55
.pdfЭкономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) елдері Азия аймағын қамтиды, сондай-ақ контрабанда мен коммерциялық алаяқтықпен күресте Қазақстанмен халықаралық ынтымақтастықта болуға қызығушылық білдіруде.
Кеден саласындағы қылмыспен күресудің халықаралық құқықтық аспектілері мен ішкі проблемалары осы проблемалардың қойылуының салмақтылығын түсінуді және оның шешілуінің нақты жолдарын таба білуді, соның ішінде ішкі істерде және басқа да мемлекеттік құқық қорғау органдарымен өзара әрекетінде тәртіп орнатуды қажет етеді.
Осы тақырыпты қарастырғанда кеден органдарының құқық қорғау қызметіне әсер ететін басқа да себептерді ескермеуге болмайды.
1996 жылғы 1 сәуірдегі Үкімет мәжілісінде “Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс жағдайы және олардың қызметінің тиімділігін арттыру шаралары туралы” мәселені қараған соң, кеден қызметінің жұмысы қанағаттандырарлықсыз деп танылды. Экономикалық қауіпсіздікті қорғау, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдаудағы негізгі міндет ретіндегі анықталған, рұқсат етілген тәртіпті сақтау толық деңгейде материалдық зиян әкелетіндігі баса айтылады. Кеден бақылауы ұйымдастырылуының деңгейінің төмендегі, тікелей қызығушылығы шекарадантарихиқұндылықтарменшикізаттардыңзаңсызәкетілуіне жол берді. Республиканың экономикалық мүддесін қорғау, кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің бекітілген тәртібін сақтауға, кеден ережелерін бұзу мен контрабандаға қарсы күрес жүргізуді қамтамасыз етуге тиісті кеден органдары тарапынан заңды бұзушылық, немқұрайлылық, қиянат жасаушылық жойылмайды. Жүктерді және багаждарды тексеруді ұйымдастыруда тексеру тәртібінің қалыс қалуы мемлекет мүддесіне айтарлықтай зиян келтіреді.
БҰҰ-ның ЮНДКП мәліметі бойынша, есірткі заттарын өндіру үшінҚазақстандашикізаттыңкөпбазасыбар.Мамандардыңпайымдауы бойынша, Шу алқабында өсетін сораның өзінен 5 мың тоннаға дейін марихуана дайындауға болады екен. Қазақстанның есірткі заттары бойынша транзиттік мемлекет болу фактісі ерекше үрей туғызады.
1996 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан ТМД мемлекеттерімен кеден ісіндегі ынтымақтастық пен өзара көмек туралы Келісімді бекітті.
141
Есірткі құралдары мен жүйке уландырғыш заттардың заңсыз айналыммен күрес мәселесі ондай айналымды кесіп тастауға, бірлесе әрекет етуді талап ететін проблема болып табылады.
Есірткі құралдары мен жүйке уландырғыш заттардың заңсыз айналымын ескерту, тергеу және кесіп тастау әрекеттерінің белсенділігін арттыру мақсатында кеден органдары бір-біріне сұраусыз мүмкін болған қысқа мерзім ішінде мына мәліметтерді хабарлауы тиіс:
-есірткі құралдары мен жүйке уландырғыш заттардың заңсыз айналымымен айналысатын немесе айналысуы мүмкін деп күдік туғызатын тұлғалар туралы;
-есірткі құралдары мен жүйке уландырғыш заттардың заңсыз айналымы үшін қолданылатындығы анықталған немесе осы мақсатта қолданылады деп күдік туғызатын көлік құралдары, контейнерлер мен пошта жіберімдері туралы;
-ондай заңсыз айналым үшін пайдаланылатын әдістер мен оларды бақылаудың жаңа әдістері туралы;
-заңсыз айналымға қатысы бар тұлғаларды ұстау мақсатында бақыланатын жеткізімдер әдісін қолдану туралы.
