55
.pdf-халықаралық тәжірибеде қабылданған процедуралар мен құжаттарына сай, кеден процедуралары мен құжаттарын унификациялау;
-үнеміжәнеалдын-алажасалатынмәлімдеупроцедурасынжетіл- діру арқылы тауарлардың кедендік рәсімдеуін оңайлату;
-посткедендік бақылау жүргізу арқылы қатерлерді талдау негізінде кез-келгенін таңдау арқасында кедендік бақылауды жүргізу; -Қазақстан Республикасының кеден органдарының кеден заңнамасының нормаларын бірыңғай қолдануына бақылауды көтеру
және дамыту;
-физикалықтұлғалардыңжекезаттарыменжүктерін,тауарларды кедендік рәсімдеудің оңайлатылған схемасын жасау және ендіру;
-физикалық тұлғалардың багаждары мен қол затын кедендік рәсімдеуді тездету жүйесін «қызыл, жасыл-көк» коридорлар принципі арқылы дамыту;
-кеден режимдері шеңберінде кеден бақылауын жүргізу барысында тауарларды сәйкестендірудің әдістерін жетілдіру;
-интеллектуалды меншік обьектілерін ноу-хау, экспортқа шығатын технологияларға бақылау мен рәсімдеу процедураларын рационалдандыру;
-кедендік режимдерді пайдалану мен тауарларды жеткізу барысына жүргізілетін бақылаудың тиімділігін арттыру шараларын жасау.
Кедендік-банкілік, валюталық бақылау жүйесін жетілдіру және сыртқы экономикалық қызметті кедендік-тарифті реттеу механизмін әрі қарай жетілдіру бойынша жүргізілетін жұмыстың басты бағыттары төмендегідей:
-кедендік төлемдердің бірте-бірте төмендету негізінде кеден- дік-тарифтік саясатты жетілдіруге бағытталған сараптамалық ұсыныстарды жасау;
-кеден төлемдерін және салығын есептеудің автоматтық жүйесін құру негізінде кедендік-тарифтік реттеу барысында мәліметтердің жинақталуының бірыңғай жүйесіне өту;
-кеден органдары мен банктерін біріктіретін ақпараттық желісін құру;
-есептеудің тек автоматтық жүйесінің негізінде жасалған мәліметтерге сүйенген таңдау арқылы жүргізілген бақылау мен тексерудің технологиялары;
161
-тауарлардың кедендік құнын тиімді бақылау механизмін жетілдіру;
-тауарлардың кедендік құнын бақылау мен анықтауды әлемдік сауда ұйымы мен тарифтер мен тауарлар жөнінде басты келісімнің талаптарына сай жүзеге асыру;
-тауарлардың жасап шығарған елінің анықталуына, сыртқы сауда қызметтерініңтауарноменклатурасынасайтауарлардыңдұрысклассификациялануына жүргізілетін бақылау механизмін жетілдіру;
-сыртқы сауда қызметіндегі тауар номенклатурасына сай тауарларды сәйкестендіру (идентификациялау) процедураларын жетілдіру;
-тауарлардың шығуы жөніндегі сертификаттардың шынайылығын бақылау жүргізу мәселесі бойынша бенефициарлы мемлекеттің дәрежелі органдарымен Қазақстан Республикасының кеден органдарының өзара әрекеттесу тәртібін практикада жүзеге асыру және жасау;
-сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың кедендік, салық заңдарына сай қызмет жүргізуін бақылау барысындағы ҚР-ның кедендік және салық қызметтерінің өзара әрекеттестігін практикада жүзеге асыру механизмін жасау;
ҚазақстанРеспубликасыменбіргееркінсаудааймағыннемесекедендік одақты құрған немесе екі жақты келісімге отырған мемлекеттерден шыққан тауарларды өткізудің тарифтық преференциясының механизмін дайындауға қатысу;
-кедендік төлемдер мен салықтар төлейтін тауарлар бойынша экспорттық-импорттық келісім-шарттарға мониторингін;
-валюталық-банктік кедендік бақылау жүргізудің нормативтік құқықтың базасын қалыптастыруды анықтау.
