Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3- бап. Қазақстан Республикасының кеден саясаты

1.Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.

2.Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.

3.Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.

Кеден саясатын жүзеге асыруда және анықтауда басты мәселесі оны мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі деп жариялады.Сондай-ақ,кеденсаясатынжүзегеасырудабасқадамем- лекеттікқұрылымдардыңатсалысуындажатыр.Кеденсаясатынегізгі категория ретінде ең алғашқы рет «Кеден тарифтері мен салығы» жөніндегі (1991ж) заңда кездеседі. Әрі қарай 1995 жылдан бастап кеден заңдылығында ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының кең ұғымдағы құрамдас бөлімі ретінде танылады. Сондай-ақ, кеден саясатының мақсаты кеден органдарының мүмкіндіктері мен компетенциясынан асып отыр. Мәселен: (шетел инвестицияларын тарту, экономиканың құрылымдық жағынан өзгеруіне ықпал ету). Сондықтан да, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдардың кеден саясатын жүзеге асыруына белсенді және іскерлі түрде қатысуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Бұл баптың мәтінінде оның негізгі мақсаттары анықталған. Кеден саясаты шын мәнісінде елдің экономикасын дамытуға оның экономикалық мүдделерін қорғауда ынталандыру бағытына ие болу керек. Себебі кедендік кедергілер сауда мен инвестицияларға тосқауыл қоюы мүмкін. Ол халықаралық стандарттар мен ережелергесайболуыкерек.Кеденсаясатыныңмақсатынажетуэкономикалық әдістер арқылы әкімшіліктендіру, кедендік реттеу механизмі арқылы жүзеге асуы қажет. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, кеден саясатты сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу сферасы ретінде анықтауға болады.

211

Бұл кеден саясаты ҚР-ның кеден шекарасынан өтетін тауарларға қолда қалатын кеден төлемдерінің біртұтас, бір мақсатқа бағынған жүйесін қалыптастыру арқылы жүзеге асады.

4- бап. Қазақстан Республикасының кеден заңдары

1.Қазақстан Республикасының кеден заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2.ЕгерҚазақстанРеспубликасыбекіткенхалықаралықшартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Қазақстандық кеден заңдарының қалыптасуы мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін алу кезеңіне сай келеді. Қазақстанда (2002 ж.) қабылданған құқық саясатының концепциясында кеден заңдары ұлттық құқық шеңберінде үлкен маңызға ие болған. Нормативті құқықтық актілерінің иерархиясына сай Кеден заңдары Кеден кодексінен Кеден бақылауы Агенттігінің актілері мемлекет органдары мен өкімет қаулылары жатады.

Кеден саласына қатысты мәселелер бойынша Президентпен актілерді ұсынған қабылдаған жағдайда, оларда кеден заңын толықтырады.

Бұл баптың екінші бөлімі халықаралық келісімдердің басымдылығы жөніндегі конституциялық тұжырымнан туындайды. Бұл халықаралық келісімдерді егер де оларды қолдануда заң шығару қажет болмаса қолдануға болады.

5 - бап. Қазақстан Республикасы кеден заңдарының уақыт жағынан қолданылуы

1.Кеден ісі саласында осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясы мен құжаттарын тіркеген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

2.Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып, өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

212

3. Егер тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілгенкүнінанықтаумүмкінболмаса,кеденісісаласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады.

Бұл бап мазмұны мен атына байланысты нормативті құқықты актіні тек уақыт ішінде ғана қолданылатынын реттейді. Сондайақ, кеден заңдарының кеңістікте және адамдар ішінде жүзеге асуы қарастырылған. Бұл жалпытеориялық тұжырым «Нормативті құқықты актілер жөніндегі» (1998 ж.) заңнан туындайды.

Нормативті құқықтық актілер егер де олардың енуі жөніндегі мерзімі көрсетілмеген жағдайда кодекстер, заңдар, Президент үкімдері, өкімет қаулылары ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн аралығында өз күшіне енеді. Кеден кодексінің «Қорытынды және өтпелі ережелер» атты 73-тарауында Кодекстің күшке ену мерзімі көрсетілген.

