Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Қазақстан кеден органдарының қазіргі жүйесі 1991 жылы бірден қалыптаса қойған жоқ. Бұрыннан жұмыс істеп келген аймақтық кеден мекемелері кейін бірте-бірте қайта құрылды және аумақтық әкімшілік бөліністеріне сәйкестендіріліп келді. Мұны Шығыс Қазақстан Кеден басқармасының тарихынан да айқын көруге болады. Мысалы, Өскемен кеден бекеті КСРО Кеден комитетінің 1991 жылғы 12 қыркүйектегі № 92 бұйрығымен штат кестесінде жиырма адамы бар Өскемен кедені болып қайта құрылды.

Өскемен кеденінің құрамына Бақты кеден бекеті кірді. Кеден қызметінің қамтитын аймағы Шығыс Қазақстан және Семей облыстары болып белгіленді. Өскемен кедені құрылған кезде оның штатында 5-ақ адам болды.

1992 жылғы шілде айында Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің № 147 бұйрығымен Семей кеден бекеті құрылып, ол Павлодар кеденінің қарамағына берілді. Сондай-ақ, Бақты кедені Павлодар кеденіне бағындырылды.

Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1992 жылғы 28 қыркүйектегі № 35 бұйрығымен Өскемен кеденінде Мақапшағай кеден бекеті құрылды. Бұл бекеттің штатында 7 адам болды. Оның қызмет ету зонасы (аймағы) Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданы болып белгіленді.

Ал, Республикалық Кеден комитетінің 1992 жылғы 22 желтоқсанындағы № 62 бұйрығымен Семей кеден бекеті Семей кедені болып, қайта құрылды. Оның штатында 50 адам болды. Кеденнің қызмет ету (аймағы) Семей облысының аумағы болып белгіленді. Бірақ, оған Мақаншы ауданы енгізілген жоқ. Ал, Майқапшағай кеден бекеті Майқапшағай кедені болып қайта құрылды. Оның штат кестесінде 50 адам болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1993 жылғы 13 қаңтардағы № 5 бұйрығымен Өскемен кедені Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасына қарасты Шығыс аймақтық кеден басқармасы болып, қайта құрылды. Оған “Бақты”, “Майқапшағай”, “Павлодар” және “Семей” кедендері бағынысқа берілді.

Ресей Федерациясының кеден қызметімен ынтымақтастыққа баса көңіл бөлініп келеді. 1993 жылғы наурыз айында Мәскеуде Ресей Федерациясы Мемлекеттік кеден комитетінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас кеден басқармасы

81

делегацияларының жұмыс бабындағы кездесуі болып

өтті.

Онда, Ресей Федерациясының шекарасын автомобиль

жолда-

ры кесіп өтетін жерлерде өткізу бекеттерін құру мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, осы кездесудің хаттамасына сәйкес “Красный аул (КР) Веселоярск” (РФ), “Семей (КР) – Рубцовск”(РФ), “Байтанат (КР) – Топольное” (РФ), “Қоянбай (КР) – Малиновое озеро” (РФ), “Лениногор(КР)–Қарағай”(РФ),“Усть-Чундагатуй(КР)–Бертерек” (РФ) жеткізу бекеттері салынды.

1993 жылғы маусым айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің № Л-433 бұйрығымен “Аягөз”, “Жезкент”, “Ауыл”, “Байтанат”, “Қоянбай”, “Шүлбі”, “Жалғыз төбе”, “Курчатов” кеден бекеттері құрылды. Кеден бөлімшелерінің құрылымы да жетілдіріле түсті. 1993 жылғы қараша айында ақпараттық-есептеуді қамтамасыз ету бөлімі ашылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 7 қаңтардағы № Л-13 бұйрығымен Шығыс аймақтық кедені таратылып, оның орнына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасы құрылды. “Бақты” және “Майқапшағай” кедендері ендігі жерде тікелей орталық аппаратқа - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасына бағынатын болды.

