Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

55

.pdf
Скачиваний:
38
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

арқылы өтетін тауарларға қолданатын бірыңғай кеден төлемдерінің жүйесін қалыптастыру арқылы және басқа да әдістерді қолдана отырып жүзеге асыратын сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарапынан реттеудің бір саласы ретінде қарастыруға болады.

Б. Н. Габричидзе кеден саясатын жалпы түрде былай анықтайды: “Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында саяси және әлеуметтік-экономикалықөзгерістердіжүргізумақсатындағысыртқы және ішкі экономикалық мүдделерді қорғау бағытындағы саясиқұқықтық, экономикалық және де басқа кең көлемді іс-әрекеттер жүйесі”.

Ресейдің ішкі және сыртқы саясатынан туындайтын және оның құрамдас бөлімі болып табылатын, заң тұрғысынан бекітілген кеден саясатының анықтамасының осы тұста айтарлықтай кең екендігін атап кету қажет.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты бір-бірімен тығыз байланыста болады және ол кеден саясатында да өз ізін қалдырады.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы саясат мәселелері бойынша бас қосуда (15 ақпан 1995 жылы) атап өткендей: “Бір жағынан халықаралық экономикалық қатынастардың саясаттануы жүріп жатса, екінші жағынан саяси және дипломатиялық қатынастарға экономиканың әсері күшеюде.

Осыны ескере отырып, Қазақстан дүниежүзілік қауымдастық елдерімен қатынастарында өзінің табиғи ресурстарына және экономикалық қатынастардың барлық түрлеріне егемендігін сақтайды”.

Кеден ісіне сипаттама бере отырып, Б. Н. Габричидзе былай дейді: “Кеден ісі – ол орныққан, өзгермейтін құбылыс емес; оның құрамы мен құрылымы әрқашан да өзгеріп, дамып отырады, сонымен бірге жаңа элементтер де пайда болады. Соған байланысты кеденісіаясындақоғамдыққатынастардықұқықтықреттеудеөзгереді. Осы кешенді сипатта болатын қатынастардың болуының өзі кеден құқығының жеке кешенді құқық саласында бөлуге объективті фактор бола алады”.

Кеден ісі және кеден аясы Қазақстанда бүгінгі күнде дамуда, ол кеден құқығының екі кезеңінің болуынан көрінеді.

Р.З.Лившицзаңжүйесінсаралайкеле,оныңсалаларыосымәселе туралыбылайдейді:“Заңсаласыныңпайдаболуымендамуыолұзақ уақытқа созылатын көпқырлы процесс және оның белгілеріне бір

41

топ құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуге бағыт алуын(пәнін),құқықтықреттеудіңбелгіліқұралдарыменәрекеттерін қолдануын (әдісін) жатқызуға болады. Кодификациялық актінің немесе бірнеше актілердің қабылдануы бұл саланың қалыптасу процесін аяқтайды”.

И. Н. Сенякин құқық жүйесі мен заң жүйесінің арақатынасын қарастыра келіп, былай дейді: “Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ құқықтың жеке екі аспектсін көрсететін тәуелсіз категориялар. Олар бір-бірімен мазмұн және нысан ретінде ұштасады. Құқық жүйесі мазмұн ретінде – өзі реттейтін қоғамдық қатынастарға сәйкес келетін құқықтың ішкі құрылымын анықтайды. Заң жүйесі – оның қайнар көздерінің құрылысын көрсететін, яғни құқықтық актілер жүйесін көрсететін құқықтың сыртқы нысаны. Құқық заңдарсыз өмір сүре алмайды, ал заңдар дегеніміз – кең мағынада құқық болып табылады”.

Бұлбасылымдакеденқұқығыныңнегізгіинституттарықаралады. Олар:

1)кеден шекарасы арқылы өтудің қағидалары мен құқықтық механизмдері және кедендік режимдері;

2)кедендік төлемдер;

3)кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеу;

4)жауапкершілік.

ТМД сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы туралы келісімге 1995 жылы 3 қарашада қол қойылған. Онда 11 мемлекет (соның ішінде Қазақстан) дүниежүзілік Кеден Ұйымының сәйкестендірілген тауарларға код беру және оларды сипаттау жүйесіне негізделген келісімде қабылданады.

