Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЧМПТС книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

9.3. Ванадий өнімінің өндірісіндегі токсикология

Металлургиядағы феррованнадий және оның қорыптасы, феррованнадийді балқыту кезіндегі ең көп атмосфералық ауаның ластануына әкелетін өндіріс болып табылады. Феррованадий балқытылып шығарылатын тигель және электр пешінен шығатын ваннадий қождары үйіндіде үлкен мөлшерді қамтиды. Ванадийдің және оның қосылысының токсикологиялық қасиеті адам ағзасына едәуір зиянын тигізетін уытты болады. Олар қан айналуына, тыныс алу жолына, жүйке жүйесіне зат алмасу жүйесіне әсерін тигізіп ,және де жалпы ағзаның реактивтілігін өзгертеді. Ванадийдің жоғарғы оксидтері төменгіге қарағанда уытты болады. Шикізатты қайта өндіру сатысы бойынша бөлек-бөлек ванадийдің құрылымына тоқтала кетейік. Ванадий титаномагнетитті және магнетитті кендерінде ,концентраттарында тек қана үш валентті күйінде болмайды. V3+ және Fe3+ кристаллохимиялық иондарды жақындатуымен, магнетиттегі кристалдық тордың реттегіш әсерінен үш валентті ванадийдің катиондардың V3+ келесі катиондардың қосылуымен қайта анықталады:

Ванадий үш валентті катион түрінде кесектелген титаномагнитті шикізатта болады, бірақ та жоғарғы негізді агломерат алу кезінде катиондардың v3+ жоғары валенттікке дейін тотығуына болады. Титан-магнитті балқыту қалпына келтіруден титанды қождар екі және үш валентті формада кездеседі,. Сондықтан, титанды қождар көбінесе құйма (брусчатка)тас және қиыршық ( щебня) тас жол құрысылы үшін, ал түйіршіктелген титанды қождар- цемент өндірісінде кеңінен қолданылады. Ванадий қожы дуплекс процесінде СаО-ның төмен концентрациясы арқасында ваннадий үш валентті, және ерімейтін формада болады. Сонымен қатар, ванадай дуплекс қожын сумен суытуға және тас жолында ашық вагондарда және теңіз көлігімен тасымалдауға болады. ГОСТ 12.1.005-88 «Жұмысшы аймағының ауасына жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар» бойынша ПДК және ваннадий құрамдас заттардың уыттылығын 50 кестеде көрсетілген. 50-кесте

№

Заттардың аты

Қауіп классы

ПДК,мг/м3

1

V2O5 Ванадий пентооксидінің түтіні

1

0,1

2

V2O5 Ванадий пентооксидінің шаңы

2

0,5

3

Ваннадийдің ванадаты және хлориді

2

0,5

4

Ваннадий триоксідінің шаңы

2

0,5

5

Феррованнадий және лигатуры

2

1,0

6

Ванадий карбиді

3

4,0

7

Дуплекс-процесіндегі ванадий қожының шаңы

3

4,0

8

Ванадий шойының конвертілек кезіндегі пайда болатын түтіні

3

6,0

50-кестеде көрсетілгендей, ванадийлі дуплекс-қожы уыттылығымен салыстырғанда,3-қауіп класына жатады, және оған арнайы жұмыс аймағындағы ауаның ПДК жай ғана шаң түрінде -4,0 мг/м3 орнатылған.

Ең қатаң шектеулер 1-қауіп класына жататын , ванадий пентаоксидіне қойылған. Негізгі қоршаған ортаға болат балқытуындағы қождар қауіп тигізуі мүмкін, бірақ та технологиялық регламентті ұстануымен қождағы ванадий оксідінің құрамы шекті ерігіштіктен (2..3%) аспауы керек. Конвертерлік шаң, шаң тәріздес қождар, феррованадий өндірісіндегі қождар (90% оданда жоғары) темір оксідінен және ванадийден құралады, магнетит кристалдық торының әсерінен V2O5 формалы болады. Әктастың ерігіштігіне байланысты үйінділердегі сұйық фаза рН жоғарғы көрсеткішімен ерекшеленеді. Сондықтан , қатты бөлшектердің жоғарғы жағындағы v3+ ионы осындай ортада v 4+ және v5+ иондарына дейін тотыға алады, содан сулы фазада және шаң тәріздес қождар түзгіш сулы фазасында жоғалып кетеді.

Ванадий құрамды шаң тәріздес қожбен конвертерлі қождар үйінділерде ванадий формасының ерігіштігінің көзі. Ванадий құрамды үйінділер ТЭС қайта өндіруде ерекше назар аударуды талап етеді. Олардың құрамына бағалы және уытты компонент болып, ванадийден басқа никель болып табылады. Сонымен қатар, ТЭС ванадийдің бір бөлімі жақсы еритін ванадий сульфаты құрамында болып , ал сулы вытяжка құрамында күкірт қышқылының болуымен қышқыл әсерін тигізеді. Феррованадийді балқыту үшін, тікелей болатты легірлеу үшін жоғарғы сапалы техникалық ванадийдің пентаоксидінің алуымен қайта өндіруді қарастырған ТЭС барлық үйінділер түрлері қоршаған ортаға және адам ағзасына тиетін зиянның қарастыра қоймай, сонымен қатар экологиялық таза технологиялық нұсқамен жоғарғы сапалы ванадий және никель құрамды өнімді алуымен негізделген.