Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

16 - тақырып

КЕДЕНДІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ

Кедендік қызметті реформалаудың бағдарламасы. Кедендік процедураларды автоматтандыру. «Электронды кеден».

Жаһандану үрдісінің көрініс алуы, әсіресе сауда саласындағы пайда болуы кедендік қызметті жетілдіру, сыртқы саудаға қатысты заң шығаруды өзгерту, шекара арқылы жүк тасымалына бақылауды күшейту, арнайы алым-салықты енгізу мәселелерін шешу үшін кедендік органдардың күрделі трансформациясын қажет етеді.

Мемлекеттіңкедендікқызметіндеосындайөзгерістеркерек,себебі кеденсаласыныңәлемдіксаудасұраныстарынасайболмауыныңсалдарлары жағымсыз болуы мүмкін. Бұл және техникалық жабдықтау жағдайын қосқанда кедендік процедуралардың жүзеге асырудағы кемшіліктержәнехалықаралықсаудаережелерінесайемес,кедендік заң шығару жағдайы кеден қызметінде жаңа технологияларды енгізу және жұмыстың жаңа әдістерімен қамтамасыз ету үшін қажетті қайта құруларды жүзеге асыру үрдісін қиындатады. Ал, кедендік органдар қазіргі заңдық ережелерді жұмыстың жаңа жүйелері мен процедураларын кешіктіруінде немесе осы қызметтен тұтасымен бас тартуында ақталуға негіз етуі мүмкін.

Халықаралық сауда саласындағы түбірлі өзгерістер мен либераландыру өз кезегінде кедендік қызмет жұмысының нәтижелерінің пайдалылығының бағалау шкаласын қалыптастырушы факторлар құрылымын әжептеуір өзгертті. Әлемнің кедендік қызмет жұмысын бағалау критерийлері бар, ол бойынша бірінші ондыққа он балдық жүйеде 8,91 балмен Дания, бірінші орыннан 7,78 бал көрсеткішіндегі 10 орындағы Нидерланды кіреді. Халықаралық менеджмент және зерттеу институты мәліметтері бойынша кеден қызметін талдау жүргізуде негізінен мынадай мәселелерге көңіл бөлінеді: кеден тауар тасымалының әсерлілігіне кедергі келтіреді және импорт, экспорт, тасымалдағы кедендік бақылау икемділігі. Қазақстан кеден қызметіндегі жоғарыда аталған аспектілерге, сон-

151

дай-ақ бүкіләлемдік кедендік ұйым және басқа да халықаралық институттар қызығушылық танытуда. Бұған кедендік кодексті дайындауда олардың өкілдері тарапынан ерекше назар аударылды.

Халықаралық валюталық қордың көзқарасы бойынша кедендік қызмет реформасы және модернизациясы, әсіресе «үкіметі өз елі меназаматтарыныңәл-ауқатынкөтеругеынталыдамушыелдерүшін төтенше маңызды. Олар экономиканы дамыту және халық үшін, әсірерсе балалары мен өздерінің денсаулығы, білімі мен жұмысын жақсартудан үміт күтетін әл-ауқаты төмен кедей тұрғындар үшін, болашақты кепілдендіруде табыс керектігін түсінеді. Дамушы елдердің көпшілігі қаражат жетіспеушілігінен зардап шегеді және дамыған елдер үкіметтері сияқты, жеке тұлға табысына тікелей салықты мемлекеттік кірістің негізгі үлесінің көзі ретінде қарай алмайды. Дамушы елдерге көбінесе кедендік табысқа иек артуға тура келеді, ал бұл жерде барлығы да алдындағы екі міндетті шешуге тиіс тиімді және асырушы кедендік әкімшілктің болуына байланысты: барлық саналған кедендік табысты аз ғана бөгеттермен жинап алу және қоғамды есірткі, қару-жарақ сияқты тыйым салынған тауарлардың заңсыз импортынан қорғау».

