Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Түсініктеме

«Қаржы» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің бірі – базалық оқу пәні болып табылады. Қаржы туралы ғылымның ерекшеліктері зерделетін «қаржы» – арнаулы пән және оның мақсат – қаржы санаттарын, ұғымдары, терминдерін, олардың сынытамасын, әлеуметтік-экономикалық үдерістегі маңызы мен орнын игеруде студенттердің теориялық және практикалық даярлығын қамтамасыз етуі; мыналар пәннің міндеттері болып табылады: қаржының табиғатын, олардың жұмыс істеу ереушеліктерін, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуда санаттар механизмінің ммүкіндіктерін зерделеу, қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайларында оларды қолдаудың әдістерін түсінуге жетуі.

Бұл пәнді зерделеудің алдын «Экономикалық теория» алады, ол тұжырымдамалық тұрғыда қаржының, оның критерийлері мен қағидаттарының негізі, ал қаржы оның жалғасы, қаржы ғылымының піні болып келетін қаржылық қатынастардың айыршылықтары сферасында нақтылануы болып табылады. «Қаржы» курсы бейім пәндерін зерделеудің таныстырма, алдын ораушы пән болып табылады, оларға «Мемлекеттік бюджет», «Салықтар және салық салу», «Корпоративтік қаржы», «Қаржы менеджменті», «Қаржылық бақылау және аудит» және ЖОО оқу жоспарына кіріктірілген басқалары.

Курста қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіздері, ұйымдастыру нысандары, практикалық қолданыма.

Курста логикалық дәйектілік түрде қаржының табиғаты, функциялары, оның бас қа экономикалық санаттармен өзара іс-әрекеті мен шаруашылық өмірде көріну ерекшеліктері қаралады, қаржылық қатынастарда ұйымдастырудың нысандары мен әдістері арқылы іс-әрекет механизмі, қалыптасып отырған рыноктің экономиканы реттеуде қаржының пайдалану мүмкіндіктері көрсетілген. Курста түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бастапқы буындарында және сыртқы экономикалық байланыстар сферасында, қаржының іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігіне айтарлықтай орын берліген.

Курсты зерделеу экономика мен қаржыларда рыноктік негіздерді қолдану

жөнінде қолданыстағы шаруашылық праткиканы белсенді қолдануды қажет етеді. Сондықтан рыноктік қатынастардың дамуының жинақталған тәжірибесін және олардың қаржыға әсерін талдай және қорытындылай отырып, рыноктік экономиканың дамуының болып жатқан үдерістеріне үнемі көңіл бөліп отыру қажет. Бұл үшін курсты игеру кезінде студенттердің жеке-дара жұмысы, олардың курстық жұмыстар дайындауы, студенттік конференциялар мен басқа ғылыми- практикалық іс шараларға баяндамалар даярлап, қатысуы қарастырылады.

Кіріспе

Қаржы туралы ғылым экономикалық ғылымдардың жүйесінде маңызды орын алады. Қаржы ғылымының теориялық негіздері ұдайы өндіріс пен мемлекет туралы ғылым болып табылады.

Қаржының пәні өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі ретіндегі қаржылық қатнастар болып табылады.

Объектісі болып ақшалай табыстардың, қорланымдардың және қорлардың әлеуметті көздері саналады.

Субъектісі айтылған қатынастардың қатысушылары – шаруашылық, коммерциялық, мемлекеттік, қоғамдық және өзге органдар, мекемелер, үй шаруашылықтары, басқа экономикалық агенттер болып табылады.

Қаржыны зерделеу кезінде теория мен практиканың тарихи және логикалық тәсілдемелердің бірлігі сақталуы тиіс.

«Қаржы» курсы базалық оқу пәні болып табылады. Мұнда қаржының негізгі аспектілері берілген: теориялық негіз, ұйымдастыру формалары, тәжірибелік қолдануы. Студенттерге әр түрлі бағыттардан қарастыру, осы экономикалық санаттың мәнін, оның ұдайы өндіріс үрдісінде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында рөлін, маңызын зерттеуге мүмкіндік береді.

