Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уақыты олардың жұмыс уақытымен анықталады. Ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. (Қазақстан Республикасының “Кеден ісі туралы” Заңының 25-бабы). Қазақстан заңы “мемлекеттік шекара” мен “кеден шекарасы” ұғымын ажырата түсті. Бұл мәселелер заңда бұрын басқаша қарастырылды, “кеден шекарасы” ұғымы мемлекеттік шекара ретінде қабылданды.

Бұрынмемлекеттікшекараданөтуорныменуақытытөмендегідей реттелетін болған. Мысалы: ол 5 сәуір 1925 жыл (С. У. 1925 г. № 21, 160 бап). Халық комиссариаты кеңесінің қаулысынан анықталады:

§1. Жерасты және тас жолдарымен жүретін тауар таситын көліктер кеден шекарасынан тек күндіз күн шыққаннан күн батқанға дейін өткізіледі.

§2. Егер кеден шекараның өзінде орналаспаса, онда көліктерді алдыңғы кеден мекемесі арқылы өткізу кеденге күндізгі уақытта жетуді көздейтін уақыт есебіне сүйену керек болды.

§3. КСРО-ның Кедендік кодексі тауарлардың және басқа заттардың кедендік шекара арқылы өтуі кеден мекемелері орналасқан жерлерде жүзеге асырылатынын, сондай-ақ осы мекемелердің басқа да өтетін жерлерді анықтайтынын атап кеткен, бірақ өткізу уақыты жөнінде сөз қозғалмаған.

Кедендік мағынада “тауарлар” деген ұғымның кез-келген қозғалатын мүлік, сондай-ақ валюталық құндылықтар, электр жылуы және басқа да энергия түрлері, тауарлар мен жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылатын көліктен басқа көлік құралдары деп түсінеміз. “Тауар және көлік құралдары” деген түсінікті қолдану осы айтылған тұжырыммен түсіндіріледі. Сонымен, қандай да болмасын кеден режимінің ауысқанына қарамастан Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы әкелінген тауарлар мен көлік құралы шындығында өтуі тиіс.

Кеден құқығының маңызды құқықтық институттарының бірі – кеден төлемдері. Соңғы заңды бекіткенге дейін 1991 жылғы 25 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы салық

101

жүйесі туралы” және 1991 жылғы 17 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйе туралы” заңдарына сәйкес олар “кеден тарифі мен төлемі” деп аталды, бұл атау 1991 жылы 24 желтоқсанда қабылданған “Кедендік тариф және төлем” туралы заңында толығырақ айқындалды, мәні ашылды.

Бұл заңдар Салық заңдарында қарастырылған тәртіпке сай Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарының өтуі барысында акциздер мен қосымша кұн салығын алу кеден органдарына жүктелетіндіктен, Кеден құқығының аталған институтының құқықтық негізіне енеді.

Қазақстанда кеден тарифі іс жүзінде кеден төлемдерінің мөлшерін бекітетін қаулыларда қабылданған. ҚР “Кедендік тариф және төлем туралы” Заңына сай Президент қаулысымен бекітілуі тиіс. 1992 жылғы 28 қарашада “Қазақстан Республикасының уақытша импорттық кеден тарифі туралы”, 1994 жылғы 11 қаңтарда “Қазақстан Республикасының импортталатын тауарларға кеден тарифі туралы” Президенттің Жарлығы қабылданды.

Қазіргі Қазақстан қажеттілігіне жауап беретіндей кеден тарифі моделін ұсынуға болады.

Кеден тарифі кеден төлемі алынатын тауарлар жүйесінен, төлемдер (олардың түрі бойынша) алынатын тауарлар атауларынан, нақты кеден төлемі мөлшерінен, пайдалануға және алып келуге, шығаруға немесе транзиттеуге тыйым салынған тауарлардан тұратындықтан оны бір актімен бекіту қиындық туғызады.