Бұдан басқа, кедендік әкімшілікте тиімді жұмыс істеуге қатысты сыртқықысымкөрсетіледі.Халықаралықвалюталыққоржүзегеасырушы және тиімді кедендік қызметті экономикалық тұрақтылықты нығайтужәнеоғанқосылғанүлесретіндеқарастырады.Бүкіләлемдік банк тиімді кедендік қызметтен экономикалық даму және кедейшілікті жоюда көмек бар деп санайды. Бұл халықаралық ұйымдар, яғни Бүкіләлемдік кедендік ұйым және түрлі халықаралық көмек ұйымдары кедендік қызметті реформалау мен модернизациялауға қатысты көмек пен консультацияларды ұсынады. Халықаралық деңгейде жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар әдетте дамушы елдерге келісілген көмеккөрсетуде, сондай-ақ өз қызметінде үйлестіру мен өзара байланыс қажеттілігін мойындайды.

КедендікоргандарқызметінталдауазғанауақытішіндеҚазақстан Республикасында кедендік қызмет қалыптасқанын көрсетеді. Кедендік саланың заңдық базасы құрылды және жетілдірілді, мемлекеттік бюджеттің табыс көзін толықтыру, сыртқы экономикалық қызметті реттеу, контрабанда және кеден саласындағы құқық бұзушылықпен күрес механизмдері қалыптасты, салаланған кедендік инфрақұрылым құрылып, кедендік органдардың практикалық

152

қызметіне компьютерлендіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілді. Бірақ, орталық органды Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетіне қайта ұйымдастыру болды. (Оқулыққа қосымшада Комитет және құрылым туралы Ережені қараңыз).

Қазіргі кедендік қызмет мемлекеттің сыртқы экономикалық саясатын жүргізуде маңызды орын алып және Қазақстан Республикасының кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын орналастыруда бақылау және фискальды функцияларын атқаруы керек.

Қазіргі кедендік жүйенің негізгі кемшіліктері ретінде басқару жүйесінің қалыптасуының аяқталмауын, жүйе ішіндегі ақпаратпен қамтамасыз етудің жетімсіздігін, заңдық базаның толық еместігін, әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер кешенінің шешілмегендігін, білікті кәсіби мамандардың жетіспеуін, техникалық-материалдық базаның аздығын айтуға болады.

Бұның барлығы шешімін тапқан міндеттермен және сыртқы экономикалық қызметтің сан алуандылығымен қайшылыққа түсіп, сыртқыэкономикалыққызметтіңкедендікқызметкөрсетудіңсапасы мен жеделділігінде көрінеді, мемлекеттік бюджеттің табыс бөліміне проблема туындатып, кедендік ережелердің бұзылуы мен кедендік іс саласында қылмыстың өсуіне алып келеді.

Негізгімақсатмемлекеттіңэкономикалықсаясатынісжүзінеасыру тиімділігін арттыру болып табылатын Қазақстан Республикасы кедендік қызметін реформалаумен және ҚР кедендік қызметін жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру негізіндегі Қазақстан қауіпсіздік стратегиясын, сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырушы бақылау функцияларының кедендік әдістерін жүзеге асыруды, мемлекеттік құқық қорғаушы функцияны іске асырудағы ведомствоаралық координацияларды қамтуды анықтау маңызды. 1995 жылы маусымдағы, «Кедендік іс туралы» заңының күшіне ие Президент жарлығында Әлеуметтік даму қоры туралы айтылды, ондағы кірістің 30 кедендік рәсімдеу ақысынан түсетін, бірақ осы жылдың соңында жарлық сәйкес өзгерістерге қарай бұл ережені өзгертті. Сондықтан, ҚР кеден қызметін реформалауды қамтамасыз етудіңқаржылықмеханизммәселесінемемлекеттікбюджеттенкеден қызметін дамытуға қарастырылған қаражат бөлінуі, республиканың кедендік қызметінде реформалар жүргізуге мүдделі әлемдік қаржы институттары тарапынан инвестициялар тарту арқылы жүреді.

153

Кедендік қызметті реформалаудың негізгі принциптері, оның кешенділігі мен жүйелілігі, экономикалық, ұйымдастырушылықтехникалық және әлеуметтік аспектілерінің бірлігі мен өзара байланысы болуы мүмкін. Сондай-ақ, ҚР кеден қызметін реформалаудың басым бағыттары мен негізгі міндеттерін анықтау маңызды.