Курста қаржы пәнінің жан-жақты бағыттары зерттеледі – қаржының экономикалық табиғаты, қаржы қызметтері; қаржы қатынастарын ұйымдастыруының формалары мен әдістері арқылы шаруашылық өмірде сипат алуы; нарықтық экономикада қаржыны қолдану мүмкіндіктері.

Аталған курста қаржы теориясын толық түсінуінің жан-жақты аяларын қамтиды. Олар: өнеркәсіпте, кәсіпкерлік қызметте, бюджет және бюджет жүйесінде, салық, несие-банктік жүйелерде, қаржы нарығында, мемлекеттік несие мен қарызда, халықаралық валюта-қаржы қатынастарда және т.б. аялары.

Экономика мен қаржыларды ғаламдандыру, ұлттық шаруашылық жүйелерді біріктіру жағдайларында қаржының ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесін зерделу зәру қажеттік бола бастайды. Рыноктің жағынан дамыған елдерде жұмыс істеген критерийлер, нысандар, әдістер, үдерістер қазақстандық практикаға бейімделуі тиіс. Бұл үшін оларды теориялық жағынан қайта ойлау және рыноктік экономиканың ұлттық моделіне кіріктірілген жөн

Тақырып 1. Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржының мәні, функциялары және рөлі

Қаржы ұғымы құндық экономикалық категория ретінде.

Ақша және қаржы объективті және субъективті себептерімен анықталатын қажеттілігі. Қаржының табиғаты. Тауар-ақша қатынастары және қаржы. Ұдайы өндірісті үдерістегі қаржы. Қаржы қатынастарының қатысушылары. Қаржы құрамы оның іс әрекеті, сферасы. Қаржының айыршылықты белгілері – тауар-ақша. Қатынастары жүйесіндегі олардың шекаралары. Рынок жағдайында жаңа қаржы қатынастырының дамуы.

Қаржының функциялары. Қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық категорияның функциялары мен рөлін межелеу. Қаржының функцияларына экономистер көзқарасының эволюциясы.

Қаржының басқа экономикалық санаттармен өзара байланысы.

Қаржы ресурстары мен қорлары қаржы қатынастарының материалдық-заттай иелері ретінде. Қаржы ресурстарының көздері. Қаржы ресурстарының өсу факторлары.

Тақырып 2. Қаржы жүйесін ұйымдастыру

Қаржыға байланысты «жүйе» түсінігі. Қаржы жүйесінің элементтері. Қаржы жүйесінің жіктелуі. Қаржы жүйесінің бөліктері мен буындары. Қаржы жүйесін ұйымдастыруының негізгі қағидалары. Қаржылық жүйені жетілдіру бағыттары. Нарықтық экономика жүйесіндегі қаржылық жүйенің рөлі. Нарықтық өзгерістердің қаржылық жүйе құрылымына әсер етуі. Қаржы жүйесінің сызбасы. «Қаржы-кредит» жүйесі ұғымы.

Қаржы жүйесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары. Қаржының тұтастық қабылдамасындағы бұл қағидаттардың рөлі мен маңызы.

Қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары рыноктік түрпаттағы экономиканы құрудағы қаржы жүйесінің рөлі. Қаржы жүйесінің құрылымына рыноктік жаңғыртудың әсері.

Тақырып 3. Қаржы саясаты және қаржы механизмі

Қаржы саясат түсінігі, оның мемлекеттік экономикалық саясаттағы рөлі. Фискалдық саясат.

Қаржы саясатының міндеттері, мақсаттары және қағидаттары. Қаржы стратегия мен тактика. Қаржылы саясаттың кезеңділігі. Қаржылық механизм қаржылық саясатты жүзеге асыруының құралы ретінде. Қаржылық механизмге қойылатын талаптар. Қаржы механизмнің динамизмі.