Ал, 1995 жылғы қаңтар айының соңында Майқапшағай кедені Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасына қайтадан берілді.

ҚазақстанРеспубликасыМинистрлерКабинетіжанындағыКеден комитетінің 1995 жылғы 5 маусымдағы № 24 бұйрығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасына “Бақты” және “Майқапшағай” кедендеріне жедел басшылық жасау міндеттері қоса тапсырылды. Бірақ бұл кедендердің заңдық тұлға ретіндегі мәртебелері сақталып қала берді.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Өскемен қаласының әуежайына халықаралық әуежай мәртебесі берілді.

1997 жылғы мамыр айында Семей облысы бойынша кеден басқармасы таратылып, оның базасы негізінде штатында 160 адам бар “Семей” кедені құрылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің 1997 жылғы 2 маусымдағы № 147-П бұйрығымен Шығыс Қазақстан об-

82

лысы бойынша Кеден басқармасының кеден зертханасы құрылып, оның штатына 10 қызметкер берілді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № П-110 бұйрығымен “Шемонайқы” кеден бекеті “Уба” кеден бекеті болып аталды, ал “Майкапчагай” кедені “Майқапшағай” кедені болып қазақша аталды.

Семей кедені құрылымындағы бекеттердің қазақша атауы былай белгіленді: “Новониколаевка – Бостал”, “Красный аул – Ауыл”, “Аягуз – Аягөз”, “Жалгиз тобе – Жалғыз төбе”.

1998 жылғы қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден комитетінің № 171-П бұйрығымен Семей, Бақты, Майқапшағай кедендері Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының жедел басқаруына берілді.

1998 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі Кеден комитетінің бұйрығымен Энергетикалық кеден бекеті құрылды.

1998 жылғы 30 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Шемонайқы қаласында “Ресей Федерациясының Алтай кедені мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасы арасында кеден шекарасы арқылы алкогольді және темекі бұйымдарын алып өту туралы Келісімдерге” қол қойылды. Екі ел кеден қызметтерінің тығыз ынтымақтастықты бұлайша жалғастыра түсуінің маңызы күшті.

1998жылғыжелтоқсанайында“Уба”кеденбекетіндеавтомобиль өткелінің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі Кеден комитетінің1999жылғы7мамырдағы№133-Пбұйрығымен“Семей” кедені жабылып, оның құрамында болып келген кеден бекеттері Шығыс Қазақстан облысы бойынша кеден басқармасының қарауына өтті. Ал таратылған “Семей” кеденінің орнына “Семей” кеден бекеті құрылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі Кеден комитетінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 265-П бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кеден басқармасы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды.

Шығыс Қазақстан облысының аумағы арқылы экспорт – импорт операциялары жасалатын негізгі мемлекеттер Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан

83

және Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының Еуропалық бөлігіндегі елдер болып табылады. Бұл аймақтағы ең белсенді сауда – саттық әріптестеріміз ежелгі дәстүр бойынша Ресей мен Қытай болып қала берді. Экспортқа негізінен түсті металдар, көмір, цемент, кірпіш және басқа да құрылыс материалдары шығарылады. Ал, бізге келіп түсетін импорттық тауарлар, халық тұтынатын тауарлар, азық түлік өнімдері, автокөліктер және олардың қосалқы бөлшектері, алуан түрлі техника мен жабдықтар басым.

Республикадағы кеден қызметінің 10 жылдығы қарсаңында Қазақстанның өзге облыстарындағы бұл қызметтің қалай қалыптасқаны туралы да айтпай кетуге болмайды.

Кеден ісіне басшылық жасауды жетілдіре түсу жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру мақсатымен және ішкі рыноктың алдында тұрған нақты міндеттерге сәйкес, КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Мемлекеттік кеден бақылауы Бас басқармасының1989 жылғы20қарашадағыбұйрығыменШымкенткеденбекетіқұрылып, ол Қазақ республикалық кеденіне бағындырылған болатын. Кеден бекетінің сол кездегі штатында үш–ақ адам бар еді. Кеден бекетінің міндетінемыналаркірді:кедендікрәсімдеужұмыстарыжәнеалысшетелдерде (Грекия, Германия Федеративтік Республикасы, Израиль) тұрақты тұру үшін кетіп бара жатқан азаматтардың өздерінен бөлек жіберілетін заттары мен жүктеріне бақылау жасау.