Кедендік қызметтің автоматтандырылуына Үкіметтің 1995 жылдың 4 наурызындағы республиканың кедендік органдарын 5 жылға арналған даму бағдарламасы бойынша автоматтандыруды жүргізу туралы 294 қаулысы ықпал етті, онда ҚР кедендік қызметінің біртұтас автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру қарастырылды. ҚРКҚБААЖ құру шеңберінде өткен уақытта ақпараттық пакеттермен ауысу жүйесі жасалды. Республикалық жүйе ҚР кеден қызметі мәліметтерімен ауысып, бұл орталық кеден органын облыстық басқармалармен және кедендермен біріктірді.

Кедендік органдарды реформалаудағы негізгі мақсат – кедендік рәсімдеу мен бақылау үрдістерін компьютерлендіру мен автоматтандыру,жаңаақпараттықтехнологиялардықұружәнежетілдіру,кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процедураларының тиімділігін арттыру, ҚР-ның кедендік шекара арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің біртұтас ғаламдық банкісін құру.

Осы саладағы бірінші кезектегі міндеттер.

1.Қазіргі ақпараттық технологиялардың тауарлар мен көлік құралдарыныңкедендікшекараныкесіпөткеннентолықтайкедендік рәсімдеуге дейін кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау үрдісінде қолданылуы;

2.Кедендік органдардың дамытылуы мен кеңейтілуі;

3.ҚР КҚ БААЖ-дың толық көлемдегі күшейтілуі, оны кедендік одаққамүшемемлекеттердіңкедендікқызметініңақпараткеңістігіне интеграциялау;

4.Жұмыстың негізінде мемлекеттік органдарға, бірінші кезекте сауда саясатын жасайтын ведомстволарға сараптамалық және

ақпаратттық материалдарды беретін кедендік статистиканың сенімділігін қамтамасыз ету;

5.Кедендік қызметтің автоматтандырылуының жаңа жүйелері мен технологиясын дайындау;

6.Ісжүргізудіңэлектрондыжүйесінежәнеқағазсызтехнологияға

өту.

154

Реформалау мен жаңарту Бағдарламасы мақсатына халықаралық сарапшылардың ойынша кіруі мүмкін:

-заң шығару және нормативті талаптарды бақылауды жақсарту;

-кірістерді ұлғайту;

-контрабанданы табуы, әсіресе қоғамға зиян тигізетін есірткі және отты қару сияқты түрлерін табуды жақсарту;

-сауданы әрекеттерін жақсарту, кәсіпкерлер үшін шығынды азайтужәнеқұжаттардырәсімдеужәнетауарлардыкедендіктазартуды жылдамдату есебінен нарықтарға жетуін жақсарту;

-сауда статистиканың дәлдігін жоғарылату мен жеделдету;

-кедендік әкімшіліктің тиімділігі мен жүзеге асырушылығын жоғарылату;

-үкіметтің кедендік әкімшілікке сенімін арттыру;

-елде және шетелдегі кедендік әкімшіліктендіру мен қызметтің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүдделі үкімет, қаржы министрлігі, құқық қорғау органдары, сауда және іскер орталармен ынтымақтастықты жақсарту;

-үкімет пен халықаралық міндеткерліктердің қаржылық және әлеуметтік мақсаттарын бақылауды жақсарту;

- қызметкерлері, жетекшілері, серіктестері, клиенттері мен үкіметке, халыққа өзіне деген сенімді ұялата білген кеден әкімшілігінің болуы.

Дамушы елдерде заң көп жағдайда көлемді және күрделі болып келеді. Реттеуші құжаттардан тұратын кодекстері кеденшілер және кәсіпкерлер түсінуге қиындық тудырады. Сондықтан да, жай ғана өзгерістерді енгізуді оңайлату үшін кодекстегі реттеуші ережелерді нормативті құжаттардың ішіне енгізу қажет. Посткеңестік кеңістіктегі кездесетін ұлттық заңнамаларда шекарадағы заң бұзушылықтарға тиісті ережелер кездеседі. Ал ел ішінде кездесетін заң бұзушылықтар мен тиімді күресуге бағытталған заңдар жоқтың қасы.Мәселен,Великобританиядабажсалығытөленбегенжағдайда, тауарды біле тұра иелену заң бұзушылыққа жатады.