Кеден құқығының жауапкершілік институты әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік және басқа да жауапкершіліктен тұрады.

Кеден заңдарымен белгіленген ережелерге барлық сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары азаматтығына қарамастан ҚР кеден шекарасынан тауар мен көлік құралдарын алып өткенде бағынуға міндетті болып табылады.

Ереже кеден тәртіптерін анықтау, кедендік бақылау жасау, кедендік кұжаттарды жүргізу, кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, кеден жеңілдіктерін пайдалану сияқты т.б. маңызды шарттардан тұрады.

42

Кеден Заңдары осы ережені бұзғаны үшін “Кеден ісі туралы” Жарлықта көрсетілген жауапкершілікті қарастырады.

Кедендікқатынастардыңқұқықтықреттелуі–қазақстандыққұқық нормаларының және Қазақстанмен келісілген халықаралық келісімшарттардан туындаған халықаралық нормалардың алғышарты болып табылады.

Кеден ережелерін бұзу (КЕБ) құқық табиғаты жағынан алғанда әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады, дегенмен Кеден ісі жөніндегі жарлықтағы кейбір мәселелерді ескеріп, “кедендік құқық бұзушылық” деп атауға тура келеді.

“Кеден ісі туралы” Заң қабылданғанға дейін кедендік құқық бұзушылық әкімшілік құқық бұзушылық қатарына қарастырылды. (Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 15-тарауы). Енді 40 түрлі кеден ережесін бұзу Заң бойынша жауапкершілікке тартылады (260-299-бб.). Сонымен қатар, 13 бап (413-425-баптар) кеден органдарының әрекетіне кедергі келтірген құқық бұзушылық түрлерін қамтиды. Істі қозғау, қарау, жауапкершілік кеден органдарына жүктеледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 ж. 16 шілдедегі “Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы” Заң күші бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңында “Кеден ережелерін бұзу және осы бұзушылық үшін жауапкершілік. Кеден ережелерін бұзу туралы іс бойынша іс жүргізу және оларды қарау” XII бөлімі және “Қазақстан Республикасының кеден органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының шешімдерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағымдану және қарау” XV бөлімі әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының жаңа Кодексі әрекетке кіріскенге дейін әрекет етеді делінген.

Сонымен бірге, кедендік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тікелей әкімшілік заңмен белгіленетін болады. Заң кеден ережелерін бұзудың маңызы аз болғанда жауапкершіліктен босатуды қарастырады, бұны кеден органы (жаза санына кірмейтін) ауызша ескерту берумен белгілейді; бұл жағдай басқа нормативті құқықтық актілерде шешілмеген аз маңыздылық түсінігі туралы мәселені алға тартады. Практика Ресейдің Кеден кодексінде жасалғандағыдай жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды анықтайтын баптарды енгізуді талап етеді.

43

Сонымен қатар, бұл құжат Ресейдің Кеден кодексіндегі аса маңызды емес кеден ережелерін бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатуды қарастырады.

Қылмыстық жауапкершілік тұрғысынан алғанда, “Кеден ісі туралы” Жарлық пен Қазақстанның Қылмыстық Кодексінің арасында кеден ісіндегі контрабанда және басқа қылмыстар жөніндегі кеден органдарының өкілеттігіне араласатын сәйкессіздік бар.

Кеден ісі туралы Жарлықтың 240-бабы кеден ісіне қатысты кеден органдарының контрабанда және басқа қылмыстарға қатысты өкілеттігін қарастырады. Жарлықтың 241-бабында басқа қылмыстар ретінде мыналар көрсетілген:

-кедендік төлемдерді төлеуден жалтару;

-бағалы қағаздармен заңсыз операциялар жүргізу;

-шетел валютасы мен төлем құжаттарының заңсыз операциялары;

-кеден ісіне қатысты басқа қылмыстар.

Қазіргі уақытта контрабандаға қатысты Қылмыстық Кодексте екі бап бар, онда алғаш рет экономикалық контрабанда деген ұғым енізілген (209-бап).