КСРО Кеден Комитетінің 1991 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығыменҚазақстанреспубликалықкеденініңШымкенткеденінің қызмет аймағы үш облыстың – Шымкент, Қызылорда және Жамбыл облыстарының аумағын қамтыды. Сөйтіп, Шымкент кеденіне Жамбыл қаласындағы Жамбыл кеден бекеті бағындырылды, ал Қызылорда қаласындағы кеден бекетінің жұмысына бақылау жасауды Шымкент кеденінің өкілетті қызметкері жүзеге асыратын болды. Шымкент Кеденіндегі штат 28 қызметкерді қамтыды.

Шымкент кедені республика Қаржы министрлігінің 1993 жылғы 30қаңтардағы№5бұйрығыменҚазақстанРеспубликасыныңҚаржы Министрлігі Бас кеден басқармасының Оңтүстік аймақтық кедені болып қайта құрылды. Оңтүстік аймақтық кеденге Қызылорда, Жамбыл, Ленинск кедендері бағындырылды. Оның штатындағы қызметкерлердің саны 270 адамға жетті. 1993 жылдың шілде айында аймақтық кеденнің құрылымында тағы да өзгерістер болды. Жаңадан мына кеден бекеттері құрылды: “Жібек жолы”, “Аэропорт

84

– Шымкент”, “Шымкент теміржол станциясы”, “Арыс теміржол станциясы”.

“Жібекжолы”кеденбекетініңқызметаймағыОңтүстікҚазақстан облысындағы Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Киров және Шардарааудандарыныңаумағыболыпбелгіленді.Мұныңөзі–«Жібек жолы» кеден бекеті Қазақстан Республикасы кеден шекарасының Өзбекстан Республикасымен шектесетін 700 шақырымға жуық қашықтыққа созылатын жаңа периметрін қамтыды деген сөз.

1994-1995 жылдары Абай, Ильич, Жетісай, Шардара сияқты дербес кеден бекеттері қосымша ашылды. Бұл кеден бекеттері бақылаушы – нұсқаушылармен, кинолог – нұсқаушылармен қамтамасыз етіліп, толықтырылды. Кеден бекеттеріндегі жұмыс тәртібі үш ауысымды болып белгіленді.

Кеден бекеттері контрабандаға және кеден ережелерін бұзушылыққа қарсы күресумен қатар 1994 жылдан бастап фискальдық міндеттер де (мемлекет қазынасына қол сұғушылыққа

қарсы күрес) атқара бастады.

 

 

 

Кеден

бекеттері құрыла бастаған

алғашқы

кезде

тауар-

лар мен

автокөліктерді

кедендік рәсімдеу жұмыстары

жөнді

жабдықталмаған шағын

вагондарда

жүргізілді,

материалдық

– техникалық база, кедендік бақылау жасауға қажетті техникалық құралдар атымен жоқ болатын, тіпті нормативті құжаттардың өздері де кеден қызметін дамытудың басыңқы бағыттарын толық анықтап бере алмайтын. Кедендік шекараларда кеден қызметкерлерімен қатар жол полициясының, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер басқармасының, Көлік инспекциясының қызметкерлері де болып, өз міндеттерін атқарумен айналысты, Мал-дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау да жүзеге асырылды. Кедендік бақылау аймақтары анық белгіленген жоқ болатын.

Шекаралардың ашық болуына байланысты 1993-1994 жылдары “импорттық” және “транзиттік” деген сылтаумен өтіп жататын тауарлардың тәуліктік жүк тасқыны мөлшерін шамамен 300-ден 500-ге дейінгі автокөлік құралдарына қарап байқауға болатын.