Көптегендамығанелдердесаудағажағдайжасаукеденқызметінде маңызды орынға ие. Елдің байлығын жасау, сол елдің бизнеске жағдай жасауына байланысты екендігі белгілі. Соңғы жылдары кіші және орта бизнеске көп көңіл бөлінгенімен әкімшілік барьерлер әлі де сақталуда.

155

Сараптамалықшолукөрсеткендей,дамушыелдердебюрократтық кедендік режим сақталып келеді. Оның ережелерін түсіну қиындыққа соғады. Сондықтан да, кеден қызметі қиындық тудыратын жағымсыз барьерге айналады. Еуропа елдерінде, соның ішінде Великобританияда, импортқа шығатын тауарларды импортер кедендік тазартуды елге жеткенше жасап, декларациядан өткізеді. Бұл тенденцияҚазақстандадабайқалады,ал солүшінкедендікқызметті жаңартумен қатар, кедендік әкімшіліктендіруді қажетті деңгейге көтеру керек.

Қазақстан Республикасының кеден қызметін басқару процесінде туындайтын мәселелерді шешу ҚР кеден қызметінің «Бірыңғай автоматты ақпаратты жүйесін құру» (ҚР КҚ БААЖ) проектісінің ішінде ақпаратты сараптамалық жүйесін құру арқылы жүзеге асады.

Бұндай жүйені құрудың басты мақсаты басқару процесін автоматтандыру негізінде кеден органдарының қызметінің тиімділігін арттыру. Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз етуді әрі қарай жетілдіру міндеті қойылады.

Ақпаратты-сараптамалық жүйенің басты міндеттеріне кеден органдарының қызметін шұғыл диагностика және жүйелі талдау, кеден органдарының қызметінің нәтижелерін болжау, басқару шешімдерінің варианттарын жасау жатады.

Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін ақпаратты-сараптама жүйесікеденоргандарыныңқызметінжүйеліталдаусараптамасының сандық әдісімен, болжам жасаудың жаңа методикасымен, оптимизация және шешім қабылдаудың, кеден қызметтерінің тиімділік көрсеткіштер жүйесімен, кеден органдарының қызметіне диагностика және сараптама жасау үшін ақпараттық базасымен қамтамасыз етілуі керек.

Кедендер мен сыртқы экономикалық қызметті қатысушылардың төлемдерін ұлғайтатын, кедендік бақылау мен рәсімдеу барысында туындайтын шығындарға көп көңіл бөлінуде, кедендік бақылау барысындағы шығындарды төмендетудің тиімді жолдарының бірі саудақауымдастығынақызмететудегісапалықтыкөтеру.Сондықтан да, кеден заңының рәсімдерінің жүзеге асуына жауап беретін мемлекеттік құрылымдар және лауазымды адамдар бұл шығындардың салық төлеушілердің мойнына салынатынын ұмытпауы керек. Жаһандану жағдайында сауданың либерализациялану саясатын жүргізу қажеттілігі кеден қызметтерінің сауда алаяқтығына, есірт-

156

кі, қару-жарақ алып келуге, шығаруға шектелген тыйым салынған тауарлардың контрабандасына қарсы күресу мәселесін ушықтырып отыр.

Кеден мен іскерлер ортасының арасындағы қарым-қатынаста- рында іс жүзінде ынтымақтастық принциптері орын алуда. Бұл ынтымақтастық туралы ақпарат беру қоғамға заңды саудаға қатер туғызатын заң бұзушылықтарды азайтумен көрініс алуда. Осыған орай кеден қызметін реформалау барысында олардың құқық қорғау функцияларын кеңейту, қатаңдату және оларды жүзеге асыруға қажеттіресурстардыкөбейтуқарастырылыпотыр.Сондай-ақ,Кеден саясатын жасау барысында заңсыз сауда мен контрабанданы болдыртпау бағдарламасы да көзделген.