Бұл кодекс 2003 жылдың 1 мамырынан күшіне енеді. Бұл жерде тек 19-баптың 12-ші пункті, 290-баптың 5-ші пункті, 433 баптың 2-ші пункті, 2004 жылдың 1-ші қаңтарынан енеді. Кодекстің 530-ба- бына сай «ҚР-ғы кеден ісі жөнінде» заңы 2003 жылдың 1 мамырынан бастап күшін жоғалтады. Кодекстің ережелеріне қайшы келмейтін бұрынғы заң бөлімдері өкіметтік және ведомстволық нормативті актілердің қабылданғанына дейін жүзеге асады.

Кодекс пен халықаралық келісімдерде көрсетілген кейбір жағдайларын басқа уақытта Кеден Кодексі Қазақстан территориясының барлығында жүзеге асады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мен заң тұлғаларына тарайды, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалары да тарайды.

531-баптакеденісісаласындақызмететугерұқсатыбарфизикалық және заң тұлғалары өз қызметін оның күшіне енген уақытынан бастап 6 ай ішінде Кодекс ережелеріне сай келтіруі керек. (2003 ж. 1 қарашаға дейін)

Кеден заңын қолдану тиесілі кеден органымен кеден мақсаттарына кеден декларациясын, басқа да құжаттарын тіркеген күннен бастап жүзеге асады. Бұл тәртіпке бағынбайтын ережелер кеден органдарының бақылау және құқықтық қызметін атап кетуге болады. Олар, осы баптың 2-ші және 3-ші пункттерінде баяндалған.

213

Кеден Кодексінде былай делінген: «Егер де «тауарлар мен көлік құралдарынҚазақстанРеспубликасыныңкедендікшекарасыарқылы осы Кодексте белгіленген талаптарды бұза отырып, өткізу кезінде тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады. Егер тауарлар мен көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы іс жүзінде өткізілген күнін анықтау мүмкін болмаса, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылық айқындалған күні қолданыста болған Қазақстан Республикасының кеден заңдары қолданылады».

6-бап. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы мен кедендік шекарасы

1.ҚазақстанРеспубликасыныңкедендікаумағынқұрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында Қазақстан Республикасының юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды.

2.ҚазақстанРеспубликасыныңаумағындақұрылғанарнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кедендік аумағының бір бөлігі болып табылады.

3.Қазақстан Республикасы кедендік аумағының шектері, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлері Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы болып табылады. Кедендік шекара – Қазақстан Республикасының кедендік аумағының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет.

4.КедендікшекараҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттік шекарасына дәл келуі мүмкін.

Әдетте,кедентерриториясыдепмемлекеттіңкедензаңықолданыс табатын территориясын атайды. Бір айта кететін жәйт, ұлттық территорияның кейбір бөліктері кедендік территориядан алынып тасталуы мүмкін. (Мысалы еркін және арнайы экономикалық зоналарды, еркін порттарды және т.б. атауға болады). Қазақстанда Кеден Кодексін қабылданғанша осылай болатын.

214

Ерекше кеден зоналарының территориялары кеден заңнамасында кеден территориясынан тыс жатқан деп есептелінетін. Бұл жағдай ерекше экономикалық зоналар жөніндегі заңдарда реттелетін. Оған сай, бұндай зоналар территориялары еркін кеден зоналары деп аталатын. Ендігіде экономикалық зоналар территориялары Кодекске сай Қазақстанның кеден территориясының бір бөлігі болып есептелінеді.

Алғашқы рет ТМД елдерінде, қазақстандық кеден заңдылығын «кедендік шекара» категориясы заңды түрде ене бастады. Кедендік шекара ҚР кедендік территориясының шектерін белгілейтін сызық пен осы сызық бойынша өтетін вертикалды бет. Бұл категорияның заңды жағынан маңызы зор. Керісінше жеке тұлғалардың кеден ережелерін бұзушы үшін жауапқа тартуды немесе олардың Қазақстанның кедендік шекарасы арқылы тауарларды, транспорт құралдарын жай ғана тасымалдаудың заңдылығына күмән келтіруге болады.Кеденшекарасыныңқашықтығы,мемлекеттікшекарасының қашықтығынан айырмасы бар.

