Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

адамгершілікжәнеқұқықтықсанада,үстемдікететінқоғамдықпікірден өте отырып, өзгерістерге ұшырайды, мүдделер тоғысады немесе тар шеңберде қалып, бұрмаланған, өзгерген сипатқа ие болады.

Кеден ісінің алғашқы даму сатысында кеден құқығы осы кездегі мазмұны кеден заңдарымен анықталған және кедендік жүйе шекарасы анықталмаған кедендік реттеумен айқындалды.

Кедендік реттеуге кеден шекарасы арқылы тауарлар мен басқа мүліктерді өткізу, кеден төлемдері, кедендік процедуралар жатады. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік ҚазССР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне және Қылмыстық Кодексіне сәйкес анықталды.

1993 жылғы 1 наурыздан бастап Қазақстанда кеден шекарасы арқылы сыртқы экономикалық қызмет шегінде өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктерді міндетті мәлімдеу енгізілді.

Үкімет кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктерді өткізу мен мәлімдеу тәртібі туралы ереже, саудаға жатпайтын айналыс туралы уақытша ереже, бас декларант және декларант туралы ережені бекітті. Мәлімдеу туралы 1991 жылғы 26 наурызда КСРО Кеден Кодексінде көрсетілген.

1992 жылғы 25 қаңтардағы Президенттің “Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қайта құруды жүргізу кезеңінде Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру туралы” Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Кеңес Одағында қабылданған экспорт пен импорт тауарларына (жұмыс, қызметіне) салық, кедендік тариф және бартерлік мәлімдеме сияқты нормативтік актілердің күші жойылды, ал Кеден Комитетіне ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетіндіктен, мәлімдеуге жататын басқа да мүліктер мен экспорттық–импорттық жүкті мәлімдеуді қамтамасыз ететін шараларды дайындау тапсырылды.

Мәлімдеу кедендік процедура ретінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен өз бетінше немесе кедендік рәсімдеуге рұқсат алған ұйымдар арқылы келісім негізінде жүзеге асады.

Бас кедендік басқарма мен Қаржы министрлігі бас декларант ретінде танылған ұйым болғандықтан, кеден шекарасы арқылы өткізілетін барлық заттар мен тауарларды мәлімдеуді жүзеге асыра алады. Бас декларант пен иелік етуші субъектінің арасындағы өзара қатынас тәртібін ереже анықтайды, өз еркімен мәлімдеуді

91

декларанттық куәлігі бар декларанттық ұйым жүзеге асырады. Ал, ондай ұйымның пайда болуын осындай ұйымды мамандандыруға арналған қызмет көрсетудің кеден аясында процедуралық қызметтің кең тарауымен түсіндіруге болады.

Бас декларант кеденге жүктің кеден мәлімдеуіне кеден шекарасынан өткізілетін әрбір тауар мен басқа заттың әрбір партиясын таныстыруға, оларды кедендік рәсімдеуге беруге, тауар мен басқа заттарды өткізудің мақсаты туралы кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеуге қажет нақты мәліметті беруге міндетті.

Декларант болып кез-келген ұйым және Қазақстан Республикасының аумағында тіркеуден өткен заңды тұлға бола алады. Декларант кеденге жүктің кедендік декларациясын кедендік рәсімдеуге беріп, кеденнің талабы бойынша уәкілетті тұлғаны ауыстырып,кедендікпроцедураныжүргізгеніүшінқажетжағдайдакеден алымдарын төлеп отырады.

1991 жылғы 27 желтоқсандағы Министрлер Кабинетінің “Қазақстан Республикасынан азық-түлікті жеткізуді лицензиялау және квоталау тәртібі туралы” № 804 қаулысы бойынша 1992 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының шегінен тыс азықтүлік, тауарлар, шикізат және жұмыс өткізу Мемлекеттік басқару органдарының осыған берген лицензиясы мен квотасы негізінде жүзеге асырылады. Кеден комитеті лицензиясыз рәсімдеп әкетуге болмайтын шикізатқа, тауарлар мен азық-түліктерге бақылау жасау нысанын анықтауға тиіс болды.

