуіне қосымша іс шаралар жүргізуге мәжбүрлейді. Әдетте пештен тыс кедейлену, негізгі балқыту аппараттарынан отты- сұйық қож түсетін шығарылмалы жылытылатын агрегаттарда жүзеге асырылады.

Кедейлену үрдісі кезінде электрохимиялық және де механикалық жоғалтымдарды азайтуға тырысады .

Металдарың қожбен бірге жоғалуына үрдістің температуралық режимі үлкен әсер етеді. Температураның жоғарылауы тұтқырлықтың төмендеуіне және, көп жағдайда, фазааралық керілістің ұлғаюына алып келеді. Осы екі себеп металлдың қожбен бірге жоғалуына әсер етеді.

Температураның жоғарылауымен қождық балқыманың тығыздығы төмендейді. Жуықтап есептеулер үшін мәндерін шамамен , қожды балқымалар температура 100 С жоғарылағанда тығыздығы 0.2 – 0.3 г/см3 дейін төмендейді деп қабылдауға болады.

Қождардың тығыздығы ұлғаяды, егерде меншікті салмағы үлкен қоспаларды енгізсек (Fe3O4, FeO, ZnO, BaO) және жеңіл компонеттерді (CaO, MgO, SiO2)енгізгенде төмендейді.

Тығыздықты анықтау тек теориялық тұрғыдан ғана қызығушылықты тудырмайды , сонымен қатар металлургия өндірісіндегі бірқатар практикалық есептемелерді шешуге қажет . Осы көлемді білу металлургиялық қондырғылардың колемін , ликвациалы фазалар бөлінуінің кинетикасын , т.б. жағдайларға қажет .

Көптеген өндір ликвациалы фазалар бөлінуінің кинетикасын , т.б. жағдайларға қажет .

Көптеген өндірістік үрдістерде механикалық жоғалтымдар металлдың қожбен бірге жоғалымдарының негізгі бөлігін құрайды. Механикалық жоғалтымдар әр түрлі іріліктегі металл тамшылары түрінде болады . Олар балқымалардың металлургиялық агрегаттарда болу уақытында қож фазасынан металлға өтип өтіп үлгермеген.

Жоғарыда баяндалған ортақ теориялық ережелер, металлдың қождағы жоғалымдарын минимумға жеткізу үшін , балқытудың технологиялық режимін негізді түрде жақындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар технолог қождың режимін бағытты түрде өзгерте алады және металлургиялқ агрегаттағы металл мен қождың , температура мен газдық атмосфераның құрамын реттей алады.

Қождың тиімді құрамын таңдау кезіндегі ең негізгі резерв – шығарылымды жоғарылату . Қож жеткілікті түрде жеңіл балқитын , сұйықаққыш және төменгі тығыздыққа ие болуы қажет. Қождағы металлдың ерігіштігі минималды болуы шарт, ал металл – шлак жиегіндегі фазааралық керіліс мүмкіндігінше жоғары болуы керек . Сонымен қатар қождың шығарылуы минимумға акелінуі тиіс.