55
.pdfҚазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуде кеден режимдерін, кеден бақылауын қолдануды және кедендік рәсімдеуді қоса өткізудің, кеден төлемдері менсалықтарынсалудыңжәнетөлеудің,кеденжеңілдіктерінберудің және пайдаланудың тәртібіне қол сұғушы тұлғаның құқыққа қарсы әрекеті не әрекетсіздігі кеден ережелерін бұзу болып табылады, ол үшін “Кеден ісі туралы” заңда жауапкершілік қарастырылады.
“Тұлға” ұғымына заң шығарушы жеке және заңды тұлғаларды (отандық және шетелдік заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке тұлғалар), сондай-ақ лауазымды тұлғаларды жатқызады.
Егер лауазымды тұлғалардың қызметтік міндетіне, онда орындалуынбақылаукеденоргандарынажүктелгенкеденережелерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылады. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің жауапкершілікке тартылуы (тікелей бұзушылықтары үшін) лауазымды тұлғалар мен басқа жұмысшыларды жауапкершіліктен босатпайды. Лауазымды тұлға құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеті не әрекетсіздігі үшін жеке тұлғалармен теңдей жауапкершілікке тартылады.
Тек бой бермейтін, тежеусіз күш қана жеке тұлға немесе жеке кәсіпкерді жауапкершіліктен босатуы мүмкін.
Кеден ережелерін бұзғаны үшін ықпал ету шараларын қолдану жауапкершілікке тартылған тұлғаны кеден төлемдері мен салықтарын төлеу міндетінен толықтай босатпайды. Егер құқық бұзушылық өз сипаты, белгісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанымен, анықтама жүргізу кеден органдарының құзыретіне жүктелсе, заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлер кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылмайды. Автордың пікірінше, “жеке тұлға” ұғымынан “жеке кәсіпкерді” бөліп алу соншалықты негізделмеген.
Жауапкершіліктің маңызды бөлігі - әскери қызметшілер мен тәртіп жарғыларының күшін қолданатын өзге де тұлғалардың кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік жауапкершілік болып табылады.
Бұл тұлғалар қатарына Қарулы күштердің, шекара және ішкі әскерлердің, басқа да әскери құрамалардың әскери қызметшілері мен жиынға шақырылған әскери міндеттегілердің, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік
131
органдарының қатардағы және басшы құрамының тұлғалары жатады.
Қазақстанның әскери бөлімдер мен басқа да әскери бөлімшелері және мемлекеттік құрылымдар (Қазақстан Республикасы оның құрамына кіреді), ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары заңды тұлға ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Шетелдік заңды және жеке тұлғалар жалпы негізде жауапкершілікке тартылады.
Заңдакеденережелерінбұзғаныүшінжауапкершіліктіңмаңызыаз болса, кеден органы жауапкершіліктен босатып, тек ауызша ескерту жасау мен шектелу мүмкіндігі қарастырылған, бұл жаза түрлерінің тізбесінеенбейді.“Кеденісітуралы”заңның253-бабынасәйкесмер- зім (1 жыл) бекітіліп, бұл мерзім біткен соң, тұлға бұзықтығы үшін жазаға тартылмаған деп саналады.
Кеден ережелерін бұзу әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, бірақ автор оларды жеке топтарға бөлген және кеден құқық бұзушылықтары деп аталған. Кеден заңын қабылдағанға дейін кеден ережелерін бұзу белгіленген басқару тәртібіне қол сұғушылық деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық тобына жататын (Қазақ КСР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі, 15-тарау).
“Кеден ісі туралы” заңда белгіленген кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартатын 40 ереже қарастырылған. Айыппұл мөлшері бұрынғымен салыстырғанда көбейген. Сонымен қатар, кеден органдарының қызметіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық, барлық істер бойынша іс-жүргізу және оларды қарау 30 бапты қамтиды.
“Кеден ісі туралы” заң кеден ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын жазаның алты түрін шығаруды қарастырады, бұл Ресейдің Кеден Кодексінде (242-бап) қарастырылған жазалар түріне толық сәйкес келеді.
