Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Макроэконмикалық тепе-теңдік және қаржы

Экономиканы реттеу процесінде жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек теориялық сызбаларда ғана болатынын есте сақтаған жөн.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді қажет етеді: сұраным мен ұсыным, тауар және ақша массасы; жинақ ақша мен инвестициялар; инфляция және жұмыссыздық; еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу; қаржы ресурстары және қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары; бюджет тапшылығының мөлшері және оны жабудың көздері; төлем балансының активі мен пассиві.Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлтық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» * ұғымы пайдаланылады.

Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

1) шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынш;

2) кірістер бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан.

Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің (GNP) құны мына формула бойынша қалыптасады: ЖҰӨ (GNP)

Мұндағы: С- үй шаруашылығының немесе елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі,

Ig- жалпы жекеше ішкі инвестициялар;

тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік көтере сатып алу(өндірісті арттыратын трансферттік төлемдерді шығара отырып);

Xn- таза экспорт, яғни экспорт көлемініңимпорттан асып түсуі.

Барлық кірістердің сомасы бойынша ЖҰӨ-ні өлшеу мына элементтерді жинақтау арқылы жасалады:

  1. тұтынылған капиталдың көлемі;

  2. бизнеске салынған жанама салықтар;

  3. жалдамалы қызметкерлердің жалақысы;

  4. ренталық төлемдер;

  5. пайыз (ақшалай капиталдың жеткізушілеріне жекеше бизнестің ақшалай табысын төлеу);

  6. меншіктен түсетін кірістер;

  7. корпорациялар пайдасы.

Бұдан әрі, жалпы ұлттық өнімнен ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға аударылатын аударымдар, яғни амортизациялық аударымдар арасындағы айырма ретіндегі таза ұлттық өнім (ТҰӨ)бөліп шығарылады.

Салықтар тұтыну мен үндеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін кірістердің қысқаруын тудырады.

Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстарының графигінің ауысуын жәнеТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.

Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның кірістердің тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

,

мұндағы: Т- салықтық төлемдердің мөлшері.

Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады(МРС пен МРS- тің осы мөлшері кезінде). Кірістер мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін теңдестірілген бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Сонымен, теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

мұндағы: - теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы;

- шығыстардың мультипликаторы;

- салықтардың мультипликаторы.