- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан кӛп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Ӛзендер – республиканың негізгі су кӛздері. Ірі ӛзендер негізінен солтүстік-шығыста – Ертіс ӛзені, батыста – Орал ӛзені, оңтүстікте – Сырдария ӛзені ағады. Қазақстанның кӛптеген ӛзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке кӛлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.
Республикада ірі кӛлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакӛл, Алакӛл) және мыңдаған кіші кӛлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу кӛлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің кӛтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің кӛтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін. Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына тӛніп отыр. Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ету ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995ж. Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің ӛкілдерінің кездесуі ӛтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіреді.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
Қазіргі кезде Қазақстан территориясының кӛптеген бӛліктері күшті антропогенді әсерге ұшыраған. Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз ӛзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының тӛмендеуі мен ӛлімнің артуы байқалып отыр. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, ӛзінің 60% кӛлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шӛлдену, топырақтың тұздануы, ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың ӛзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт тӛмендеп кетті. Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км3, ӛзен ағысымен – 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану – 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың ӛзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі ӛзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
