Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

28 Ғтп және бухгалтерлік есептің дәстүрлі жүйесін қайта қалыптастыру (1921-1929 жж)

Жаңа экономикалық саясат шаруашылықты әсерлі нысанда туғызды.

Рахмилий Яковлевич Вейцман – Россия бойынша москвалық баланстық мектебінің идеяларын дамытты және таратты.

Ол үшмүшелі баланстық теңдеуден шықты: А = С + К, мұнда

А — актив, С — капитал, К — кредиторлық қарыз.

Оның ерекшеліктері: 1) есептің негізінде баланстық теңдеу жатыр А=П, яғни актив пассивке тең; 2) шоттар баланстан шығады, ал оның теңдеуі екі жақты жазбаның ережеге себепшісі; 3) шоттар активті ж\е пассивті болып бөлінеді; 4) балансты оқып бастау керек, жалпыдан жекеге.

Николай Семеновияч Помазков өз идеяларын абсалютті балансты оқыту деп атады. Оның теориясы құрам б\ша ж\е шығуы б\ша екі есе мүшелеу тек дербес жағдай бар – абсолютті – шексіз қатардан мүмкін мүшелеуден тұратын бухгалтерлік баланс үлгілері . Н. Александрович Блатов айырбас теориясының ірі өкілі. Ол екі жақты жазба әрдайым ұйымдардың табиғи айырбас құндылықтарын көрсетеді деп тұжырымдаған. Айырбас әрдайым эквивалентті болуы қажет, сонымен қатар екі жақты жазба табиғи айырбас нәтижесі болды.

Айырбас теориясы құндалықтың үш басты теориясын көрсетті: ақшалай, заттай ж\е шартты .

Н.А.Блатов баланстың класификасының авторы. Иван Романович Николаев бухгалтерге үш талап қойды: 1) өзі жұмыс істейтін ұйымның ерекшеліктерін жақсы білу керек; 2) Қатал болу крек; 3) әр келісімнің ерекшеліктеріне тез үйрену қабілеті болу керек.

А.П. Рудановскийдің өнімді есепке алу туралы қамқорлығы, оны зат ж\е шоттар әдісін жүргізу туралы жаңа оқуды жасауға итермеледі. Зат деп ол балансты түсінді, шаруашылықта объективті өмір сүрген баланс. Рудановский әдісті затты тану құралы деп түсінді: тіркеу, жүйелеу, бағалау, дұрыстау.

Тіркеу – статистикада бақылауға сәйкес келеді.

Жүйелеу – бухгалтерлік есептің шоттарының құрылуының ережелері.

Дұрыстау – екі жақты жазбамен орындалатын баланстық шот б\ша шар\қ операцияларды орналастыру.

Бағалау - қаржылық нәтижені шығару

Рудановский көп із қалдырды: 1) ескі «капитал» түсінігінің орнына жаңа «фонд» түсінігін енгізді; 2) «іске асыру» шотына дәлел берді. 3) әдістемелік сұрақтар б\ша бухгалтерді тек бас бухгалтерге бағынышты етті. 4) жинақталған тізім қағидаларын енгізді.