ҚылмыстықКодекстің214-бабындакедентөлемдеріменалымда- рынан жалтару және валюталық операцияларды құқықтық реттеуді өзгерте отырып, оларға қылмыстық жауапкершілік жүктеді.

Мемлекет валюталық операцияларды құқықтық реттеудегі тәсілдерін өзгертіп, олар үшін қолданылатын қылмыстық жауапкершілікті жойды.

Қазақстан аумағына республика халқының және шет елдердің көркем, тарихи және археологиялық заттарды қайтарылмауы өзекті проблема болып табылады және қылмыстың бұл түрі Қылмыстық Кодексте міндетті түрде көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің285-бабы(бұданкейін–ҚПК)ҚК-тің214-бабыныңбірін- шібөліміндеқарастырылғанқылмыстартуралыісбойыншатергеуді кеден органдары жүргізеді, ал ҚК 250-бабының бірінші бөлімінде қарастырылған бап бойынша тергеуді қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органы жүзеге асырады. ҚПК-тің 192-бабында алдынала тергеу жүргізуді қажет ететін ҚК 209-бабының екінші және үшінші бөлімдері бойынша, 214-бабының екінші бөлімі бойынша, 250-бабыныңекіншіжәнеүшіншібөлімдерібойыншатергеужүргізу

44

қылмыстық істі қозғаған ішкі істер органдарына және ұлттық қауіпсіздік органдарына бекітіп беріледі. Кеден органдарының заң бөлімшелері көрсетілген “Кедендік қылмыстар” бойынша алдынала тергеу жүргізудің мүмкіндігіне орай құқық қорғау қызметіне бекітілуіне мүмкіндік бермейді.

Кеден органдары қызметкерлерінің дисциплинарлы жауапкершілігі жөнінде “Кеден ісі туралы” Жарлықта және Кеден органдарында қызмет ету Ережесінде көрсетілген (Үкіметтің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1119 қаулысы). Ант қабылдау да осы қаулыда қарастырылған.

Басқажауапкершіліктерденазаматтық-құқықтықжауапкершілік- ті бөліп қарастыру керек. Кеден органдары мұндай жауапкершілікке азаматтарға және олардың мүліктеріне зиян келтіру мақсатындағы әрекет және әрекетсіздіктері үшін тартылады. Ол әрекеттер ҚР заңдарында қарастырылатын ортақ негіздерге кіреді.

Кедендік құқыққа жауапкершілік институты жайлы айтқанда, ҚР экономикалық тәуелсіздігін және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде азаматтар мен мемлекеттің алдында жауапты кедендік органдардың жауапкершілігіне жалпы қатысын баса айтқан жөн.

Кеден қызметкерлері заңдық құқықтарды және азаматтардың құқықтарын бұзған жағдайда, ол үшін жауап беруін кедендік органдар қадағалауы керек (“Кеден ісі туралы” Президент Жарлығының 424-425-б.).

ТМД шеңберінде және Кедендік Одақта қабылданатын құжаттардың бір бағытта түсінудің және қолданудың маңыздылығы қарастырылады.

Бізде өзекті проблемалардың бірі боп саналатын Кедендік және кедендік емес құжаттарда кездесетін “жақындасу”, “үйлесу”, “теңестіру”дегенкатегорияларЕуропалыққұжаттардабірмағыналы боп табылғандықтан, оларда бұл мәселеге қатысты қиындық туындамайды. Осы мәселелер бойынша қабылданған келісімдер мен келісім-шарттарғаКеденісітуралыұсынылғанзаңды(1992ж.),Кеден одағы мәселелері бойынша келісімді (1995 ж.). Экономикалық және гуманитарлық салалардағы біріктіруді (интеграцияны) тереңдету туралы келісім-шартты (1996 ж.), Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңестік туралы келісім–шартты (1999 ж.) жатқызуға болады.

45

1991 жылдың аяғынан, яғни одақ ыдыраған кезден бері бұрынғы одақтық республикалар тәуелсіздік алып, мемлекеттік құрылысты саяси және экономикалық жүйедегі жаңа құқықтық базаны ескеріп, өздері құра бастады.