Жауапкершілік шарасы ретінде ескерту ауыр салдары жоқ кеден ережелерін бұзушылық үшін негізгі жаза түрінде қабылдануы мүмкін және жазбаша түрде іс бойынша үкім шығарылуы қажет.
Айыппұл–еңтөменгіжалақының(есептіккөрсеткіш)мөлшеріне аралас сомамен белгіленетін жаза түрі.
Есептелетін сома тауарлар мен көлік құралдарының құнына сай салынады (құқық бұзушылық ашылған күнгі еркін және нарық
132
бағасына сәйкес). Кейінгі заңда “төменгі жалақы” ұғымы “жылдық немесе айлық есептік көрсеткіш” деп ауыстырылған, уақыт бойы енгізілмегендіктен тәжірибеде есептеуде белгілі қиындықтар туғызды.
Лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарып алу мен әрекетін кідірту жазаның негізгі түрі ретінде субъектілердің шағын тобына:
-кеден қоймаларының, бажсыз сауда жасайтын дүкендердің, еркін қоймалар мен уақытша сақтау қоймаларының иелеріне;
-кедентасымалдаушыларынажәнекеденброкерлеріне,сондайақ кеден рәсімдеу жөніндегі мамандарға қолданылады.
Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын, арнайы дайындалған, құны жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын, кеден шекарасы арқылы кесіп өтуге арналған заттарды Қазақстан заңдарында бекітілген тәртіпте тіркелуі – тауарлар мен көлік құралдарының мәжбүрлі өтеусіз түрде мемлекет бюджетіне берілуі және жазаның негізгі түрі немесе қосымша түрдегі қолданылуы.
Кеден ережелерін бұзудың тікелей объектілері болып табылатын тауарлар мен көлік құралдарының, кеден құқық бұзушылығының тікелей объектілері болып табылатын, жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп өтуде қолданылатын, арнайы дайындалып, құпия заттар жасырылған тауарлар мен көлік құралдарының құнын сот тәртібімен өндіріп алу – тауарлар мен көлік құралдарының, өндіріп алуды бұзудың тікелей объектісі болып табылатын, жасырын түрде кеден шекарасы арқылы кесіп өтуде қолданылатын, арнайы дайындалған, құпия заттар жасырылған тауарлар мен көлік құралдарынтәркілеу“Кеденісітуралы”заңныңтоғызбабындасанкцияларында қарастырылған (270, 277, 282, 284, 287, 291-баптар).
“Кеден ісі туралы” заңда кеден ережелерін бұзғаны үшін жазаға тарту мерзімі (258-бап) анықталған, мұның ішінде:
-ескерту, айыппұл, лицензияны немесе біліктілік аттестатын қайтарыпалужәнеолардыңкүшінкідіртужазаларынажекетұлғалар мен лауазымды тұлғаларға кеден ережелерін бұзушылық ашылған күннен бастап екі айдан кешіктірмей, ал заңды тұлғаларға алты айдан кешіктірмей салынуы мүмкін;
133
-тәркілеу және өндіріп алу кеден құқық бұзушылығы жасалған немесе ашылған уақытқа және олардың негізгі немесе қосымша өндіріп алу түріне тәуелсіз салынады.
Кеден органының лауазымды тұлғалары нақты бұзушылықты тікелей байқаған күн немесе кеден ережелерінің бұзылғандығының белгісі көрсетілген жеткілікті мәліметтер бар материалда анықталған ай-күні, кеден құқық бұзушылығының анықталған күні деп саналады.
Мерзім қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданған соң, бірақ кеден ережелерін бұзу белгісі болған жағдайда өтуі мүмкін.
Егер тұлға мерзімнің өтуіне дейін жаңадан кеден ережелерін бұзса, алдыңғы кеден ережесін бұзғандығы үшін салынған жазаның мерзімі өтуі үзіледі.
Кеден ережелерін бұзғандық үшін ықпал жасау шараларын қолданудағы заңдылықты қамтамасыз ету – өте маңызды мәселе. Қазақстан заңында көрсетілген талаптарды сақтау:
-жоғары тұрған кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғалары тарапынан жүйелі түрде бақылап отырады;
-прокурордың қадағалауын;
-кеден органдарының кедендік құқық бұзушылық істері туралы, сондай-ақ кеден органдарының немесе олардың лауазымды тұлғалардың әрекеті не әрекетсіздігі, кез-келген шешімдері туралы қаулысына шағымдану құқығын қамтамасыз етуі тиіс.