Халықаралық тәжірибеде кеден тарифінің екі түрі қарастырылады: қарапайым және күрделі. Қарапайым кеден тарифі тауардың шыққан еліне қарамастан әрбір тауарға тиісті бір мөлшерде кеден бажын бекітеді, мұнда кеден жеңілдіктері мен преференциялары қолданылмайды. Күрделі кеден тарифі тауардың шыққан еліне байланысты кеден бажының екі немесе одан да көп мөлшерін қарастырады.

Қазақстанның Кедендік тарифі 1983 жылғы 14 маусымда Брюссельдеқабылданғанконцепциясындақолданған.Үйлестірілген тауарларды кодтау мен сипаттау жүйесіне негізделуі керек және кеден бажының жүйелендірілген кеден төлемдерінің жинағы болуы керек. Көрсетілген Конвенцияға Қазақстанның Кеден Одағы немесе ТМД елдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

102

1998 жылғы 22 қаңтарда Үкімет басшылары кеңесінің шешімімен, “Кеден Одағы” туралы келісім – ТМД мемлекеттері “Жалпы кедендік тариф” туралы келісім қабылдады. Оны жүзеге асыру бұл мәселелер бойынша дауларды туғызбауды көздеп, біртұтас кедендік тарифті қабылдауға мүмкіншілік береді. Жалпы кедендік тариф дегеніміз дамушы елдерден Кедендік Одақ мүшелерінің қатарындағы мемлекеттердің Кедендік аумақтарына әкелінген ТМД елдерінің сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлар номенклатурасына сай жүйеленген, тауарларға қолданылатын және әкелінетін тауарларға қойылатын кедендік өлшемдердің, бірыңғай мөлшерінің келісілген тізімі.

2000 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМД мемлекеттері тағайындаған елдер қағида бойынша өзара саудада қосымша салық салудың бірыңғай жүйесін қолданатын болады.

Заң бойынша кеден режимі Қазақстан кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін айқындайтын ережелер жиынтығын білдіреді және бұл “Кеден ісі туралы” Заңда мазмұндалған. Бұл айқындама ТМД қатысушы – мемлекеттердің Кедендік заңдарының негізінде және Ресейдің Кеден Кодексінде аталып кеткен тұжырымға ұқсас. Соңғысынан айырмашылығы ”Кеден ісі туралы” Жарлықта 14 кеден режиміанықталғанеді(“Кеденісітуралы”заңдабұлтүзетілген),сол кезде-ақ 15 режим бекітілген: тауарларды еркін айналысқа шығару; тауарлардың кері импорты; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда жасайтын дүкен; кеден аумағында тауарларды ұқсату, кеден бақылауымен тауарларды ұқсату; тауарларды уақытша әкелу және әкету; еркін кеден аймағы; еркін қойма; тауарларды кеден аумағынан тысқары жерде ұқсату; тауарлар экспорты, тауарлардың кері экспорты; тауарларды жою, мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту.

“Еркін қойма” режимі алғаш заңда кеден режимінің бір түрі “еркін кеден аймағы” режимінен бірге бекітілген еді, бірақ іс жүзінде екі түрлі режим туралы әңгіме болып отыр.

Кеңес Одағы Кеден Кодексі жабық мемлекетке жауап беретін үш кеден режимін қарастырды: КСРО аумағында және осы аумақтан тыс еркін айналыс үшін; КСРО кеден аумағына уақытша әкелу немесе осы аумақтан уақытша әкету мақсатында; КСРО аумағы арқылы

103

транзит үшін. М. А. Сәрсембаев тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуінің төмендегідей қағидаларын атап кетеді: мемлекеттердің кедендік шекаралары арқылы өтуін қамтамасыз ету қағидасы; ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға шығын келтіретін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салу қағидасы; тауарларды әкелу мен әкетуге шектеудің мүмкінділігінен туындайтын қағида (Сәрсембаев М. А. 44 бет).

Тауарларды еркін айналысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден аумағында қалуы немесе тұтынылуы үшін белгіленеді. Мұнда олардыәкетуүшінешқандайміндеттемеберілмейді.Осыкөрсетілген режим бойынша тауар өткізу үшін кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық саясат шараларын және басқа шектеулерді сақтау, кеден рәсімдерін аяқтау қажет.