29. Социализм кезіндегі бухгалтерлік есеп (1930-1990жж).Социализм кезінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда түбегейлі өзгерістер жасауға себепші болған жаңа қоғамдык қатынастар қалыптасты. Есеп бүкіл мемлекет ауқымы бойынша реттелді. Барлық бас бухгалтерлер бірдей құқықтар мен міндеттерді, барлығы бірдей ережелерді есептердің бірынғай жоспарларын басшылыққа алды, халық шаруашылығының әрбір жеке саласына арналып жасалған нұсқаулар қолданылды. 30-ж бастап шаруашылық және шаруашылық ішкі есептер дамыды. 40-50 ж бухгалтерлік есепте оперативті-бухлік (сальдолық) тәсіл мен есептің журналдық-ордерлік формасы қолданыла бастады. 50-жылдардың ортасынан экономикалық ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын есептегіш техниканың жаппай тарауы басталды. 60-жылдардың ортасында бухгалтерлік есеп дамуының жаңа кезеңі болып өтті. Мұның негізгі жолдары орталықтандыру мен есепті механикаландыру еді. Жоғарыда айтылғандарға сүйене келе, бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Мүліктілік (пайда болған сәттен бастап XIII ғ. дейін). Тек қана тауарлар, жабдықтар (таразылар, гирьлер, сөрелер және т.б.) есепке алынды. Интегралды (ХШ - XVII ғғ.) - есепте ақшалай өлшем қолдана бастады. Әуелі монетаның сан түрі сол жердегі кең таралған монетаның біріне аударылатын коэффициентке қайта есептеліп, сонан соң тауарлар да тек қана заттық емес, ақшалай өлшеуішпен де есептеле бастады. Осылайша есептің екі: заттай және ақшшіай сызбасы бөлініп шықты. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда болды. Синтетикалық(ХҮП-ХІХ ғғ.). Есеп объектілерінің көптігі, тауарлық номенклатураны саралау (дифференциация), шаруашылық қызметі көлемінің өсуі синтетикалық шоттардың бөлініп шығуын тудырды және соған орай барлық шоттарды синтетикалық және талдамалы деп бөледі. Осының арқасында шаруашылық қызметті талдауға жағдайлар жасалды. Методологиялық (XIX ғ. бірінші жарт). Бухгалтерлік есептің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынастар да болатынын жете түсінді.Коллациондық (XIX ғ. ортасы). Мамандар шаруашылық процеске (коллация -бөліске түсетін мүлік, статистикалық мәлімет) қатысатын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік тәсілдер жасай бастады. Бір желі арқылы өзара байланысқан дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік жазба пайда болды.Механикалық (XIX ғ. соңы). Механизацияның әсіресе кассалық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдандырады және есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырады. Операциялық (XIX ғ. соңы - XX ғ. басы). Түскен тауарлар көптеген ғасыр бойы сатып алынған бағасы бойынша, ал оларды есептен шығару сату бағалары бойьшша жүргізілді.