Алғашқы кезеңде Қазақстан өзінің заң актілерінде халықаралық тәжірибеменнормалардыпайдаланды.Аталыпотырғанхалықаралық тәжірибе мен нормалар – мазмұны жағынан, қолдану жағынан сыннанөткенешбіркүмәнкелтірмейтінережелер.СондықтанҚазақстан өзінің алғашқы заң актілерінде осы нормаларға сүйенді. Себебі, сол кезеңде қалыптасқан заң жүйесінің кодификациясының жетілген деңгейінің өзі халықаралық тәжірибеге бейімделген сапалы, жаңа құқықтық материалмен қамтамасыз ете алмас еді.

Заңдардың кодификациялануынан нәтиже шығаруға тырысу ССР Одағының шеңберінде жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан мен өзге ТМД мемлекеттерінде ұлттық заңдардағы кодификациялық жұмыс жөнінде оң көзқарас қалыптасуда.

Мұндай жағдайда осы елдердің әрқайсысында жоғарыдағыдай жұмыс жүргізілуі керек. Бұл олардың ұлттық заңдарындағы ішкі үйлесімділік үшін аса маңызды.

Кедендік одақ және ТМД шеңберіндегі кодификациялық жұмыстар ішкі аспект болып табылады.

Нақты кодификациялық жұмыстарды Кеден Одағы мен Тәуелсіз Елдер Достастығы сияқты біріккен мемлекеттердің аясында жүргізу ішкі аспект болып табылады. Рас, мұнда әрбір мемлекет өзінің егемендігі мен тәуелсіздігіне негізделуі мүмкін және негізделетін болады.Ұлттықзаңдарыүйлестірумақсатынаосыжұмыстардыкелісімді үйымдастырғанда жетуге болады.

Бұлай болмаған жағдайда, әңгіме модельді заңдар әрекетінің қандай да бір мемлекеттерде таралуы туралы, бұл ішкі мемлекеттік процедураларын, ратификациямен бірге, қосымша орындауға әкеліп соқтырады, не олардың толық көлемде, өзгеріссіз, ұлттық актілер түрінде рәсімделген күйінде қабылдануы туралы болмақ.

Ұлттық заңдарды үйлестіру мақсатына қол жеткізуде бірлескен жұмыстардың маңызы зор. Олай болмаған жағдайда, мемлекеттің ішкі процедураларын қосымша өзгертуге тура келеді.

Моделдікзаңжобаларынқабылдағаннанкейіноларғасәйкесінше түсіндірме беруге тырысу керек. Себебі, олар, құқықтық тәжірибе

46

көрсеткендей, дер кезінде және қысқа мерзімде пайдаланылмай қалуы мүмкін.

Егер аталмыш түсініктемелер әр мемлекетте жасалса, түзетулер енгізу, жекелеген жайттарды анықтаудың аса қажеттілігі болмайды. Ал, екінші жағынан алғанда, мемлекеттің негізгі заңдарында халықаралық құқықтық нормаларға қатысты баптар бар. Осы орайда ҚР Президентінің “ТМД мемлекеттері Кеден заңдарының негізін ратификациялау жөніндегі” Жарлығын келтіруге болады (3-шілде

1995 ж.).

ҚР Президентінің “Кеден ісі туралы” (шілде, 1995 ж.) Заң күші бар Жарлығын ТМД мемлекеттері бір бағытта қабылдай алған жоқ.

Кедендік заңдар үйлесімділігінің қажеттілігі жөніндегі мәселе 1995 жылдың ақпанындағы мемлекет басшыларының кеңесінде шешіліп, аталмыш Негіздер сол кезде қабылданды.

ТМД аталмыш Негіздер қабылданғанға дейін “ТМД елдерінің парламентарлық Ассамблеясының кеден ісін реттеудегі ортақ келісімі”дегенЗаңыболған.Ондаұлттықжәнекедендікережелердің унификациясы мен үйлесімділігі жөнінде айтылған.

1992 жылы ТМД-да кеден ісімен байланысты көптеген келісімдер қабылданса, саланы функцияландыру тек тәуелсіз елге ғана тән. Ол халықаралық кедендік Заңда қолданылатындықтан құқықтық түсініктерге аздаған өзгертулер мен толықтыруларды талап етеді. Сондықтан да, кеден ісін әр мемлекеттің кеден саясатының құралы деп қарастыру керек.