Кеден ережелері жөніндегі істерді жүргізу әрекетінде және оларды қарауда, сондай-ақ өндіріп алу жазасын қолдану туралы кеден органдарының қаулысын орындауда “Кеден ісі туралы” Заң (259-бап) заң тараптарын қатаң әрі міндетті түрде сақтауды белгілейді.
“Кеден ісі туралы” Заңның іс жүргізушілік жүйесінің бөлігінде реттелмеген қатынастар әкімшілік заңда айқындалған және ол өзі кеден ережелерін бұзу туралы іс жөніндегі өндірісті және оларды қарауды қарастырады.
Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша өндіріс пен оны қараудың жеткілікті нақты тапсырмалары тәжірибеде мамандандырылған және уәкілетті лауазымды тұлғаларды құрылымдық бөлуді талап етеді. Ондай тапсырмаларды орындау, құқық бұзушылықты ашу және оның жолын кесу; істің мән-жайын дер кезінде, толық және
134
объективті түсіндіру; оны заңға дәл сәйкестендіріп шешу; қаулының орындалуын қамтамасыз ету; кедендік құқық бұзушылықтың жасалу себебі мен шарттарын анықтау, оларды жоюдың шараларын қабылдау; құқық бұзушылықтың алдын-алу ондай істерді жүргізуге біліктендірілген құзыретті мамандарды талап етеді.
Кедендік құқық бұзушылығы жағдайында процессуалдық және басқа әрекеттерді кеден ережелерін бұзу жөніндегі істі жүргізуде тәжірибеде көмек бере алатын екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа – кеден ережелерін бұзу жөніндегі істерді қарастыратын, белгіленген тәртіпке сай жағымсыз әрекетті анықтауға, дәлелдеуге, бекітугебағытталғанкеденоргандарыныңлауазымдытұлғаларының процессуалды іс-әрекетін жатқызамыз. Нақты айтсақ:
-кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғадан сұрақ алу;
-куәлардан сұрақ алу;
-кедендік тексеру;
-тану үшін ұсыну;
-сараптама;
-тауарлар мен көлік құралдарын алып қою процестері жатады. Екіншітопқа–кеденоргандарыныңлауазымдытұлғаларыжүзеге
асыратын процессуальдық және басқа да әрекеттер кеден құқық бұзушылығы туралы істерді өндіруді қамтамасыз етуге жіберілген істерменмүмкінболғанзаттайөндіріпалусанкцияларды,сондай-ақ олар тағайындаған тұлғалардың бекітілген іс бойынша мән-жайды ашуын жатқызуға болады. Олар:
-құжаттарды талап ету;
-ақпарат алу;
-қамауға алу;
-бақылау, тексеру, түгендеуді жүргізу;
-тұлғаны кеден органына жеткізу;
-әкімшілік ұстау.
Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша дәлелдемелердің, соның ішінде жазбаша дәлелдемелердің, жіктелуін ұсынуға болады.
Куәландыратын құжаттар тобын іс үшін маңызы бар белгілі бір себептерді ресми түрде анықтайтын, дәлелдейтін құжаттар құрауы мүмкін (нотариалды куәландыратын құжаттар, бұрын құқық бұзушылық жасағандығы туралы анықтамалар, іс бойынша қаулының көшірмесі, тұлғаны анықтайтын құжаттар, тұлғаның қандай да
135
бір құқықтарын немесе сіңірген еңбегін растайтын құжаттар және т.б.).
Екінші топтағы құжаттарға мемлекеттік орындар, басқа да ұйымдар, жеке немесе лауазымды тұлғалар берген баяндау, мәлімдеуді білдіру сипатындағы құжаттарды (іс үшін маңыздылығы барсебептержөніндегімәліметтерхабарлайтынқызметтікқұжаттар, мінездемелер, жиынның хаттамалары, хаттар, арыздар) жатқызуға болады.