Тауарларды еркін айналысқа шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

-кеден төлемдері мен салығын төлеу;

-тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бақылау аймағындағы талаптарды сақтау;

-заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау;

-кеден рәсімдеуін аяқтау барысында.

Тауарлардың кері импорты кедендік режим ретінде экспорттық кедендік режиміне сәйкес кеден бажы мен салығы алынбай, сон- дай-ақ, тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетілген тауарды кері әкелу мүмкіндігі үшін арналған.

Заң бойынша кері импортталатын тауар әкетілген кезден бастап үш жыл ішінде кеден аумағына табиғи тозу мен кемуіне байланысты болған өзгерістерден басқа уақытта тауар әкетілген кездегі күйінде қайтарылуы тиіс. Ресей заңдылығы және Кеден заңдарының негіздері 10 жылдық мерзімді белгілеген.

Кеден органдары кері импортты тұлғаға бұрын төлеген кеден төлемін қайтарып береді. Өз кезегінде тауарларды өткізуші тұлға экспортқа шығару кезінде төлемдер ретінде немесе өзге жеңілдіктер нәтижесінде алған сомаларын қайтарады. Осы сомалардан басқа оларданҚазақстанРеспубликасыныңҰлттықБанкібелгілегенресми пайыздық мөлшер бойынша пайыздар өндіріліп алынады.

Кедендік режимнің кері импортының тауарларының қатарына төмендегі тауарлар түрлерін енгізуге болады:

104

–экспорттың кедендік режиміне сәйкес бұрын Қазақстан Республикалық аумағынан тыс әкетілген тауарларды;

–әкетілген кезінен бастап үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарларды;

–дұрыс тасымалдау және сақтау жағдайларындағы табиғи тозуы мен шығынның болуы табиғи күштің немесе апаттың салдарынан тауарлардың бұзылуы, сапасының төмендеуі, сондай – ақ бұл тауарларға сақтап қалу мақсатында оның құнын өзгермейтіндей кіші – гірім жөндеу жұмыстарының жүргізілуі сияқты өзгерістердің болмағанжағдайында,әкетілгенкезіндегідейсолқалпындасақталған тауарларды.

Табиғи тозу не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі тозуды анықтау сол тауарға қатысты стандартпен анықталады. Табиғи немесе апаттық күштер салдарынан өзгеріске ұшырау жағдайы, фактісі Қазақстан Республикасының шет елдегі консулдық мекемесін құжаттай куәландырылып, бекітілуге тиіс.

Әкелу уақыты кедендік декларацияны қабылдау күнінен бастап есептеледі.

Шет мемлекеттің аумағынан кедендік бақылау негізінде өткізілетін, кеден төлемі, салығы алынбайтын, экономикалық саясат шаралары қолданылмайтын “тауарлар транзиті” деп аталатын кедендік режим жүзеге асады. Бұл жағдайда Ресей заңы мемлекеттің екі кедендік органдарының (тағайындайтын және жіберетін кеден органдары жөнінде сөз болуда) “кедендік бақылауына” тиісті анықтамаларды, түсініктемелерді береді.

Қазақстан заңы бойынша тауарлар транзиті ережесіне кіретін тауарларға ерекше талаптар қойылады. Тауарлар транзиті кеден органдарының сұхбаты негізінде жүзеге асырылады.

Тауарлар транзиті режиміне Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды кіргізуге жол берілмейді.

Тауарлар транзитінде жауапкершілік тасымалдаушыға жүктеледі. Тауарлар жоғалған болса, кеден органдарының рұқсатынсыз берілген болса және заңда қарастырылған басқа да жағдайда кеден бажы мен салықтарын төлеуге тиісті.

Мына жағдайларда тауарлар транзитіне рұқсат беріледі:

– көлік құралдарына қатысты жабдықтау талаптарын сақтаса;

105

–кедендік баж және салықтың төленуін қамтамасыз ететін өкілетті банктің кепілдігін алғанда немесе ҚР кеден органдарының депозитіне қажетті ақыны төлеген жағдайда;

–кеденді алып жүру барысында.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 1995 жылғы 12 мамырда Қазақстан МДП-ның Кітапшасын қолданып, халықаралық жүк тасымалдау 1975 жылғы 4 қарашадағы Кеден конвенциясына (конвенция МДП) қосылды.