Қазақстанда кеден саясаты мен кеден ісін біріктіретін кеден саласын қызметтендіру тек қана егеменді елдерге тән, бұл халықаралық кеден заңында қолданылатын құқықтық ұғымдарға кейбір түзетулер енгізуді талап етеді. Сонымен қатар, кеден ісін әрбір мемлекеттің кеден саясаты мен кеден саласының мақсаттары мен міндеттеріне жетудің құралы ретінде қарастыру керек. Осындай тәсіл арқылы Кеден Одағына кіретін мемлекеттердің құқығына қысым жасамайақ, оның аумағында бірлесіп жұмыс істеу, не тіпті кеден ісі мен оның құрамдас бөліктерін біріктіру туралы батыл айтуымыз қажет.

Бұл ретте кедендік одақ шеңберіндегі кеден ісінің және оның құрамдас бөлігінің бірігуі немесе бірлескен жұмысы жайлы айқын айтуға болады. Бірақ, бұл жерде Одаққа кіретін мемлекеттердің құқықтары ескерілуі қажет.

47

Еуропа тәжірибесіне жүгінсек, Еуропалық қауымдастық 1990 жылдың мамырынан бастап Қауымдастық бірыңғай Кеден Кодексін талқылауда. Оның ережелері Қауымдастықтың қазіргі “кеден заңының” мазмұнында бар. Осыған орай, Кедендік Кодекс ұлттық заңдарда көрініс таппаған нормаларды қамтуы екіталай.

Еуропада ортақ Кеден Кодексінің қабылдану мүмкіндігі заңды ортақ сыртқы шекарада қолдануға шақырылған 12 кедендік басқарманың оған бейімделуі мақсатында шаралар қабылдануда. Мысалы, 1989 ж. оған мүше мемлекеттердің кеден қызметкерлерін дайындау шаралары жүргізіле бастады.

Көрсетілген шаралар Кеден Одағына қатысты атқарушылық қызметтер жүктелетін ұлттық кедендік мемлекеттерге, ұлттық қызметкерлерге қатысты болды.

1999 жылдың қаңтарында ортақ валюта енгізілді және оның мәртебесі ұлттық валютаны алмастыратындай дәрежеде болғандығын атап өткен жөн.

ТМД елдерін сомдық аймақта сақтап, ұлттық валюта ретінде сомды енгізу туралы Қазақстан ұсынысы қабылданбады, бұл жағдай ұлттық валюта енгізуге әкеліп соқтырды. Яғни, біріктірудің (интеграцияның) қазіргі деңгейінде көрінетін жаңа мемлекеттердің экономикалықбөлектенуіболыпжатты.ТМДаймағындарәсімделген саяси ұсыныстар ең жоғарғы деңгейде қабылданғанымен, бәрінен бұрын экономикалық кедергілерге (барьерлерге) кездесіп отырады. Жаңа құжат 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден Одағы мен бірыңғай экономикалық кеңестік туралы келісім-шартта ерекшелік болып табыла алған жоқ. Бұдан әрі, барша қауымдастық халықаралық істерге қатысуы туралы біршама дербес шешім қабылдай алуы мүмкін еуропалық органдардың айтарлықтай дербес құқықтық статусын атап өткіміз келеді. Кеден Одағын қызметтендірудің негізгі тәсілдеріндегі түбірлі айырмашылық – осы бірлестіктің бастапқы түсінігі мен анықтамасы болуы мүмкін.

1957 жылғы Рим келісімінде Еуропадағы Кеден Одағына “бірнеше аумақты бір кедендік аумақпен алмастыру” деп анықтама берген. Осы анықтама негізінде барлық саладағы өзара қарым-қатынастар құрылған.

ТМД егеменді мемлекеттер бұл түсінікке көбіне егемендік пен қауіпсіздік элементтерінен туындайтын біраз өзгеше мән қосуы мүмкін. Егер, мұндай “психологиялық” және басқа кедергілер

48

жеңіп шыққан болса, бірлестіктің қызметінде жағымды өзгерістерді күтуіміз мүмкін.