30. ХХ ғасырдағы Германиядағы бухгалтерлік есеп.ХХ ғ неміс ғалымдарының зерттеу обьектісі «бухгалтерлік баланс» болды. Балансқа зерттеу жүргізе отырып, басқа да есептік категориялар зерттелді. Неміс мектебінің өкілдері балансты екі түрге бөлді: Статикалық, Динамикалық. Статикалық - белгілі бір күнге ұйымның шаруашылық қаражаттарының жағдайын, олардың өзгеру себептерін және ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайды. Динамикалық - бұл ұйымның өткен жұмыстарының қорытындысы және ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді. Статикалық баланстың негізгі өкілдері: Г. Никлиш; Т. Хольцер; В.Ле.Кутр; Г.Никлиш(1876-1946) статикалық баланс туралы идеяны өзі жасаған жоқ. Ол тек осы түсінік бойынша идеяларды жалпылады. «Баланс» - түрленген құрал жабдықтар тізімі және баланстың пассив бөлігі меншік иелері мен кредиторлардан тұрады, шоттар активті және пассивті деп бөлінеді. Т. Хольцер: «Баланс» - бұл өзіндік құнды есептеу құралы деді. Ол баланстың мәнін анықтау кезінде оның сыртқы формасына көңіл бөлді. Осыған байланысты Хольцердің статикалық баланс туралы ілімі «квантефикациялық баланс» деп аталады. Яғни баланста сапалық белгілердің сандық өлшемі түрінде көрсетіледі. Статикалық түсінік бойынша негізін қалаған В.Ле.Кутр(1885-1965) баланс бұл белгілі бір жағдайдағы ұйым активтері мен пассивтерін көрсетеді. Кутр: «баланс мақсаты» деп мынаны айтады: Мүліктерді көрсету; Шаруашылық процестерін бақылау; Ұйым пайдасын есептеу; Қаржылық есептіліктің бір нысаны; Ол баланстың активін 5 бөлімге бөлді: Негізгі және айналым капиталы; Шаруашылық қызметке тікелей қатысы жоқ қаражаттар; Әлеуметтік мәдени салаға салынатын қаржылар; Ұйымды басқару саласына салынатын қаражат; Ұйымда пайдаланылмайтын қаражат. Пассивті 3 бөлімге бөледі: Кредиторлық қарыздар; Меншікті қаражаттар; Пайда. Сонымен, Кутрдың пікірі бойынша: «Баланс - ұйымның шынайы сипаттамасы, яғни статика динамикадан маңызды». Сонымен бірге, ол баланс екі қағидаға негізделе отырып құрылады: Түсініктілік; Шынайылық. Динамикалық баланс туралы ілімнің негізін қалаған неміс бухгалтері Э. Шмалэнбах(1873-1955). Ол балансты зерттей отырып, келесідей анықтама берді: «Динамикалық баланс - бұл ұйымның қаржылық нәтижесін көрсетеді және міндетті түрде материалдық және қаржылық айналымдар арасындағы қатынастарды ескереді». Ол балансқа зерттеу жүргізу арқылы негізгі құралдардың есебіне көңіл бөлді. «Негізгі құралдарды істен шығарған кезде жинақталған амортизация сомасы сондай негізгі құралды сатып алуға мүмкіндік беру қажет» деді. Амортизация дегеніміз - тозуды есептеу. Балансқа есептеу жүргізе отырып, шоттарды жіктеуді капитал қозғалыстарымен байланыстырды. Осы жіктеу «Шмалэнбах постулаты» деп аталатын ережені жасауға мүмкіндік берді. Ол меншікті қаражаттар мен негізгі құралдардың қалдық сомаларының арасындағы айырма кредиторлық қарыздар мен айналым қаражаттарының қалдық сомаларының арасындағы айырмаға тең болады. 1942 жылы Шмалэнбах жасаған бухгалтерлік есепті жүргізудің шотты жоспары Германияда барлық ұйымдар үшін міндетті болып енгізілген. Ол шоттардың жіктелуі мен номерленуін ондық қағидаға негіздеген. Яғни әрбір шот екі цифрдан құралады. Динамикалық балансты қлдаушылардың бірі – Риггер(1878-1971) Идеясы баланс тек қана қаржылық болуы мүмкін деген пікір айтты және бухгалтерияда тек ақшалай өлшем бірлігі ғана қолданылады деді. Сонымен, Риггердің идеясы бойынша бухгалтерлік есептің мәні шаруашылық процестерінің ақша қаражаттарының қозғалысы болып табылады. Бухгалтерлік есептің міндеті ақша айналысына бақылау жасау болып табылады. Бухгалтерлік есепке байланысты, Риггер келесідей ережелер жасаған: Ұйым пайдасы дегеніміз ұйымның қызмет етуі барысында алынған қаражаттар мен сол ұйымды ашу кезінде жұмсалған қаражат арасындағы айырма болып табылады. Бухгалтерлік есеп обьектісі төлем жасалған мүлік. Әрбір шаруашылық операциясы екі элементтен тұрады: а) пайда б)зиян.