Қаржы саясаты және қаржы механизмінің ұдайы өндіріске әсері. Қаржы механизмін рынок жағдайына қайта бағдарлау.

Қаржыны басқару туралы түсінік. Басқару қағидалары. Басқару элементтері. Қаржыны басқаруды жетілдірудің қажеттігі. Қаржы аппараттары, оның құрылымы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілері басқарудың қаржылық аппараты. Қаржылық менеджмент ұғымы.

Қаржылық жоспарлау мазмұны, оның әлеуметтік-экономикалық жоспарлаумен өзара байланысы мен ерекшелігі.

Қаржылық жоспарлаудың қағидалары. Қаржылық жоспарлауда қолданылатын әдістер. Қаржылық жоспарлау кезеңдері. Қаржылық жоспарлар жүйесі. Аумақтық қаржылық жоспарлау.

Өндірістік және өндірістік емес негізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарлары. Жиынтық қаржылық жоспар, оның мәні. Әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі қаржылық көрсеткіштер. Қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру бойынша негізгі бағыттары.

Қаржылық қатынастарды құқықтық реттеу. Қаржылық құқық және оның құрамдас бөліктері. Қаржылық-құқықтық нормалар және олардың түрлері. Қаржылық құқықтық қарым-қатынастар және экономикаға қаржылық-құқықтық әсер ету механизмі. Қаржылық-құқықтық реттеу әдістері. Мемлекеттің қаржылық қызметі, оны іске асыру әдістері. Қаржылық-құқықтық актілер және олардың түрлері.

Қаржылық бақылау түсінігі, оны жүргізу алғышарттары мен объективті қажеттіліктері. Қаржылық бақылаудың жалпы бақылаудағы рөлі мен орны. Қаржылық бақылаудың міндеттері мен қағидалары. Қаржылық тәртіп. Қаржылық бақылаудың субъектілері, уақыт және жүргізу әдісіне қарай жіктелімі. Қаржылық бақылаудың түрлері, формалары, әдістері. Аудит, оның ерекшелігі, міндеттері, ұйымдастырылуы, тиімділігі.

Бақылау түрлерін қолдану бойынша факторлар. Қаржылық органдардың және салықтық қызметтердің бақылауы.

Тақырып 4. Шаруашылық субъектілер қаржысы

Шаруашылық субъектілердің қаржыларының қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде.

Олардың ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі. Кәсіпорын қаржыларының функциялары. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жіктелімі. Олардың негізгі белгілері.

Өндірістік және өндірістік емес кәсіпорындардың қаржылар ерекшеліктері. Шаруашылық субъектілер және олардың түрлері.

Коммерциялық негізде қызмет ететін кәсіпорындар қаржыларын ұйымдастыру қағидалары. Олардың нарықтың қалыптасу жағдайындағы дамуы.

Коммерциялық есеп.

Кәсіпорындардың қаржылық қорлары, олардың қалыптасуы мен ұйымдастыруы.

Қорларды реттеуінің экономикалық және әлеуметтік негіздері. Кәсіпорындардың валюта қорларының қалыптасуы мен пайдалану ерекшеліктері.

Өндірістік қорлар. Өндірістік қорлар айналысындағы қаржының рөлі. Өндірістік қорлардың құру көздері.

Өнімді өткізумен және өнімді өткізуден тыс операциялардан түскен түсім. Кәсіпорын шығыстары. Кәсіпорын табыстары. Кәсіпорындардағы қаржылық менеджмент, оның қызмет етуі

Коммерциялық емес қызметтің ерекшелігі, оның түрлері, материалдық негіздері.

Коммерциялық емес аядағы шаруашылықты жүргізу әдістері.

Нарық жағдайындағы коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландыру көздері. Бюджеттік қаражаттардың қаржыландыру көздері ретіндегі рөлі. Коммерциялық емес ұйымдардың шығындары.