Өкілеттілік жөніндегі мәселелер ТМД органдарына интеграциялық процестердің жаңа лебін бере алады. Ұлт үстемдігін жүргізуші органдардың (под национальные органы) құрылуы туралы да өз уақытында мәселе көтерілген. Соған қарамастан, ұлттық заңдардың гармонизациясына тек мемлекет ішіндегі заңдардың кодификациялық жұмысы сәтті жүргізілгенде ғана рұқсат етіледі.

Үйлесумеханизмінкеңтүсініктұрғысынаналғанда,халықаралық стандартқа сай ұлттық кодификация арқылы түсіндіруге болады.

Үйлестіру механизмін оның кең түсінігінде ұлттық заңдарды халықаралық стандарттарға үйлестіре (одан әрі үйлесімдендірудің шектерін анықтаумен) кодификациялау арқылы, сондай-ақ кедендік бірлестік (одақ) арқылы бірінші кезекте Экономикалық Одақ пен ТМД басқа да бірлестіктерді қызметтендіруді қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын бірлесіп дайындау арқылы жүзеге асыруымыз мүмкін.

ТМД органдарына реформа жүргізу мәселесі бірнеше мәрте көтерілген. Дегенмен, оған қосымша өкілеттіліктер берілмегендіктен, ол жоғары нәтиже бермейді.

Ұлттық актілерде мемлекетаралық органдарға қосымша құқық мүмкіндіктерін беру байқалуы керек. Ол интеграцияның және жалпы шындықтың мағынасына сай, сондай-ақ қабылданған шешімдерге бақылау жасауға мүмкіндік берер еді.

Тақырыпқа арналған сұрақтар

1.Құқықтың кешенді саласына сипаттама беріңіз.

2.Кедендік заңдарға сүйене отырып, “үйлесу”, “жақындасу”, және “теңестіру” түсініктерінің қарым-қатынасын көрсетіңіз.

49

5-тақырып

КЕДЕН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚР КЕДЕН САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Кеден саласының саяси – құқықтық аспектілері. Мемлекеттік басқаруда кедендік қамтамасыз етудің мүмкіндіктері мен болашағы

Қазақстандық кеден заңдарында кездесетін “кеден ісі”, “кеден саясаты” сияқты құқықтық категориялар олардың өзара қарымқатынасы мен кеден құқығындағы орнын анықтап беруді қажет етеді.

Бұл категорияларды мағынасына қарай кеденқұқығындағы біріккен құқық материалдары ретінде анықтау керек.

Олардың өзгешелігі кеден саясатының мемлекеттің сыртқы және ішкісаясатыныңқұрамдасбөліктерінежатқызылуыментүсіндіріледі, бұл кеден саясатын жалпы кеден саласымен тепе-тең қояды.

Кеден ісін мемлекет белгілі бір мақсаттарға жеткізудің құралы ретінде қарастырады (8-тақырыпты қараңыз).

Кеденсаясатыменкедендікқұқықтықосаалғандағыкеденсаласы мемлекеттік басқарудың жаңа бір саласы іспеттес (9-сур. қараңыз).

Кеден саласын қабылданатын саяси және экономикалық шараларға әсер етуге тиіс мемлекеттік құрал ретінде қарастыру керек.Егероғанмемлекеттікдеңгейдегіекіншіэлементретіндеқарауды жалғастырсақ, кеден саласы аморфты жағдайын сақтап қалады және өзгерістерге дер кезінде ықпал ете алмайды.

Кеден ісі Президентінің “ҚР кеден ісі туралы” Заң күші бар Жарлығының 1-бабына сәйкес төмендегі элементтерден тұрады: ҚР Кеден аймағы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің тәртіптері мен шарттары; кедендік бақылау және кеден саясатының басқатүрлері;кеденоргандарыныңұйымдастырушылық–құқықтық негіздері.

Осы кодификациялық құқықтық нормативтік акт қабылданғанға дейінгі кеден ісінің мазмұны тар ауқымда еді (1 және 3 суретті қараңыз).

50