31. ХХ ғасырдағы Франциядағы бухгалтерлік есеп. ХХ ғасырдағы Франциядағы бухгалтерлік есеп екі бағыт бойынша дамыды:Заңнамалық, Экономикалық. Заңнамалық бағыттың өкілдері Г.Фор;П.Гарнье;М. Саватье;Фор: «Бухгалтерлік есеп - бұл шаруашылықтың субьектілері жүргізілген шаруашылық құбылыстарын тіркеу әдісі туралы ғылым»деді.Әрбір тұлғалар бухгалтерлік есеп шоттарымен тығыз байланысты. Сондықтан ұйымдағы шот саны ұйыммен байланысты тұлғалар санына байланысты болды. Гарнье: Барлық шаруашылық операцияларын 3 түрге бөлді:Заңнамалық операция (сатып алу сату, жеткізу, жалға беру туралы келісімшарт), Экономикалық операция (бағалар мен тарифтердің өзгеруі), Материалдық операция (табиғи апаттан болған шығын). Ол: субьектілердің еркіне әсер ететін операцияларды «заңнамалық» деді.Ал оның еркіне тәуелді емес операцияларды «экономикалық» деді.Ал ұйымдағы шаруашылық процестерінің әсерінен болатын операцияларды «материалдық»деді.Ол шотты екі топқа бөлді: Баланстық (актив, пассив), Басқарушылық (шығын, кіріс). Ол: «Бухгалтер дегеніміз - өзінен кейінгі адамдар үшін жұмыс істейді, яғни ол мәліметтерді талдайтын және пайдаланатын әкімшілік үшін қызмет етеді». Саватье танымал француздық заңгер болды. Ол бухгалтерлер мүліктермен емес, мүліктерге деген құқықпен жұмыс істейді. «Есеп - белгілі бір құқықтық қатынасты сандық түрде көрсету әдісі». Сондықтан, талаптар мен міндеттемелерге мән берді, яғни талаптар баланс активінде, міндеттемелер баланс пассивінде көрсетіледі. Осы талаптар мен міндеттемелердің өзара арақатынастары арқылы экономикалық тұрақтылық анықталады.Экономикалық бағыт өкілдері төрт мектепті құрады:Есепті «капитал» түсінігімен байланыстыратын мектеп. Негізгі өкілі Ш. Пангло.Ол: «Бухгалтерлік есеп ұйым капиталының айнасы»деді, яғни, ұйым капиталын құрайтын элементтерді өлшеуге арналған өте сезімтал құрал деп көрсетті. Бухгалтерлік есепті құн категориясымен байланыстырды. Негізгі өкілі Ж. Б. Дюмарше.Ол: «Бухгалтерлік есеп құнның алатын орнын түсіндіруге тырысты және құнды өлшейтін есептік өлшем ақша қаражаттары байланысты болып табылады». 1944 жылы Дюмарше «бухгалтерлердің Гербін ойлап тапты». Ол 3 фигурадан тұрады:Күн бухгалтерлік есеп шаруашылық қызметті жарықтандырады.Таразы баланс- Бернулли қисығы есеп бір кезде пайда болды және ол мәңгілік. Бухгалтерлердің негізгі девизі «Ғылым. Ұят. Тәуелсіздік». 1946 жылы Францияда «Дюмарше Гербі» бухгалтерлердің символы ретінде қабылдады.Бухгалтерлік есеп жүргізілген шаруашылық операцияларын байланыстырды.Негізгі өкілі Р. Делапорт.Ол: «Бухгалтерлік есеп есептік мәліметтерді пайдаланатын кез келген ғылымға қажетті ақпараттарды алу мақсатымен шаруашылық операциясын тіркеу, топтастыру, жіктеу үшін қолданылатын ғылым». Делапорттың енгізген жаңалықтарының бірі «Бухгалтерия басқарушы қызметтің кешені». Қызметтері: Статистикалық, Экономикалық, Қаржылық, Бюджеттік, Басқарушылық, Бақылаушылық, Салыстырмалылық(талдамалылық). Бухгалтерлік есепті «ұйым»түсінігімен байланыстырды.Негізгі өкілі Ж. Фламминг.Ол: «Есеп» түсінігін жалпы ұйым түсінігімен байланыстырды. Ол бухгалтерлік есеп басқару ғылымы(менеджмент) бірігуі ғана бухгалтерияға шынайы мән береді. Бұл мектептің өкілдері бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты ұйым мүліктерінің құнын ақша қаражаттары түрінде есептеу және меншікті капиталдың көлемін анықтау деп көрсетті.