Кедендік органдардың экономикалық мүдделерді қорғауды күшейту бойынша жұмыстарының негізгі бағыттары:
-ҚР кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын орналастырып өткізуде шешімдік тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;
-экономикалық контрабанда және кедендік құқық бұзушылықтармен күрес формалары мен әдістерін жетілдіру;
-құқық бұзушылықты зерттеу әдістері және ҚР құқық қорғау органдарымен өзара қатынас механизмін жасау;
-есірткі, қару-жарақ, оқ дәрі, валюта, энерго тасушылардың заңсыз тасымалына бақылау, интелектуалды меншік құқығын
қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту;
162
- кедендік іс саласындағы қылмыскер мен құқық бұзушылықты біртұтас жедел есепке алу және қылмыстық статистикаға қосу.
Кеден қызметіндегі сыртқы сауда статистикасын жүргізу мәселесі маңызды орын алады. Кедендік статистикада кодекс түріндегі ақпараттық-құқықтық негіз, кедендік жүк тасымалы декларациясындағы басқа да нормативті-құқықтық актілер мен ақпарат; баспасөзде жарияланған ақпараттық материалдар сияқты танымдық компоненттер кіреді. Сондай-ақ, сыртқы сауда статистикасының методологиясы түріндегі экономикалық методологиялық негіз байқалады, оның ішінде оны өңдеу әдістері, көрсеткіштер есебі және экономикалық талдау, сондай-ақ кедендік қызмет шеңберінде әрекет етуші жинақ регламенті, біріншілік құжаттардыөңдеужәнесыртқашығатынстатистикалықформаларды дайындау түріндегі ұйымдастырушылық-технологиялық негіз ерекше көрінеді.
Кедендік статистика функцияларының ішінен кедендікстатистикалықбақылауқызметінерекшеатауғаболады.Бұлбақылау мен талдау толықтай дерлік кедендік жүйедегі басқару нысандары бойынша қабылданған нәтижелерді тексеруге негізделеді.
Елдің сыртқы сауда айналымы дегеніміз – сандық және құндық көрсеткіштегі экспорт пен импортты, сондай-ақ экспорт пен импорттың географиялық бағытын көрсетсе, ал жолаушы айналымы кедендік шекараны кесіп өтетін физикалық тұлғалардың есепке алынуы мен жолаушылар сапасын көрсетеді.
Кедендік статистика құрамында, сондай-ақ арнайы кедендік статистика бар, оған төмендегі бақылаудың арнаулы нысандары мен мәлімдеме статистика талдауы кіреді, ол сыртқы сауда кедендік статистикамен есепке алынады.
1.Федералдыбюджеттіңкірісбөлігініңқалыптасуындағыкедендікүлеспенкедендіктөлемменсипатталатынкедендіктөлемдерстатистикасы; бұнда есеп кедендік төлем түрлері бойынша жүргізіледі, кедендік рәсімдеу үшін жинау, кедендік шығын алымы, қосымша құн салығы, акциз, арнайы салық.
2.Экспорт тауарларының сандық және құндық көрсеткішіне есеп жүргізетін валюталық бақылау статистика.
3.Сыртқы сауда айналымындағы контрабанда мен кедендік ережелерді бұзу жағдайларының санын, сондай-ақ тауарлар бойынша
163
физикалық тұлғалар, кәмпескеленген заттар құны, аталған айыппұл соммасын көрсететін кәмпескеленген тауарлар статистикасы.
4.Ресей Федерациясынан шығарылған және РФ-ға шығарылған сәлемдемелер есебі мен басқа да пошталық жөнелтімдер есебін бейнелейтін халықаралық пошта жөнелтімдерінің статистикасы.
5.Көлік құралдарының есебін көрсететін халықаралық пошта жөнелтімдер статистикасы.