Кеден шекарасы арқылы негізінен алғанда халық жиі тұтынатын тауарлар, ауылшаруашылық өнімдері, сусындары азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары және басқа да заттар тасылатын. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі № 557 қаулысына сәйкес “Жібек жолы” қабылдау – өткізу бекеті

85

халықаралық қатынас жолындағы автокөлік өткелі болып белгіленді. Ол арқылы Түркиядан, Ираннан, Біріккен Араб Әмірияттарынан, Тәжікстаннан, Пәкістаннан, Ресейден, Украинадан, Әзірбайжаннан, Армениядан, Белоруссиядан, Қырғызстаннан, Польшадан, Германиядан, Англиядан және Болгариядан түрлі тауарлар тиеліп, ағылып келіп жататын автокөлік құралдары өтеді.

Қазақстан Республикасы кеден комитетінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығына сәйкес кедендік күзет және тәртіп бөлімі қызметкерлерінің қатарынан кеден шекарасын қорғау жөніндегі кедендік нарядтар құрылды. Олардың міндеті сырттан айналып өтетін және бақылау орнатылмаған құпия жолдар арқылы кеден шекарасынан заңсыз өтетін тауарлар мен автокөлік құралдарының жолын кесу болып табылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша 19981999 жылдары “Қабыланбек”, “Кескен”, “Төңкеріс”, “Дарқан”, “Бейбітшілік”,“Ынтымақ”сияқтытұрақтыжәнеауспалытұрпаттағы бақылау-өткізубекеттерінсалужәнеолардытехникалықжаңақұрал

– жабдықтармен қамтамасыз ету қолға алынды. 1999 жылы “Жібек жолы” және “Май” кеден кешендерінің кең көлемді құрылыстары басталды.Олардакедендікинфрақұрылымныңбарлыққажеттідеген объектілер мен жабдықтардың (жүкті уақытша сақтау қоймалары, тәртіп бұзғаны үшін ұсталған автокөліктерді қоятын тұрақтар, тексеріп – көру жұмыстары жүргізілетін алаңдар, қызмет бабында пайдалануға үйретілген иттерге арналған вальера (торлы қора), тауарлардың салмағын дәл анықтайтын таразылар т.б.) болуы ескерілді.Қазір“Жібекжолы”кеденбекетіхалықаралықстандарттарға толық сай келеді.

Кеден ісі тұтас алғанда кеден саясатының мақсаттарына қол жеткізу және кеден кеңістігі саласындағы нақты міндеттерді жүзеге асыру бағытында қажет болатын аспап немесе қолданбалы құрал деп санауға болады. Мұның өзі Еуразия Экономикалық Қауымдастығының (ЕЭҚ) құрылуына байланысты күн тәртібінде тұрған зәру мәселе болып отыр. Өйткені, тап қазір біртұтас кеден аумағы мен кеңестігін, біртұтас кеден ісін құру, кеден органдарына бірыңғай бірлесе басшылық жасау сияқты басқа да кезек күттірмес проблемалар бар. Бұл ретте, әрине, саяси сипаты бар мәселелер өз алдына кеден ісінен тыс бөлек қарастырылуы тиіс.

86

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) да маңызды роль атқарады. ТМД тарихындағы жаңа кезең аяқталып келеді, оның ең басты нәтижесі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси және экономикалық егемендігінің халықаралық құқықтық тұрғыдан танылып, рәсімделуі болды.