Қазіргі жағдайдағы қызметтің коммерциялық емес сферасын қаржыландырдың қағидаттары

Тақырып 5. Мемлекеттік қаржысының жылпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметі. Рынокты жетілдірілмеген және ресурстарды қайта бөлу. Жанама нәтижелер: шығындар мен пайдалар, оларды ретету. Қоғамдық тауарлар, игіліктер.

Қоғамдық тауарларды, игіліктерді, қызметтер көрсетуді өндірудің ауқымын анықтаудың ерекшеліктері.

Мемлекеттік қаржы түсінігі. Мемлекеттік қаржының қаржылық қатынастар жүйесіндегі орны мен рөлі.

Мемлекеттік қаржы құрамы және олардың буындарының сипаты. Мемлекеттік қаржының қызмет ету ерекшелігі.

Мемлекеттік кірістердің құрамы мен құрылымы. Экономикалық және саяси факторлардың мемлекеттік кірістер құрамы мен көлеміне әсер етуі.

Мемлекеттік шығыстар түсінігі. Мемлекет шығыстарының, мемлекет кірістерінің және қаржы ресурстарының ара қатынасы.

Мемлекеттік шығыстар жүйесі. Мемлекеттік шығыстардың ұйымдастыру қағидалары. Нарықтық жағадайлардағы мемлекеттік шығыстар саясатының икемділігі мен өзгеруі. Мемлекеттік шығыстардың жіктелімі. Экономиканы қаржыландыру. Қаржылық резервтер және олардың экономикалық – әлеуметтік мазмұны.

Ғылыми-техникалық прогрессті қаржыландыру.

Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығындар. Білімге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік шараларға кеткен мемлекеттік шығындар.

Басқаруға және қорғанысқа кеткен шығындар.

Тақырып 6. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру

Салық түсінігі және оның мәні. Салық қызметтері. Мемлекеттің дамуы мен тауар-ақша қатынастарының жетілдіруімен байланысты салық эволюциясы. Салық қағидалары.

Салық жүйесі. Салық жүйесін құру қағидалары. ҚР салық жүйесі. Салық қызмет бөлімдері. Салық жіктелімі. Жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтар.

Жанама салықтар. Қосымша құн салығы. Акциздер, олардың фискалдық және реттеуде рөлі. Тура салықтар, олардың рөлі. Жер салығы.

Жер пайдаланушылар салығы. Меншікке салынатын салықтар: жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдарының салығы. Олардың арналымы және жергілікті бюджеттерді қалыптастырудың рөлі.

Арнаулы салық режимі. Салықтарды аударып салу. Және салықтан жалтырыну. Салық ауыртпалығын бөлудің проблемалары. Салықтық түсімдерді қамтамасыз ету жөніндегі салық ықзметтерінің жұмысы. Салық санкциялары.

Тақырып 7. Мемлекеттік бюджет

Мемлекеттік бюджет түсінігі. Бюджеттің арнайы нышандары.

Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің негізгі буыны ретінде, оның қызметтері.

Бюджеттік қатынастар және олардың ұдайы өндіріс процесінде және қоғамның әлеуметтік дамудағы рөлі мен міндеттері.

Мемлекеттік бюджеттің табыстары, олардың құрамы мен құрылымы. Бюджеттік жіктелім. Бюджеттің құрылу қағидалары.

Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы және оны қысқарту және қаржыландыру жолдары.

Бюджеттік процесс және оның жіктелімі. Республикалық бюджет, оның құрылу көздері мен шығыстары. Жергілікті бюджет пен республикалық бюджет қатынастары. Бюджеттік субсидиялар, субвенциялар, алулар, дотациялар. Бюджеттік процестің жауапты органдары.

Жергілікті қаржылардың мәні және олардың қаржы жүйесіндегі орны мен рөлі. Жергілікті қаржылардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәні мен міндеттері.

Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстары. Жергілікті бюжет, жергілікті салықтар мен алымдар.

Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысын ұйымдастыру. Аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы АЭА рөлі.

