55
.pdf6)ҚазақстанРеспубликасыныңәкімшілікқұқықбұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
7)өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;
8)кедендік төлемдердің және салықтардың толық өндіріп алынуын және республикалық бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
9)мемлекеттік бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны осы Кодексте белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;
10)Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар, шешімдер, рұқсаттар, біліктік аттестаттарын беру туралы шешім қабылдауға;
11)Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;
12)Мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
13)өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
14)Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
15)өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
16)кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
251
17)өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сон- дай-аққұқыққорғауоргандарыныңбасқадаадамдарыныңжаз- баша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу, іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;
18)ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
19)ҚазақстанРеспубликасыныңсалық,валюталықжәнеөзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардыңалдыналудажәнежолынкесудесалыққызметіоргандарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
20)Осы Кодексте белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалықжәнекеденісісаласындағыөзгедеқызметкеқатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;
21)кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;
22)кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;
23)Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
КеденоргандарыҚазақстанРеспубликасыныңзаңактілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
2. Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушлықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылған құқық бұзушлықтарды анықтаған жағдайда, кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген мерзімдерде материалдарды тиісті мемлекеттік органдарға беруге міндетті.
252
Кеден органдары:
-сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың кеден ісі саласындағы заңды құқықтарын сақтауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға;
-төмен тұрған кеден органының және кеден органының лауазымды адамдарының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарауға;
-өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы мен экономикасын дамытуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауар айналымын жеделдетуге ықпал етуге;
-тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілуіне кедендік бақылау жасауды жүзеге асыруға;
-Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізуді жүзеге асыруға;
-Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген тәртіппен кеден ісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға;
-өз өкілеттігі шегінде сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылардың өз құқықтарын іске асыруына жәрдем көрсетуге;
-кедендіктөлемдердіңжәнесалықтардыңтолықөндіріпалынуын және республикалық бюджетке уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
-мемлекеттік бюджетке белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік төлемдердің және салықтардың сомаларын, сондай-ақ олар бойынша өсімақыны осы Кодексте белгіленген тәртіппен өндіріп алуға;
-Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімдерде кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар,шешімдер,рұқсаттар,біліктікаттестаттарынберутуралы шешім қабылдауға;
-Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендік статистикасын және арнаулы кедендік статистикасын жүргізуді жүзеге асыруға;
253
-Мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;
-өзқұзыретішегіндеҚазақстанРеспубликасыныңкедендікшекарасын күзетуді және кедендік бақылау аймағы режимінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге;
-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден органдары қызметінің қауіпсіздігін, кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерін құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге;
-өз құзыреті шегінде кеден органдары лауазымды адамдарының тарапынан болған құқық бұзушылықтардың алдын-алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жүргізуге;
-кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтардың жасалғандығы туралы ақпарат жинауды және талдауды жүзеге асыруға;
-өз құзыреті шегінде сот актілерін, прокурорлардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басқа да адамдарының жазбаша тапсырмаларын орындауға, оларға жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жасауға жәрдем көрсетуге;
-ұлттық қауіпсіздік органдарымен және басқа да тиісті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;
-Қазақстан Республикасының салық, валюталық және өзге де заңдары саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын-алуда және жолын кесуде салық қызметі органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға жәрдем көрсетуге;
-ОсыКодекстебелгіленгентәртіппенсыртқыэкономикалықжәне кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларды тұрақты негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарындағы өзгерістер мен толықтырулар туралы уақтылы хабарландырып отыруды қамтамасыз етуге;
-кеден ісі саласында келіп түскен сауалдар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуын және оларға жауап қайтарылуын немесе олардан туындайтын өзге де іс-әрекеттердің жасалуын қамтамасыз етуге;
-кеден ісі саласында өтеусіз кеңес беруді жүзеге асыруға;
-Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кедендік әкімшілік жүргізуді жүзеге асыруға міндетті.
254
Кеден органдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
25-бап. Кеден органдарының талаптарын орындаудың міндеттілігі
1.Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.
2.Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі жасайтын басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптарын орындамау, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына жүктелген міндеттерді орындауға кедергі жасайтын басқа да іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Кеден органдары мен олардың лауазымды адамдарының талаптары Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес аталған талаптар өздеріне қатысты қойылатын барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.
26-бап. Кеден ісі саласындағы ақпаратқа қатынас
1.Кеден органдарына басқа мемлекеттік органдар, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылар табыс еткен мәліметтер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кеден саласында ғана пайдаланылады.
2.Мемлекеттік құпиялардан, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын мәліметті, сондай-ақ сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушыларға қатысты құпия ақпаратты, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария етуге, кеден органдары лауазымды адамдарының жеке мақсаттарына пайдалануына, сондай-ақ үшінші тұлғаларға беруге болмайды.
