- •Fin 2301 Қаржы
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Тақырып. Қаржы, оның жұмыс істеуі және басқарылуы туралы ұғым
- •Жиынтық бақылау сұрақтарының қысқаша тізбесі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Экономика және қаржы жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер
- •Мерзімді басылымдар
- •III. Монографиялар, жинақтар
- •IV . Сөздіктер
- •V. Оқулықтар, оқу құралдары
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің оқу - жұмыс бағдарламасы
- •5В090800 Бағалау
- •Алматы, 2011
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сырттай бөлім
- •Кешкі бөлім
- •7. Пән мазмұны
- •8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Sillabys)
- •Алматы, 2012
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сырттай бөлім
- •Кешкі бөлім
- •7 Лекциялардың жоспары, осөж және сөж бойынша тапсырмалар
- •Бақылаудың нысандары
- •Студенттердің рейтингісін анықтау шкаласы
- •Студенттердің біліктілігін бағалау критерийлері:
- •11. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқау
- •“Қаржы және несие “ кафедрасы
- •Лекция жинағы «қаржы» пәні бойынша қысқаша лекциялар курсы
- •1. «Қаржы жүйесі» туралы ұғым, оның құрамы.
- •2.Жалпы мемлекеттік қаржы.
- •3.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •2. Қаржы механизімінің мазмұны мен құрылымы.
- •2.Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.
- •2. Мемлекет табыстарының мәні.
- •3. Мемлекеттің шығыстарының маңызы.
- •2. Салық жүйесі.
- •3. Салықтарды алуды ұйымдастыру
- •2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
- •2. Мемлекеттік борышқа түсініктеме
- •Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
- •Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •2. Макроэконмикалық тепе-теңдік және қаржы
- •3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •2. Бағалы қағаздар рыногі
- •3. Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары
- •4. Қор биржасы
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы
- •2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Сөж өткізу бойынша методикалық нұсқау
- •Халықаралық бизнес университеті
- •«Қаржы және несие» кафедрасы
- •Алматы, 2012
- •5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі, сырттай, кешкі және дистанциондық бөлімдерінің студенттеріне арналған «Қаржы» пәнінің курстық жұмысты орындау бойынша
- •Курстық жұмысты рәсімдеу бойынша қойылатын талаптар
- •Курстық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
- •Курстық жұмысты орындау бойынша қойылатын талаптар
- •Курстық жұмысты қорғауға қойылатын талаптар.
- •ҚазақСтан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті "қаржы және несие" КафедраСы
4. Қор биржасы
Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыноктің баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы- бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.
Қор биржасы қаржы құрылымдарымен мәмлелер жасауға арналған үй-жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.
Қор биржасының кірістері негізінен биржалық саудаға қатысушылар төлейтін жарналар мен алымдардан, биржаның акцияларын сатудан түскен қаражаттан, оның ақпараттық, консультатсиялық және өзге де қызмет көрсетуінен алынған қаражаттарынан құрылады. Олар биржаның өзінің фуекцияларын жүзеге асырумен, оның қызметінің кеңеюімен және жетілдіруімен байланысты шығыстарын жабуға бағытталады. «Бағалы қағаздар рыногінің инфрақұрылымы» ұғымы қолданылады, ол осы рынокті құқықтық қамтамасыз етеді, ақпаратты, депозитарлық және есептік-крилингтік желіні, тіркеуші органдарды қамтиды.
Қаржы рыногінің жұмыс істеуі мемлекеттік реттеуді талап етеді. Ол бағалы қағаздар рыногінің субъектілері қызметіне міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құқықтық актілер шығару, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды тіркеу мен оларда көзделген шарттар мен міндеттерді эмитенттердің сақтауын бақылауды жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылар және олардың өзін-өзі реттейтін ұйымдар қызметін лицензиялау және олардың қызметіне бақылау жасау және т.с.с. жолымен жүзеге асырылады. Қазақстанда мұндай функцияларды жүзеге асырушы орган Ұлттық банктің құрамындағы бағалы қағаздар жөніндегі департамент болып табылады.
Республиканың бағалы қағаздар рыногінде жасалып жатқан қадамдар соңғы кезде айәтарлықтай белсенді бола түсті. Стратегиялық тұрғыдан келгенде экономиканы сақтандыру, қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын жандандыру және жаңаларын құру үшін қажетті алғышарттар жасау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі табысты шаралар ғана Үкіметтің қаржы рыногінің өтімділігінің төмендігі проблемасын толық шешуіне мүмкіндік береді.
Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар рыногінің өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногінің субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария етке жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.
14 -Тақырып СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚАРЖЫ
Сыртқы экономикалық қызметтің және оның даму бағытының сипаттамасы
Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
4. Елдің төлем балансы
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушыларымен және халықаралық қаржы-кредит институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизімі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы эеонмикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Халықаралық байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
сыртқы сауда;
шетелдік инвестициялау: бірлеске кәсіпкелік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу, меншікті жалдау.
Елдің халықаралық қаржы- кредит ұйымдарына қатысуы: сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Дамыған елдердің экономикасында сыртқы экономикалық қызметтің маңызды құрамды бөлігін шет елдерде өнеркәсіп, азаматтық, көлік және басқа объектілер салу құрайды; алайда, қызметтің бұл түрі республикада іс жүзінде қаржылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен жоқтың қасы.
Арнаулы экономикалық аймақтарды- айрықша құқықтық және экономикалық режімі бар арнайы бөлінген аумақтарды қалыптастыру ерекше қызмет болып табылады. Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізінен қойылған.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түсті металдарға, материалдарға, отынға, астыққа және шала фабрикаттарға тиіп отыр.
Сонымен бірге қазіргі кезде өндірістің қалыптасқан құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі минералдық өнімдерге 61% тиеді, оның үстіне мұнай мен газ конденсатының үлес салмағы 60% құрайды. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі баптары мақта талшығы, астық және былғары шикізаты болып қалуда. Экспорттың тиімділігі оның қүрамын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажетсінетін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Импортта негізгі баптар машиналар, құрал-жабдық, көлік құралдары, приборлар, химия өнімдері, металдар мен оларды өндіруге арналған шикізат, басқадайбаптар болып табыладлы.
Қысқа мерзімді жоспарда импорттың экспорттан асып түсуі қолайсыз фактор болып табылмайды, өйткені отандық тұтынушылар қажетті тауарларды, әсіресе олардың меншікті рыноктегі тапшылығы кезінде көп алады. Төлем баланстарының орнықты және ұзақ тапшылықтары экономиканы күрделі қайта құруды, сауда тосқауылдары мен басқа шектеулерді қажет етеді, ұлттық валютаның құнсыздануына, елдің сыртқы берешегінің көбеюіне соқтырады.