Бұлшаралардағықұқықтықрежимдердедеерекшелікбар.Себебі, олардың қорғаныс мәселесі әр түрлі мемлекеттік қызметтермен қамтамасызетіледі.(Кедендікжәнешекарақызметтері).Мемлекеттік шекара жөніндегі 1993 жылы қабылданған арнайы заң, әрине әлдеқайда кеңірек.

Кеден Кодексі кеден шекарасының өз инфрақұрылымы бар мемлекеттік шекарамен сәйкестендіруге болатындығын көрсеткен. Кедендік шекараның инфрақұрылымының өзіндік ерекшелігі болу керек. Оған мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тауарлар мен транспорт құралдарын шекарадан заңсыз өткізуді болдыртпау мен оны қорғауды жатқызуға болады.

7-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар

1. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1)тауарларменкөлікқұралдарынжіберу–кеденоргандарының тұлғаларға белгілі бір кедендік режимнің шарттарына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын пайдалануға және (немесе) оларға билік етуге рұқсат беру жөніндегі іс-әрекеті.

2)жүк операциялары – кедендік бақылаудағы тауарлар мен

көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерін жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау

215

үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, аталған тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу.

3)ырық бермес күштің әсері – нақты бір жағдай кезіндегі Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген белгілі бір әрекеттерді жасауға кедергі келтіретін төтенше және ырық бермейтін оқиға.

4)декларант – тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға ие тауарлар мен көлік құралдарын өз атынан декларациялайтын, білдіретін және ұсынатын кеден брокері.

5)декларациялау–ҚазақстанРеспубликасыныңкедендікшека- расы арқылы өткізілетін және (немесе) кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтерді мәлімдеу.

6)шетелдік тұлға – осы баптың 8) тармақшасында аталмаған

тұлға.

7)шетелдік тауар – осы баптың 9) тармақшасында аталмаған

тауар;

8)қазақстандық тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жері бар, азаматтығы жоқ адам, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында тіркелген жеке кәсіпкер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға.

9)қазақстандықтауар–толығыменҚазақстанРеспубликасында өндірілген, жеткілікті қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес Қазақстан Республикасында қайта өңделген, Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналыс үшін шығарылған, Кеден Кодексіне сәйкес мемлекеттің меншігіне айналдырылған тауар.

10)коммерциялық құжаттар – шот-фактуралар, арнайы тізбелер, тиеу және орау парақтары, сондай-ақ тауарлардың құнын растайтын жәнеҚазақстан Республикасыныңхалықаралықшарттарына сәйкес пайдаланылатын басқа да құжаттар.

11)топтасып тасымалдау – бір көлік құралымен бір мезгілде бірнешежөнелтушініңнемесеалушыныңжүктеріөткізілетінкездегі тасымал.

12)тұлға – жеке және (немесе) заңды тұлға.

13)тауарларды өткізуші тұлға – өз атынан не басқа тұлғаның

тапсырмасы бойынша сыртқы экономикалық мәміле жасаушы

216

тұлға; егер тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу қазақстандық тұлғаның сыртқы экономикалық мәмілелер жасауынсыз жүзеге асырылатын болса, Қазақстан Республикасыныңаумағындакедендікбақылаудағытауарлардыпайдалану мен оларға иелік ету құқығы бар тұлға.

14)тарифтік емес реттеу шаралары – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер, квоталау, лицензиялау, тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға(оныңішіндетехникалық,фармакологиялық,санитарлық, ветеринариялық, фитосанитарлық, радиациялық, экологиялық стандарттар) сәйкестігін растау және Қазақстан Республикасының заң актілерімен және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтик қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар.

15)тарифтікреттеушаралары–тауарларменкөлікқұралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде кедендік тарифті пайдалана отырып, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметті мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шаралар.