Тақырып 8. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың қажеттігі мен мәні. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы бюджететен тыс қорлардың рөлі. Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы. Басқарудың жергілікті органдарының бюджеттен тыс қорлары. Қорлардың қаражаттары қалыптастырудың проблемалары.

Дағдарыстық даму кезіндегі ҚР бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуіндегі қайшылықтар.

Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Әлеуметтік сақтандыру қоры. Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары. Инвестициялық және инновациялық қорлар. 2015 жылға дейін Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының стратегиясын іске асырудың қаржылық көздері ретінде. Қаржы жүйесінің тұрақты дамуындағы рөлі. ҚР ұлттық қоры, оның елдің экономикасымен қаржы жүйесін тұрақты дамуындағы рөлі.

Тақырып 9. Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш

Мемлекеттік несие мәні мен мазмұны. Мемлекеттік несие функциялары. Мемлекеттік несиенің ақша айналыс жағдайына әсер етуі.

Мемлекеттік несиенің түрлері, формалары, әдістері.

Қарыздар мен оның сыныптамасы және мемлекеттің қажеттіліктерін қаржыландырудағы тиімділіктер. Мемлекеттік бағалы қағаздар мәні мен олардың түрлері. Мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиясы. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алулары. Халықаралық мемлекеттік несие, оның формалары. Мемлекеттік борыш түсінігі. Оның түрлері.

Мемлекеттік борышты басқару әдістері. Сыртқы мемлекеттік борыш. ҚР мемлекеттік борыш құрылымының ерекшелігі.

Тақырып 10. Үй шаруашылықтарының қаржысы

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің субъектілері ретінде. Ұдайы өндірістік үдерістегі экономикалық ресурстардың толық айналымын қамтамасыз етудегі үй шаруашылықтарының рөлі. Өндіріс факторларының рыногі және оған үй шаруашылықтарының қатысуы.

Үй шаруашылықтарының қаржы ресурстарының ұғымы, олардың құрамы мен құрылымы.

Үй шаруашылықтарының бюджеті. Кірістердің қалыптасуы. Ақша қорлары: дара, бірлескен қорлар.

Үй шаруашылықтарының табыстары және олардың сыныптамасы. Үй шаруашылықтарының жалпы табысы. Үй шаруашылығының тұрақты және ауыспалы табыстары.

Халықтың тұрмыс деңгейін мемлекеттік реттеу. Ең төменгі күн көріс деңгейі және тұтыну себетінің құны, оны анықтаудың амалдары. Қазақстандағы төменгі күнкөріс деңгейі мен тұтыну себеті көрсеткіштерінің динамикасы. Кедейлік, индикаторлары.

Үй шаруашылықтарының шығыстары, олардың сыныптамасы мен құрылымы. Ақшалай шығыстар. Түркілікті тұтыну мен қорланымға жұмсалатын үй шаруашылықтарының шығыстары.

Тақырып 11. Сақтандыру

Сақтандырудың экономикалық мәні, оның іс-қимылы, сферасы. Сақтандыру мен қаржы санаттарының ортақ белгілері. Сақтандыру қатынастары, олардың мақсаты, нысанылығы бойынша топтастыру, олардың сипаттамасы. Сақтық қорлары, оларды жасаудың әдістері және пайдалану бағыттары. Рыноктік экономика жағдайында сақтық қатынастарының дамуы. Сақтық ісін коммерцияландыру.

Әлеуметтік сақтандырудың мәні мен объективті қажеттігі. Халықты әлеуметтік қорғау.

Әлеуметтік сақтандыру сферасындағы мемлекет саясаты. Әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама. Зейнетақымен қамсыздандыру. Міндетті мемлекеттік және ерікті әлеуметтік сақтандыру.

ҚР зейнатқы жүйесінің реформасы.

Әлеуметтік сақтандыру қорлары, оларды қалыптастыру қағидаттары, өзара байланысы, қалыптастыру мен пайдалану проблемалары.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.