Кедендікжәнебасқамемлекеттікбақылаунысаныретіндетексеру жүргізу туралы 1992 жылғы 3 қаңтардағы Министрлер Кабинетінің “Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс өнім беретін және өнім бермейтін тауарларды, малды әкетуді тәртіпке келтіру туралы” № 5 қаулысы бойынша 1992 жылғы 10 қаңтарға дейін көлік жолдарында, теміржол бекеттерінде, аэропортта, теңіз және өзен порттарынаөткізетінбақылаубөліміжүйесінқұрутапсырылды.Шынында, осыактініқабылдаунегізіндеҚазақстаннанбақылаусызазық-түлікті әкетуді тоқтату арқылы тұтынушылар нарығын тұрақтандырды.

ТМД елдерімен шекарадағы кеденді бақылау Қазақстан шекарасы арқылы өтетін жолаушылар мен жүктер, көлік құралдарының барлық түрлеріне кедендік бақылауды толық негізде қамтамасыз ету үшін тұрақты кеден мекемесі дислокациясы орнын ұйымдастыруды қажет етті. Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10 қаңтарындағы

92

№ 1119 Қаулысы негізінде 1993 жылы кеден мекемелерінің қызметкерлерінің штаттық саны 5 мыңға көбейді, ал 1994-1995 жылдары әр жыл сайын 2 мыңға өсті. Осы қаулы бойынша кеден мекемелеріне кедендік бақылау зонасында көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға, жүкті тексеруге, бухгалтерлік, қаржылық, банктік және басқа да құжаттарды талап етуге құқықтар берілді.

Кеден құқығының алғашқы кезеңінде кедендік реттеу Қазақстан шекарасында бақылау қызметін атқаратын ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жүзеге асырылды. Осы кезден-ақ сыртқы экономикалық қызметті толық либерализациялау қажеттілігі арта түсті. Бұл туралы “Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру жөніндегі жарлығын жүзеге асыру туралы” Министрлер Кабинетінің № 717 қаулысында, 1994 жылғы 26 сәуірдегі “Қазақстан Республикасы аумағындағы тауарлар импорты (жұмыс, қызмет) және экспортын лицензиялау және квоталау туралы” № 435 қаулысында, 1995 жылғы 19 қаңтардағы “Қазақстан Республикасы аумағында тауарлар (жұмыс, қызмет) импорты мен экспортын реттеу тәртібі туралы” № 66 қаулысында, Премьер-Министрдің осылай аталатын резолюцияларында жеке кәсіпорындар мен фирмаларға қатысты, жеке тәртіптік көптеген сұрақтар шешілді.

Сол кездегі кедендік реттеу кеден құқығы пәнінің негізін құрды, үнемі өзгеріп отырған үкімет шешімдерінің басым болуы және нормативтік құқықтық базаның тұрақсыздығы оның атқарылуының босаңсуымен сипатталды.

Жеңілдіктер категориясына қатысты мемлекеттік заң мәселелері бұзылды, жеңілдіктер жеке түрде берілмейтін болды, тек белгілі ұйымдар мен тұлғаларға ғана берілді, сондай-ақ кеден төлемдері мен салықтарын төлеудегі кейінге қалдыру, бөліп төлеу әдістері де бұзылды.

1995 жылғы 20 шілдедегі “Қазақстан Республикасы кеден ісі туралы” Заң күші бар № 2368 Жарлығы қабылданған соң (1999 ж. 16 шілдеден бастап) “Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы” Заңы әрі қарай халықаралық кеден жүйесіндегі талапқа сай кеден ісі түсінігін енгізді. Мұнда кеден ісі мемлекетке өз негізін өзгертпей, оның монополиясын сақтай отырып кедендік реттеу механизмін қалыптастыру перспективасы мазмұнын айқындады.

93

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан экономикасына шетел инвесторларының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық мүддесі және тағы басқалар кедендік саясат құралы мен кеден мақсаттарын сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет етті.

Кеден құқығының осы және басқа институттарын қарастыра отырып, автор оның мазмұнында мынадай маңызды бөлімдерін және кеден ісінің мәселелерін қарастырмаған; кедендік статистика, сыртқы экономикалық қызметтегі тауарлар номенклатурасы, кедендік экспертиза, өйткені олар тәжірибеде объективті сипатқа қатысты тәуелсіздікке ие болуға тиіс және дәл сол кездегі кеден жүйесінде мақсатты қызмет атқаруға тиісті.

Статистикалық ақпарат басқарма шешімінің ғылыми негізділігі мен кез-келген салада дұрыс шешім шығаруға көмектеседі.

