- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
7. «Қышқылдық жаңбырлар»
Күкірт оксиді- қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жанбырдың түзілуіне SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты, әсіресе, оның ішінде СО2.
Су қоймаларына түскен қышқыл жауын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады. Су ортасының рН-ы 6 дан тӛмен болғанда ағзаның ӛсуі мен дамуы үшін маңызды ферменттер мен гармондар және басқа да ББЗ қызметі тежеледі. Сонымен қатар қышқылды жауындар ормандарға орасан зор зиян келтіреді. Олар ӛсімдіктерден қант, белок, биогенді заттарды ығыстырып, зақымдайды. Олар қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап, ағзаға патогенді бактериялр мен сағырауқұлақтардың енуіне мүмкіндік жасайды. Осының нәтижесінде фитоценоз ӛнімділігі тӛмендеп, кейде олардың толығымен жойылуына әкелуі мүмкін. Бақылау сұрақтары:
Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?
Атмосфера құрамын сипаттаңыз.
Озон қабатының жұқару себептері қандай?
Фреондар қандай зиян әкеледі?
Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары қандай?
«Жылу эффектісі» мәнін түсіндіріңіз.
Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын кӛрсетіңіз.
Қандай заттар канцерогендер деп аталады?
Ауа ластануының алдын алу шараларын атаңыз.
ДӘРІС №10
Тақырып: Қоршаған ортаға табиғи және техногенді апаттардың әсері
Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаға табиғи және техногенді апаттардың әсері туралы білім беру. Жоспар:
Табиғи және техногенді апаттар
Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Радиоактивтi ластану
Ӛнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Негізгі түсініктер: табиғи және техногенді апаттар, қауіп, қауіпсіздік, табиғи ӛрт, зілзала.
Апат дегеніміз адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп тӛнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзала.
Апаттар кӛлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Кӛлемі бойынша: кіші, орташа және үлкен. Кӛлемді анықтау кезінде екі кӛрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны және апат салдарының әсеріне ұшыраған аумақ кӛлемі. Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бӛлінеді:
табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);
жасанды (антропонгендік, яғни адамдық факторлардан туындайды). Табиғи апаттар:
Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған ӛрт).
Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған ӛрт, жер сілкінісі).
Топологиялық (сел, сырғыма, қар кӛшкіні, тастың құлауы, су басу).
Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы). Жасанды апаттар:
Кӛліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, ӛзен, темір жол).
Ӛндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық).
Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық).
Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық, т.б.)
Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
Табиғи экологиялық жүйелердiң бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулi зиян келтiрiлген Арал және Семей ӛңiрлерi экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдiң iшкi қауiпсiздiгiне нақтылы қатер болып табылады.
Қазiргi уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елдi мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар ӛлiмiнiң, қан айналымы жүйесi ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердiң және ерте қартаю кӛрiнiсiнiң жоғары деңгейi байқалуда.
Арал ӛңiрi экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елдi мекен) әсiресе әйелдер және балалар арасында асқазан-iшек аурулары мен қан аздығы, балалардың шетiнеуi мен туа бiткен патологияның жоғары деңгейi байқалуда.
Радиоактивтi ластану
Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер тӛндiредi, олардың кӛздерi мынадай негiзгi тӛрт топқа бӛлiнедi:
жұмыс iстемей тұрған уран ӛндiрушi және уран ӛңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран 25да орындардың үйiндiлерi, ӛздiгiнен тӛгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бӛлшектелген жабдығы); ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай ӛндiру ӛнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары;
ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен
радиоизотоптық ӛнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан кӛздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық ӛңiр, кӛптеген шағын 25да орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран ӛндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар.
Ӛнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар
Республикада ӛнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың мониторингiн, оларды сақтауды, ұқсатуды және кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттiк жүйесi жоқ. Қазақстанның аумағында ӛндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардың ұлғаю үрдiсi байқалуда. Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың ӛндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi.
Уытты қалдықтарды қоса алғанда, ӛндiрiс қалдықтары әлi күнге, кӛбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде кӛптеген ӛңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған кӛлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi ӛскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды кӛздерiне айналады.
Бақылау сұрақтары:
Табиғи апаттарды атаңыз
Техногенді апаттарға мысал келтіріңіз
Радиоактивтi ластанудың зиянды әсерлері
Ӛндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтарды басқару
Дәріс № 11
Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.
Мақсаты: Студенттерге қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі, Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы: литосфера, гидросфера, атмосфера, табиғат ресурстарының классификациясы туралы білім беру.
Жоспар:
1.Табиғат ұғымына анықтама
Ресурстардың жіктелуі
Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
Қоршаған ортаны қорғау аспектілері
Негізгі түсініктер: табиғат ресурстары, энергетикалық ресурстар, биологиялық ресурстар, генетикалық ресурстар.
Табиғат дегеніміз мезгіл мен кеңістікте шексіз, тұрақты қозғалыста, ӛзгеруде, дамуда болатын бейорганикалық және органикалық дүние. Бұл адамзат қоғамының ӛмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, информациялық және әртүрлі табиғи құблыстардың жиынтығы. Қоғамның материалдық, мәдени тағы да басқа мұқтаждығын қанағаттандыру үшін қазіргі кезеңде немесе болашақта қолданылатын табиғи ортаның компоненттері мен табиғи құбылыстары табиғи ресурстар деп аталады. Оларға атмосфералық ауа, су, топырақ, кен байлықтары, күн радиациясы, ауа райы, ӛсімдіктер мен жануарлар әлемі, жер қабатындағы жылу энергиясы т.б. жатады.
