Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Курстық жұмысты орындау бойынша қойылатын талаптар

Курстық жұмысты орындау 2 кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі және курстық жұмысты орындау кезеңі.

Дайындық кезеңі тақырыпты таңдаудан, жоспард құрудан және ақпарат көздерді іздеуден тұрады.

Курстық жұмыстың жалпы көлемі 25-30 беттен тұрады.

Жұмыс жоспары жетекшімен келісе отырып, оны сәйкесінше деңгейде хатталады. Кіріспе зерттеу объектісінен, жұмыстың қысқаша мазмұны, ақпарат көздері көрсетіледі.

Бірінші параграф теориялық сұрақтардан тұрады. Онда қарастырылатын сұрақтың мәні мен мазмұны сипат алады. Қажет жағдайда оның тарихи жағдайы көрініс табады.

Екінші параграф сандық мәлімет негізінде талдау жүргізледі. Талдау соңғы 3-5 жыл ақпарат негізінде жасалады.

Үшінші параграф әр түрлі бағыттардан тұрады. Мысалы, дамыған мемлекеттердің тәжірибелері, оны отандық экономикаға енгізу мүмкіндігі анықталады.

Қорытынды жұмыс нәтижесі және ұсыныстар беріледі.

Курстық жұмысты қорғауға қойылатын талаптар.

Курстық жұмыстың қорытынды кезеңі оның қорғауы болып табылады. Қорғау келесі мақсатта жүргізіледі:

  1. Нақты тақырып бойынша білімді анықтау.

  2. Сандық мәліметтердің көздерін, есептеу әдістерін анықтау.

  3. Сұрақтарға жауап беру.

  4. Қорытындыны айту.

  5. Сапа және қорғау нәтижесінде курстық жұмыс жетекшімен бағаланады.

Куртық жұмыс сәйкесінше журналда бекітіледі. Егер, жетекші жұмыс бойынша кемшілік көрсетсе, онда студент оны ескеру керек. Курстық жұмысты қорғау күні мен уақыты емтихан сессиясымен бекітіледі.

ҚазақСтан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті "қаржы және несие" КафедраСы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«ҚАРЖЫ» пәнінен

тақырыбы:

_______________________________________________________

_____ курс студенті

Аты-жөні

Ғылыми жетекші:

э.ғ.к., профессор

Смағұлова Р.О

АЛМАТЫ 2012

ГЛОССАРИЙ

Акциздер –акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түрлеріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың түрі.

Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акциялардың белгілі бір санына бөлінген заңи тұлға, акциялардың саны олардың пайдадан өзінің үлесін алу құқығын куәландырады.

Ақша – сатып алу- сатуда құн өлшемі болып табылатын және тауарларды айырбастау кезінде жалпыға ортақ балама рөлін атқаратын металл немесе қағаз белгілер, ерекше тауар.

Ақша рыногы – қысқа мерзімді (бір жылға дейін) өтімді қаржы құралдары рыногы.

Амортизациялық аударымдар – негізгі құрал – жабдықтың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал-жабдық құнының бір бөлігін аудару.

Бағалы қағаздар рыногы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын рынок.

Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар рыногында лицензиясы бар заңи тұлғалар.

Борышты өтеу – қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы.

Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы.

Бюджетаралық қатынастар – жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджеттік процесіндегі қатынастары.

Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөнідегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.

Кірістерді бөлу нормативы – кірістерді әртүрлі деңгейлер бюджеттерінің арасында бөлудің пайыздық арақатынасы.

Қаржы – ақша қаражатын, қаржы ресурстарын, оларды жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі мен қайта бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі – белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жиынтығы.

Қаржы құқығы – мемлекеттің қаржылық қызметімен байланысты қатынастарын реттейтін құқық саласы.

Қаржы ресурстары – мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың қарамағындағы ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы, қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құрылады.

Қаржы рыногы – қаржылық қызмет көрсеті мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы.

Мемлекеттік кредит – кредит қатынастарының жүйесі.

Негізгі құралдар – қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық активтер.

Сақтық рыногы – сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бүл қызметтерді сақтық компаниялары көрсетеді.

Салықтар – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарусыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары.

158