1997 жылғы 29 тамызда Қазақстан Үкіметінің “МДП кітапшасын қолданып, халықаралық жүк тасымалдау жүйесін дамыту шаралары туралы” № 1301 Қаулы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық автомобильдік тасымалдау одағына МДП кітапшасын беру құқығын және жүктерді тасымалдауға сәйкес кепілдік ұсынды.

Кеден қоймасының режимі әкелінген тауарларды кеден бажын, салығын алмай және экономикалық саясат шараларын қолданбай, кеден бақылауы негізінде сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, салығын, экономикалық саясат шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейін кеден бақылауы негізінде сақтау үшін арналған.

Кеден қоймасы режиміне әкелу мен әкетуге тыйым салынбаған тауарлардыңкез-келгенінжатқызуғаболады.Кеденқоймасырежимі- не сәйкес тауарды сақтауға арналған кез-келген арнайы белгіленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орынды анықтау операциясы жүргізіледі. 1995 жылғы 16 қазанда кеден комитетінің бұйрығымен кеден қоймасы туралы ереже бекітілді. Кеден қоймасы арқылыөтетінтауарларғабайланыстыдекларантқажүктеледі.Кеден қоймасына сақтауға тауарларды қойған тұлғаға декларантпен ортақ (солидарлы) жауапкершілік жүктеледі.

Кедендік режимін өзгертпей тауарларды бір кедендік қоймадан екінші қоймаға тасу барысында, сақтау мерзімі тауарды кеден қоймасына алғашқы орналастырылған күнінен бастап есепке алынады.

Осы көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс әкетілуі немесе басқа кеден режиміне мәлімделінуі тиіс.

Бажсыз сауда жасайтын дүкен режимі Қазақстан Республикасының кеден аумағында (әуежайларда, кеме жайларында, халықаралық

106

қатынас үшін ашық шекара өткелдерінде) орналасқан тауарларды кеден бажы, салығы алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай бөлшек сауда ретінде кеден бақылауынан сатуды жүзеге асыруға арналған.

Аталған режимде қызмет ететін дүкен иелері белгілі бір төлем ақыны төлеуді көздейтін лицензияны алған қазақстандық азаматтармен шектеледі. Дүкен иелеріне заң белгілі бір талаптар қояды, берілген лицензиялар қайтарылып, өз қызметін тоқтатуы мүмкін.

Отандық және шетелдік тұлғалардың өндірістік мүмкіндіктері кеден заңы рұқсат ететін тауарларды қайта өңдеу операцияларымен айтарлықтай толықтырылады. Оған мыналар жатады:

–сәйкестендіру өңдеудің басты шарты болған жағдайында;

–өңдеуөнімдерінәкелінгентауарларғасәйкестендіругемүмкіндік беретін шетел тауарларының өз белгілерін өңделген өнімдерінде сақтап қалатындай, бірақ өзіндік ерекшелігін жоғалтпайтындай тауарларды қайта өңдеуді қарастырады;

–әкелінген тауарлардың басты белгілерін сақтай отырып, құрастыру, жинақтау, лайықтауды қоса алғандағы тауарды қайта жасау, өңдеу;

–тауарды қалпына келтіру, жөндеу;

–өнімдерді өңдеу өндірісін жеңілдетуге көзделген, өңдеу процесіне толық немесе жартылай қолданылатын кейбір тауарларды пайдалану.

Шетел тауарларын Қазақстан кеден аумағында ұқсату үшін кеден аумағында тауарларды ұқсату немесе өңдеу режимі қарастырылған.

