Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆
    1. Атмосфералық ауаның ластануы

Атмосфера- әртүрлі газдардың қоспасынан, су буларынан және шаңнан тұратын, планетаның газ тәрізді қабығы. Жердің космоспен зат алмасу атмосфера арқылы жүзеге асады. Атмосфера бірнеше қабаттардан тұрады.

Атмосфераның негізгі құрамына азот, оттек, аргон және кӛмір қышқыл газы жатады.

Атмосфералық ауаның ластануы табиғи және анропогендік жолдармен жүреді.

Табиғи ластану кӛздері: космостық шаңдар вулкандардың атқылауы, теңіз суларының булануы, тау жыныстарының шайылуы, топырақтың ұшуы, орман, дала ӛрттері т. б. Антропогендік ластану кӛздері: ӛндірістік және транспорттық орындар, ауыл шаруашылық және құрылыс ұйымдар, коммуналды тұрмыс обьектілері. 1. Топырақтың ластануы

Топырақ эрозиясы дегеніміз желдің немесе судың әсерінен топырақтың бұзылуы. Топырақ эрозиясын су эрозиясы және жел эрозиясы деп бӛледі. Су эрозиясында бұзатын күш ретінде ағын суы болып табылады, ал жел эрозиясы - ауа ағымы. Адамның әсерінен эрозиялық процестер күрт ӛсті. Мысалы: XX ғ. 50 жылдары эрозиялық алынуына жылына 3 млрд. т. болса, 70 жылдары-24 млрд. жеткен, 2000 ж. 55-60 млрд. т. болды. Қазіргі кезде жел эрозиясына 1,7 млрд. т. топырақ алынады. Эрозия кӛбінесе, табиғи ӛсімдік жамылғысы жоқ жерде болады; Себебі, біріншіден, ӛсімдіктер топырақты тамырлармен бекітеді, екіншіден, жер бетіндегі бӛліктері су мен ауаның әсер ету күштерін азайтады.

5. «Жылу эффектісі»

Жылу газдары әсерінен жылу балансының ӛзгеру нәтижесіндегі жер шарының әлемдік температурасының жоғарлауының мүмкіндігі «Жылу эффектісі» деп аталады.

Американ экологы Б.Небел климаттың жылу мүмкіндігін, яғни «жылу эффектісін» болашақтағы орасан зор апат ретінде қарастырды. Егер 60 млн. жыл бұрын болған апат Небел пікірінше, жануарлар мен ӛсімдіктердің тұтастай жойылып кетуіне себеп болса және осы апаттың болуы жер бетіне ірі астероидтың түсуінен болса, ал климат ӛзгеруіне байланысты катастрофа жеке ағзалар тобына немесе экожүйеге ғана емес, бүкіл биосфераға қауіпті.

Негізгі жылу газына кӛміртегі оксиді жатады және «жылу эффектісінің» 50-65% құрайды. Басқада жылу газдарына метан (20%), азот оксидтері (5%), озон, фреондар (хлорфтор, кӛміртектер) және басқа газдар (10-25% жылу эффектік газдар). 6. «Озон тесігі»

Атмосфераның маңызды компонентінің біріне озон О3 жатады. Оның түзілуі мен ыдырауы күннің ультракүлгін сәулелерімен сіңіруіне байланысты. Озон Жердің инфрақызыл сәулелерінің 20% ұстап қалады және ауаның жылыту әсерін күшейтеді. Озон қабатының 22-24 км. биіктікте орналасатын бӛлігін «озон экраны» деп атайды. Озон қабаты полюстерде 9-30 км, экваторда 18-32 км биіктікте орналасқан. Егер қабаттағы озонды таза күйде бӛліп алса оның қалыңдығы 3-5 мм құрайды.

Монреальдық отырыста 1980ж.-2000ж. кӛптеген мемлекеттерде фреондарды ӛндіруді

50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру. Бірқатар елдерде (АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС)–> (ГХФС) гидрохлорфторкӛміртекпен, (ГФС) алмастырылып жатыр, олардың ӛмір сүруі 2-25 жылға қысқа, О3 ыдырату потенциялы ХФС-ға қарағанда 10 есе аз.