- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
Ноосфера
Алғаш рет 1927 жылы «ноосфера» терминін енгізген Сорбеннде геохимиядан оның лекциясын тыңдаған В.И.Вернадскийдің жас замандастары, философ, математик, палеонтолог, антрополог Эдуард Леруа мен палеонтолог, антрополог Пьер Тейяр де Шарден болды. Олар ноосфера деп- табиғат эволюциясының адам санасы пайда болған кезеңдерін түсінген.
Ал В.И.Вернадский, адам еңбегіне бағытталған адамның саналық ролі мен барлық ӛсуші геологиялық күштері зор болатын биосфераның даму кезеңін- ноосфера деп атады. Ноосфера саналы адамзаттың іс әрекеттері дамудың негізгі анықтаушы факторы болатын қоғам мен табиғаттың әрекеттесу сферасы.
Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
Экологиялық проблема - «тірі жүйе - қоршаған орта» жүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуынан туатын қарама қайшылық.
Экологиялық проблемалар өзекті (планетаның бүкіл биосферасына әсерін тигізеді), аймақтық (нақтылы аймақ) және жергілікті (нақтылы территория, орын) болады.
Экологиялық дағдарыс- (гректің krisis- бұрылмалы пункт) кездейсоқ табиғи құбылыстардың әсерінен (су тасқыны, вулкандардың атқылауы, қуаңшылық, ӛрт, күннің күрт суытуы, жер сілкінісі және т.б.) немесе антропогендік факторлардың әсерінен (қоршаған ортаның ластануы, табиғи экожүйелердің бұзылуы, ормандардың кесілуі және т.б.) экологиялық тепе теңдіктің бұзылуы нәтижесінде экожүйелерде (мысалы, биосферада) туатын жағдайлар. Бақылау сұрақтары:
1.Биосфера концепциясының мәні неде?
2.Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімінің қағидалары қандай?
3.Биосфераның ерекшеліктері қандай?
4.Биосфераның тірі зат компонентін түсіндіріңіз.
5.Коммонер заңдарының мәнін түсіндіріңіз.
6.Биогенді миграция заңдылығының әсер ету принципі қандай?
Дәріс 8
Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
Мақсаты: Студенттерге «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы, Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері, экологиялық (ӛркениет дамуының шекаралық ауқымы), экономикалық (нарықтық жүйенің қалыптасуы), әлеуметтік (ауылшаруашылығы, адам құқығы, демография туралы білімдер беру.
Жоспар:
Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері
Рим клубы
Стокгольм конференциясы
Рио-де Жанейро конференциясы
Иоханесбург саммиті
Халықарарлық ынтымақтастық
Негізгі түсініктер: тұрақты даму, декларация принциптері, тұрақты даму концепциясы
1.Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері. Биосфераның ғаламдық ӛзгеруі оған деген адамдардың шаруашылық іс әрекеттерінің әсерінің күрт күшеюінен болып отыр. Әлем елдерінде тұтыну ӛркенитетінің жаңа, батыстық моделі қалыптасты. Оның негізінде минералды ресурстарды, энергия пайдалануды ӛсіру, жыртылған жерлердің үлесін арттыру жатты. Осындай батыстық экономикалық модель экономикамызды қиын жағдайға түсіріп, ең ақырында адамзатты ӛлімге әкелетін жағдайға қалдырды. Осыдан кейін бүкіл әлемге «ХХІ ғасырға жол кӛрсететін жаға адами компос, яғни адам қажеттіліктерін қанағаттандыру принциптеріне негізделген компос» керек болды. Осындай компос «тұрақты даму» тураалы түсінік болды. Осыған байланысты 1945 жылы БҰҰ пайда болды. Ұйымның басты міндеті – әлемдік қауымдастықтың бірігуі болды. Осы ғаламдық ұйымның құрылуы биосфералық ойлаудың қалыптасуына әсер еткен маңызды оқиға болды.
1. Рим клубы. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу кӛзі Рим клубының баяндамасы болып табылады. Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым. Бұл ұйымның қолдаушылары Фиат, Фольксваген сияқты ірі компаниялар болды. 2 жылдан кейін 1974 жылы М.Мессарович мен Э.Пестель «Адамзат бұрылыс шегінде» атты баяндамасын жариялады. Олар халықтың ӛсуін тоқтату орнына тұрақты даму түсінігіне сай келетін «шектеулі ӛсуді» ұсынды. Бұл жұмыста әлем негізінен экологиялық мәні бар параметрлер: әлеуметтік - саяси жүйе, шаруашылық дамуы, ресурстармен қамтамасыз ету т.б. бойынша ерекшелінетін 10 аймаққа бӛлінді.
1990 жылы А.Кинг пен Б.Шнейдер «1 ғаламдық революция» еңбегін жариялады. Бұл жқмыста тұрақты дамуға кӛшумен қатар нарықтық экономикаға критика жасалды. Мұнда авторлар болашақ ұрпақтың қызығушылықтарына бағытталған іс әрекеттерге нарықтық экономиканың дайын еместігін кӛрсетті. Бұл қателіктерді түзету үшін қоршаған орта бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды.
