Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстык жумыс методичка.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің нысандары мен әдістері

Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

  1. сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

  2. салық салу;

  3. инвестициялау;

  4. сыртқы қарыз алу;

  5. сыртқы берешек;

  6. экспортты қаржыландыру.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялау мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокті толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.

Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдердің тауарларының бағасын өзгертеді және керісінше, отандық тауарлардың бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Сөйтіп, бұл өзгерулер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді, ұлттық валюта бағамының басқа елдердің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды.

Мемлекеттің валюта бағамдарының жүйесі икемді немесе тіркелген валюта бағамдары түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.

Икемді бағамдар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранымы мен ұсынымы негізінде жүзеге асырылады, тіркелген бағамдар жұйесі кезінде ұлттық валютаның алтынға немесе басқа тұрлаулы валютаға белгілі бір қатынасы белгіленеді; екінші жағдайда мемлекет бұл арақатынастарды реттеп отырады, сөйтіп елдің төлем балансының теңгерімділігіне жету мақсатында валюта рыногінің қызметіне араласады. Бұл орайда шетелдік валюта бағамының кемуі экспорт кезінде құнның импорт кезінде өтелінетін шығысын тудырады және керісінше, бұл бағамның көтерілуі кезінде ысыраптар импорт кезінде пайда болады, бұл қосымша экспортпен жабылуы тиіс.

Импорт кезінде шетел валютасы бағамының жергілікті валютаға салыстырмалы төмендеуі жергілікті рынокте мүмкіндіктердің кеңейгендігін білдіреді және керісінше, бұл бағамның артуы импортталатын тауарларға бағаның өсуіне байланысты рыноктің тұқыруына ұрындырады.

3. Валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағында валюта тиүсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.

Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға мыналар жатады: тауарлар мен қызметтерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;

Экспорт –импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуды жүзеге асыру;

180 күннен аспайтын мерзімге кредит беру және кредиттер алу;

депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидентер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;

сауда түріне жатпайтын ақша аударймдары, оған қоса гаранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:

Инвестициялар;

Жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша аударымдары;

180 күннен астам мерзімге экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит беру және алу.

Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

Экономиканың мемлекеттік секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім-ақшадан;

Тауар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдарінен;

Валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленгенайыппұлдар мен өсімнен;

Шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

Валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.

Валюталық ресурстар көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агентері де банкаралық биржадағы валютаны сатып алушылар бола алады.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

  1. Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды»- елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттықө валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;

  2. Қаржы министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жүмысын қаржыландыру үшін;

  3. Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді – тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;

  4. Басқарудың жзергілікті органдары- коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңды тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің қарап шешуі бойынша жұмысалады.