Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық және әлеуметтік қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастады.

Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:

1) блейімделу саясатын жүргізуге немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық мөлшерлемелерді, инвестицияларды индестеу жөнінде шаралар қолданылады; компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.т.

2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.

Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік-экономикалық, құқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десек те олардың шешушісі базалық, өндірістік-экономикалық сфера болып табылады.

Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды шектеудің әр түрлі әдістерін қамтиды;

1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту;

2.Барлық кредит ресурстарын қымбаттау және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында орталықтандырылған кредиттер үшін қайта қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін арттыру.

3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық банктердің кредит экспансиясын шектеуге жету үшін Орталық банктің коммерциялық банктерге резервтік талаптарын арттыру.

4. сондай мақсаттарда Орталық банктің кредиттерін тікелей қысқарту.

Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл процесті бюджет сферасында да, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қарасты материалдық өндіріс сферасына да таратуды қажет етеді.

Жалпымемлекеттік және жергілікті деңгейлердің бюджет шығыстары жайында басты бағыт барлық мүмкін болатын баптар бойынша оларды барынша қысқарту болып табылады. Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды, тіркелген кірістері бар қызметкерлерді қорғау жөніндегі өміршеңдік маңызды әлеуметтік қажеттіліктер қамтамасыз етілуі тиіс.

Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы жетуге болады:

а) тура әдістермен- шектеумен, яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті мемлекеттік органдардың өкімі негізінде қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды мәжбүрлеу арқылы;

ә) секвестрлеу әдісімен- барлық шығыстарды әр түрлі факторлармен анықталатын төмендетудің берілген жалпы мөлшеріне сәйкес пропорционалды төмендетумен;

б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;

в) мемлекеттік бюджет тапшылығының деңгейін шектеумен.

Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту дамудың көптеген ұлттық бағдарламаларының іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әр түрлі лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды және тағы сол сияқты шалады.

Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші типін- шығындардың өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын шешу неғұрлым қиынырақ болып келеді:

  1. жалақыны көбейту;

  2. ұйымдық сипаттағы себептер бойынша шаруашылық механизімінің бұзылуына байланысмты еңбек өнімінің төмендеуі;

  3. шикізат және энергетикалық ресурстар иелерінің инфляциялық тосулары, осыған қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне бағаны көтереді.

Өндіріс шығындарымен байланысты болатын инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет етеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