3.Кеден органдары ресми сұрату бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасының мынадай мемлекеттік органдарына:
255
1)құқық қорғау органдарына – кеден ісі саласында құқық бұзушылық жасаған адамдарды заң бойынша қудалау мақсатында;
2)соттарға – олардың талап етуі бойынша;
3)жедел–іздестіру қызметінің субъектілеріне – кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган мен тиісті жедел–іздесті- ру қызметі субъектілерінің бірлескен актілерімен белгіленетін тәртіппен олардың іс жүргізуіндегі материалдар бойынша;
4)Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарына – Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес табыс етеді.
4. Кеден органдары мәліметтерді басқа мемлекеттердің кеден немесе құқық қорғау органдарына және халықаралық ұйымдарға Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес табыс етеді.
5.Мемлекеттікоргандар ҚазақстанРеспубликасыныңзаңдарына сәйкес өздері алған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етеді.
Аталмыш бапта көрсетілген кедендік органдардың міндеттері өзге де нормативті құқықтық актілермен толығып отырады. Оларды жеке-жеке қарастырып көрейік.
1993 жылдың 13 қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекаралары туралы» Қазақстан Республикасының заңымен мемлекеттік шекараларды қорғау саласындақызметететінмемлекеттікоргандардың,оныңішіндекедендік органдар міндеттерінің шеңбері анықталады. (24-бап). Осымен мемлекеттік шекараны қорғау Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы мемлекеттік жүйесінің бірден-бір бөлігі болып табылады және саяси, әскери, құқықтық, ұйымдық, экономикалық, экологиялық, техникалық және т.б. шараларды жүзеге асыруымен шекаралық бақылау бекеттерінде, шекаралық әскерлердің бақылау өткізу бекеттері, кедендік және өзге мекемелер құрылады (8-бап). Атап айтсақ, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік шекараларда кедендік органдар радиациялық бақылау енгізді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексімен әкімшілік құқық бұзушылық кедендік органдардың да құзыретіне беріледі (555-бап).
256
Қылмыстық-процессуалды кодекспен ҚК-ң 209, 214 және 250-баптарда көрсетілген қылмыстық істер бойынша кедендік органдардың жауапкершілігі белгіленеді.
Азаматтық кодекспен (жалпы бөлім) бір жақтың екінші жаққа әкімшілік немесе басқа жағдайлармен бағынуының негізіндегі меншіктік қатынасқа, оның ішінде салықтық және басқа бюджеттік қатынасқаазаматтықзаңнамақолданылмайтыныерекшекөрсетілген. (1-бап)
Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мынаны белгілейді: Мемлекеттікоргандарқұрамындасаясипартияларқұруғатыйымсалынады.Мемлекеттікқызметкерлерөзміндеттерінатқарудазаңдарға бағынады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың және олардың органдарының шешімдерінен тәуелсіз болады делінген. (Мемлекеттік қызмет туралы заң 3-бап).
«Салық және бюджетке тиесілі міндетті салымдар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық Кодексімен) Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы тауар тасымалданғанда, кедендік органдар аталмыш кодекс және кедендік заңнамалар негізінде салық жинау және басқа да міндетті төлемдерді талап ету құзыреті белгіленген. (19-бап).
«Ұлттық қауіпсіздік» заңына сәйкес кедендік қызмет өзге де мемлекеттік органдар сияқты Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші күштерге жатқызылады. (8-бап).
Мәліметтерге қатысты айтатын болсақ, кедендік рәсімдеу кедендік бақылау барысында берілетін қосымша және негізгі құжаттарда көрсетілген ақпаратқа сүйену керек.
Кодекс кеден органдарын (мемлекеттік құпияны, коммерциялық мәліметтерді заң қорғауындағы құпияларды қосқанда) конфиденциалдылығына кепіл болатындай тек кеден мақсаттарына ғана мәліметтерді пайдалануға мәжбүр етеді.
Бапта ресми сұраныс бойынша мәліметтер берілетін мемлекеттік органдараталыпкетеді.Бұлоргандармәліметтерконфиденциалдығы үшін жауапкершілікті жүзеге асырады.
Заңнама мен халықаралық келісімдер шеңберінде кеден органдары шет елдердің жоғары органдарына бар мәліметті бере алады.
257
3-БӨЛІМ. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРЫ
5-тарау. КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН, СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАСТАРЫ
27-бап. Кеден органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы
1.Кеден органдары өз функцияларын Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен дербес және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілерініңнегізінденемесеаталғаноргандарменкелісеотырып жүзеге асырады.
2.Кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты іс-әрекеттердің үйлестірілуін қамтамасыз етеді.
3.Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады.