Қазақстан Республикасының кедендік қызметінің біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мақсаты – жан-жақты ақпараттық қолдау жүйесін құру;
- мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық жүк тасымалының тиімді бақылау үшін;
- кедендік рәсімдеудің қазіргі ережелерін, кедендік алымдар мен төлемдерді аудару мен толықтығының дұрыстығын бақылау үшін; - сыртқы сауданың шынайы статистикасы мен арнайы кедендік
статистикасын жүргізу; - кедендік органдардың бар деңгейлерінде кедендік комитет-
тен жеке кедендік посттарға дейін, сондай-ақ кедендік әкімшілік саласындағы елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалға қатысты қабылданған шешімдерін қабылдау;
- кедендік әкімшілікті әлемдік қауымдастық институттарының талаптарына сай стандарттарға келтіру.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін елдің бүкіл территориясындағы орталық, кедендік органдағы кедендік рәсімдеудің қазіргі аумағындағы кедендік рәсімдеу үрдістерін қолдайтын, халықаралық стандарттарға сай кедендік рәсімдеудің қазіргі компьютерлік ақпараттық технологияларына негізделген жоғары ұйымдасқан территориялық-бөліктік орталықтанған ақпараттық жүйесін құру үшін керек.
Дамыған елдердегі автоматтандырылған жұмысшы орындарын құру тұжырымдамасына негізделген, кедендік қызметті автоматтандырудағы кең көлемді жұмыстар 1960-70 жылдардағы нарықта жеке компьютерлердің пайда болуымен бір мезетте басталды. Еуропа мен АҚШ-та осындай жүйелерді жинақтаған бай тәжірибесі төмендегідей негізгі қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Техникалық құрамдар буынының ауысуына қарамастан, осындай жүйелердің тұрақты нормативті базасына негізделген ақпараттық
164
және алгоритмдік базасы іс жүзінде қалыпты болып қалады. Бұған дамыған еуропалық елдер және АҚШ түрлі дайындаушы формалардың әр қилы бағдарламалық өнімдерін пайдаланады.
Кеден комитетінің орталық және аймақтық бөліктерінің автоматтандыруды нысан ретінде жасаған талдауы БААЖ-ды ендірудегі түрлі аймақтық мекемелердің түрлі сапалық деңгейі және жүйені енгізудің біртұтастылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, 1997 жылы ҚР Мемлекеттік Кеден комитетінің бұйрығымен бекітілген кедендік нысандардың алғашқы тізімінде 47 мекеме болса, ең бірінші кезекте барлық кедендік басқармалар мен кедендерді айтуға болады. Одан ары қарайғы басымдық Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс шекарасы болды.
1999 жылға қарай кедендік органдар құрылымы Қазақстанның әкімшілік-территориялық бөлінісінің өзгеруіне қарай, біршама өзгерістерге ұшырады, осылайша кедендік органдардың дамуында жаңа міндеттер мен басымдықтар, әсіресе Ресеймен шекарадағы кедендік инфрақұрылымды дамыту қажеттілігі туындады.
Кейінірек автоматтандыру нысандарында бірінші кезекке шекарадағы босатудың екіжақты нүктелері туралы үкіметаралық келісімдерге енген кедендік посттар мен ірі энергетикалық және өндірістік кәсіпорындарға жақын орналасқан кеден орындары қосылды.
Кедендік орындарға тиісті энергия қуаты бар негізгі ғимараттар мен орындардың іс жүзінде болуы назарға алынды. Жүк қозғалысы мен көлік құралдарының стратегиялық маңызды бағыттары, аймақтың және шекара маңы территорияларының экономикалық даму перспективалары есепке алынды.
Кешенді автоматтандыру жұмыстары 88 кедендік мекемелерде жүргізілді: Кеден комитеті, 6 басты кеден басқармалары, 10 кеден басқармасы, 7 тікелей бағыну кедендері, 64 кедендік пост, оның 45-і шекара маңында. Осы кедендік мекемелерге жергілікті есептеу жүйелері, серверлік жабдықтар қойылып, БААЖ-дың қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуі құрылды.