1999 жылғы қарашадағы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде 1999-2005жылдараралығынаарналған Ұлттыққауіпсіздікстратегиясы қабылданды. Онда Қазақстан географиялық жағдайының ерекшелігіне байланысты әлемдік есірткі тасу жолының түйілісіне айналыпотыр,республикамыздыңаумағыарқылышетелдіказаматтардың есірткі заттарын алып өтуі өсуде, ал есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс 1991 жылмен салыстырғанда 3,5 есе өскендігі аталып өтілді.
Қазақстанда есірткі және есірткі бизнесімен күрес бағдарламасы қабылданды, сондай-ақ мемлекет аумағында есірткінің таралуына қарсы әрекет ету проблемасымен айналысатын арнайы уәкілетті орган құрылған, оған басқа мемлекеттердің кеден қызметімен қоса басқа да органдары тартылады.
Тақырыпқа арналған сұрақтар
1.Кеден органдарының құқық қорғау қызметі нені білдіреді?
2.Кеден органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметінде заңдылық қағидасы қалай қамтамасыз етіледі?
142
15 – тақырып
КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кедендік инфрақұрылым түсінігі мен мәні. Кедендік инфрақұрылымның қалыптасу проблемалары
Инфрақұрылымның қазіргі типологиясы салааралық белгісі бойынша оны 4 негізгі топқа бөледі. Олар: өндірістік, әлеуметтік, институциялдық және экологиялық. Инфрақұрылым дегеніміз – адамдардың өмір-тіршілігін, іс-әрекетін өндірістің тұрақты қызмет етуіне қажетті жалпы жағдайларды қамтамасыз ететін, өндірістік жәнеөндірістікемессалалардың,жүйелердіңжәнеқызметтүрлерінің кешені болып табылады.
Материалдық қаражат және уақыт шығынын азайту мақсатында қазіргібайланысжүйесініңжәнеақпаратберу,оныөңдеу,ісқағаздар айналымының технологияларын енгізу негізінде кедендік жүйелердің техникалық жағынан жабдықтау және жетілдіру көзделіп отыр. Кедендік органдар өзіне тән инфрақұрылымды қажет етеді. Сонымен қатар, Кедендік кодекс инфрақұрылымның шеңберін/ ауқымын тарылтады. Оны, тек кеден органдарының қызмет етуін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылымдар ретінде, сон- дай-ақ лауазымды адамдардың әлеуметтік қажеттерін өтеу үшін құрылған материалдық-техникалық базасының элементтері ретінде анықтайды.
Прогресс шешіп беретін ұйымдастырушылық және басқарушылық мәселелердің ішінде ең бастысына күрделі, кең салалы кедендік инфрақұрылымды ұйымдастыру және дамытуды жатқызуға болады. Осының ішінде негізгісі нарықтық экономиканы дамыту болып табылады. Нарықтық экономика жетілмеген нарық инфрақұрылымы мен оның қалыптасқан сыртқы экономикалық және басқа секторлары болмай, дұрыс қызмет жасай алмайды.
Кедендік инфрақұрылымның рөлі мен маңыздылығының өсуіне ықпал ететін басқа да обьективті жағдайларды және қажеттіліктері атап кетуге болады:
• Біріншіден, сыртқы сауда қызметін реттеу үрдісі барысында кедендік органдардың әр алуандығының өсу жағдайында оның ісәрекетінің күрделене түсуі.
143
•Екіншіден, тауарларды кедендік рәсімдеу және бақылау кезіндегі жұмыс көлемінің анағұрлым көбеюі оларды жүзеге асыру, осы процедураларды жеңілдету, бірегейлендіруді қамтамасыз ететін жаңа технологиялар мен техникалық құралдарды ендіру барысына тікелей тәуелділігінің күшеюі, сондай-ақ тауарларды қажетті орнына жеткізу және кедендік шекарадан өткізу барысында кездесетін шығындардың мөлшерін қысқарту және оны болдырмау;
•Үшіншіден, елдің экономикалық қауіпсіздігін, кедендік ережелерді бұзумен, контрабандамен күресті қамтамасыз етуде тәртіп сақтау, әскери мемлекеттік ұйымдар ретінде қалыптасқан кедендік органдардың жаңа міндеттері мен құқықтары.