16)салықтар – тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты алынуы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қосылған құн салығы мен акциз.

17)кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету – осы Кодексте көзделген кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындаудың осы Кодексте белгіленген әдістері.

18)тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу – тауарлар мен көлік құралдарын халықаралық пошта жөнелтімдерімен жіберуді, құбыр тасымалы мен электр беру желілерін пайдалануды қоса алғанда, кез-келген әдіспен Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету жөніндегі іс-әрекеттер жасау.

19)тасымалдаушы – тауарларды іс жүзінде өткізуші ие көлік құралын пайдаланғаны үшін жауапты болып табылатын тұлға.

217

20)тауарларды алушы – кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға.

21)өткізу пункті – адамдарды, тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кедендік) шекарасы арқылы өткізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары белгілеген автомобиль, темір жол вокзалының, станциясының, әуежайдың, аэродромның, теңіз, өзен портының не өзге де жабдықталған орынның шегіндегі аумақ (аумақтың бір бөлігі).

22)мамандандырылған кеден мекемелері – кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер.

23)электрондықцифрлыққолтаңбақұралдары–электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы.

24)кедендік әкімшілік жүргізу – Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы.

25)кедендік декларация – тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат.

26)кедендік инфрақұрылым – кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар.

27)кедендік бақылау – Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы.

28)кедендікрәсімдеу–тауарларменкөлікқұралдарынҚазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және Қазақстан Республикасының кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы.

218

29)кедендік операциялар – кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты Қазақстан Республикасының кеден органдары да, тұлғалар да Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер.

30)жөнелтуші кеден органы – тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылау мен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы.

31)межелікеденорганы–тауарларменкөлікқұралдарынкеден- дікбақылаументасымалдауаяқталатынҚазақстанРеспубликасының кеден органы.

32)кедендік баж – Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі.

33)кедендікрәсімдер–ҚазақстанРеспубликасыныңкеденорган- дары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы.

34)кедендік режим – Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын осы Кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы.

35)кедендік алымдар – Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік рәсімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері.

36)кедендік алып жүру – Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі.

37)кедендік тариф – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі.

219

38) кеден терминалы – Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызмет аймағындағы Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік рәсімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап, арнайы жайластырылған техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын.

39) тауар – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін мүлік, оның ішінде ақпарат таратушылар, валюталық құндылықтар, энергияның электр, жылу және өзге де түрлері, сондай-ақ көлік құралдары, бұған осы баптың 43) тармақшасында аталған көлік құралдары кірмейді.

40)кедендік бақылаудағы тауарлар – осы Кодекске сәйкес ке-

дендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар.

41)көлік құжаттары – халықаралық автомобиль жүк

құжаттамасы, темір жол көліктік жүк құжаттамасы, багаж тізімдемесі, багаж түбіртегі, әуе жүк құжаттамасы, коносамент, сон- дай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы тауарларды өткізу кезінде пайдаланылатын құжаттар мен Қазақстан Республикасының көлік туралы заң актілерінде және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген тасымалдар кезінде тауарлар мен көлік құралдарына ілесе жүретін өзге де құжаттар.

42)тауарларға ілеспе құжаттар – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары.

43)көлікқұралы–халықаралықтасымалдаулардыжүзегеасыру үшін қолданылатын және осы көлік құралдарымен бірге тасымалданатын болса, олар үшін техникалық паспортпен немесе техникалық формулярмен көзделген қосалқы бөлшектерді, керек-жарақтары мен жабдықтары, олардың конструкциясында көзделген май құю ыдыстарындағы жанар-жағармай материалдары мен салқындату сұйықтарын қоса алғанда, теңіз, ішкі су, әуе кемесі, механикалық көлік құралы.

44)кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан

Республикасындакеденісінебасшылықтыжүзегеасыратынорталық атқарушы орган.

45) шартты түрде шығару – тауарлар мен көлік құралдарын шектеп және оларды пайдалану мен оларға билік ету жөніндегі шарттарға орай шығару.

220