Жекелеген кедендік мекемелердің біртұтас республикалық ақпараттық жүйеге шоғырлануын жердегі спутниктік стансалар мен радиомодемдер қамтамасыз етеді. Тәжірибелі эксплуатациясына барлығы 94 жергілікті есептеу жүйесі, 79 сервер, жеке компьютерлер базасында 1400-ден аса автоматтандырылған жұмысшы орындары, 79 спутниктік станциялары, 27 радиомодемдер бар.
165
Бұдан басқа, тағы да кедендік рәсімдеу жүргізілетін 48 кедендік нысанда жергілікті компьютерлер орнатылған, соған сәйкес мәліметтер беру осы басқармаларда дискеттер көмегімен жүреді.
БААЖнәтижесіндебүкілжүктасқынының95%дейінгімөлшерін жедел бақылауға мүмкіндік берсе, кедендік декларациялардың электронды көшірмелері шекараны кесіп өтетін бар тауарларға жасалады. 1997 жылдың 1-шілдесінен бері қалыптасып жатқан кедендік жүк декларацияларының электронды көшірмелерінің мәліметтер базасында қазіргі таңда миллионнан астам жазба бар.
БААЖ көмегімен Кедендік комитет сыртқы сауданың арнайы кедендік статистикасын жасады, ҚР мемлекеттік басқару органдарының талап-тілектері бойынша статистикалық есеп беру және видеоконференциялар режиміндегі кедендік мекемелер байланысы, сон- дай-ақдауыстықбайланыс(ЧРтелефондарнегізіндегіведомствалық телефон байланысы) бар. Кедендік бақылау агенттігі дербес түрде жүйелер эксплуатациясын, ведомстволық жүйе әкімшіліктенуін жәнемәліметтербазасынқамтамасызетеді,техникалықплатформаға жолбасшылық қызметі қалыптасты.
Кедендік рәсімдеудің барлық үрдістерінің БААЖ-бен ақпараттық қолдау тиімділігі мынадай жүйе электронды көшірмелерін қалыптастыруға,өңдеугебірорыннанекіншіорынғажеделкөшіруге мүмкіндік береді, ал бұл ұзақ уақытқа арналған барлық кедендік тауар түрлеріне қатысты кедендік декларациялар мен құжаттардың электронды көшірмесі. Бұл ертеректе жүзеге асырылған сыртқы сауда операцияларының кез-келгеніне еркін түрде талдау жасауға, кедендік рәсімдеудің физикалық қатысушыларының, (кеденшілерін, кедендік брокерлер, деклоранттар) жүктің сандық, сапалық, құндық параметрлерінің реквизиттерін дәл белгілеуге мүмкіндік береді. Тіпті, аймақтық кедендік бөлімшелерде мұрағат құжаттарының жоғалып кеткен жағдайда берілген ақпарат Кеден комитетінің электронды мәліметтер базасында сақталады. (ҚР Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 «ҚР Біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру туралы» жарғысына сай құрылған ҚРның Біртұтас ақпараттық кеңістігі шеңберінде БААЖ кедендік органдардың жұмысының қазіргі экономикалық құқықтық кеңістігінің жағдайының ақпараттық көрінісінің қалыптастыруы және қолдауы керек.
166
БААЖ-ды негізгі пайдаланушылар салық органдарының ақпараттық жүйесі, Ұлттық банк Қаржы Министрлігінің Қазыналығы, Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық жүйесі, көрші мемлекеттердің кеден қызметкерінің ақпараттық жүйесі, Дүниежүзілік кеден ұйымының, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Дүниежүзілік банк ақпараттық жүйелері және т.б.
Қазіргітаңдаосыжүйенідамытумәселесіқарастырылуда.Екінші кезектегі БААЖ-ды (екінші кезектегі объектілерді автоматтандыру кешені) іске асыру мәселесі кедендік органдарды ғимараттар мен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесімен қатар шешілуі керек.
