55
.pdf46)сыртқы экономикалық қызметке қатысушы – Қазақстан Республикасыныңзаңдарынасәйкессыртқыэкономикалыққызметті жүзеге асырушы тұлға.
47)электрондыққұжат–өзіндегіақпаратэлектрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат.
48)электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2.ҚазақстанРеспубликасыкедензаңдарыныңбасқадаарнаулы ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасы заңдарының азаматтық және басқа да салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңдарының бұл салаларында олар қалай пайдаланылса, сон- дай-ақ мағынада қолданылады.
КеденКодексініңбастынегізгіұғымдарыосыбаптажинақталған. Кеден Кодексі 7-бапқа 48 негізгі ұғымды кіргізсе, ал басқа 40-тай ұғым Кодекстің басқа тараулары мен баптарында берілген. Осы қалған тараулар мен баптарында атап кетуге болады:
12-тарау «ішкі Кедендік транзит» (71-бап). 13-тарау «Уақытша сақтау» (87-бап).
14-тарау «Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге жету кезіндегі кедендік рәсімдер» (112-бап).
34-тарау «Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізуі» (263-бап).
35-тарау «Тауарларды халықаралық пошта жөнелтілімдерімен өткізу» (271-бап).
36 тарау «Шетелдік тұлғалардың жекеленген санаттарының тауарларды өткізуі» (278-бап).
39-тарау «Тауарлардың Кедендік құнын айқындау» (305 бап). 40-тарау «Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі»
(322 бап).
41-тарау «Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер» (329 бап).
221
42-тарау «Кедендік бақылауды төлеу мерзімдерінің өзгеруі» (322 бап).
52-тарау «Кеден органдарының интеллектуалдық меншік обьектілеріне құқықты қорғауы үшін негіздер» (410 бап).
57-тарау «Кедендік бақылау жүргізудің нысандары мен тәртібі»
(445-448 баптар).
60-тарау «Тәуекелді бағалау мен басқару» (408 бап). Жоғарыда келтірілген тараулар мен баптардағы ұғымдардың осы аталған баптардағы басты ережелерге ғана қатысты емес, сонымен қатар кедендік реттеуге де қатысты екендігін атап кетуге болады.
69-тарау «Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі» (505506 баптар);
Қазақстандық заңнамалар үшін өзекті мәселелер қатарында категориялды аппараттың өз мазмұнына сай келуі. Себебі кодекстер мен заңдарда қолданылатын түсініктерге берілген анықтама оның мазмұнына сай келмеуі жиі кездеседі.
Бұл тақырыпты толық ашу үшін аталған тараулар мен баптарда көрсетілген басқа ұғымдарды келтіруге болады.
Iшкі кедендік транзит рәсімі – тараулар мен көлік құралдарын жөнелтуші кеден органына дейін кедендік бақылаумен өткізудің осы Кодексте және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда белгіленген тәртібі.
Аралық кеден органы - ішкі кедендік транзит рәсімі бойынша өткізілетін тауарларды ішінара түсіру жүргізілетін кеден органы.
Ішкі кедендік транзит – кедендік бақылаудағы тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағы бойынша, сондай-ақ осы тарауда белгіленген шарттар сақталған жағдайда, шет мемлекеттің аумағы арқылы өткізілетін кездегі кедендік рәсім.
Уақытшасақтау-әкелінгентауарларбелгілібіркедендікрежим- ге сәйкес межелі кеден органына табыс етілген кезден бастап, олар шығарылғанға дейін не осы Кодексте белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне айналдырғанға дейін кедендік бақылауда сақталатын кедендік рәсім.
Өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарлар – жеке тұлға пайда табу мақсатында пайдаланылмайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу сипатына, кезеңділігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшеріне және өзге де өлшемдеріне сәйкес келмейтін тауарлар;
222
Иесіменбіргежөнелтілетінбагаж–ҚазақстанРеспубликасының кедендік шекарасы арқылы өтетін жеке тұлға тікелей өткізетін тауаралар;
Иесімен бірге жөнелтілмейтін багаж – тауар өткізуші жеке тұлғамен жасалған тасымалдау шарты бойынша (багаж түбіртегі, жөнелту құжаты, коносамент және басқа да құжаттар бойынша) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарлар;
Көлік құралы – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы көлік құралын өткізетін жеке тұлғаның меншігіндегі немесе уақытша иелігіндегі қосалқы бөлшектерімен және әдеттегі керек-жарақтарымен, жабдықтарымен бірге, дағдылы бактарында жанар-жағар майы мен отыны бар автомотокөлік құралы, тіркеме, теңіз және ішкі су немесе әуе кемесі;
Декларациялаудың конклюденттік нысаны – жеке тұлғаның қол жүгінде және иесімен бірге жөнелтілетін багажында міндетті жазбаша декларациянуға жататын тауарлардың жоқ екендігін куәландыратын іс-әрекеттер жасауы.
Халықаралық пошта жөнелтімдері – жай немесе Қазақстан Республикасынан тысқары жерге жөнелту үшін қабылданатын не Қазақстан Республикасына келіп түсетін, не Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бір шет мемлекеттен екінші шет мемлекетке транзитпен өтетін, тіркелетін пошта жөнелтімдері;
Халықаралық пошта қызметтерін көрсететін ұйым –
Қазақстан Республикасының пошта байланысы туралы заңдарына және Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес пошта байланысы қызметтерін көрсетуші заңды тұлға;
Халықаралық пошта алмасу орны – кедендік рәсімдеу жүргізілетін халықаралық ілеспе құжаттарды рәсімдей отырып, келіп түсетін және жіберілетін халықаралық пошта жөнелтімдерін өңдеу міндетіне кіретін пошта байланысының бөлімшесі;
Дипломатиялық өкілдік – жеке құрамы Қазақстан Республикасында тіркелген шетел мемлекетінің өкілдігі;
Консулдық мекеме – жеке құрамы Қазақстан Республикасында тіркелген кез-келген бас консулдық, консулдық, вице-консулдық немесе консулдық агенттік;
Дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері - өкілдіктің басшы-
сы және өкілдік жеке құрамының мүшелері;
223
Дипломатиялық өкілдік жеке құрамының мүшелері -
өкілдіктің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық және қызмет көрсетуші жеке құрамының мүшелері;
Консулдық лауазымды адам – консулдық мекеменің басшысын қоса алғанда, консулдық лауазымды адам ретінде консулдық функцияларды атқару тапсырылған адам;
Консулдық мекеменің қызметкерлері – консулдық лауазымды адамдар, консулдық қызметшілер (әкімшілік-техникалық міндеттерді атқаратын адамдар) және қызмет көрсетуші жеке құрамының қызметкерлері;
Дипломатиялық өкілдіктерге теңестірілген өкілдіктер –
жеке құрамы Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
Дипломатиялық пошта – мемлекет пен оның шетелдегі дипломатиялық, консулдық өкілдіктері арасындағы байланыс түрі; Консулдық садиян – консулдық мекемелердің байланыс түр-
лерінің бірі; Дипломатиялық курьер – Қазақстан Республикасының кеден-
дік шекарасы арқылы дипломатиялық поштаны өткізуге уәкілетті тұлға;
Консудық курьер – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы консулдық сағдиянды өткізуге уәкілетті тұлға;
Тауардың кедендік құны
Тауардың кедендік құны – тауардың Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізілетін, осы тарауға сәйкес айқындалатын, мынадай мақсаттарда:
тауарға кедендік төлемдерді және салықтарды салу
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін мемлекеттік реттеудің өзге шараларын қолдану мақсатында пайдаланылатын құны;
Кедендік төлемдерді төлеушілер – мына тұлғалар:
тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декларант;
лицензия немесе кедендік рәсімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушілер болып табылады.
Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер:
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
224
өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
КедендіктөлемдербойыншажеңілдіктеросыКодекскеөзгерістер ментолықтыруларенгізутәртібіменберіледіжәнеосыКодекстің330 және 331-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес сипатта бола алмайды.
Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілерімен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тыйым салынады.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту ұғымы және оның шарттары.
Осы Кодексте белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында жүргізіледі.
Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру – төлеу мерзімін ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңгеұзарту–мәулеттікмерзімболыптабылады,осыкезеңішінде қажетті сома бөліп-бөліп төленуге тиіс.