Жоғарыда аталғандай, импорттық төлемдердің төмендеуі жаңа және жанама салықтардың енгізілуімен қатар жүруде. Кеден органдарының қызметінде бюджетке түсім алып келу рөлі төмендемей, қайта өсіп отыр. Бюджетке түсім, қаржы алып келу оның басты функциясы болып табылады, болашақта да ол өз маңыздылығын жоймайды. Сондай-ақ, бұл мәселе барлық елдердің кеден саясатының басты бағыты болып отыр. Бірақ, кеден саясатын жүзеге асырудың негізгі факторы кеден төлемдерінің толық жинақталуында жатыр. Мемлекет бюджеті сауда түсімінен құралатын төмен және орта табысы бар елдер өз стратегиясын, осы табыскөзініңпотенциалынжоғарғыдеңгейдепайдалануға бағыттау керек. Экономикасы дамыған (АҚШ, Канада, Еуропа Одағы ) елдер үшінбұлстратегияныңмақсатысаудазаңнамасынжоғарғыдеңгейде жүзеге асыру.

Бұл салада жетекші рөл атқаратын елдердің сыртқы сауда саясатынқайтақарастыруысыртқысаудақатынастарыныңөзгеруінеалып келді. Айта кететін жәйт, нағыз осы елдер жүргізіп отырған кедендік саясатының мазмұны мен мәніне қажетті өзгерістерді енгізуге көңіл аударды. Мемлекет мүддесін қорғау, сауда саясатын жүзеге асыру мен салық жинау саласындағы мақсаттарға жетудің тиімді және рационалды жолын іздеп табу - реформаның қозғаушы күші болып табылады. Осы орайда реформаларды жүзеге асыру шаралары БСҰ декларациясынан туындайтын халықаралық міндеткерліктердің

орындалуына, тауарлар

айналымы мен адамдардың және түсімнің

жиналуына қатысты

қабылданған халықаралық тәжірибенің

айқындалуына себепкер болуы керек.

157

Кеден ұйымдарының өзінің ішінде және басқа мемлекеттік халықаралық ұйымдармен, сауда қауымдастығымен қарымқатынастарын үйлесімділікке жеткізудің басты құралы ретінде кеден қызметкерлері үшін коммуникация жүйесін қалыптастырудағы мәселелерді шешу жолдарын анықтау кеденді жаңарту бағдарламасының басты методологиялық элементі болып табылады.

Көптеген елдердің кеден қызметтерін реформалау және жаңарту процесінде сыртқы сауда саласында кеден қызметтерінің, басқа салалардың қызметін үйлестіру, халықаралық сауда процедураларын ыңғайландыру мәселелерімен айналысатын ерекше информатика, коммуникация қызметтері құрылған болатын. Коммуникация жүйесінің дамуы тәжірибе алмасу және басты салаларда іс-әрекетті келісілген шет елдердің халықаралық, мемлекеттік органдарымен байланысты орнатуды қарастырады. Реформаның тағы бір басты мәселелеріне рәсімдеуді, унификациялауды, сауда заңдылықтарын сақтауды және қауіп қатерді анықтау әдістерін айқындауда бір мәмілегекелуді,аудиторлықтексеруді,ұйымдастыруды,импортердің қаржы есебін, заттарды анықтайтын құжаттардың дұрыс болуын бақылауды, коммерциялық статистиканың шынайы жүргізілуін жатқызуға болады.

Экономикалық реформалар, шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметті құрылымдық жағынан қайта құруды қамтамасыз ету жағдайында, сондай-ақ нарықтық қатынастардың дамуы, кедендік, халықаралық ұйымдарға интеграциялану барысында қазіргі кезең талабына сай кедендік қызметті құру мәселесі ең маңыздылар қатарында.

Бұл орайда төмендегі міндеттердің тиімділігі мен практикалық маңыздылығына басты назар аудару керек. Олар мыналар:

-сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарапынан реттеу шараларын жасау және жүзеге асыруда тікелей атсалысу, ел мүддесі үшін кеден саясатын қалыптастыру, функционалды экономиканың дамуына ықпал ету, ұлттық және сыртқы экономикалық, ғылымитехникалық, азық-түлік, экологиялық және қаржы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

-сыртқы экономикалық қызметтен түсетін пайданың толық дерлік ел бюджетіне түсуін қамтамасыз ету.

158

-Кедендік заң бұзушылықтар мен контрабанда түрлерінен, есіртке заттары, халық үшін зиянды, қауіпті тауарларды заңсыз тасымалдаумен тиімді күресу.

-әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне Қазақстанның сыртқы сауда саясатын жүзеге асыра отырып, белсенді жүргізу жолымен ену.