БААЖ-ң болашақта дамуының өзге де приоритетті мақсаттары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
-жүк тасымалын реттейтін бақылаудан өткізетін техникалық құралдарды жасау және қолданысқа енгізу, бірінші кезекте жүкті орнына жеткізу кезінде тексеру;
-кедендік құжаттарды рәсімдеудің нормативті-құқықтық негіздерін, ақпараттық технологияларды енгізе отырып, технологиялық нұсқауларды, оның ішінде электронды қолтаңбалар мен электронды құжаттарды қолданудағы ішкі ведомстволық нормативті актілерді шығаруды болашақта жетілдіру;
-концепциялар,өзгеминистрліктерменведомстволармен,мемлекеттік билік органдарымен, банк жүйесімен, өзге де мемлекеттердің кедендік қызметімен, халықаралық ұйымдармен ақпараттық интервейстерге тиесілі техникалық талаптар мен ұйымдастырушылыққұқықтық негізді жасау және аталған интервейстерді іске асыруды техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
-БААЖ шеңберінде ақпараттты қауіпсіздігін қамтамасыз етуді техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыру;
-Мемлекеттік билік органдары жасаған Мемлекеттік ақпараттық жүйесінің бөлшегі болып табылатын геоақпараттық жүйесінің негізінде ҚР-ң кедендік қызмет кадастрын құру.
Сонымен қатар, іс-жүзіндегі жүйелерге техникалық қолдау көрсету керек. Алайда, ең маңызды болып жаңа кедендік органдар құру, істегі кедендік органдар мен мекемелерді қайта құру, соны-
167
мен қатар кедендік инфрақұрылымы жөніндегі басқа да мәселелерді шешу болып қала бермек.
Бірінші кезекте кедендік рәсімдеулерді жүргізетін кедендік органдарды қайта құру керек, оларды тиімді орналастыру керек, әсіресе сырттан келетін сауда жүктерін тексеріп өткізетін жерлерге жақынырақ орналастыру керек, кедендік рәсімдеу орталықтарын ашу керек, сонымен қатар төмендегілермен қамтамасыз ету керек:
-қазіргізаманкедендікрәсімдеуталаптарынасайкедендікоргандар инфрақұрылымдарын ретке келтіруді;
-кедендік одақ, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық және Еуразиялық Экономикалық Кеңістік кеңеюін ескере отырып, кедендік инфрақұрылымдардың объектілерін тиімді орналастыру жобасын жасауды;
-интеллектуалдыменшікті,радиоактивтіматериалдарменқауіпті қалдықтарды тасымалдауды қадағалау жүйесін ретке келтіруді;
-кедендік органдардың материалдық-техникалық негізін жетілдіруді және кедендік бақылау құралдарын жасау мен қолдану жоспарын жасауды;
-кедендік органдардағы жұмыс күшін тиімді қайта бөлу және кедендік органдар мен бекеттердің жұмыс күшін ұлғайтуды;
Жоғарыда көрсетілген шараларды іс жүзіне асырса, Қазақстандағы кедендік қызметті функциясының тиімділігі артады, халықаралық стандарттармен жұмыс жасау қабілеті және әкімшілік қызметі жақсарады.
Электронды үкімет бағдарламасы шеңберінде «электронды» кеден мәселесі қазіргі таңда актуальды болып отыр. Кедендік қызмет комитеті (КҚК) электронды кеден құру жолында мына бағыттарда жұмыс жасап отыр:
-электронды мәлімдеу жүйесін қалыптастыруда;
-жүктерді керек орнына жеткізуді қадағалау жүйесін қалыптастыру;
-сыртқы сауданың кедендік статистикасы жүйесін қалыптастыру;
Электронды мәлімдеулер жүйесі – Web-декларант.
Электронды мәлімдеулер жүйесі – электронды кеден жүйесінің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
Жүйені қалыптастырудың мақсаттары:
168
-жаңа информациялық технологияларды қолдана отырып, кедендік процедураларды жеңілдету мен тездету;
-кедендік төлемдерді аудару процедурасын жылдамдату мен шынайылығын арттыру.
