Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру

Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдеті ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі.

Қазақстан Республикасының Конституципясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.

Әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік кепілдіктер, еңбекке ақы төлеу кепілдіктері, зейнетақылар, жәрдемақылар, материалдық көмек, халықтың аз қамтылған жігіне көрсетілетін тегін ең аз қызметтер жүйесі арқылы және әлбетте, ең төменгі күн көріс деңгейін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Зейнетақы- бұл зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтар заңнамада көрсетілген тәртіппен Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі кезінде әркім өз табысынан он пайыздық жарна аудара отырып, болашақ зейнетақысы үшін қор жинайды.

Кейін зейнетақы төлемдері мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларындағы әркімнің жеке зейнетақы шотынан төленеді. Сондықтан зейнетақының мөлшеріне бюджеттің жай-күйі, қанша адамның жұмыспен қамтылып, қаншасы жұмыссыз жүргені әсер етпейді. Жинақтаушы жүйеде азаматтардың аударған жарнасына пайыздық өсім есептеледі, ол қорланудың ұлғаюын және оның инфляциядан қорғалуын қамтамасыз етеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толғанда және еркектерге кемінде 25 жыл еңбек стажы болғанда, әйелдерге – 20 жыл еңбек стажы болғанда тағайындалады.

Толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдері азаматтарға олардың нақты еңбек стажының болуына қарай Орталықтан толық көлемде зейнетақы төлемдерін алу құқығы болмаған жағдайда тағайындалады.

Төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілдеге дейін кемінде 10 жыл тұрған азаматтар «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынын зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еркектер- жалпы жұмыс стажы 25 жылдан кем болмаған жағдайда 50 жасқа жеткенде; әйелдер жалпы стажы – 20 жылдан кем болмаған жағдайда 45 жасқа жеткенде зейнетақы тағайындалуына құқылы.

5 және оданда көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын алты айға өсіп отырады.

Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақыны есептеуге қажет табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1- іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауы тиіс. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақылар мөлшері көтерілді және зейнетақы төлемдерін көтеру үш топ бойынша жүзеге асырылады. Бірінші топқа зейнетақы мөлшері 1994 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнеткерлер кіреді. Олардың зейнетақылары алып отырған зейнетақылары мөлшерінің 25 пайызына ұлғайтылды. Екінші топқа зейнетақылары 1994-1998 жылдары тағайындалған зейнеткерлер кіреді. Олардың зейнетақылары алып отырған зейнетақылары мөлшерінен 8,4 пайызына көтерілді. Үшінші топқа зейнетақылары 1998-2001 жылдары тағайындалған зейнеткеллержатады. Олардың зейнетақыларыларының мөлшері 2001 жылғы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен 8,4 пайызға көбейді. 2003 жылғы зейнетақы мөлшері 12 пайызға көтерілді, енді оның ең төменгі мөлшері 5000 теңгені құрайды.

Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдем ақылар жалпы ауруларға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда белгіленген басқа да жағдайларда тағайындалады.

Қызметкер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысында болған кезінде жұмысқа уақытша жарамсыздығы жағдайында әлеуметтік жәрдемақы еңбек демалысына дәл келген күндер үшін есептелмейді. Егер қызметкерлердің жұмысқа уақытша жарамсыздығы демалыс аяқталғаннан кейін де жалғасса, онда жәрдемақы қызметкер жұмысқы кірісуге тиісті күннен бастап есептеледі.

Егер еңбекке уақытша жарамсыздық еңбекте мертігуде немесе кәсіби ауруға байланысты болса, әлеуметтік жәрдемақыны жұмыс беруші еңбекке жарамсыздық орын алған бірінші күннен бастап, жұмысқа шыққанға дейін немесе мүгедектігі анықталғанға дейін заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақысының жүз пайызы мөлшерінде төлейді.

12 -Тақырып ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ РЕТТЕУ

  1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің түсінігі

  2. Макроэконмикалық тепе-теңдік және қаржы

  3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда- өзін-өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлееттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу- бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікрті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.

Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:

  1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу.

  2. қоғамның барлық мүшелерінің түпкілікті мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады.

  3. көзқарастарды білдіретін демокртиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің,әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы.

  4. шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегінісі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнаммалық жүйенің болуы.

Сонымен бірге қаржы тұтқаларының көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:

Материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржы ресурстарның жалпы деңгейін реттеу;

өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;

кәсіпорындардың, ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарт тәртібін қамтамасыз ету;

кәсіпорындарда, ұйымдарда фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;

кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкіөндірістік арақатынасын реттеу;

ел, аймақ, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық процестерді реттеп отыру.

Нәтижелікке, яғни мемлекеттік қаржылық реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұндай шарттарға мыналар жатады:

а) экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру;

ә) басқарудың барлық деңгейлерінде және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау;

б) нарықтық бастамаға, коммерциялық қызметтің, заңдағы ескертпелерден басқа қызметтің бірдей барлық түрлеріне еркіндік беретін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мемшігінің бүкіл нысандарының шынайы теңдігін жасау негізінде бәсекені кәсіпкерлікті дамыту;

в) жоғарыда аталған шарттардан туындайтын мемлекет шеңберінде де, халықаралық кооперация мен еңбек бөлінісінің артықшылығынан шығатын ынтымақтастықты дамыту жөніндегі экономикалық одаққа бірігетін бірнеше елдердің бірыңғай интеграциялық кеңістікті шегінде де салалар, өндірістер, аумақтар арасында өндірістің өзгермелі факторларының еркін кедергісіз ауысу мүмкіндігі.

Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның інінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практика мынадай реттеуіштерді жасады: салық салуда- салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде- шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану, амортизацияның нормалары, кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары. Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орын беріледі. Салықтардың көмегімен рентабелдіктің деңгейі мен кәсіпорындардың қарамағында қалатын ақша қорланымдарының көлемі реттеліп отырады. Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.

Валюталық- қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.

Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.