Кедендік статистика – кеден орындары қызметінің қажетті атрибуты, қажет жағдайда оның мәліметтері негізінде сыртқы экономикалық байланыстардың толық суретін көруге болады және қабылданған шешімді түзетуге болады. Кеден статистикасының “Кеден ісі туралы” заңда анықталған міндеттері ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы сауда кедендік статистикасының біртұтас методологиясының мақсаттары мен міндеттеріне, осы мемлекеттердің Басшылары кеңесінің шешімімен Қазақстан сияқты және тағы басқа мемлекеттердің техникалық мүмкіншілік перспективасына ортақ болуға тиіс.

Мемлекеттік жоғарғы билік органдарының кеден саясаты мен сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу саласында дұрыс шешім қабылдауы үшін, оның макроэкономикалық жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда динамикасына, құрылымына, деңгейіне негізделген нақты талдаудың маңызы зор.

Кеден статистикасын құруға кіретін мәліметтерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған кеден декларациясындағы жүк жөнінде белгіленген ақпарат жатады.

Сыртқы саудадағы кеден статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі Премьер-Министрдің № 238 қаулысы бойынша) барлық министрліктер мен ведомстволарға, облыс басшыларына өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет

94

қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

Кеден органдары арнайы статистика жүргізеді, мұнда статистикалық мақсатта ұсынылатын ақпарат құпия болып табылады, яғни ол ақпаратты тек кедендік мақсатта ғана қолдануға болады.

Бұл жерде біз мемлекеттік, коммерциялық, банктік және басқа да заңмен қорғалатын құпия ақпарат туралы айтып отырмыз. Ондай құпия ақпаратты кеден органдарының лауазымды тұлғасы жеке мақсаты үшін пайдалануына, басқа мемлекеттік органға, үшінші тұлғаға беруге, таратуға рұқсат етілмейді.

Құпия ақпарат деп кедендік жүк тасу декларациясы мазмұндағы сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына байланысты нақты мәліметтерді айтамыз (“Кеден ісі туралы” Заң, 16, 233 – 236 баптары).

Күн тәртібіне Экономикалық Одақтың жалпы статистикалық негізін құру міндеті қойылды. Жалпы статистикалық негіз 1995 жылғы 10ақпандағы(Алматы)келісімінесәйкесқолқойғанмемлекетаралық байланыстар, экономикалық жағдай, жүргізілетін экономикалық реформалар, макроэкономика тенденциясы, экономикадағы құрылымдық алға жылжу, экологиялық және әлеуметтік жүйедегі әдістер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге арналған.

Кеденстатистикасындатауарлардытоптастыружәнекодпенжазу үшін топтастырғыш ретінде сыртқы экономикалық қызметтегі тауар номенклатурасы қолданылады (СЭҚТН).

ТМД 1995 жылғы 3 қарашада (Мәскеу) Ресей Федерациясының кеден қызметі ТМД СЭҚТН жүргізетін “ТМД сыртқы экономикалық қызметтегі бірыңғай Тауарлар Номенклатурасы туралы” келісім қабылданды.

Кодұғымыкеденоргандарыпроцедурасыныңмаңыздыбөлігіболып табылады. Код декларанттың мүддесіне әсер етеді, өйткені ол арқылы экономикалық саясат ережелерін қолдану, кеден төлемдері мен салықтарын алудың негізділігі мен дұрыстылығы анықталады.

Кеден Одағының құрылуымен және ТМД статистикалық комитетінің ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Үкіметі Қаулысымен Кеден Одағы елдерімен сыртқы саудаға есеп берудің статистикалық нысанын енгізеді.

95

Кеден Одағы елдері аумағынан шығатын, осы аумақ шегінде өткізілетін тауарларға байланысты бекітілген нысанда барлық сыртқы сауда операциясына қатысушылар ақпарат беруі тиіс.

Қазіргі кезде техникалық құралсыз кеден статистикасын ұсыну мүмкін емес. Әзірше кеден органдарының жетістіктері жергілікті тапсырмаларды шешумен шектелуде. Кеден қызметінің жаңа деңгейдегі сапалы қызметіне жету техниканы алып жүру, әсіресе, кадрларды, бағдарламаны қамтамасыз ететін сәйкес жүйелер, компьютерлер өте қажет.