Кедендікқадағалау–кеденоргандарылауазымдыадамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
Тауарлар мен көлік құралдарын тексеру. Кеден органы лауа-
зымды адамдардың тауарлар мен көлік құралдарын, оның ішінде халықаралық пошта жөнелтімдерін, жеке тұлғалардың багажын қарауы кедендік бақылаудағы тауарлардың сипаты, шығарылған жері, жай-күйі, мөлшері туралы, тауарларда, көлік құралдарында және олардың жүк тиелетін бөліктерінде кедендік проблемалардың, мөрлердің және басқа да қондырылған бірдейлендіру құралдарының бар екендігі туралы мәліметтерді растау үшін жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тексеріп қарау.
Кедендік тексеріп қарау – кеден органдары лауазымды адамдарының, тауарлардың орамаларын немесе көлік құралының
225
жүк тиелетін бөліктерін не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар бар немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашумен байланысты тауарлар мен көлік құралдарына қатысты іс-әрекеті.
Жеке тексеріп қарау.
Кедендік бақылаудың ерекше нысаны ретіндегі жеке тексеріп қарауҚазақстанРеспубликасыныңкедендікшекарасыарқылыөтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу обьектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп ойлауға жеткілікті негіздер болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оны алмастырушы адамның жазбаша шешімі бойынша жүргізіледі.
Контрафактылы тауарлар – құқық иеленушіліктің Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын құқықтары бұзыла отырып, құрылған және (немесе) Қазақстан Республикасыныңкедендікшекарасыарқылыөткізілген,интеллектуалдықменшік обьектілері бар тауарлар;
Құқық иеленуші – Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік обьектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға;
Шығаруды тоқтату – таңдап алынған кедендік режимге сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, контрафактылы тауарлар болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы;
Интеллектуалдық меншік обьектілері бар тауарлар тізілімі
(бұдан әрі-тізілім) – Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қорғалатын интеллектуалдық меншік обьектілері бар тауарлардың тізбесі.
Тәуекел – Қазақстан Республикасының кеден заңдарын сақтамаудың мемлекет үшін залалға әкеп соғуы мүмкін ықтималдық дәрежесі.
Тәуекелді бағалау – тәуекелдің деңгейін бағалау және алдынала айқындалған стандарттармен салыстыру арқылы тәуекелді басқарудың басымдықтарын айқындау.
Тәуекелдібасқару–тәуекелдіңалдын-алуүшінбақылауәдістерін айқындауғамүмкіндікберетіналдын-алушараларынқолданутехни- касы.
226
Кеден оргарындағы қызмет.
Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.
Кеден органдарына қызметке қабылдау.
Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелгенміндеттердіорындауғаденсаулықжағдайы,денебітімінің дамуы және білім деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған, Қазақстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.
227
2-тарау. ТАУАРЛАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
8-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету құқығы
1.Осы Кодексте және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда, барлықтұлғалардыңтауарларменкөлікқұралдарынҚазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тең негіздерде құқығы бар.
2.ҚазақстанРеспубликасыныңзаңактілеріменжәне(немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларымен тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары белгіленуі мүмкін.
Заңды түрде алынған мүлікті еркін кәсіпкерлік қызметті жүргізу құқын, заңды кәсіпкерлік қызмет үшін мүлікті пайдалануын, мемлекеттен тыс аймақтарға (шетелге) шығу; кедергісіз қайта оралуы сенімді конституциялық нысандар Кеден заңдылығында қажетті түрде көрініс алды.
Конституциялық нормалардың дамуының бұндай ерекшелігінің мәні Қазақстан Кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаларымен тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауын, кеден органдарының өз міндеттерін орындауын заңға сай қатаң түрде жүргізуде жатыр.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі жөніндегі» заңын тауарлар мен көлік құралдарын енгізу немесе шығару жөніндегі жеке баптар кездесетін.