“Кеден ісі туралы” Заң кеден ережелерін бұзғаны үшін жаза қолданудың оңайлатылған формасын анықтаған, егер ондай бұзушылыққа ескерту мен айыптау салынса, онда заңда қарастырылған 40 құқық бұзушылықтың 19-ына ғана қолданылады.
370-шібаптыңмағынасынантұлғаныңкеденережелерініңбұзылу фактісін, өз айыбын мойындауы, жаза қолданудың оңайлатылған формасынқолдануменкелісуі,алайыппұлтүріндежазағатартылған жағдайда құқық бұзушылық байқалған жерде айыппұлды дереу төлеугеөзініңәзірлігінжәненақтымүмкіндігібарекендігінбілдірген жағдайда бейбіт келісім келіп шығады. Бұл кезде бюджетке түсетін салынған айыппұлдың көлемі олардың бекітілген мөлшеріне байланысты емес, лауазымды тұлғалардың кеден құқық бұзушылығын байқауы мен кеден ережелерінің болғандығы туралы істі жүргізуді арттырудағы жүмысына байланысты.
“Кеден ісі туралы” Заң кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөлу мен қосудың процессуалдық мүмкіндіктерін қарастырады. Бір іс жүргізуде құқық бұзғандығы үшін жауапкершілікке бір ғана сол адам тартылуға тиісті істер мен кеден ережелерін бұзуда жауапкершілікке қатысушы тұлғалар бірге тартылуға тиісті істер біріктіріліп қарастырылуы мүмкін.
Қажеттілік туса, істі шешудің жан-жақтылығына, толықтылығы мен объективтілігіне әсер етпейтін болған жағдайда кеден ережелерін бұзу туралы істерді бөліп қарауға жол беріледі.
Істерді біріктіру мен бөлу кеден ережелерін бұзу туралы істер өндірісіне немесе оларды қарауда іс жүргізуге тиіс ҚР Кеден Одағының лауазымды тұлғаларының қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
Айта кететін нәрсе, “Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы” Заңның XII “Кеден ережелерін бұзу және осы бұзушылық үшін жауапкершілік”жәнеXV“ҚазақстанРеспубликасыкеденоргандары мен олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне
136
не әрекетсіздіктеріне шағым жасау және оларды қарау” бөлімдері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодексі іске кіріскенге дейін қолданылады.
“Кеден ісі туралы” Заңның сәйкес бөлімі кеден ісі саласындағы қылмыстар, анықтама және жедел іздестіру, кеден органдарының “бақылау жасалатын жеткізілімдер” деп аталатын халықаралық әдісін пайдалану мәселелерін регламенттейді.
Кеден органдарының құқық қорғау қызметінің нақтылы атқарылуы олардың осы алдағы қызметін жаңадан қабылданған қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу жөніндегі заң актілерімен сәйкес бекіту арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (1-бап) көрсетілгендей, қылмыстық жауапкершілікті қарастырады, тек қана осы Қылмыстық Кодекс пен басқа заңдардан тұратын қылмыстық заң, олардың осы Кодекске енгізілгенінен кейін ғана қолданылуға жатады.
Бұлереженің“Кеденісітуралы”Заңғатікелейқатысыбар,өйткені онда кеден ісі саласындағы қылмыстарға арналған бөлім бар.
1998 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында кедендік қылмыстың тек екі ғана түрі бар болды: контрабанда (64-бап) және салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару (81-бап), сол кезде 1994 жылғы Ресейдің қылмыстық заңында осы қылмыстардың бес түрі қарастырылған. Кеден ісіне зиян келтіретін қылмыстарға: контрабанда (78-бап); Ресей Федерациясының және шет ел халықтарының көркемөнер, тарихи және археологиялық құндылықтарының Ресей Федерациясының аумағына қайтармау (78-2 бап), кеден төлемдерін төлеуденжалтару;валюталыққұндылықтармензаңсызмәмілежасау (162-7 б.); Ресей Федерациясының кеден заңдарын бұзу (161-1 б.).
