- •Fin 2301 Қаржы
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Тақырып. Қаржы, оның жұмыс істеуі және басқарылуы туралы ұғым
- •Жиынтық бақылау сұрақтарының қысқаша тізбесі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Экономика және қаржы жөніндегі заңнамалық және нормативтік актілер
- •Мерзімді басылымдар
- •III. Монографиялар, жинақтар
- •IV . Сөздіктер
- •V. Оқулықтар, оқу құралдары
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің оқу - жұмыс бағдарламасы
- •5В090800 Бағалау
- •Алматы, 2011
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сырттай бөлім
- •Кешкі бөлім
- •7. Пән мазмұны
- •8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәннің студенттерге арналған оқу бағдарламасы (Sillabys)
- •Алматы, 2012
- •6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Сырттай бөлім
- •Кешкі бөлім
- •7 Лекциялардың жоспары, осөж және сөж бойынша тапсырмалар
- •Бақылаудың нысандары
- •Студенттердің рейтингісін анықтау шкаласы
- •Студенттердің біліктілігін бағалау критерийлері:
- •11. Қолданылатын әдебиеттер тізімі
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті
- •Пәнді оқып білу жөнінде әдістемелік нұсқау
- •“Қаржы және несие “ кафедрасы
- •Лекция жинағы «қаржы» пәні бойынша қысқаша лекциялар курсы
- •1. «Қаржы жүйесі» туралы ұғым, оның құрамы.
- •2.Жалпы мемлекеттік қаржы.
- •3.Қаржы жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары.
- •2. Қаржы механизімінің мазмұны мен құрылымы.
- •2.Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негіздері.
- •3.Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру.
- •2. Мемлекет табыстарының мәні.
- •3. Мемлекеттің шығыстарының маңызы.
- •2. Салық жүйесі.
- •3. Салықтарды алуды ұйымдастыру
- •2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
- •2. Мемлекеттік борышқа түсініктеме
- •Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
- •Әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру
- •2. Макроэконмикалық тепе-теңдік және қаржы
- •3. Нарықтық тепе-теңдікке салықтардың әсері
- •2. Бағалы қағаздар рыногі
- •3. Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары
- •4. Қор биржасы
- •2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері
- •3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
- •4. Елдің төлем балансы
- •2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
- •Сөж өткізу бойынша методикалық нұсқау
- •Халықаралық бизнес университеті
- •«Қаржы және несие» кафедрасы
- •Алматы, 2012
- •5В050900 «Қаржы» мамандығының күндізгі, сырттай, кешкі және дистанциондық бөлімдерінің студенттеріне арналған «Қаржы» пәнінің курстық жұмысты орындау бойынша
- •Курстық жұмысты рәсімдеу бойынша қойылатын талаптар
- •Курстық жұмыстың құрылымына қойылатын талаптар
- •Курстық жұмысты орындау бойынша қойылатын талаптар
- •Курстық жұмысты қорғауға қойылатын талаптар.
- •ҚазақСтан республикасы білім және ғылым министрлігі халықаралық бизнес университеті "қаржы және несие" КафедраСы
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету қабілетін жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген, медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішнара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу тәуекелін сақтандырады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Кәсіпкелік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекеліі немесе кәсіпкелерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, қаржылық тәуекелді, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, жүктерді, мұнай операцияларын, және т.т. сақтандыру.
Өмірді сақтандыру- азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттілігін және басқа байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтандырушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа адам сақтандырылған болуы мүмкін.
Өмірді сақтандыру- сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі біткенге дейін немесе сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтық төлемді жүзеге асыруды көздейтін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Аннуитеттік сақтандыру- сақтандырылушы белгілі бір жасқа жетке, еңбек ету қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айрылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жеке басты сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың қызметкерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобилькөлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.
Са0тандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.
Мүлікті және жеке басты сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымы көрінетін оның функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы тараптардың сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорды қатаң мақсатты пайдаланудықамтамасыз етуге байланысты болатын нақты қатынастарда көрінеді.
Сақтық қатынастардың бұл бөлігінің баяндалған ерекшеліктері мүлікті және жеке басты сақтандыру өзіндік өзгешелігі бар дербес экономикалық категория болып танылады деп түйін жасауға мүмкіндік береді.