32. ХХ ғасырдағы АҚШ және ағылшын тілді елдердегі бухгалтерлік есеп. ХХғ АҚШта есеп теориясының ғылым ретіндегі негізін қалаған Ч.Шпруг. Ол алғашқылардың бірі болып университетте «бухгалтерлік есеп курстарын» жан жақты оқытқан. ХХ ғасырда американдық бухгалтерияның қол жеткізген табыстарының бірі бухгалтерлік пайда және экономикалық пайда деген түсініктерді бөліп қарастыруы болды. Олар бухгалтерлік есеп есептелінген пайда шаруашылықтарының қызметтің нақты нәтижесін көрсетпейтіндігін түсіндірді. Бухгалтерлік пайда - тауарлар мен қызметтерді сату нәтижесінде анықталады. Экономикалық пайда - капитал қозғалысының нәтижесі. Осы түсініктердің арасындағы айырмашылықты экономист И.Фишер былай түсіндіреді: «Пайда әкелетін капиталды өнім әкелетін бақпен салыстырады. Бухгалтерлік есеп тұрғысынан, бақтың құны оған төленген ақша қаражаттарымен анықталады. Ал, экономикалық тұрғыдан, бақтың құны өндірілген өнімдердің құнымен анықталады. Ол үшін мысалға қаржылық құрамдарды алсақ болады(акция, облигция)». ХХ ғасырда АҚШтағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы жетістіктің бірі- қаржылық есеп және басқарушылық есеп. Қаржылық есеп - жүргізілген шаруашылық операцияларын шоттарда тіркеу үшін жүргізілетін есеп. Бұл мәліметтер құпия болып саналмайды, сондықтан да арнайы есеп түрінде жарияланады. Басқарушылық есеп - «өндірістік есеп» деп аталады. Өзіндік құнды калькуляциялау және шығындарды есептеу үшін жүргізілетін есеп. Басқарушылық есепті американдық бухгалтер Роберт Антони енгізген және осы мәселе бойынша көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ол: «Басқарушылық есеп ұйымды басқару үшін қажетті ақпараттарды жасайды» деген. АҚШтағы бухгалтерлік есептің тәжірибелік тұрғыдан бақылаушы «контролер» лауазымының пайда болуы әсер етті. Ұйымдағы бухгалтерлік есеп құрылымының келесідей бөлімдері пайда болды: Жоспарлау, Қаржылық, Материалдық, Өндірістік.ХХ ғасырда АҚШта шығындар есебіне көп көңіл бөлінді. Американдық бухгалтерлер шығындар есебінің 4 негізгі әдісін қалыптастырды: Стандарт костс, Директ костинг, Жауапкершілік орталықтары, АВС әдісі, «Стандарт костс» ережелері: Барлық шығындарды стандартты нормативтермен салыстыра отырып, көрсету; Нақты шығындарды стандарттармен салыстыру кезіндегі артық немесе кем болу себептерін көрсету; «Директ костинг» ережелері: Шығынды бөлу: тікелей және жанама. Тікелей шығын өзіндік құнның негізін, жанама шығын өзіндік құнға енгізілмейді, себебі олар өндіріс процесіне тікелей байланысты емес. 1936 жылы осы идея ұсынылған, 1960 жылы АҚШ та пайдаланылған. Тікелей шығын өнімді өндіруге жұмсалған шығындар. Жауапкершілік орталықтары: бұл есептің заңнамалық бағытына ұқсас. Мақсаты - шығындарды ұйымдағы жауапты тұлға боынша бөлу, сол арқылы әкімшілік үшін бақылау жүргізуге жағдай жасау; АВС әдісі: Мақсаты шығындарды өндірістік және басқарушылық қызметтері бойынша бөлу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]