- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
«Биосфера» термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген.
Тірі ағзалары бар қазіргі уақыттағы биосфераның бӛлімін қазіргі заманға биосфера немесе Биосфераның негізгі қасиеттері.
Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)
Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның ӛмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.
Биосфера-ӛзін-ӛзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.
Биосфера-кӛп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Кӛптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.
Биосфераның маңызды қасиеті – заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.
«Тірі заттар»-биосфераның негізі, бірақ аз ғана бӛлімін құрайды. Тірі заттардың ең жоғарғы орта ӛзгерткіш іс әрекетіне байланысты, негізгі ерекшеліктеріне келесілер жатады:
1. Барлық еркін кеңістікті тез меңгеру қабілеттілігі. Берілген қасиет бойынша В. И. Вернадский келесідей қортындыға келді, яғни белгілі геологиялық кезеңдер үшін тірі заттардың саны тұрақты болды.
2.Қозғалыстың белсенділігі.
3.Тіршілік кезіндегі тұрақтылық және ӛлгеннен кейін тез арада ыдырау.
4.Әртүрлі жағдайларға жоғарғы бейімделушілік қабілеттілігі (адаптация).
5.Реакция жүруінің ең жоғарғы жылдамдығы.
6.Тірі заттардың жаңаруының жоғарғы жылдамдығы.
Тірі заттардың негізгі биогеохимиялық функциялары:
Энергетикалық функция - Күн энергиясы жинақталатын және биосфера компоненттері арасында таралатын жасыл ӛсімдіктердің фотосинтездік іс-әрекеті бұл функцияның негізін құрайды. Жерде бүкіл тіршілік құбылысының барлығы күн энергиясының жинақталуы есебінен ӛтеді.
Газдық функция - газдардың миграциялануына және олардың айналымын жүргізіп, биосфераның газдық құрамын қамтамасыз етеді. Қызмет ету процесінде тірі заттардан негізгі газдар азот, кӛмірқышқыл, оттегі, метан және т.б. түзіледі.
Жинақталу функциясы - қоршаған ортадан биогенді элементтерді тірі организмдердің бӛліп алуы және жинауы. Сыртқы ортаға қарағанда бұл элементтердің концентрациясы тірі организмдер денесінде мың есе жоғары. Бұл биосфераның химиялық құрамының әртектілігімен және оның планетаның ӛлі заттарының құрамынан анағұрлым айырмашылығымен түсіндіріледі.
Тотығу-тотықсыздану функциясы - тірі заттардың ықпалынан ортаны О2 байытуға байланысты тотығу процесі, сондай-ақ, О2 жетіспеген кезде органикалық заттардың ыдырауына байланысты жүретін тотықсыздану процесі.
Деструктивті функция - органикалық заттардың минералдануы жүретін организмнің ӛлгеннен кейінгі ыдырауымен байланысты процесс, яғни тірі заттарды минералды заттарға айналдырады. Нәтижесінде сонымен қатар биогенді және биокосты заттар түзіледі.
Орта түзуші функция - нәтижесінде тіршілік процестері ортаның физико-химиялық параметрлерінің түзілуін жүзеге асырады.
Тасымалдаушы функция - ағзаның белсенді қозғалыс формасы нәтижесінде заттар мен энергияның тасымалдануы.
Ақпараттық функция.
Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы.
Заттар айналымы 2 түрге бӛлінеді:
1.Үлкен немесе геологиялық (құрлық пен мұхит арасында).
2.Кіші немесе биологиялық (экожүйе ішінде).