Бақылау, қазынагерлік және құқықтық функциялар кеден органдарымен өз еркінше жүргізіледі. Басқа мемлекеттік қызмет орындарымен өзара қатынасы осы қызмет орындары жөніндегі Кеден Кодексі ережелеріне, нормативті құқық актілеріне сай жүргізіледі. Мәселен, Кедендік бақылауға ветеринарлы, фитосанитарлы секілді басқа да мемлекеттік бақылау түрлерінен өткен тауарлар мен көлік құралдары жіберіледі. Құқықтық қызмет те басқа да дәрежелі органдармен іс-әрекетте болуын талап етеді. Қазынагерлік іс-әрекет банк және салық құрылымдарының мүдделері мен талаптарын көздейді.
258
Кеден әкімшіліктендіруінің актілерді бірігіп қабылдағанды талап етеді. Мысал ретінде, экспортты-импортты валюталық бақылауды, кедендік төлемді реттеуші актілерді жатқызуға болады.
(2001 жылы 5 қыркүйегінде ҚР Кеден бақылауы жүргізетін органмен және ҚР ұлттық банкі мен бекітілген экспорттық-импорттық валюта бақылауын ұйымдастыру жөніндегі нұсқауы 2003 жылы 25 сәуірде қабылданған. ҚР импортқа түсетін тауарлардың белгілі бір түрлеріне кеден босату тәртібі жөніндегі нұсқауы).
Кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өткізуіне жүргізілетін бақылау кеден органдарының құзырында. Кейбір жағдайларды олар басқа органдармен бірігіп қызмет жасау керек. Осы салаға ең жақын органдар шекара қызметі, құқықтық құрылымдар.
Бұл ерекше мемлекеттік қызметтің өмір сүруінің басты аспектісі, кеден органдарының ісіне араласуға тыйым салу. Әрине, заңға сай бақылаужүргізуүшінпрокуратураоргандары,басқадақұқықоргандары араласуы мүмкін.
Үкімет те конституцияға ережелеріне сай араласуға мүдделі.
28-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимылы
1.Қазақстан Республикасында кеден ісін жетілдіру және кедендік әкімшілік жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мақсатында кеден органдары сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен, қоғамдық бірлестіктермен және кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
2.Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларды, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғаларды Қазақстан Республикасының кеден ісі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға тартуына құқығы бар.
3.Сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылар, қоғамдық бірлестіктер мен кеден ісі саласындағы өзге де мүдделі тұлғалар осы Кодекстің 43-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз
ететін тұлғалар ретінде әрекет ете алады.
259
Бұл жағдай кеден органдарының тікелей декларанттармен, басқа да кеден қатынастарына қатысушыларын іс-әрекетте болуына кедергі болмайды. Осы бапта көрсетілген мақсаттарға сай кеден органдары мен осы тұлғалар инициативасы бойынша өзара әрекет жүзеге асады.
ҚР кеден бақылауының Агенттігі жанында кеден саясаты жөніндеконсультативтікеңесқызмететеді.Оныңжұмысістеутәртібіжәне ережелері2003жылы5қаңтарда№1бұйрықпенайқындалған.Оның мәжілісіндекеденжүйесінжетілдіружәнекеденәкімшіліктендіруінің күнделікті мәселелері қарастырылады. Мұндай кеңестер барлық территориялық бөлімшелерде ашылған. Олардың құрамына сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылар, басқа да ұйымдар өкілдері, ғалымдар, мамандар белсенді түрде атсалысады.
Кеден ісі жөніндегі нормативті құқықтық актілерді жасауға қатысу заңды жетілдіру және оны жүзеге асыру үшін үлкен маңызы бар. Кеден Кодексі қабылданбастан бұрын бір жарым жылдық біріккен жұмыс жүргізіледі. Оны дайындауда 2800 ұсыныс берілді. Оны талқылауға150экспортқатысты.Кеденқатынастарынақатысушылар кодекс ережелерін дамыту мақсатында оның басқа нормативті актілерін жасауға қатысады.
Кеден қатынастарына қатысушылар кеден төлемдері, салығы бойынша міндеткерліктерді орындаушы тұлғалар ретінде қатысуы мүмкін. Бұл қамсыздандыру ішкі кеден транзиті режимі бойынша көлік құралдарын тасымалдауды кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыруда орын алады. Сондай-ақ уақытша сақтау, кеден территориясынан тыс тауарларды ұсақтау, тауарлар транзиті, уақытшашығару,кеденбаждарынтөлеумерзімінөзгерткенжағдайда жүзеге асады.
29-бап. Кеден органдарының шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Кеден органдары өз функцияларын жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының халақаралық шарттарына сәйкес шет мемлекеттердің кеден және өзге де органдарымен әрі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасап отырады.
Бұл бап кеден органдарының шет елдерінің және халықаралық ұйымдардың құзыретті қызметтерімен қарым-қатынас мәселелері бойынша іс жүргізудегі мүмкіндіктерін тарылтады. Қазақстан
260