Мұнда егер ұқсатылатын өнім немесе өңдеу Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге экспортқа шығарылатын болса, онда экономикалық саясат шарасы қолданылмайды және әкелінген кеден бажы мен салығы қайтарылып беріледі. Осы режим бойынша қазақстандық тұлғаға бекітілген шарт негізінде кеден органының рұқсаты қажет (Ресей Федерациясында ол құжат – лицензия).

Кеден аумағында тауарларды ұқсату үшін қойылатын талаптар:

–орталық кеден органының талаптарына сай бекітілген өңдеу шарттарын айқындайтын міндеттемелерін отандық тұлғаның

көрсетуі;

– декларанттың таңдауы бойынша шет мемлекеттен әкелінген тауарлардың кеден бажын төлеуі немесе оларды өкілетті банктік

107

кепілдемесі түрінде төлеуді қамтамасыз етуі есептеген соманы ҚР кеден органына депозит ретінде енгізу;

-“Кеден ісі туралы” Заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау.

Шет ел тауарын ұқсату, өңдеу операциясын жүзеге асыру барысында пайдалынылуы мүмкін. Отандық тауарларды пайдалануда шет елге жіберуде құзыретті мемлекеттік органның шешімі негізінде тарифтік емес реттеуге немесе кеден баждары шараларын қолдануға жол беріледі (қазіргі кезде – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі).

“Кеден ісі туралы” Заң Кеден комитетінен басқа да мемлекеттік органдардың ұқсатуға кететін азық-түліктер саны мен ұқсату мерзімі мәселесі бойынша ведомстволық актілеріне сілтеме жасайды.

Ұқсатуазық-түлігінэкспорттағанжағдайдакеденорганыалынған кеденбажыменсалығынэкспорттаудан2жылкешіктірмейқайтарып береді. Шет ел тауарлары мен азық-түлікті ұқсатуға қатысты шет елден шығарылатын тауарға кеден бажы мен экономикалық саясат шаралары қолданылмайды.

Қолдану шарттарына сай аталған режимді қайталайтын кеден бақылауы негізінде тауарларды өңдеу сияқты кедендік режимді жүзеге асыру қарастырылуда. Бұл режимде тауарларды өңдеу операциялары, кедендік мақсатта өнімдердің өңделуі, мөлшері, мерзімі, рұқсаттың болуы жоғарыда аталған режимдегідей қайталанады. Бірақ та бұл жағдайда кеден бақылауының орны болады және бұл режим экономикалық саясат шараларын қолданудан жалтару және шыққан елін анықтау ережесін айналып өту үшін қолданылмайды.

Бұл режимді қолдануға жол берілмейді, егер:

-ҚР Үкіметінің анықтауы бойынша ұқсату режиміне жатқызуға тыйым салынған тауарлар тізбесіне жататын болса;

-Қазақстан Республикасына ұқсату үшін тауар тікелей ұқсату операциясын жүзеге асырмайтын тұлғамен әкелінсе;

-Ұқсату мерзімі алты айдан асып кетсе;

-Ұқсату операциясы ұқсатуды жүзеге асыруға тиісті кәсіпорынның әдеттегі технологиялық процесіне сәйкес келмесе;

-Тауарды ұқсатуды жүзеге асырушы тұлғамен;

-Егер кеден заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мүмкін болмаса;

108

-Бұрын әкелінген тауарға ұқсату режимін жүргізудің бекітілген тәртібі бұзылмағандықтан ол аяқталмаған болса;

-Бекітілген тәртіп алдын-ала бірнеше рет бұзылса;

-ҚР заңының талаптарында айтылғандай кедендік тәртіп контрабанда белгісі бойынша бұзылса.

Соңғы екі кеден режиміне жақын келетін – Қазақстан Республикасыныңкеденаумағынантысжерлердетауарлардыұқсату режимін атауға болады. Бұл режимнің айырмашылығы экономикалық саясаттың шаралары, кеден төлемі мен салығынан толық және ішінара босатылуымен қатар, ұқсату және ұқсатылған тауарларды кедендікаумақтардаеркінайналымғашығарумақсатыменҚазақстан тауарларын мемлекеттік кедендік аумақтан тыс жерлерде пайдалану мен шығаруда жатыр.