Кеденсаясатыөзалдынадербескатегорияретіндеқарастырылуы тиіс. Қазақстанның Кеден заңы оны кеден ісінен бөлек қарастырады. Дегенмен, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық құрамындағы мемлекеттердің мұндай заңдары кеден ісін, өкінішке орай, әлі де неғұрлым кең мағынада түсіндіріп келеді. Біздің Республикамыздың кеден саясаты Қазақстан рыногының, Қазақстанның тауар өндірушілері мен тұтынушыларының мақсаты мен мүддесін қорғауды одан әрі жалғастыра беруі, экономиканың дамуын ынталандыруға,бәсекеніңөсуінежәнемонополизмгеқарсыәрекетке қолдау көрсетіп, ықпал етуі, экспорт көлемін арттыруға және импорттық тауарларды алмастыра алатын өндірісті көтермелеп, де- мепотыруы,шетелдікинвестициялартартудықолдауы,сауда-саттық саясатының кезек күттірмейтін басқа да міндеттерін шешіп отыруы тиіс. Мұның бәрі де Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы 20 маусымда қабылдаған Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Жарлығында (Қазір Қазақстан Республикасының Заңы - 2-бап) баяндалып, заң жүзінде бекітілген.

Кеден саясатын жүзеге асыру, шын мәніне келгенде, мемлекеттің монополиялық қызмет түріне жатады. Мұның өзі бұл саладағы құқықтық проблемалар мен заңдық сипаты бар шешімдерді талдауға ғылыми тұрғыдан келуді талап ететіні онысыз да белгілі.

Кеден ісі мен мемлекеттік кеден саясаты сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырумен және оның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты.

Кеден саясатының мақсаттары мемлекеттің қауіпсіздікті тұтас алғандағынегізгіконцептуальдыкөзқарасынасәйкестендіріледі.Бұл тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстанда 1998 жылдың 26 маусымында қабылданған “Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы” Заңның осы жағдайға байланысты жасалуы да, қабылдануы да тегін емес.

Қазақстан ҚаупсіздіккеңесіСекретариатының атапкөрсеткеніндей, Ұлттық қаупсіздік Тұжырымдамасының қандай болуы қажет

87

екендігіне сай мемлекеттік саясатты және оның тұрақтылғына баға берукепілдігінқарастырып,жасаубарысындақоғамөзініңалғақарай жылжу перспективаларын елдің қоғамдық – саяси және әлеуметтік

–экономикалықөмірініңізгіниеттімұратүлгілерінайқынкөребілуі тиіс және олар аймақтық құрылымдармен және жалпы алғанда, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықпен органикалық біртұтас жарасымды үйлесім табуы керек.

Қазақстан 1992 жылғы маусымнан бастап Бүкілдүниежүзілік кеден ұйымының (БКҰ) мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы Жарлығымен біздің мемлекетіміз Халықаралық жүк тасымалы жөніндегі Кеден конвенциясына қосылды. Бұл ретте 1975 жылғы 14 қарашада қабылданған Халықаралық жүк тасымалы туралы келісім-шарт кітапшасын пайдаланады.

Қазір Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымына (БСҰ) мүше болып кіруі жөнінде мәселе қарастырылып жатыр. Бұл халықаралық ұйымның мақсаты тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің халықаралық деңгейдегі саудасында кездесетін тарифтік және тарифтік емес кедергілерді кеміту, сауда-саттық ережелерін бір

–бірімен үйлесімді ету болып табылады.

Қазақстан кеңестік кезеңнен кейінгі кеңестікте ықпалдасу саласында басшылыққа алып келе жатқан негізгі құжаттар мыналар:

-Тәуелсіз Мемелекеттер Достастығының Жарғысы (ТМД-ның 12 мемлекеті, 1993 жыл);

-Экономикалық одақ құру жөніндегі келісім-шарт (ТМД-ның 12 мемлекеті, 1993 жыл);

-Кеден одағын құру жөніндегі келісім (1995 жылғы 6 қаңтар – Ресей мен Беларус; 1995 жылғы 20 қаңтар – Қазақстан; 1996 жылғы 29 наурыз – Қырғызстан; 1998 жылдың бас кезі – Тәжікстан).

-Кеден одағы және бірыңғай экономикалық кеңестік туралы келісім-шарт (1999 жылғы 26 ақпан – Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан).

-Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықты құру туралы келісім-шарт(2000жылғы10қазан–Беларус,Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан).

