Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

Қазақстандағы энергетика ӛндірістері

№

Іске қосылған жыл

Ӛндірістер

1.

1950-1960

Жезқаған ЖЭО, Ӛскемен ГЭС, Бұқтарма ГЭС

(бірінші агрегат)

2.

1966-1970

Шардары ГЭС

3.

1971-1975

Қапшағай ГЭС, Жамбыл және Ақсу ГРЭС

4.

1973

Ақтау АЭС

5.

1976-1980

Екібастұз ГРЭС-1,2 энергблогы

6.

1981-1985

Екібастұз ГРЭС-1, ГРЭС-2 Шульба ГЭС

Электрэнергияның негізгі ауқымды бӛлігі (57-64%) химия, түсті және қара металлургия, құрылыс ӛндірістерін қамтамасыз етуге жұмсалады. Қазақстан ӛзін толығымен электр энергиясымен қамти алмайтынына байланысты басқа елдерден 17млрд. кВт/сағат энергия алуға мәжбүр.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанның қазба байлықтары жӛнінде не білесіз 2. Қазақстан жерінде қандай сирек металлдар кезедеседі?

  1. Адамның биосфераға әсері қандай?

  2. Электрэнергия қайда жұмсалады?

  3. Биомассадан алынған газ қайда қолданылады?

Дәріс 13

Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру

Мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылмымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар түрлермен таныстыру.

Жоспар:

1.Табиғатты қорғау мәселелері.

  1. Ерекше қорғалатын территориялар

  2. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген ӛсімдіктер. Негізгі түсініктер: қорықтар, қорықшалар, биосфералық резерваттар, ерекше қорғауға алынған териториялар.

    1. Табиғатты қорғау мәселелері. Экология ғалымының негізгі мақсаты – биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына, білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі, соны ұғынуы мен білім дәнежесінің жоғары болуына ықпал ету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) ―Адам мен биосфера‖ атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарың қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.

    2. Ерекше қорғауға алынған териториялар

Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі – ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері кӛп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар.

Қорықтар – табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-20%-ын құрайды.

Қорықтар – толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын шаруашылықта пайдалануға рұқсат берілмейді.

Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі – қорғалымдар болып табылады. Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында тӛмендегі қорықтар жұмыс істейді.

  1. Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы құрылған, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бӛлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі ӛзеннің арасына орналасқан. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бӛлікке бӛлінеді. Бес ӛсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам ӛсімдіктер, құстардың – 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар және т.б. кіреді. Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

  2. Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бӛлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылған ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы 20000 гектар. Аралдың флорасына 130-дан астам ӛсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері кӛп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлығы 1927 жылы сырттан әкелінген сайғақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнағынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. Мемлекеттік табиғат ескерткіштеріне айрықша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат объектілері кіреді. Оларға: ормандар, кӛлдер, жазықтар мен жағалаулардың бӛліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескерткіштеріне, сонымен қатар, жасанды шығу тегі бар табиғат объектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады. Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ ӛмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының ӛзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит ӛрісінің ӛзгерістерін анықтайды.

Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекелеген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, кӛбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақсатында құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биологиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін. 3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған және Қызыл кітапқа енген ӛсімдіктер.

Қызыл кітап- сирек кездесетін түрлердің санының қазіргі жай- күйін кӛрсететін құжат. 1978 жылы КСРО-ның Қызыл кітабы басылып шықты, онда ӛсімдіктердің 450-ге жуық түрі енгізілді, соның 5600-ден астам түрі Қазақстанда ӛседі, оның 760-тан астам түрі республикамыздың жерінде ғана болатын, басқа жерде кездеспейтін эндемикалық ӛсімдіктер, бұлардың 1500 түрі пайдалы ӛсімдіктер қатарына жатады.

Қазақстанның Қызыл кітабы — Қазақстанда жойылу қаупі бар және сирек кездесетін ӛсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар түрлерінің тізімі кірген құжат. 1997 жылы Қызыл кітаптың омыртқалы жануарларға арналған үшінші басылымы жарық кӛрді.

Жануарлардың Қызыл кітаптағы категориялары келесі:

  1. категория – жойылу қаупі бар немесе жойылуы мүмкін;

  2. категория – апатты қысқарған;

  3. категория – сирек аз кездесетін;

  4. категория – анықталмаған (жеткіліксіз зерттелген);

  5. категория – қалпына келген, үздіксіз бақылауды қажет ететін түрлер.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғатты қорғаудың негізгі аспектілері қандай?

2.Табиғатты пайдалану дегеніміз не?

3.Табиғатты тиімді пайдалану дегенімз қандай?

4.Табиғатты тиімді пайдаланудың мотивтері қандай?

5.Табиғатты қорғаудың әлеуметтік-саяси аспектілері қандай мәселермен айналысады?

6.Адамның биосфераға әсері қандай?

7.Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жіктелуін кӛрсетіңіз.

8.ҚР қорықтарын сипаттаңыз.

9.ҚР ұлттық саябақтарын атаңыз.

10.ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерді атаңыз.

ДӘРІС 14

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының ӛзекті экологиялық мәселелері Мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ортасының дестабилизация процесі, себептері мен салдары, Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары, қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критерийлері, экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері. туралы білім беру.

1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері

2.Каспий аймағының экологиялық жағдайы.

3.Арал теңізінің экологиялық мәселелері.

4.Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.

5.Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.

6.Тұщы су мәселелері