•Төртіншіден, кедендік мекемелердің кадрлар құрамының сапасын жақсарту және нығайту қажеттілігі, олардың біліктілігін, білгірлігін көтеру, моральдық адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
•Бесіншіден, әлеуметтік саланың артта қалуынан арылу, кеден қызметкерлерінің тіршілігін, оларды әлеуметтік жағынан қамсыздандыруды қамтамасыз ету
•Алтыншыдан,кеденоргандарыныңинфрақұрылымдықжағынан қамтамасызетудіхалықаралықдеңгейгежеткізудіталапететінкеден ісіндегі халықаралық ынтымақтастықтың кеңею және тереңдеу процесі.
•Жоғарыда аталған қажеттіліктер мен жағдайлар мен олардан туындаған тенденциялар тұрғысынан кедендік инфрақұрылымның жоғары рөлі мен маңызын, оны ұйымдастыру және қызмет етуінің проблемаларын шешудің жолдары мен құралдарын айқындау, терең түсіну қажет.
Кедендік инфрақұрылымның дамуы мен құрылуы кедендік істі жүзеге асырудағы бұл жүйенің іс-әрекеттілігін қамтамасыз ететін басты буыны, кедендік органдардың бірыңғай жүйесінің ажырамас бөлігі. «Кедендік инфрақұрылым» түсінігіне не кіреді? Кедендік инфрақұрылымға анықтама берілгенде басты көңіл бөлінетін тұсына инфрақұрылымды кедендік органдардың міндеттерін жүзеге асыруда кедендік істі қосалқы, бағынышты рөл атқаратын кедендік мекемелердің белгілі бір жемісі деп түсінуді жатқызамыз.
Мұндай мекемелерде кедендік лабораториялар, ғылыми-зерт- теу мекемелерін, жоғарғы оқу орындарын, есептеу орталықтарын, полиграфиялық, құрылысты-эксплуатациялық және оларға ұқсас мекемелер мен ұйымдар жатады.
144
Мұндай анықтамалар мен сипаттамалар кедендік инфрақұрылымның функционалдық міндетін, оның алатын орнын, дұрыс айқындауға кедергі жасайды, тым жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 7-бабында (26 бөлімінде) кедендік инфрақұрылымға төмендегідей анықтама беріледі. Кедендік инфрақұрылым дегеніміз ол кеден органдарының қызмет етуіне жасайтын құрылыстар мен ғимараттар және кеден органдарыныңлауазымдыадамдарынақызметкөрсетугебағытталған құрылым. Кедендік Кодекстің «Кедендік органдар жүйесі» деп аталатын 17-бабында (9 бөлім) кедендік инфрақұрылымның бар екендігіне ғана тоқталған.
Кедендік инфрақұрылымның өзіндік ерекшелігіне қарамастан, оны дұрыс айқындау үшін ғылымда орын алған «инфрақұрылым» түсінігіне көңіл бөлу керек. Инфрақұрылымның функционалдық міндетін және ұйымдық қүрамының әркелкілігін ескере отырып, оны 4 үлкен салалық топқа бөлу қарастырылған.
1.өндірістік инфрақұрылым - өндірістің өзінің тікелей үрдістерін сыртқы жағдайларын қамтамасыз ететін салалардың кешені (жүк көлігі, көтерме сауда, қойма шаруашылығы, байланыс, ақпараттықконсультациялық қызмет көрсету, іскерлік қызметтердің сферасы т.б.).
2.әлеуметтікинфрақұрылым–жұмыскүшініңұдайыөндірісімен байланысқан салалардың кешені (денсаулық сақтау, білім беру, бөлшек сауда, пассажирлік көлік, тұрғын-коммуналды шаруашылығы, қоғамдық тамақ сферасы, бос уақытты ұйымдастыру және т.б.).
3.институционалды инфрақұрылым – экономиканы реттейтін, ұлттық шаруашылықтың дамуының анағұрлым оңтайлы макроэкономикалық пропорцияларын іске қосатын, ғылыми, басқару, құқық сақтау мен қорғаушылық сипатындағы қызметтерді көрсететін салалар мен қызмет сфералардың кешені (жалпы мемлекеттікбасқаруоргандары,оныңішіндеэкономикалықреттеудіңмемлекеттік аппараты, қаржы несиелік сферасы, құқық сақтау қызметі және т.б.).