Кеден органдары ведомствосына қарасты қызметтер кеден саясаты мақсаттары мен кеден ісін қамтамасыз етеді. Олардың ішіндегі маңыздыларына ірі кедендердегі және кеден басқармасындағы орталық кеден лабораториясы мен сараптама қызметі жатады. Сараптық зерттеулердің объективті және тәуелсіз жүруі үшін Орталық кеден лабораториясына тәуелді кеден және кеден басқармасы құрылымында сараптама қызметін жүргізетін сараптық қызмет жасайтын бөлімшелер жүйесін құру қажет.

Орталық кеден лабораториясының мәліметтері бойынша кеден мақсатында сараптама жүргізу процесінде тауардың физикалық, химиялық құрылымы, тауардың түрі мен сапасы, маркасы, сорты, тауардың өндіру технологиясы, шикізат және басқа тауарды өңдеуде шығатын өнім нормалары, күшті әсер ететін, улы, уландыратын заттар, тауардың эксплуатациялық және экологиялық қауіпсіздігі анықталады. Тауардың қазақстандық және шетелдік археологиялық жәнетарихи,көркембайлығынажататынтауарларекендігі,тауардың шыққан елі, СЭҚТН сәйкес тауар коды, кедендік құны және т.б. анықталады.

Кеден лабораториясы келесі кеден сараптамасы түрлерін жүзеге асырады: физика–химиялық, технологиялық, идентификациялық, сертификациялық, топтастыру, экологиялық жаратылыстану т.б.

Осы органдардың экспорттық-зерттеу қызметі кеден ісі аясында экспорттық жетілдіруді қамтамасыз етуге тиіс, сапасыз және жасанды тауарды әкелуді тоқтатуға, қазақстандық тұтынушылар мен өндірушілердің мүддесін қорғауға, кеден алдындағы контрабанда және кеден ережелерін бұзумен басқа да қылмыстармен күресуге бағытталуға тиіс.

Алдын-ала шешу, мәлімдеу, кедендік бақылау және рәсімдеу кезіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары, декла-

96

рант немесе кедендік лауазым тұлғасы тауардың кедендік атауын, оның сапасын, қажеттілігін анықтай алмаса, дұрыс шешім қабылдау мақсатымен ақпарат алу үшін экспорттық зерттеу қызметіне сүйенеді.

Экспорттық қызмет халықаралық тәжірибеге көп мән беруі тиіс. Шет елдердің кедендік лабораториясының жұмыс тәжірибесі сыртқы экономикалық әрекетке қатысушылардың көпшілігінің, соның ішінде 30–35 пайызы қасақана немесе тауарды топтастыруды білмегендіктен, қателер жіберіп, кеден төлемін төлеуден толық жалтаратындығын көрсетеді.

Экспорттық қызметі бар барлық органдарға тікелей, жанама және шартты экономикалық жұмыс тиімділігінің көрсеткішін енгізу қажет. Мысалы: 1997 жыл кеден комитетіндегі орталық кеден лабораториясының тікелей экономикалық тиімділігі 60 млн. теңгені құраған, оның 2,8 млн. теңгесі оны қамтамасыз етуге жұмсалған. Бірақ жағымсыз нәтижелері де бар.

Ресейліктердің шартты түрдегі экономикалық тиімділікті есептеу тәжірибесінде мемлекет мүддесіне бағытталған бөгет шаралары анықталған. Осы тәжірибені қазақстандық эксперттік және кедендік қызметте қолдануға болады. Бұл көрсеткіш экономикалық тиімділік кеден шекарасы арқылы айналымға шығаруға тыйым салынған, алып тасталынған заттар, наркотиктер санынан, айналымға енгізуге әкелінген заттар санының заттай түрдегі өлшемімен, сондай–ақ заттай түрде өлшенген жасанды және сапасыз әкелуге тыйым салынған тауарлар санынан тұрады.

Кеденсаясатыменкеденісікеденқұқығыныңнегізгіинститутына жататынкеденқұқығыныңөзегіболыптабылады.Кеденісіменкеден құқығыныңпәнінқұрайтынбөлімдерменқатарқазіргікездекедендік басқару (әкімшілік) және халықаралық–құқықтық ынтымақтастық текКеденОдағыдеңгейіндеқалыпқоймай,стратегияныңмазмұнына заң тұрғысынан толықтыру енгізуді қажет етеді.