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың сыртқы сауда және кеден саясаты саласындағы негізгі міндеттері: еркін сауда тәртібін жетілдіре түсу, бірыңғай кеден тарифын және тарифтік емес реттеу

88

өлшемдерінің бірыңғай жүйесін қалыптастыру; жеңілдіктер берудің келісілген жүйесін енгізу; мүше мемлекеттердің Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымымен, сондай-ақ басқа да халықаралық экономикалық құрылымдармен өзара қарым-қатынас жасау үшін ұстанатын келісілген позиция белгілеу; валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың жетілдірілген тәртібін енгізу; төлем жасау – есеп айырысудың тиімді механизімін жасау; сыртқы шекаралардағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қауымдастықтың экономикалық саясат, әлеуметтік-гуманитар- лық, құқықтық ынтымақтастық жасау салаларында да көздеген мақсаты мен алға қойған міндеттер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің 2001 жылғы қыркүйекте Алматыда болып өткен мәжілісінде сөйлеген сөзінде жасаған ұсыныстары арқылы одан әрі егжей-тегжейлі нақтыланып, айқындала түсті.

Атап айтқанда, ол сыртқы сауда қауымдастығы мүшелерінің жүргізетін статистикалық есебінің бірыңғай әдістемесін іске қосу, кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудың ережелері мен іске асырылутәсілдерінбірізге түсіру,кеден қызметінебасшылықжасаудың бірыңғай жүйесін жасау және өз мемлекеттеріміз арасындағы шекараларда кедендік бақылау жүргізуді тоқтату қажеттігі туралы ұсыныстар жасады, экономикалық қауіпсіздікті күшейту сияқты басқа да мәселелерді көтерді.

Міне, осындай өзара ықпалдасу жағдайында Қазақстан өз тарихының тамаша жаңа беттерін жазатын болды.

Тақырыпқа арналған сұрақтар:

1.Қазақстанның Кеден саласының қалыптасу тарихы

2.Мемлекеттік басқару ісінің жаңа саласының пайда болуының объективті себептері.

89

ЕРЕКШЕ БӨЛІМ

10 - тақырып

КЕДЕН ІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КЕДЕН ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ ОРНЫ

Кеден ісі – кеден құқығының негізгі институты. Кеден құқығының негізгі институттары және кеден ісінің құрылымы

Құқық саласының институты біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен сипатталады.

Осыған байланысты кеден құқығында негізгі институттар мынадайтүргебөлінеді:мемлекеттіңішкіжәнесыртқысаясатының құрамдас бөлігі ретінде кеден саясаты және кеден аясындағы кедендік саясат пен міндеттерге жету мақсатының құралы ретінде кеден ісі.

Ресейдің Кедендік кодексінің Қазақстандық кеден құқығынан айырмашылығы кеден саясатын кеден ісінің құрамында қоса қарастырады.

ОндайереженіБ.Н.Габричидзеқатедепсанап,былайдепжазады: “РФКҚ-ң 2-бабының 2 бөлігі кеден саясатының мақсатына Ресейдің ұлттық экономикасын дамытуды арттыру, оның құрылымдық қайта құруын жүргізуге көмектесу, тауар алмасуды реттеу де жатады деген мағына береді. Басқа да маңыздылығы аз емес мақсаттар да қарастырылады. Бұдан кеден саясаты кеден ісінің шегінен тыс екендігі көрінеді”.

Кеден ісін кеден құқығының жүзеге асуының нысаны ретінде қарастырудың құқықтық және ғылыми негізі бар.

“Құқықтың құрылуы, - деп жазады С. С. Алексеев, - өзінің шығу негізі бойынша объективті келісілген, қажетті сипатқа ие”.

Құқық құрудың бастапқы сатысы – объективті экономикалық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік немесе басқа қоғамдық қатынастарды заң негізінде реттеу қажеттілігі туғанда пайда болады. Осы қажеттіліктер келесі кезекте саяси қатынастар жүйесінде – саяси,

90