- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
Ӛмір сүру ортасының кӛптеген жағдайларының нашарлауына байланысты кӛптеген түрлер ӛздерінің тіршілік етуін тоқтатып, «жасырын» тіршілік жағдайына кӛшеді. Алғашқы рет ӛзі жасаған микроскоппен ұсақ организмдер әлемін зерттеген А.Левенгук 18 ғасырда бұл құбылысты, кейбір организмдердің ауада толық кеуіп, кейін суда қайта «тірілетінін» байқаған. Кептірілген күйде олар жансыз сияқты кӛрінеді. Кейінірек мұндай жалған ӛлім - анабиоз деп аталды («ана»-жоқ, «биос»-ӛмір).
Организмдердің анабиозға жақын күйін - жасырын тіршілік деп атайды. Организмдегі зат алмасудың тӛмендеу жағдайында ӛздерінің тӛзімділігін жоғарлатады және энергияны ӛте үнемді жұмсайды. Жасырын тіршілік құбылысына - жәндіктердің меңіреу күйі, ӛсімдіктердің қысқы тыныштық күйі, омыртқалылардың қысқы ұйқысы, жерде тұқым мен спораның сақталуы, кеуіп қалған су қоймаларындағы ұсақ жәндіктер жатады. Кӛбеюлеріне қолайлы жағдай туғанша, табиғатта кӛптеген бактериялар енжар күйде болады. Жасырын тіршілік - маңызды экологиялық бейімделушілік, бұл ӛмір сүру ортасының қолайсыз ӛзгерістеріне бейімделу әдісі. Организмдер қолайлы жағдай туғанда, белсенді тіршілікке қайтадан кӛшеді.
Организмдердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына бейімделуінің үш тәсілі белгілі.
Мүлгу немесе тыныштық күйге кӛшу барысында ӛсімдіктер және жануарлар ортаның әсерлеріне бағынады, бұл жағдайда олар ӛздерінің тіршілігіне қажетті заттар мен энергияларды үнемдейді.
Сыртқы ортаның әсеріне қарсыласу - организмдердің сыртқы және ішкі құрылысындағы арнаулы бейімделушіліктер мен энергияның кӛп мӛлшерін қажет етеді.
Сыртқы орта әсеріне бағыну және қарсыласумен қатар, тірі қалудың 3-ші әдісі- қолайсыз жағдайдан қашу және қолайлы тіршілік ортасын белсенді түрде іздеу. Мұндай бейімделу жолы тек ғана кеңістікте еркін орын ауыстыра алатын қозғалғыш жануарларға тән.
3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Экологиялық факторлар табиғаты жағынан қаншалықты әр алуан болмасын, олардың әсерінің нәтижелері әрқашанда организмдердің тіршілік әрекеттерінің ӛзгерістері арқылы байқалады, ал бұл ақырында, популяция санының ӛзгеруіне әкеліп соғады. Соған қарамастан қоршаған ортаның кез келген факторларына жауап беру реакциясы бағынатын кейбір жалпы заңдар бар.
Олардың ішіндегі ең негізгісі - қолайлылық немесе оптимум заңы. Факторлардың белгілі бір мәндерінде организмдердің тіршілік етуі үшін ең қолайлы жағдайлар туады. Қолайлы аймақта немесе фактордың қолайлы мәнінде организм белсенді ӛседі, қоректенеді және кӛбейеді. Фактордың мәні оңға немесе солға ауытқыған жағдайлар, яғни әсер ету күшінің азаю немесе кӛбею жағына ауытқуы организмдер үшін қолайсыз.
Организм тіршілік ете алатын фактордың тӛменгі мәні-минимум, ал жоғарғы мәні - максимум деп аталады. Организм тіршілік ететін, бірақ нашар, әлсіз, қажыған жағдайдағы фактордың мәнін - пессимум, ал организмнің тіршілігіне қолайлы жағдайды немесе фактордың мәнін - оптимум деп атайды.
1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) организдердің тӛзімділігі оның экологиялық қажеттіліктер тізбегінің ең әлсіз звеносына байланыстылығын байқады. Ғалым астықтың ӛнімін кӛп мӛлшерде қажет ететін заттар тежеп ғана қоймай, сонымен бірге аз мӛлшерде керек және топырақта жеткіліксіз болатын (мысалы,бор) заттар да тежейтінін дәлелдеді. Қазіргі кезде Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтің минимум заңы деп аталады.
Экологиялық факторлар жиынтығында қай фактор тӛзімділік шегіне жақын тұрса, сол фактордың ықпалы күштірек болады. минимум әсерімен теңдес шектеуші әсері туралы түсінікті 1913 жылы Шелфорд
тұжырымдады. «Шелфордтың толеранттылық немесе тӛзімділік заңы» бойынша:
Дамудың тежеуші факторы болып экологиялық факторлардың минимумымен қатар максимумы бола алады, ал олардың аралығы – диапазоны факторға организмнің тӛзімділігін, толеранттылық шамасын (tolerantia – шыдамдылық, тӛзімділік) анықтайды.
Эврибионттылық - түрлердің кең таралуға қабілеттілігі, кӛптеген қарапайымдар, саңырауқұлақтар барлық жерде таралған. Стенобионттылық - ареалды шектейді. Сол сияқты балықтар арасында, мысалы, форель – стенотермді түр, ал алабұға – эвритермді түр, ӛйткені алабұға оңай бейімделетін температураның ауытқуларына форель қабілетсіз.
Бақылау сұрақтары:
1.Ағзаның тіршілік ету жағдайлары қандай?
Экологиялық фаткорлар дегеніміз не?
Экологиялық фаткорлардың жіктелуін кӛрсетіңіз.
Қандай факторлар шектеуші фактор деп аталады?
ДӘРІС № 4
Тақырып: Популяция экологиясы-демэкология.
Мақсаты: Студенттерге популяция түсінігі, популяцияның статикалық сипаттамалары, популяцияның динамикалық сипаттамасы туралы түсінік беру Жоспары:
Популяция туралы жалпы мағлұмат.
Популяцияның құрылымы мен түрлері.
Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.
Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
5.Ӛткендегі, қазіргі және болашақтағы демографиялық жағдайлар.
Негізгі түсініктер: популяция, динамика, статика, тығыздық, ӛсу қарқындылығы, логистикалық қисық, экспоненциалды ӛсім, демография, биомасса.