Табиғи ресурстар әртүрлі жолмен жіктеледі: қол жетерлікке (іске асатын немесе нақтылы және потенциалды), пайда болуына (табиғи, антропогендік), химиялық табиғатына (органикалық, миниралдық), кӛздері мен орналасуы (жер, су, кен, ӛсімдіктер, орман), қолдану міндетіне (ӛнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациалық), пайдалану ӛрісіне (энергетикалық, шикізат, тамақ) байланысты. Ресурстар сонымен қатар бастапқы (тікелей табиғаттан алынатын) және қосымша материалдық (әртүрлі ӛндіріс салаларының утилдеуге жататын қосалқы ӛнімдері) болып та бӛлінеді. Таусылуына байланысты табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бӛлінеді.
Ресурстардың жіктелуі
Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді. Ең жиі жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты. Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы – ол адамды қолданылуы анағұрлым приоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды.Оларға ең алдымен сарқылмайтын ресурстар жатады.
Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бӛлінеді. Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара, түсті, асыл және сирек кездесетін, радиоктивті металдар) рудалары, бейметалды қосылыстар (ӛнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар) жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор, құм, гранит және т.б.), энергия сақтағыш кӛздері (мұнай, газ, кӛмір, жанғыш-сланец, жертезек) жатады
Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ, жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады. Топырақ – барлық материалдық игілік негізі, әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық кӛзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни ӛсімдіктер ӛнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі ӛте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі.
Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да, әсіресе ағашты жатқызуға болады.
Сарқылмайтын ресурстарға негізінде біздің планетаға қатысты сыртқы процестер мен құбылыстарды жатқызуға болады. Ең алдымен бұған космостық ресурстар, соның ішінде күн сәулеленуінің энергиясы және одан туындайтындар – жылжымалы ауаның энергиясы, су толқыны, ай мен күннің тарту күшіне байланысты теңіз суының толысуы мен қайтуының энергиясы, космостық шаң, климаттық ресурстар – атмосфералық ауа, жауын- шашын, жел, сонымен қатар жер қойнауындағы жылу.
Сарқылмайтын ресурстардың жердегі қоры пайдаланған сайын азаймайды, ал табиғи ортадан алынған сайын қоры сарқылатын, табиғи процестердің нәтижесінде орны толмайтын ресурстар сарқылатындарға жатады.
Табиғи қорларды пайдаланудың жалпы инженерлік шаралары.
Жалпы инженерлік шараларға тӛмендегілер жатады:
Қоршаған ортаны жүйелі түрде пайдалану және сақтау. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды жан-жақты талдап, жүйелі түрде іске асыру қажет.
Биосфераны оптимизациялау.
Табиғатты пайдалануды оптимизациялау. Ӛнеркәсіп салалары мен шаруашылыққа шикізат ӛнімдерін жоспарлы түрде, белгілі мақсат үшін мемлекеттік дәрежеде шешу жолдары.
Шикізат ӛндіру қарқынынан алынатын ӛнім қарқынының ӛсуі.
Жаратылыс дүниелері мен техника үндестігі. Табиғат-техникалық жүйелер немесе геотехникалық жүйелер құруы.
Ӛндірісті шоғырландыру.
Ӛндірісті экологиялық қауіпсіздендіру-қалдықсыз экологияны пайдалану жатады.
Табиғатты қорғаудың келесі аспектілерін бӛлуге болады:
Экономикалық аспектісі – адамдар экономикасындағы табиғи ресурстардың үлкен роль атқаратындығымен анықталады.
Сауықтыру-гигиеналық аспектісі – ірі индустриалды аудан аймақтарындағы табиғаттық жедел ӛзгеруі, судың, ауаның және топырақтың ӛнеркәсіптік қалдықтармен және шығарылымдармен ластануы, жер шарының кейбір аудандарында ядерлік және сутектік қарулардың сынақтары нәтижесінде адам денсаулығына, тіпті халықтың біршама бӛлігінің тұқым қуалаушылығына қауіп тӛнеді.
Тәрбиелік аспектісі – табиғатқа деген сүйіспеншілік, оған ұқыпты қатынас дағдылары, тірі тіршілік иелеріне қамқорлық, патриотизм, мінез-құлықтың жағымды жақтарын қалыптастырады.
Эстетикалық аспектісі – адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра алатын табиғи кешендерді күту және сақтау.
Ғылыми-танымдық аспектісі – Табиғаттың дамуын танып білу үшін, болашақта оны бӛлшекті түрде зерттеу үшін организмдердің барлық түрлерін, табиғатқа тән учаскелерді және оның жеке туындыларын сақтау.
Бақылау сұрақтары:
Жер табиғи қорларына сипаттама беріңіз.
Табиғи орта, табиғи жағдай, табиғи кешен дегеніміз не?
Жер табиғи қорларының жіктелуі қандай? Мысал келтіріңіз.
Дәріс 12
