Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мод вопр и лекц.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465 Кб
Скачать
☆

5. Басқару процесінің ақпараттық сатылары.

№ 4 дәріс: Металлургия өндірісі – күрделі жүйе.

Металлургия өндірісі және металлургиялық процесс жүйе ретінде: Қазіргі металлургия зауыты – өзара технологиялық және энергетикалық байланыста болатын өндірістік цехтардың күрделі кешені. Металлургиялық зауытты көп жағдайда өнеркәсіптің басқа салаларымен бірлестіреді, мысалы, тау кендері шикізаттарын қазу, коксохимиялық, отқа төзімді және т.б. кәсіпорындармен. Сонымен, металлургиялық кәсіпорын, мақсаты металлургия өнімін өндіру болатын, мақсатты жүйені көрсетеді. Металлургиялық өндіріске тұтастық сипатты – сыртқы әсерге организм реакциясының бірегейлігі. Мысалы, домнаның жөндеу жұмысына тоқтауы болат балқыту цехына шойынның жетіспеуіне келтіреді, ал ол өз кезегінде илемдеу цехына құймакесектердің жеткізілуінің қысқаруын анықтайды. Зауыттың ең маңызды торабтарының істен шығуы (электроэнергияны, суды қамтамасыз ететін құрылғылар) бүкіл зауыттың тоқтауына келтіреді.

Металлургиялық өндірістің сипатты ерекшелігі болатындар: оның үлкен мөлшерлігі, күрделілігі және көпөлшемділігі. Жеке агрегаттардың қасиеттерін ғана біліп, металлургиялық жүйелердің қасиеттерін зерттеу немесе сипаттау мүмкін емес. Металлургиялық жүйелердегі басқарушы әсерлер ықтималдық сипатта бола алады, өйткені көбінесе технологиялық процестің (ТП) жүрісінің өзгерісі қандай бағытта болатыны ғана белгілі және басқарушы әсерден кейін алынатын дәл сандық бағаны біле алмаймыз. Мысалы, болат балқытатын агрегатта жылулық күш жоғарылаған кезде металл жылдамырақ қызатыны бізге белгілі. Бірақ белгіленген уақыт кесіндісі арқылы металл температурасын біз тек жуықтама бағалай аламыз, өйткені металдың қызуына, жылулық күштен өзге, сол арқылы жылу келтірілетін, қождың физикалық қасиеттеріде; болат балқыту былауының, гидродинамикасы және басқалар әсер етеді. Металлургиялық жүйелердегі болжаулар ықтималдық сипатта болады. Мысалы, мартендік балқытудың ұзақтығы туралы, балқыманың шикіқұрамдану нәтижелері туралы (металдың химиялық құрамы мен температурасы), пешке немесе ожауға қышқылсыздандырғыштарды беру нәтижелері біз белгілі бір ықтималдық дәрежесінде айта аламыз. Келтірілген мысалдар, металлургиялық өндірістің, сөзсіз, үлкен жүйе екенін көрсетеді.

Металлургиялық процестің элементтері болатындар: онда өтетін химиялық реакциялар, жылу және массаалмасу, фазалар қозғалысы және т.б. Металлургия процесін талдау кезінде оны құрайтын элементтердің әрекетіне ерекше көңіл аудару қажет. Металлургиялық процестің сыртқы байланыстары, жүйе ретінде, 4 суретте кескінделген сұлбамен көрсетуге болады.

Төртбұрыш жүйе символын көрсетеді. Барлық сыртқы байланыстар кіріс пен шығысқа бөлінеді. Кіріс факторлардың (параметрлердің) үш тобына бөлінген Х, U және Z. Х және U факторлары – бақыланатын кіріс. Бұл жүйенің жұмыс процесінде біз бақылайтын (өлшейтін) әсерлер. Жәнеде Х – бақыланатын, бірақ реттелмейтін факторлар. Біз оларды өлшейміз, олардың шамасын білеміз, бірақ оларды өз еркінше өзгертпейміз. U – бақыланатын және реттелетін кірістер. Бұл жүйені басқару үшін, біз өзгерте алатын әсерлер. Сондықтан оларды басқарушы факторлар деп немесе қысқаша басқармалар деп атайды. Z – бақыланбайтын факторлар. Бұл жүйеге біздің бақылауымыздан сыртта болатын әсерлер. Ақырында, Y – жүйенің шығысы немесе жауаптар (факторлар әсеріне жүйенің жауабы). Бұл жүйенің қоршаған ортаға әсері, жүйенің жұмыс істеу нәтижелері. Олардың қатарына өндірілген өнімдер саны, оның сапалық көрсеткіштері, өздік құны, пайда және т.б. жатады.

↓Z1↓Z2↓Z3……….↓Zj

X1→ → Y1

X2→ → Y2

X3→ → Y3

: :

Xm→ → Yk

↑U1↑U2↑U3……….↑Un