Рыноктік экономикадағы әлеуметтік кепілдіктердің мәселелері. Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың ерекшеліктері, оның экономиаклық мәні мен функциялары.

Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың сыныптамасы, нысандары, салалары, қосалқы салалары, түрлері.

Сақтық ісіндегі негізгі ұғымдар мен аталымдар.

Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру басқаруды ұйымдастыру.

Сақтық қадағалау.

ҚР сақтық рыногінің дамуы.

Қазіргі жағдай әлеуметтік сақтандыру дамуының үрдістері.

Медициналық сақтандыру, халықтың денсаулығын қорғаудағы оның рөлі. Медициналық сақтандырудың қатысушылары. Медициналық сақтандыру қорларын қалыптастыру мен пайдалану ерекшеліктері. Ерікті медициналық сақтандыру.

Еңбекпен қамту және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек проблемалары.

Тақырып 12. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу түсінігі және оның қажеттілігі.

Қаржылық реттеу алғышарттары мен негіздері. Ұдайы өндіріске тура және жанама әсер етуі.

Экономиканы қаржылық реттеу жіктелімі. Микроэкономикалық тепе-теңдік және оны қамтамасыз етудегі қаржының рөлі. Шығыстардың, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы.

Мына теориялардағы фискалдық саясаттың нұсқалары: «мемлекеттік қызметтер», «мемлекет шығыстарының таза теориясы», классикалық және кейнстік модельдер, «классикалық емес синтез», монетаризм тұжырымдамасындағы неолибералдық бағыт, «ұсыным экономикасы» теориясы, фискалдық саясаттың нұсқалары, институционализм мен неоинституциалинизм, орнықты даму тоериясы.

Тақырып 13. Қаржы нарығы

Қаржы нарығы – қаржылық қатынастардың жаңа түрі. Қаржы ресурстарды жинақтау мен бөлуде қаржы нарығының рөлі. Бағалы қағаздар, олардың түрлері, сипаты. Бағалы қағаздарды шығару және айналысы. Мемлекеттік бағалы қағаздар.

Қаржы нарығының қатысушылары. Инвестициялық институттар мен қорлар. Инвестициялық жекешелендіру қорлары. Қаржы нарығының инфрақұрылымы.

Алғашқы және қайталамалы қаржы нарығы. Қаржы нарығының қызмет ету негізі ретінде акционерлік қоғам формасын ұйымдастыру.

Қор биржа, оның қызмет етуі. Қор рыногінің индикаторлары.

Тақырып 14. Сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі қаржы

Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі және оның формалары. Жалпы сипаты.

ҚР сыртқы экономикалық қыметінің ерекшеліктері және оның даму болашағы. Рсепубликаның халықаралық қорларға қатысуы. ҚР экономикасына шетелдік капиталды тартудың проблемалары

Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тура және жанама әдістері. Валюта бағамы. Салықтық және кедендік реттеу. ҚР төлем балансының құрылымы. Активтік және пассивтік төлем балансы.

Мемлекеттің төлем балансы. Мемлекеттік валюталық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану

Елдің төлем балансы. Қазақстан төлем балансының құрылымы, оның ерекшеліктері мен динамаикасы.

Тақырып 15. Қаржы және инфляция

Инфляция – әрекетінің факторлары. Инфляция мен қаржының өзара байланысы және өзара іс әрекеті. Инфляцияны өлшеу. Сұраныс инфляциясы мен ұсыныс инфляцияның ерекшелігі.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары. Ақша табыстары мен жинақтардың қамтамасыз етуі. Табыстарды қайта бөлу. Ақша-қаражаттардың материализациясы. Инвестициялық қызметтердің төмендеуі. Қазақстанның инфляция ерекшелігі.

Бейімделу саясатының шаралары. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты. Ақша-несие саясаты. Бағаны және еңбек ақыны реттеу. Сыртқы экономикалық қызмет сферасындағы салық және бюджет саясаты. Инфляциялық таргеттеу.

Практикалық сабақтар тақырыптарының тізбесі