- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
Мақсаты: Студенттердің ҚР-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару туралы білімдерін кеңейту. Жоспар:
1. Қазақстанның қазба байлықтары 2. Сирек металлдар Қазақстан жерінде
3. Энергия кӛзі- биомасса.
Негізгі түсініктер: мұнай ресурстары, энергетикалық ресурстар, металлургиялық процес, ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар.
Қазақстанның қазба байлықтары
Қазақстан минералдық ресурстарға ӛте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден- үшінші, мыс-тӛртінші, уран-бесінші, алтын- алтыншы,темір кені- жетінші, қалайы мен никель-сегізінші, кӛмір мен табиғи газ – тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында. Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің тӛрттен бір бӛлігі, темір кенінің оннан бір бӛлігі орналасқан.
Қазақстан түсті бағалы және сирек металдардың кӛптүрлілігімен, байлығымен сипатталады
Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешег бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария ӛзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты, Аманкелді, Обоған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскӛл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының иаңындағы кен орындарын атауға болады. Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Никель және кобальт кендері Ақтӛбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтӛбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық ӛңдеу барысында кобальт та алынады.
Мыс кендері Қазақстанның кӛптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада,Жетісу, Жоңғар Алатауында , Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпанында, Ақтӛбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакӛл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық байлығы болып табылады. Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Шу мен Іле тауында да полиметалл кен орындары табылған. Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысы мен солтүстігінде ӛндіріліп келген. Солтүстікте - Ақсу, Майқайық, Жусалы, Жаңғабыл, Тӛртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста- Қалбы алтынды ауданы. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған. Кӛкшетау жақын жылдары негізгі алтын ӛндіруші аймаққа айналады.ӛндірілетін алтын мӛлшерін қазіргі жылына 10-15-тен 100-120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Сирек металлдар Қазақстан жерінде
Вольфрам мен молибденнің ӛнеркәсіптік кен орындары Сарыарқада (Байназар, Ақмая, Шалқия, Сарсн, Батыстау және т.б.), Таулы Алтайда (Кӛкшіл, Шындығатай), Іле Алатауында ашылған. Солтүстік Балқаш кен орындарында (Қоңырат, Бозшакӛл, Саяқ) және Қаратаудың ванадийлі кен орындарында әр түрлі мӛлшерде молибден қоры бар.
Тантал-ниобий кендері Қалба мен Мұғалжарда таралған. Комплексті ниобий кендері Семей және Кӛкшетау облыстарының гранитті шӛгінділерінен табылған.
Цирконий Сарыарқаның батысы мен солтүстігінде, Торғай ойпатында, Арал маңы мен Мұғалжарда таралған.
Висмут қорғасынды, мырышт және мыс кендерінде кездеседі сурьманың бірден бір кен орны (Торғай) Ақмола облысында орналасқан.
Сынап Шара ауданында, Шу, Іле және Жоңғар Алатауында табылған.
Мышьяктың негізгі қоры алтын кен орындарында орналасқан.
Кадмий Кенді Алтайда, Сарыарқа мен Қаратауда таралған. Оның қоры қорғасындымырышты, мысты-мырышты кен орындарында орналасқан. Кадмийді мырышты концентраттардан ӛндіреді.
Галий Амангелді мен Торғай бокситінде, Алтайдың полиметалл кендерінде кездеседі.
Индий Мырғалымсай, Текелі, МАйқайыңның полиметалл кендерінен алынады.
Рений Жезқазғанның мас кендерінен табылған.
Талий Алтай кендерінен (Лениногорск, Зыряновск, Ертіс маңы), Сарыарқа (Жайрем, Ақжал, Ұзынжал, Қарағайлы), Жезқазған және Қоңырат кен орындарынан алынады.
Селен мен теллур Кенді Алтай, Майқайынның, Шыңғыс тауының полиметалл кендерінен,Саяқ, Қоңырат, Бозшакӛлдің, Шатыркӛл, Жезқазған және т.б. мысты кендерінен алынады.
Қазақстан рудалы емес пайдалы қазбаларға да бай.. Калий тұздары маңызды химиялық шикізаттық ресурстардың бірі болып табылады. Калий тұздарының қоры республикамыздың батыс бӛлігінде, Жайық-Жем аймағында орналасқан.