-Кедендік Қызмет Комитетінің басшылары мен ҚР үкіметтік органдарына жіберілетін ақпараттық жылдамдылығы мен шынайылығын сақтауды күшейту.
Электронды мәлімдеулер жүйесі жұмысының схемасы 1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы кедендік
құжаттарды рәсімдеп, интернет каналдары арқылы электронды көшірмесін Web-сервер КҚК-ға жібереді. Web-сервер Кедендік Қызмет Комитеті тауардың кедендік рәсімдеуіне жауап беретін аймақтық кедендік органға жеткізеді.
2. Кедендік Қызмет Комитеті Сыртқы экономикалық қызмет сервері қабылдаған электронды көшірмені мекен-жайға жеткізу Webсерверіне қайта жібереді.
3. Мекен-жайға жеткізу Web-сервері өз кезегінде Кеден Қызмет комитетінің аймақтық бөлімшедегі офицер жеке компьютеріндегі орналасқан тұтынушыға тауардың кедендік рәсімдеуіне, жауапты кедендік бөлімшеге кедендік құжаттың электрондық көшірмесін тасымалдау дайындығы барысы туралы мәлімет жібереді.
4. Мекен-жайға жеткізу тұтынушысы мәліметті алған соң, ме- кен-жайға жеткізу Web-серверімен байланысып, кедендік құжаттың электрондық көшірмесін қабылдауға жауап беретін офицер компьютеріне электронды көшірмені жібереді және электронды көшірмені жіберу барысы жөнінде хабарлайды. Егер, байланыс сәтсіз болса, жіберу үрдісі басынан жүргізіледі.
5. Мекен-жайға жеткізу Web-сервері тұтынушыдан көшірмені алғаны туралы хабарды ала салысымен, Кедендік Қызмет Комитеті Web-серверінен алынған мәліметтер жөнінде есеп жазып, орналастырады. Жоғарыда көрсетілген кедендік құжаттың электрондық көшірмесін жеткізу үрдісі операторлардың көмегінсіз автоматтандырылған тәртіпте жасалады. Ұзақтығы Кедендік Қызмет Комитеті командаларының жұмысына байланысты 2 минуттан 10 минутқа созылуы мүмкін.
Электрондымәлімдемеулержүйесі–электрондыкеденжүйесінің бірден бір компоненті болып табылады. Бұл жүйе Кедендік Қызмет Комитетівеб-сайтындаорналасқанжәнекез-келгенадамқолданаала-
169
ды.Қазіргітаңдакешенжетілдірілгенненкейінөндірістікқолданысқа енгізіледі. Коммерциялық бағдарламалық жетістіктерді қолданумен салыстырғандағыаталғанкешенніңбасты2артықшылығынатапкеткенжөн.Біріншіден,Сыртқыэкономикалыққызметқатысушысының мекен-жайына қарамастан, интернет желісі арқылы қажетті кедендік құжаттардың нұсқасын кез-келген уақытта кедендік органдарға жібере алады, сонымен қатар кедендік органдарға жеткізбестен бұрын өз бетінше форматтық-логикалық бақылау жүргізеді. Екіншіден, Сыртқыэкономикалыққызметқатысушыларынатиімділігі,яғнибұл жүйені кіші және орта бизнес өкілдері де қолдана алады және оны қолдануда ешқандай төлем алынбайды. Қолданушылар тек интернет провайдерлерінің қызметтерін төлеуге міндетті.
Электронды мәлімдеулер жүйесін енгізу электронды көшірмелерді толтыру дұрыстығын форматтық-логикалық бақылау жүргізетін брокерлік фирмаларға да қосымша жеңілдіктер көрсетеді.
Тақырып бойынша сұрақтар
1.Кедендік қызметті «жетілдіру» ұғымы нені білдіреді?
2.Кедендік қызметті автоматтандырудың мақсаты мен мідеті неде?
3.Мемлекеттік орган жүйесіндегі «электронды» кеденнің орны мен рөлін анықтаңыз!
170