4.экологиялық инфрақұрылым – қоғамдық өндірістің дамуының экологиялық жағдайларын, сондай-ақ адамның экономикалық қызметінен келетін келеңсіздіктерден қоршаған ортаны сақтауды қамтамасызететінқызметсфераларменинженерлікқұрылыстардың кешені.
145
Жоғарыда келтірілген типологиядан инфрақұрылым дегеніміз
– бұл адамдардың тіршілік етуіне, қызмет жасауына, өндірістің қалыпты қызмет етуіне қажетті жағдайларды жасайтын қызмет ету түрлері, жүйелері, сонымен қатар өндірістік және өндірістік емес салалар кешені екендігі концептуалды негізделген, тәжірибемен шыңдалған.
Өндіріс пен қызмет түрінің экономикалық, әлеуметтік тиімділік деңгейінің өсуі, қызметкердің интеллектуалды, творчестволық, іскерлік қабілеттерін жүзеге асыруы бұл жағдайлардың болуымен, қалыптасуымен және олардың даму қарқыны мен сапалылығымен тікелей байланысты.
Сондықтан да инфрақұрылымға екінкезектегі, қосалқы, бағынышты рөл танытатындардың көзқарасы негізсіз болып келеді.
Өзінің ұйымдық құрамы және функционалды міндеті жағынан инфрақұрылым өзіне тән ерекше рөл атқарады. Іс жүзінде оның баламасы – үнемсіз технологиясы төмен өндіріс, еңбек нәтижесінде жасалған өнімнің, материалды ресурстардың сансыз шығындары, адам факторының есепке алынбауы сияқты көріністермен сипатталады. Демек, инфрақұрылымның рөлі мен маңыздылығының төмендетілуі экономикалық ойлаудың тұрпайылығы және төменгі басқару мәдениетінің салдары болып табылады.
Инфрақұрылымның жалпы типологиясына сүйене отырып, кедендік инфрақұрылымның жалпы және ерекше белгілері мен қасиеттерін сипаттауға болады.
Біріншіден, ол ұлттық экономика инфрақұрылым жүйесінен оқшауланған емес, қайта ол оның құрамында қалыптасып қызмет етеді. Яғни, кедендік инфрақұрылым байланыс жолдары желісінен, магистральдар мен коммуникациялардың әр түрлі түрлерінен, ақпараттар беру мен сақтау жүйелерінен, іскерлік қызметтерді көрсететін ұйымдардан, қойма шаруашылығының басқа да элементтерден (кедендік шекараға іргелес, сондай-ақ ел ішіндегі аумағында орналасқан) тысқары қалыпты түрде қызмет атқара алмайды.
Екіншіден, кедендік жүйе толығымен дерлік институционалды инфрақұрылым салаларының құрамдас бөлігі, элементі болып табылады. Яғни, ол реттеуші, құқылы, басқарушы сипатындағы институттарымен байланысқан қызмет сферасы болып келеді. Бұл мағынада өзінің базистік сала болып танылған сыртқы экономика қызметін қамтамасыз етіп, сыртқы экономикалық байланыстардың
146
инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің функциялар рөлін атқарып, ұлттық экономиканың басқа да міндеттерін шешеді.
Үшіншіден,кедендікинфрақұрылымішкімекемелікміндетінеие болып, бүкіл кедендік жүйенің қызмет етудің қажетті алғышарттары мен жағдайларын қалыптастырады. Бұл, әсіресе кедендік істі жүзеге асыруда туындалған қажеттіліктер мен әр түрлі процедураларды орындаудағы кедендік органдардың әрекеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған алғышарттар мен жағдайлар болып табылады.
Бұл тұрғыда кедендік жүйесінің қызметінің инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің барлық элементтерін 3 негізгі бір топқа бөліп қарастыруға болады.