Полиметаллдық кендерменәдетте серіктес болатын барит қоры Жалайыр, Бадам, Шығанақ және т.б. кен орындарынан табылған. Жыл сайын плиметаллдық кендерден1,11,2 млн. тонна флотациялық бариттік концентрат ӛндіріледі.
Фосфориттерге Қаратау баурайы (барланған 40 кен орны бар) және Ақтӛбе тобы (8 кен орны бар) бай. Қаратаудың фосфаттық кенінің сапасы жоғары,Р2О5 үлесі 23-26, кейде 30%, ал ақтӛбелік фосфаттарда 6,1-14,1%-ға дейін ғана.
Күкірт темір және полиметалл кендерінде кездеседі. Шығыс Қазақстанда жыл сайын полиметаллдық кендерден 700 мың тоннаға дейін күкірт қышқылы ӛндіріледі. Ақтӛбенің маңынан күкірт кен орны табылған.
Қазақстанда барлық ӛнеркәсіп салаларының жедел дамуына қажетті минералдқ-шикізат ресурстары жеткілікті.
Энергия кӛзі биомасса. Оның құрамындағы күкірттің мӛлшері 0,1%, ал күлділігі3-5%-тен аспайды. Биомассадан алынған газды отын ретінде пайдаланып, турбогенераторлардың кӛмегімен электр тогын алу жолы басқа белгілі әдістермен бәсекелесе алады. Биомасса қалдық ретінде кӛп мӛлшерде қант пен шарап зауыттарында борық қамысын ӛңдегенде шығады. Борық қамысын қант, шарап алу дамып келе жатқан елдердің 80-де жолға қойылған. Осыған байланысты тек борық қамысын пайдалану арқылы бұл ӛсімдік ӛсетін елдерде энергияның 50%-дай мӛлшерін алуды жолға қоюға болады.
Осы синтетикалық отын ХХІ ғасырдың негізгі энергия кӛздерінің біріне айналуына толық мүмкіндік бар. Ағаш биомассасынан алынған метанолды отын ретінде жаққанда шыққан кӛміртек оксидінің мӛлшері бензинді жаққанда бӛлінетін газ кӛлемінен 2 еседей тӛмен. Метанолға альтернативті этанолды қант ӛндірісінен шыққан биомассадан ферменрттер кӛмегімен алып, оны бензиннің орнынына қолдануға болады.
Анаэробты микроорганизмдер штаммаларының арнайы түрлерін жасап биогаз қолданудың экология мен экономика жағынан болсын тиімді жолдарын табуға болады. Биогаздың энзимдер қолдану арқылы этанолдың бағасы бензинмен салыстырмалы келеді. Және қазіргі жағдайда қалдықтардан биогаз алу технологиясы ӛзін 5-3жылда ақтап, табиғи органикалық ресурстарды үнемдеуге ықпал жасайды.
Болашағы зор потенциалды энергия түріне мұхиттардың жылу, ағыс, толқындар мен тасу энергия түрлерін жатқызуға болады. Мұхит тасуларының техникалық энергия потенциалы болжам бойынша 780 млн.кВт шамасында. Канададан қуаттылығы 20млн.кВт, ал Ресейде Мурманск ауданында қуаттылығы 400млн.кВт, Алыс Шығыста қуаттылығы 87млн.кВт энергия беретін станциялар іске қосылған. АҚШ тағы тасу процесіне негізделген станциялар 350 млрд.кВт/сағатына берсе, Францияда жылына алынатын энергия мӛлшері 40млрд.кВт сағатына жетеді. Қазақстанның энергетикалық базасы ΧΧғасырдың 30-шы жылдарында құрыла бастады. Алғашында кішігірім электростанциялар фабрика, зауыт, мұнай кәсіпорындары мен рудниктердің мұқтажын атқару үшін солардың маңында салынған. 1950 жылдан бастап, республиканың бірнеше аймағын электроэнергиясын қамтамасыз ете алатын қазіргі уақытқа дейін істеп жатқан энергетика кешендері ұйымдастырылды. Ол кестеде берілген.
