- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
Популяциялық тіршілік деңгейі.
Егер экожүйе биосфераның элементтері болса, популяция табиғатта жеке түрінде кездеспейді.
Популяция дегеніміз белгілі ареалда ұзақ мекендейтін, ӛзара еркін будандаса алатын, информация бере алатын, бір түрге жататын особьтар тобы.
Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның кӛп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады.
Популяция құрылымы
особьтар
Популяцияның құрылымы мен түрлері.
Популяцияның түрлері:
Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар кӛп болса, онда олар кӛбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе ӛліп бара жатқан популяция деп аталады. Популяцияда жас особьтар кӛп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның ӛмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны ӛте кӛп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Популяцияның басқа да классификациясы бар. Популяцияны кӛбею түріне, ӛмір сүру ұзақтығына, генетикалық дәрежесіне байланысты да жіктейді. Популяцияның орналасқан территориясына және особьтар арасындағы қарым-қатынас дәрежесіне байланысты элементарлы, экологиялық, географиялық деп бӛледі.
Элементарлы популяция толық панмиксиямен сипатталатын особьтардың қарапайым топтары. Панмиксия –популяция ішінде немесе қандай да бір басқа түрішілік топтарда особьтардың еркін будандасуы. Панмиксия терминін 1885 жылы Вейсман енгізген.
Экологиялық популяция –кеңістіктегі біріккен элементарлы популяциялардың жиынтығы.
Географиялық популяция кеңістіктегі біріккен экологиялық популяциялардың жиынтығы.
Ӛздігінен пайда болу және эволюциялық түр түзілу процестері жүру қабілетіне байланысты перманентті-тұрақты, және темпоральды-уақытша деп бӛлінеді.
Перманентті попцляция –кеңістікте уақыт бойынша салыстырмалы түрде тұрақты, ұзақ уақыт бойы шексіз ұзақ уақыт бойы ӛздігінен қалыптасуға қабілетті эволюцияның элементарлы бірлігі.
Темпоральды популяция кеңістікте ӛмір сүруі тұрақсыз, ӛздігінен ұзақ уақыт қалыптасуға қабілетсіз популяция. Ол жағдайлар ӛзгерсе перманентті популяцияға айналады немесе мүлде жойылып кетеді.
Кӛбею тәсіліне байланысты популяцияны панмиктикалық, клональды, клональды-панмиктикалық деп бӛледі.
Панмиктикалық популяция- жыныстық жолмен кӛбейетін особьтардан тұрады.
Клональды популяция –тек қана жыныссыз жолмен кӛбею қасиеті тәне особьтардан тұрады.
Клональды-панмиктикалық популяция-жыныстық және жыныссыз жолмен кӛбеюі ауысып отыратын особьтардан тұрады.
3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
Популяцияның статикалық кӛрсеткіштері
Статикалық кӛрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды. Популяция саны
Бұл берілген территориядағы немесе берілген кӛлемдегі особьтардың жалпы саны.
Популяция тығыздығы
Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе кӛлем бірлігіндегі санымен анықталады.
Популяцияның динамикалық кӛрсеткіштері
Динамикалық кӛрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда жүретін процестерді сипаттайды. Популяцияның негізгі динамикалық кӛрсеткіштеріне туылым, ӛлім-жітім және популяцияның ӛсу жылдамдығы жатады. Туылым
Кӛбею нәтижесіндігі уақыт бірлігінде пайда болған жаңа особьтар саны.
Ӛлім – жітім
Белгілі бір уақыт аралығында популяциядағы ӛлген особьтер саны.
Популяцияның ӛсуі
Популяция ӛсуі ӛлім - жітім мен туылым арасындағы айырмашылық.
Ӛсу қарқындылығы
Популяцияның ӛсу қарқындылығының ӛзгеруі - әр түрлі болуы мүмкін. Кӛбеюдің жоғары потенциалы түрлердің тірі қалуында үлкен роль атқарады.