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан кейін – ҚК) 209-бабына сәйкес экономикалық контрабанда дегеніміз – кеден шекарасы арқылы кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде көп мөлшерде тауарлар мен басқа заттарды, не кеден сәйкестендіру құралдары мен құжаттарды алдап қолданумен, не кеден шекарасы арқылы алып өтілуіне арнайы ережелер бекітілген, кеден шекарасынан өткізуге тыйым салынған немесе декларациялануы күмәнді тауарларды, заттар мен құндылықтарды алып өту.
137
Айналымнан алынып тасталған немесе айналымға түсуі шектелген (ҚК-тің 250-бабы) заттардың контрабандасы дегеніміз – кеден сәйкестендіру құралдарын немесе құжаттарды алдап қолданумен декларациядан өтпеген немесе декларациялануы күмәнді есірткі құралдарын; жүйке уландырғыш; күшті әсер ететін, улы уландырғыш, радиоактивті немесе жарылғыш заттарды; қару-жарақ, әскери техника, жарылғыш қондырғылар, оқатар қару, оқ-дәрілерді; ядролық, химиялық, биологиялық,жаппай жою қаруларын жасауда пайдалануы мүмкін материалдар мен құрал-жабдықтардың басқа түрлерін мемлекеттік кеден шекарасы арқылы кеден бақылауынан тысқары немесе жасырын түрде жасалған өткізу болып табылады.
Контрабанда (1995 жылғы өзгерістер мен ҚК редакциясында) мына жаңа редакцияға ие болды: “Контрабанда дегеніміз – кеден бақылауынантысқарынемесежасырынтүрденекедендікжәнебасқа да құжаттарды алдап қолданумен тауарлар мен басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе кеден шекарасы арқылы алып өту”.
Жоғарыда келтірілген тұжырымдардан көрінетіндей, контрабанда ұғымы экономика саласын қорғау жағына қарай біршама өзгерген, бұл туралы экономикалық контрабандаға қатысты ҚК-тің “Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс” бөлімі мен контрабандатуралытоптарғақатысты“Қоғамдыққауіпсіздікпенқоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс” бөлімінде айтылған.
Кеден органдарының міндеттері осы категориялы істі тергеуге қатысты құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттестікке тәуелді болады.
ҚК“Кедентөлемдеріменалымдарынтөлеуденжалтару”214-бабы өзіне тиісті мағынаны аша алмаған. Автор жалтару мағыналардан тұруы мүмкін деп есептейді:
-кеден төлемдерін, кеден баждарын, салықтарын, алымдарын төлемеуге әкелетін жалған мәліметтерді ұсынуы;
-кедентөлемдерітөленгендігіндәлелдейтіннекедентөлемдерін төлеуді қамтамасыздандыру болып табылатын жалған қаржылық құжаттарды ұсыну;
-кеден органдарының есеп-шотына банктен аударылатын ақшалай қордың төлем құжаттарын төлеушінің қайтарып алуы;
-кеден төлемдерін төлеудің мерзімін бұзу.
138
“Кеден ісі туралы” Жарлыққа қарамастан, тәжірибеде кеден саласындағы контрабанда мен басқа да қылмыстар туралы істерге анықтама жүргізу қиындау болды. Кеден органдарын анықтама органдарына және жедел іздестіру қызметін жүргізу құқығы берілген органдарға қосуға қатысты өзгерістер - әрекет етуші Қылмыстық іс жүргізу кодексі мен “Жедел іздестіру қызметі туралы” Заңға өзгерістер тек 1995 жылдың желтоқсанында ғана енгізілді.
Айтакететіннәрсе,өзіндікқауіпсіздіктіқамтамасызетууақиғасы, не халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің кеден және басқа да құзыретті органдарының сұранымы халықаралық шарттармен сәйкес қарастырылса да, оны жүргізуге “Кеден ісі туралы” Заңға сәйкес тек кеден органдарының құзыретіне жататын құқыққа қарсы әрекеттер (қылмыстар) анықтама өндірісінде ғана шек қойылады.