Алғашқы топқа, жүк пен көлік құралдарын тасымалдау, сақтау мен қоймалық өңдеу үшін қажетті жағдайларын, сондай-ақ пассажирлерге қызмет көрсететін элементтері жатқызылады. Бұны кедендік органдардың материалдық-техникалық базасы деп атайды. (Әкімшілік ғимараттар, өткізу мен өту тіректері), қойма шаруашылығы,оныңішіндетерминалдар,көлікқұралдар,әлеуметтік обьектілер, вокзал мен аэропорттардағы кедендік бақылау зоналары және т.б. ).
Екінші топқа, кедендік процедураларының орындалуын, бұл үрдіс туралы ақпарат пен алынған нәтижелерін берілуін қамтамасыз ететін жүйелер, құралдар мен қызмет түрлері жатады, (кедендік бақылаудың техникалық құралдары, кедендік сараптама, байланыс құралдары, кедендік органдардың бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі, электронды есептеу техникасы мен компьютерлік аппаратурасының басқада құралдары, кедендік рәсімдерді орындау мен валюталық түсімнің репатриациясына байланысты бақылау жүйесінің басқа да құралдары).
Үшіншітоптыкедендікоргандарменмекемелердіңкадрларының тіршілік етудің ұдайы өндірісінің материалдық, тұрмыстық, мәдени жәнебасқадаәлеуметтікинфрақұрылымынқұрайды.Дәл,бұлсфера кедендік қызметкердің кәсіби дайындығын, өмір сүру деңгейі мен жан-жақты дамуын көтеру мақсатында өндірістік емес сипатындағы әр түрлі қызметтердегі қажеттіліктерді қанағаттандыру керек. Бұл міндеттерді әлеуметтік объектілер орындайды (оқу орындары мен орталықтары, тұрғын үй – тұрмыстық қажетін өтеу және қоғамдық тамақтандыру, денсаулық сақтау және т.б. қызметтері).
147
Бірақ, оның қызмет етуіне инфрақұрылымның қызмет түрлерінің әр түрлі объектілерінің жай ғана топтасқан құрамы емес, керісінше инфрақұрылымдық кешенді құрайтын олардың жиынтығы жағдай жасайды. Мұндай кешеннің жұмыс істеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету өндірістік, әлеуметтік, институционалды, экологиялықинфрақұрылымныңкешендідамуына,интеграциясына, координациясына сүйенеді. Бұл мәселелерді шешу кедендік жүйені ұйымдастыру мен басқарудың деңгейі мен сапасына тікелей байланысты.
Сонымен, кедендік инфрақұрылым – ол кедендік бақылаудың қызмет түрлерінің институционалды, әлеуметтік құрылымдарының, техникалық құралдарының, кедендік органдардың материалдық базасы,ақпаратжүйелерінің,экспертизаменбайланыстыңжиынтығы болып табылады. (Сыртқы экономикалық қызметті кедендік реттеу жағдайларын, кедендік жүйенің жалпы қызмет етуін кедендік істің жүзеге асуын қамтамасыз ететін). Мұндай балама кедендік инфрақұрылымның сипаттамасындағы жалпылық пен ерекшелігін пайымдау мен талдауға сүйенеді, сондай-ақ оның қызмет етуінің басты бағыттарымен ұйымдық құрамы жөнінде шынайы көрініс береді.
Кедендік жүйенің құрамдас бөлігі ретінде кедендік инфрақұрылымды ұйымдастыру және дамыту көптеген қиындықтарға тап болды. Іс жүзінде оны негізі жоқ жерде қалыптастырды. Соңғы жылдары объективті жағдайларға байланысты еліміздің кедендік инфрақұрылымының өрістеуіне еш шаралар жүргізілмеді.
Дүние жүзі елдерінде жасалып және жүзеге асып жатқан кеден қызметтерін реформалау және жаңарту бағдарламаларының өздерінің әр алуандылығына қарамастан проектілер жасауға қажетті жаңа құралдарды енгізуге, кеден қызметтерінің алдына қойылған мақсаттарына жету үшін оның үйлесімді, бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істеуіне жағдай жасайтын құрылымдары бар. Аталған міндеттер қатарына заңмен қарастырылған 100 % баж кеден салығы мен төлемдерін, тауарлардың классификациясын дұрыс айқындауды контрабандамен тиімді күрес жолын жасау, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету. Бұл аталған бағдарламалардың басты мазмұны кеденге өз ресурстарын тиімді пайдалануға, саудаға қызмет көрсетудегі сапаны көтеруге, жаңа тех-
148
нологияларды ендіруге, заңды сауданың кедергісіз дамуына жағдай жасайтын ұйымдық құрылымды құру.