Аталған міндеттер кеден органдарының алдында 1995 жылдан бері қойылып келеді. Бірақ қалыптасу процесі ұзаққа созылып кетті. Бұл мәселені талдау кеден қызметінің кең ауқымда жаңарту керек екендігіне сілтейді, сыртқы экономикалық қызметтің өсіп келе жатқан қомақтылығына, алуандылығына сай деңгейін көтеру, сыртқы және ішкі саясаттың міндеттеріне кедендік қызметті бейімдеу, халықаралық кедендік тәжірибеде қабылданған ережелер, нормалар, стандарттар мен рәсімдеулерге жақындату.

Алдымен, кеден қызметін реформалаудың принциптерін айқындапалукерек.Оларғакеденқызметініңұйымдық-техникалық, әлеуметтік аспектілері, өзара байланысы, бірлігі, кешенділігі, жүйелілігі жатады.

Кеден қызметін реформалаудың басты міндеттері мен бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:

-Заң базасын әрі қарай жетілдіру;

-сыртқы сауда қызметін мемлекет тарапынан бақылау жүйесімен оны жүзеге асыруды бақылау мен бірлігі;

-сыртқы сауда қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізуде экономикалық шаралардың басты көңіл бөлінуінде ;

-Сыртқы сауда қызметіне мемлекеттің және оның органдарының орынсыз араласуын болдырмау;

-Кедендікқызметтітиімдібасқаруүшінметодологиялықнегіздер мен ғылыми-қолданбалы әдістерді жасау.

-Басқарушы функцияларды қайталаныс мақсатында орталық басқарушы органдарды қайта құру.

-Кедендік құрылымды және инфрақұрылымды дамыту, пассажир ағымының тауарлар көлеміне номенклатурасы мен бейімдеу.

-Кедендік бақылау, рәсімдеу технологиясын жетілдіру, кеден процедураларын унификациялау, стандарттау, кеден органдарын қазіргі таңдағы ақпарат технологияларымен, телекоммуникация мен байланыстың тиімді құралдарымен қамтамасыз ету.

-Кеден статистикасының шынайы мәліметтерін қалыптастыру.

159

-Басқарушылық шешімдердің тез дайындалуы үшін қажетті ақпарат базасымен, технологияларымен, сапалы әдістермен жабдықталған ақпараттық-сараптамалық жүйені құру.;

-Кадрлар саясатын жетілдіру, құрылымын, штат санын оптимизациялау;

-Баға және валюталық бақылаудың тиімді механизмін жасау; сыртқы сауда қызметін реттеуде бірыңғай көзқарас қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрліктері мен кеден органдарының өз-ара қатынасын жетілдіру.

-Кеден жүйесінің материалдық-техникалық базасын дамыту. Сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық базасын

жетілдірудің басты бағыттарына төмендегі мәселелерді жатқызуға болады.

-Кеден ісінің заңнамалық базасын ҚР Кеден Одағы ТМД елдері шеңберінде жасалған халықаралық келісімдерге, әлемдік кеден ұйымының, әлемдік сауда ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың ұсыныстарына сай сәйкестендіру;

-таяужәнешетелдердіңкеденқызметтеріменкедендік-құқықтық ынтымақтастығын, шұғыл ақпаратпен, экспорттық-импорттық операция мәселелері бойынша мәлімет қорымен алмасуды қамтамасыз ету;

-транзитті тасымалдаудың дамуына жағдай жасау;

-кеден заңын іс жүзінде қолдануын сараптамадан өткізе отырып, Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарына кеден заңын өзгертулер мен толықтыруларды ұсыну және жасау;

-сыртқыэкономикалыққызметтіңқұқықтыққорғауынқамтамасыз ету;

-кеден іс жөнінде нормативті, құқықтық а ктілерін кодинфикациялау және жүйелеу.

Кедендік әкімшіліктендіруде кедендік рәсімдеуді және кедендік бақылаудың механизмін жетілдіру бойынша шаралар қолдану керек. Кеден процедураларын реформалаудың міндеттері төмендегідей:

-кедендік рәсімдеу мен тауарларды жіберу жөніндегі шешім қабылдау барысында төменгі құрылымдардың жауапкершілік деңгейін арттыру;

-кеден брокерлерінің жауапкершілігін, оларды кедендік рәсімдеу процесіне қатыстыру жолымен арттыру керек;

160