- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
Экожүйенің қоректік құрылымы
Қоректік тізбектегі қарым-қатынастың нәтижесінде энергияның тасымалдануы арқылы әрбір бірлестіктің белгілі қоректік құрылымы болады. Қоректік құрылымды аудан бірлестігінде жиналған энергия мӛлшерін анықтап, экологиялық пирамида түрінде кӛрсетуге болады.
Сандар пирамидасы (м2/даралар саны) - әртүрлі қоректік деңгейдегі организмдердің санын кӛрсетеді. Биомасса пирамидасы-(г/м2)әрбір қоректік деңгейдегі тірі заттардың жалпы құрғақ салмағын сипаттайды.Энергия пирамидасы- (Дж/м2 жыл)-қоректік
деңгейдегі энергия ағынының немесе "ӛнімділігінің" шамасын кӛрсетеді
Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
.Сукцессия терминін 1898 жылы Г.Каулсон ұсынды. Топырақтары жоқ, жалаң тау жыныстарынан немесе тіршілігі жоқ жерлерден (мысалы, топырақтың шағыл немесе бұрынғы мұздық болған жер) басталатын сукцессияның типін- алғашқы сукцессия деп атайды. Ал екінші немесе қайталанған сукцессия- бұрын тірі организмдердің әсеріңде болған және органикалық заттары бар толығынан немесе белгілі бір дәрежеде ӛсімдіктерден айрылған беткейден басталады. Қоршаған ортамен тепе-теңдікте болатын, өздігінен қалпына келетін тұрақты, шегіне жеткен бірлестік-климаксты деп аталады. Климакс (грекше - саты) – осы орта жағдайларында экожүйе дамуының соңғы тұрақты жағдайы. «Климакс» терминін ғылымға 1916 жылы Ф.Клементс енгізген. Экожүйенің тұрақтылық мәселесін талдауды аяқтай келе, ӛте маңызды экологиялық « 1 % - тік ережені» құрастыруға болады.
Табиғи жүйеде энергияның шамамен 1% өзгеруі жүйені тепе-теңдік жағдайдан шығарады.
Заттар мен энергия тасымалдануының әрбір кезеңінде шамамен 90 %- і жоғалады және олардың 1/10 бӛлігі ғана келесі тұтынушыға кӛшеді. Организмдердің қоректік тізбегіндегі энергияның берілу заңы «10 % ереже» деп аталады. Бұл заңды 1942 жылы Р.Линдеман ашқандықтан, кейде оны «Линдеман заңы» деп те атайды. Егер ӛсімдіктердің органикалық алғашқы ӛнімділігі 1000 Дж болса, онымен қоректенетін шӛп қоректі жануарлардың денесінде бұл мӛлшерден 100 Дж қалады. Ал осы шӛп қоректі жануарлармен қоректенген жыртқыш денесіне барлығы 10 Дж ӛтеді, кейін бұл жыртқышпен басқасы қоректенсе, оның үлесіне тек ғана 1 Дж тиеді.
Бақылау сұрақтары:
1.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе терминдеріне анықтама беріңіз.
2.Биоценоздың трофикалық құрылымына сипаттама беріңіз.
3.Қоректік тізбек, трофикалық деңгей, қоректік торларды сипаттап беріңіз.
4.10% заңдылығын түсіндіріңіз.
5.Экологиялық пирамида (сандық, биомассалар, энергия пирамидасы) дегеніміз не?
6.Экологиялық сукцессия дегеніміз не?
ДӘРІС № 7
Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
Мақсаты: Студенттерге биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы, В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы, тірі зат концепциясы, тірі заттың ғаламдық ролі жайлы білім беру.
Жоспары:
Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
Биосфераның негізгі қасиеттері.
Зат айналымы және олардың адаммен бұзылуы:
а) азот айналымы;
ә) кӛміртегі айналымы;
б) күкірт айналымы;
в) фосфор айналымы.
Негізгі түсініктер: биосфера, эволюция, тірі зат, костық зат, биокосты зат, биогенді зат, радиоактивті ыдырау ӛнімдері, космостық табиғаты бар зат, биогеохимиялық цикл.
