- •Fin 2301 Қаржы
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Тақырып. Қаржы, оның жұмыс істеуі және басқарылуы туралы ұғым
- •Жиынтық бақылау сұрақтарының қысқаша тізбесі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Экономика және қаржы жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер
- •Мерзімді басылымдар
- •III. Монографиялар, жинақтар
- •IV . Сөздіктер
- •V. Оқулықтар, оқу құралдары
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің оқу - жұмыс бағдарламасы
- •5В090800 Бағалау
- •Алматы, 2011
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сырттай бөлім
- •Кешкі бөлім
- •7. Пән мазмұны
- •8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Sillabys)
- •Алматы, 2012
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сырттай бөлім
- •Кешкі бөлім
- •7 Лекциялардың жоспары, осөж және сөж бойынша тапсырмалар
- •Бақылаудың нысандары
- •Студенттердің рейтингісін анықтау шкаласы
- •Студенттердің біліктілігін бағалау критерийлері:
- •11. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқау
- •“Қаржы және несие “ кафедрасы
- •Лекция жинағы «қаржы» пәні бойынша қысқаша лекциялар курсы
- •1. «Қаржы жүйесі» туралы ұғым, оның құрамы.
- •2.Жалпы мемлекеттік қаржы.
- •3.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •2. Қаржы механизімінің мазмұны мен құрылымы.
- •2.Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.
- •2. Мемлекет табыстарының мәні.
- •3. Мемлекеттің шығыстарының маңызы.
- •2. Салық жүйесі.
- •3. Салықтарды алуды ұйымдастыру
- •2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
- •2. Мемлекеттік борышқа түсініктеме
- •Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
- •Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •2. Макроэконмикалық тепе-теңдік және қаржы
- •3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •2. Бағалы қағаздар рыногі
- •3. Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары
- •4. Қор биржасы
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы
- •2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Сөж өткізу бойынша методикалық нұсқау
- •Халықаралық бизнес университеті
- •«Қаржы және несие» кафедрасы
- •Алматы, 2012
- •5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі, сырттай, кешкі және дистанциондық бөлімдерінің студенттеріне арналған «Қаржы» пәнінің курстық жұмысты орындау бойынша
- •Курстық жұмысты рәсімдеу бойынша қойылатын талаптар
- •Курстық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
- •Курстық жұмысты орындау бойынша қойылатын талаптар
- •Курстық жұмысты қорғауға қойылатын талаптар.
- •ҚазақСтан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті "қаржы және несие" КафедраСы
3. Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару- эмиссия- бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне- инвесторларға, яғни заңды тұлғаларға және азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
акционерлік қоғам құрған кезде және акциялар олардың құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
акциялар шығару жолымен акционерлікқоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет, заңды тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар- бұл эмиссия шегінде біртектес белгілерге және реквизиттерге ие болатын, осы эмиссяға арналған бірыңғай ережелер негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногінде жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру процестерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушысының және екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттеледі.
Мемлекетік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмиссиясы бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттің шешім қабылдауын, уәкілетті органда бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуді, инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде болатын ақпараттарды ашуды, бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды, бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын ашық акционерлік қоғамдардың акциялары эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, сондай-ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған және құжатсыздандырылған нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың құжаттандырылған нысаны- бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тізімінде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс ететін құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғары басқару органдарының шешімі бойынша эмитент өзгеруі мүмкін.
Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Бағалы қағаздарды иелерінің талап етуі бойынша тіркеуші немес нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.
Кәсіпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногінде мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногінде жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өзі де, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.
Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.
Инвесторлар- өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институциналдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.
Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногінде инвестор ретінде іс-қимыл жасайды.
Эмитентер- қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары- бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфроқұрылымының неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.