ТМД аясында экономика саласындағы қылмыстармен күресу үшін құқық қорғау мен басқару органдарының стратегиясын жасап шығаруда және әрекеттестігін нығайту мақсатында ТМД қатысушы мемлекеттерінің аумағында ұйымдасқан қылмыс пен қылмыстың қауіпті басқа да түрлерімен күресу бойынша бірлескен шаралар Бағдарламасы, сондай-ақ экономика саласындағы қылмыстармен күресте ынтымақтастық туралы Келісім қабылданды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін Қазақстан және шетел халықтарының көркемөнер, тарихи және археологиялық игіліктерін құрайтын заттардың республика аумағына қайтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын баптар толықтырылуы қажет, сондай-ақ осыған сәйкес өзгерістерді Қылмыстық іс жүргізу кодексіне де енгізу қажет.
Жоғарыда көрсетілген ұсыныстар кеден саласы халықаралық қызметтің тәжірибесіне сәйкестендіру қажеттілігінен туындайды, сондықтанолелдіңсыртқыжәнеішкісаясатыныңжәнежалпықоғам қажеттілігінің әрекет етуші экономикалық тетігі болуға тиіс.
Кеден органдары азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақтау және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайту мемлекет органдарының өзара әрекеттестігін жақсартуға жағымды өзгерістер әкелетіндіктен басқа құқық қорғау органдарымен деңгейлес тұрады.
1998 жыл мемлекет органдары жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемасына қайта оралумен сипатталады және оның шешілуі өте-мөте қажет.
139
1992 жылғы 17 наурызда “Қылмыстық пен сыбайлас жемқорлықтардың ұйымдасқан түрлерімен күресті нығайту шаралары туралы”ПрезидентЖарлығықабылданғаныбелгілі,ондақылмыстық топтардың халықаралық байланысының таралып, олардың сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар лауазымды тұлғаларымен біте қайнасқандығы белгіленген. Сондықтан, қазіргі уақыттағы жағдайларда1998жылғы2шілдеде“Сыбайласжемқорлықпенкүрес туралы”ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңықабылдануыәбдензаңды болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен, Қазақстан кеден саласындағы лауазымдық қылмыстармен және басқа да құқық бұзушылықтармен күрес жүргізуді Кеден саясатының мақсаттарының бірі ретінде қарастыруқажет.Кеденсаласыныңқызметінмемлекеттікобъективті негізі бар және заңды сипатқа ие болуы тиіс.
“Кеден ісі туралы” заңының 38 “Бақылау жасалатын жеткізілімдер” тарауы жасырынды негізде кеден бақылауымен әкелінетін және Қазақстан Республикасынан шығарылатын есірткі және жүйке уландырғышқұралдарменбасқадазаттардыбекітілгенхалықаралық әдіспен жүзеге асыруды қарастырады, сондай-ақ осы заңсыз айналымға қатысушы тұлғаларды анықтауды, әрбір жеке жағдайда, шетелмемлекеттерініңкеденжәнеқұзыреттіоргандарыныңкелісімімен немесе халықаралық шарттар негізінде реттейді.
Бақылау жасалатын жеткізілім әдісінің негізгі ережелері “Есірткі және жүйке уландырғыш құралдардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы” БҰҰ 1998 жылғы Вена Конвенциясында баяндалған.
Қазіргі уақытта әлем қауымдастығы есірткі және жүйке уландырғыш заттардың халықаралық заңсыз айналымын құрайтын есірткі және жүйке уландырғыш заттардың таратылуы бойынша транзиттік мемлекет қатарына Қазақстанның қосылуына алаңдаушылық білдіруде.
1998жылғы1шілдедеҚазақстанРеспубликасыныңЗаңынасәйкес Қазақстан 1961 жылы 30 наурыздағы Нью-Йоркте қабылданған есірткіқұралдарыжөніндегіБірегейКонвенцияға,1961жылғыесірткі құралдары туралы Бірегей Конвенцияға енгізілген түзетулер туралы 1972 жылғы Хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерге қосылды.
1998 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотыныңпленумы“Есірткіқұралдарының,жүйкеуландырғыш,күшті әсер ететін және уландырғыш заттардың заңсыз айналымына байланысты істер бойынша заң қолдану туралы” қаулы қабылданды.
140