Кедендік жүйені реформалаудың басты бағыттарын кедендік органдар мен мекемелерді қайта құру немесе жаңадан қалыптастыру, сондай-ақолардыҚазақстанРеспубликасыныңтерриториясындаор- наластыруыноптимизациялаужатады.Бұлбағыттареформажүргізу мақсаты тауар мен көбеюі жағдайында сыртқы экономикалық қызметіне қатысушылардың тиімді үзіліссіз, жеңіл кедендік рәсімдеуді қамтамасыз ету.
Кедендік құрылым мен инфрақұрылымды реформалау саласындағы міндеттерге кеден обьектілерін дамытудың басты келешекке қажет бас жоспарын жасауды қарастырады. Сонымен қатар төмендегі міндеттер де маңызды:
1.физикалық тұлғалар мен кедендік рәсімдерді жүргізетін кеден органдарының штаттық құрамын рационалды пайдалану,тауар мен жолаушылар ағымының көлемі көп учаскілерде арнайы құрылымдарды құру.
2.кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарының бөлімшелерінқайтақұру,сыртқысаудажүктерінөңдейтіноргандарға барынша жақындату қажеттілігіне байланысты.
3.кедендік рәсімдеу орталықтарын құру, бұл орталықтарда кеден органдарымен қатар «кеден маңайындағы инфрақұрылым» өкілдерінде біріктіру.
4.кеден органдарының қазіргі инфрақұрылымын кедендік рәсімдеуді жасаудағы қолданылатын жаңа технологиялар талаптарына сай қайта құру.
5.Кедендік Одақтың болашақта кеңеюіне байланысты кедендік инфрақұрылымның объектілерін оптималды орналастыру схемасын жасау.
Сондай-ақ, бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде кедендік органдар жүйесінің материалдық-техникалық базасы одан әрі дамып жетілдірсе, сыртқы экономикалық қызмет көрсетудің технологиясы жақсарып, кедендік қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейі көтеріліп, кедендік қызметінің нормативтік-құқықтық және методологиялық қамтамасыздандыруы біршама жақсарады.
Кедендік жүйенің қызмет ету жағдайларының бұндай сапалы өзгерістері оның қызметіндегі өсіп тұрған қажеттіліктерді түгелімен
149
қанағаттандыруға мүмкіндігін беріп, сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін одан да жоғары сападағы қызмет көрсетуге атсалысады.
Реформалаубағдарламасынакеткеншығындаркедендіктөлемдер бюджетіне құйылулардың өсу түріндегі жоғары экономикалық нәтижелерін, сондай-ақ қазақстандық өндіруші мен тұтынушылар мүдделерінің қорғалуы, шетелдік инвестициялар көлемдерінің артуын, сауда саясатының міндеттерін шешуін қамтамасыз етеді. Сапасы төмен және экологиялық жағынан зиянды тауарлар импортын қысқарту, сондай-ақ өңделмеген шикізат пен энергия көздерін шетке шығаруды шектету нәтижесінде белгілі бір экологиялық тиімділікке жетуге болады.
Кедендік органдар жұмысының бұндай көрсеткіштерінің өсуі түбінде тұтас кедендік жүйесінің қызмет ету тиімділігін артып, елдің мемлекеттік мүдделерінен шығатын сыртқы саясатын жүргізу нәтижесінде Қазақстанның сыртқы экономикалық, азық-түлік, ғылыми-техникалық және қаржы қауіпсіздігін нығайтады.
Тақырып бойынша сұрақтар
1.Кедендік инфрақұрылымның мәнін көрсетіңіз?
2.Кеден сферасында инфрақұрылым қандай міндеттерді орындау керек?
150