АлқазіргіуақыттаКеденКодексініңбұлбабыныңекіншібөлігінде Өкімет қаулыларын немесе заңын қабылдау арқылы тауар мен көлік тасымалдауынашектеуқойып,тыйымсалуғаболатындығыайтылған. Тауарлар мен көлік құралдарын алып келу немесе шығаруға тыйым салу мемлекеттік қауіпсіздік адамгершілік-моралдық тұрғысынан адам өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортасын көркем, тарихи және археологиялық жәдігерлерді қорғау, меншікті қорғау
228
құқы, тұтынушылар мен мемлекеттің басқа да маңызды өмірлік мүдделерінен туындайтыны айғақ.
Кеден саясатының, мақсаттарын ішкі нарық қажеттіліктерін жүзеге асыру және экономикалық мүдделерді ескеру белгілі бір тауарлар түрін әкелу және әкетуге уақытша тыйым салуға негіз бола алады. (Мәселен, мұндай шектеулер азық-түлік тауарларға, мазут пен жанармайға қатысты қолданылған).
9-бап. Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі
1.Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу кезінде тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің шарты кедендік шекарадан іс жүзінде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген іс-әрекеттерді жасау болып табылады.
2.Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде өткізудің шарты кедендікдекларацияберунемесетауарларменкөлікқұралдарын әкетуге бағытталған өзге де іс-әрекеттер болып табылады. Өзге іс-әрекеттерге:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететін жеке адамның кедендік бақылау аумағына кіруі (енуі);
2) тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету туралы хабарлама беруі;
3) автокөлік құралының Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шығу мақсатымен, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне енуі;
4)ҚазақстанРеспубликасыныңкедендікаумағынантысжерлерге жөнелту үшін тауарларды көлік саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларға не халықаралық пошта жөнелтімдерін халықаралық пошта қызметін көрсетуші ұйымдарға тапсыру жатады.
3.ВалюталыққұндылықтардыҚазақстанРеспубликасының кедендікшекарасыарқылыөткізуҚазақстанРеспубликасының валюталық заңдарына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі жаңа кеден заңнамасында әрі қарай дамуын тауып отыр. Бұл баптың мазмұны
229
кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу барысындағы қатынастарды кең түрде реттеуге мүмкіндік береді.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу және әкету барысында өткізу шарттары әртүрлі. Бірақ мына жағдайды ескеру қажет, кедендік шекараны кесіп өту, әкелу және әкету барысында сөзсіз болуы мүмкін. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өткізуді Кеден Кодексі Қазақстанның кеден территориясына түрлі әдіспен әкелу немесе кеден территориясынан әкетуді жүзеге асыру деп есептейді. Оған халықаралық пошта жөнелтілімдерді, электр өткізгіштерінің жүйесін, құбыр жолдар тасымалдауын кіргізуге болады.
Белгіленгентәртіптіңбастышартытауарларменкөлікқұралдарын әкетудедекларацияберуболыптабылады.Айтакететінжәйт,аталған кедендікрежимжәнебасқакедендікмақсаттардымәлімдеудеқажетті айқындалған құжаттар ұсынылуы керек. Физикалық тұлғалар мен жеңілдік және оңайлатылған түрдегі тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі өкіметпен жиі қарастырылып, қабылданып отырады. Бұл бап негізгі шарты – кеден органдарын тауарларды және көлік құралдарын әкету жөнінде хабарлама беру.
Кеден бақылауы Агенттігімен тауарлар мен көлік құралдарын әкету,әкелуміндеткерліктерініңнысандары,кедендіккірісордерінің формасы және оны есепке алу, толтыру ережелері бекітілген.
Сондай-ақ,кеденоргандарывалюталықбақылауоргандарыболып табылады. Оның басты бағыттарына жүргізілген операциялардың заңға сай екендігін анықтауды, қажетті құжаттардың толық берілуін, заңдылығы, төлемдердің негізделуін, валюталық операциялар бойынша обьективті, толық есеп берілуін жатқызуға болады. Кеден органдары сыртқы экономикалық қызметке қатынасушылардың валюталық заңды орындауына бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;
Ұлттық Банкке кедендік шекарасы арқылы тауарлары мен көлік құралдарының қозғалысы жөнінде ақпарат береді;
Ұлттық Банк пен екінші дәрежелі банктерге валюталық заңды бұзушылықтары жөнінде хабарлама береді.
10-бап. Кедендік рәсімдеу Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртіпте және шарттарда кедендік рәсімдеуге тиіс.
230
