Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЧМПТС книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11 Мб
Скачать
☆

3.4.Жоғары көміртекті феррохромның өңделген қождары.

Жоғары көміртекті феррохромның қожын минералдағы конгломераттан, тамшы және қиыршық түріндегі металлжасаушы феррохром ұсынады.Бұл қождар толық түрде өңдеуге ұшырайды.Олар келесі құрамда болады:2-5% Cr2O3,32-37% SiO2,30-38% MgO,12-23% Al2O3.

38-суретте жоғары көміртекті феррохром қожының өңдеу схемасы көрсетілген. Бірінші қож болатты ковштағы пештен шыққаннан кейін цехтағы қож сепарациясын салқындату бөліміне беріледі. Осы бөлімде ол 4-8 сағат ішінде салқындатылады.Содан кейін қож жартылай қатып қалған күйінде сыйымдылығы 16 м3 болатын қож чашаларына ауыстырылып тиеледі.

Қождан қолмен немесе кран арқылы ірі скрап алынады, ал траншеяда 300мм-ден аспайтын бөлшектерге бөлінетін қожды үлкен кесектер арқылы экскаватормен автосамосвалдарға жүктеледі және -130мм ірілік кластағы ұсақтау үшін уатқышқа беріледі,содан кейін елеуіштер көмегімен -40,+40....-70,+70...130мм ірілік кластарға бөлінуі жүзеге асады.

+40...70және +70...130мм ірілік кластағы материлға орташа ұсақтау уатқышына жеке жеке беріледі,осының нәтижесінде қосымша -40мм ірілік кластағы ұсақтау жүреди.-40мм ірілік кластағы материал 1 тораптағы сұрыптаудан кейін және 2 уатқыштан кейін 5*5,20*20 мм тормен жабдықталған 2-ші тораптағы сұрыптауға беріледі.-5,-20 және +20...40мм ірілік кластағы алынған материалдар тұрақты магнит бар магнитті сепараторларға бағытталады.Магнитті сепараторлар белгілі ірілік кластармен мамандандырылған.

Сепараторлардың жұмыс режимі магниттелген материалдың екі түрін алуды қамтамасыз етеді.Бірінші жағдайда жетекші металдың жоғары мөлшеріндегі металды концентрат алынады,бірақ қождан төмен мөлшерде металл алынады,ал екіншісінде алынатын металды концентратта металдың (хромның) төмен мөлшері болады,бірақ қождан металды қиыршықтардан жоғары мөлшері алынады.14-ші кестеде қиыршық тас пен металл өнімдердің негізгі фракцияларының шығуы көрсетілген.Сонымен қатар құрамындағы металл мен хромның баланстық есептеу кезіндегі бастапқы және соңғы өнімдердің мөлшерлері көрсетілген.

Кесте 14

Қождың магнитті сепарациясының өнімдері

№

п/п

Материалдар

Шығуы %

Cr мөлшері, %

Барлық металдың

Сонымен қатар хромның

1

Бастапқы қож

100,00

4,22

3,31

2

Металлоконцентрат (МК)

Сонымен қатар:

20...800 мм фракциясы

20...40 мм фракциясы

5...20 мм фракциясы

4,45

1,27

0,95

1,11

53,62

100,0

35,0

35,0

38,11

65, 50

27,12

27,10

3

Қиыршық тас

Сонымен қатар:

20...40 мм фракциясы

5...20 мм фракциясы

92,55

64,79

13,88

1,99

1,99

2,30

1,00

1,00

1,90

4

Шаң

3,0

4,32

-

Қождан металл алу 56.6%-ды құрайды,ал қолмен алу-30.18%. Магнитті сепараторлардың тиімділігі 37.7%-ға тең. Дегенмен де,магнитті сепарацияның тиімділігі жоғары емес,техника-экономикалық есептеулер бұл технологиялық операциялардың өтуі экономикалық орынды екенін көрсетеді. Қож бен металл бөлу жүйесін сепарацияны ауа үстелдерінде қолдану арқылы жетілдіреді.

Көміртекті феррохромның металл концентраты (МК) айналым қалдықтармен бірге жоғары көміртекті феррохром өндірісінде қолданылады,сонымен қатар феррохром орнына өнделген ферросиликохром өндірісінде қолданылады және негізгі қожбен бірге руда қалпына келтіру пешіне ауыстырылады.Сонымен қатар,арнайы жүргізілген зерттеулер көрсеткендей,металл концентраты көміртекті феррохром орнына болат өндірісінде қолданылады.Жоғары көміртекті феррохром қожының құмы мен қиыршық тасы монолитті және құрама бетонды және темірбетонды конструкциялар бетондарының орнына,ғимарат және құрылыста,сонымен қатар құрылыс жұмыстарының материалдары орнына қолданылады.

Технологиялық өңдеу механикалық ұнтақтау және содан кейінгі фракциялау және магнитті сепарацияны көздейді.Қождың шынайы қалыңдығы 2.5...3т/м3 аралығында өзгереді.Ұсақталған қождың үйінді массасы 1.5...1.7 т/м3-ты құрайды.

Жоғары көміртекті феррохром қожын өңдеу үшін келесі технологиялық құрал-жабдықтар қолданылады:

  • ірілік уатқыш СМД 110-А

  • орташа уатқыш СМД 109-А

  • орташа уатқыш СМД-511

  • металл бөлгіш

  • екі орнату іріктемесі ГИС 42

  • магнитті сепараторлар

  • ленталы транспортерлер.

Жоғарыда айтылған құрал-жабдықтармен қатар,транспорттық және жүк тиегіш құрал-жабдықтар қолданылады:

  • пневмо дөңгелекті жүк тиегіш ТО-28

  • бірнауалы экскаватор ЭО-5224

  • самосвал-автомобиль камаз - 5111

  • гидромолотты экскаватор ЭО-5124.

Технологиялық құрал-жабдықты басқару басқару пульті арқылы жүзеге асады.

40-суретте магнитті сепарацияның сызбасы көрсетілген.Белгілі ірілік кластағы материал айналмалы барабан сепараторына түседі.Металл құрайтын магнитті бөлігі барабанға тартылады және барабан ішіндегі тұрақты магнит секторына тең бұрыш жасап,магнитті бөлігінен шығып,төменге қарай құлайды. Магнитті бөлігі әсер етпейтін магнитті емес бөлігі барабаннан вертикаль бағытта магнитті емес өнім бөлігіне түседі.

Қож бөлшектері қож металды сросттардың нәтижесінде әр түрлі магнитті қасиеттерге ие,сол себепті қождың магниттелген бөлшектері тұрақты магниттің барлық секторына бөлінеді.Магнит бөліну зонасы магнитті және магнитті емес өнімдер арасында орналасқан шибермен тіркеледі. Материалдың бөліну дәрежесі және өнімнің сапасы және магнитті өнім алу дәрежесі шиберді реттейді. Магнитті сепараторлар сипаттамасы 15-кестеде көрсетілген.

Кесте 15