Осы көрсетілген ұқсату операциясы бойынша рұқсаттың болуы, шығу саны мен уақыттың анықтау Кеден комитетінің нормативтік регламентін және басқа да органдардың нормативтік регламентациясын талап етеді. Өңделетін тауарларға еркін айналым үшін ұқсатылатын тауарларды шығару барысында сомасы қайтарылатын әкетуге тиісті қойылатын кеден төлемі тағайындалады.

Заң төлемдерден босататын жағдайда да қарастырады. Қажетті өңдеуден өткен тауарлардың еркін айналымға шығаруға болатындығын мәлімдеген жағдайда әкелінетін тауарға қойылатын кеден төлемі жүзеге асуы мүмкін, немесе тауар иесі бұл төлемнен ішінара босатылуы мүмкін.

Заңда әкетілген тауар кеден төлемінен толық босатылған жағдайда, оны қалпына келтіру тегін жүргізілетіні және төлемнен тек жартылай босатылса ақыға жөнделетіні туралы айтылып кеткен (бұл жағдайда кеден төлемінің сомасы ұқсатылатын тауар құны мен оны жөндеуге кеткен шығын екеуінің жиынтығынан тұрады).

Тауарлардыуақытшаәкетунемесеәкелурежимікеденаумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе ішінара босата отырып және экономикалық саясат шараларын қолданбай оларды пайдалану үшін арналған.

Осы режим бойынша тауарлар табиғи тозуы не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында өзгеріске ұшырамаса қайтарылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған кедендікрежимгежіберілмейтінжәнекедендіктөлемдерменсалықтан

109

босатылатын тауарлар мен көлік құралдарының санатын белгілейді. Заң бойынша кедендік төлемді және қайта әкелу, шығару міндеттемесін алдын-ала тағайындау қажет. Көрсетілген міндеттемелер мен мақсатқа сай уақытша әкелу және уақытша шығару мерзімдері екі жылдан аспауға тиіс.

Тауарды уақытша енгізу, әкелу және уақытша шығару, – әкелу (әкету) міндеттемесі болған жағдайда; тауарларды идентификациялауды қамтамасыз еткен жағдайда; кеден төлемдерін, салығын төлеген жағдайда уақытша енгізген немесе шығарылған тауарларды кәсіпкерлік мақсатта қолданбаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін (Бұл талап кедендік төлем, салықтан толық босатылған, уақытша енгізілген немесе уақытша шығарылған тауарларға байланысты қолданылмайды).

Үкіметтің шешімі бойынша жүзеге асатын кеден төлемінен ішінара немесе толық босату жағдайы біршама қиындық туғызады. 1994 жылғы 22 шілдеде қабылданған № 827 Үкімет қаулысында ережесі бекітілген мемлекет шекарасынан тыс шикізатты өңдеу деп аталатын операцияларды өткізген уақытта көптеген заң бұзушылықтар кездесетін.

Келесі кедендік режимдерге еркін кеден аймағы және еркін қойма режимдері жатады. Кеден заңдылығы бойынша еркін кеден аумақтарын құру Үкіметтің құзырында.

1996 жылдың 26 қаңтарында ҚР Президентінің “Ерекше экономикалық аумақтар туралы” заң күші бар Жарлығына сәйкес аталғанаймақтарқұрылғанжағдайдабірденеркінкеденаймақтарына айналады.

Арнаулы экономикалық аймақтарда (АЭА) кедендік реттеудің ерекшелігі төмендегі мәселелерде көрініс алады:

-АЭА аумағы – еркін кеден аймағының режимі жүзеге асатын Қазақстан аумағының бір бөлігі болып есептеледі;

-АЭАаумағындаорналасқантауарларғатиістікедендікрәсімдеу кеден салығының, төлемі төленбей, экономикалық саясат шаралары қолданылмай жүзеге асырылады;

-Кеденаумағыныңталабынасайқажеттіөңдеуденөткен,аталған аумақта толық өндірілген тауарлар, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс экспортталса кеден төлемдері мен экономикалық саясат шараларының қолдануынан босатылады;

110