Қазақстан интеграциялық процестерге қосылуға ұмтылуда және әрі қарай Еуропалық экономикалық қауымдастық моделіне жақындауғажолұстапотыр.“БіртұтасЕуропағақарайбеттеу,–дейді ҚРПрезидентіН.Ә.Назарбаев,–мынаүлгітүріндемастрихтікшарт негізінде нақтыландырылды: кедендік одақтан, жалпы нарықтан

– еркін қозғалатын тауар, капиталдар мен тұлғалардың еркін бірлескен ішкі нарығына, сондай–ақ экономикалық, валюталық одаққа,

97

ал соңында саяси одаққа өту. Прагматикалық, еркіндік теңдікке негізделген мүдде интеграциялау, – бұл тек осы жағдайда әлемдік экономика мен саясаттың басты факторы бола алатын Еуразиялық одақтың бірден-бір болашағы”.

Қазіргі әлемде халықаралық экономикалық қатынасты дамыту Қазақстанға кедендік өрістің, кедендік мекемелердің рөлін нығайту жолымен экономиканы қорғау және кеден ісі бойынша мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудің объективтік қажеттілігін туғызуда.

Тақырыпқа арналған сұрақтар

1.Кеден құқығының негізгі институттары мен кеден ісі құрылысының арақатынасы қандай?

2.Неліктен кеден ісі кеден құқығының негізгі институты деп қарастырамыз?

98

11 - тақырып

КЕДЕН ШЕКАРАСЫНАН ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ.

КЕДЕНДІК РЕЖИМДЕР

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу. Кедендік режимдердің ерекшелігі

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді:әкелу мен әкетугетыйымсалу; әкелу мен әкетудішектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету; шартты түрде шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және басқару. Осы институттың мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді.

Кеденрежимдерінқолданутәжірибесіолардықұқықтықреттеудің ерекшелігін айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талапетуімүмкін.Міне,сондықтандаҚазақстанРеспубликасындағы кеденісінежалпыжәнетікелейбасшылықтыжүзегеасырыпотырған Үкіметке және кеден органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешуқұқығынберукерек.РесейдіңКеденКодексінің24-бабызаңды актілердің қабылданғанына дейін бұл мәселелерді шешу құқығын атқарушы органдарға жүктеген.

Қазақстан Республикасының Кеден ісі жөніндегі (“Кеден ісі туралы” Жарлығы, 1999 ж., 16 шілде) Заң күші бар Президент Жарлығы тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге теңдей негізде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімніңол құқықтан айрылмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды,

99

мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық – имандылық мүдделері және адамөміріменденсаулығынсақтау, айналадағы табиғи ортаны,жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуалды меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді. Ресейдің Кеден Кодексі Ресей Федерациясының халықаралық шарттары мен заңдары негізінде анықталған басқа мүдделерді (20 бап) шектеуді дұрыс деп санады.

Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуді шектеу қағидасыҮкіметтің,Президенттіңзаңактілеріндежәнехалықаралық шарттарға негізделген. “Қазақстан Республикасы Кеден ісі туралы” Заңының 21бабы бойынша шектеулер қолданылатын тауарлар мен көлік құралдарын сыртқа шығаруды кеден органдары тек Республика заңдарымен белгіленгенталаптарды сақтағанжағдайда ғана жүргізе алады.

Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуді шектеуді айқындайтын бап Ресейдің Кеден Кодексінде анық көрсетілген. Онда, біріншіден, шектеулер экономикалық саясат тұрғысынан, халықаралық міндеттемені орындаудан, экономикалық егемендік негізін қорғау мәселесінен, ішкі тұтынушылар нарығын қорғаудан, ресейлік тұлғалардың мүддесін бұзатын дискриминацияға немесе басқа да шетел мемлекеттерінің акциясына қарсы жауап шарасы ретінде және басқа да Ресейдің халықаралық шарттары мен маңызды заңды актілеріне сәйкес бекітілуі мүмкін, ал екіншіден, осы көрсетілген шектеулерді бекіткен жағдайда ол күшіне енгенде шектеулер қолданылатын тауарлар мен көлік құралдарын шығаруды Ресейлік кеден органдары тек заңды актілер мен Ресейдің халықаралық шарттарында бекітілген ережелерді сақтаған жағдайда ғана жүргізе алады.

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі оларға мәлімделген кеден режиміне, сондай-ақ кеден рәсімдеуі мен кеден бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады.

Тұлғаның кез-келген уақытта тауарлар мен көлік құралдарының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез-келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар.

100