Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

64 XVIII ғ. Аяғы мен XIX ғ. 1-ші жартысындағы Ресейдегі есептің дамуы

I Петр тақта отқан кезде, бух.есепке көп көңіл бөлінген, есепті ұйымдастыру ережелері мемлекеттік акт түрінде шығарылған. 1714 жылы мем.актілерде келесідей сұрақтар талданған:

  1. Жазбалардың уақытылы жүргізілуі және есептің жылдам болуы;

  2. Кіріс-шығыс есептерінің күнделікті жүргізілуі;

  3. Жауапты тұлғалардың персоналды қатаң түрде бағынуы.

Орыс есебінің тарихындағы үлкен жаңалық 1722 жылы шығарылған регламент болып табылады. Онда бухгалтер, дебит, кредит ұғымдары жазылған, сонымен қатар ірі кәсіпорындарға регламент шығарудығ қажеттілігі айқындалған.

Мемлекеттік металлургия заводтарында есеп «С» кредит, «Д» дебит кітаптарында жүргізілді. Мұндай кітаптар материал топтарына байланысты 12 болған.

I Петр тұсында есепті ұйымдастыру әкімшілік реформаларға байланысты қайта қарлған болатын, көптеген шет елдер үлгісіндегі, әсіресе швед тәжірибесінен, заңнамалық актілер, ережелер қабылданған болатын. Бұл қайта ұйымдастырудың екі мақсаты болды:

  1. Меншікті сақтануын бақылаудың күшейтілуі;

  2. Қазынаның кірістерін көбейту.

Ресейде екі жақты жазудың пайда болуына батысеуропалық әдебиеттер әсер етті. Алғашқы аудармашылардың бірі М.Д.Чулков, екі жақты жазудан тәнті едә. Аударылған жұмыстарда есеп жүргізудің көптеген формалары кездеседі: ескі итальяндық, француздық және неміс. Саудадағы есептің өзіндік ерекшелігі болды. Көп бухгалтерлер өзіндік құны бойынша бағалау принципін ұстанды. Саудадағы бух.есеп жүйесі 1800 жылы Банк жарғысымен енгізілген және 1834 жылы қабылданған саудагерлердің сауда кітаптарын жүргізу жүйесі туралы заң бойынша реттелді.

XIX ғ.I жартысында К.И. Арнольд, И. Ахматов, Э.А. Мудров және И.С. Вавилов сынды бухгалтерлердің ықпалын бухгалтерлік есептің орыс мектебі құрылды. 1809 жылы И.Ахматовтың Санкт-Петербургта «Итальяндық немесе есеп беру бухгалтерися» деген еңбегі жарық көрді. Ахматов бойынша бух.есеп саяси экономияның бір бөлігі және есептің пәні шаруашылық емес, оның есептегі көрінісі. Бұл автордың зерттеулерінің негізінде хронологиялық жазбалар тұрды, олар Мемориалды кітапта 6 міндетті реквизиттармен көрсетілген: 1.Куні; 2.Іс әрекет, яғни не істелінді’ 3.Кіммен; 4.Қалай және қашан төлем жүргізіледі; 5.Мөлшері және құрылымы 6. Бағасы. Журналды жүргізу тәртібі итальяндық және француздық формалар бойынша жүргізілді.

Мудров Э.А. екі жақты жазбаны, кәсіпорынның шаруашылық айналымын сипаттауға болатын үлгі ретінде қарастырды. Ахматовқа қарағанда Мудров хронологиялық жазбаға емес жүйелі жазбаға көңіл аударған. Барлық жазбаларды ол мүліктік, жеке және көмекші деп бөлді. Оның ойынша екі жжақты жазба шаруашылық айналымдар табиғатынан өздігінен пайда болады. 1846 жылы ол мынадай теңдікті ұсынды:

A – b = c, мұндағы a - актив, b - кредиторлық қарыз, c - капитал; және баланс теңдеуі a = c + b.

Баланс негізіне Мудров сальдо есептеу уақытындағы жеке мүліктер сомасын енгізді.

Қорыта келе, XIX ғасырда орыс бухгалтериясында екі жақты жазба көбінесе өндірісте емес, саудада қолданды. Мемлекеттік мануфактура дербестік принципіне сай жұмыс істемеді, бірақ соған қарамастан өндірістік есеп сауда есебіне қарағанда бір қадам алда жүрді.

65. Есептің ғылым ретінде қалыптасуы (19 ғ – 20-ғ басы) «Бухгалтерлік есеп» саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдан бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы испаниялық белгілі ғалым Б.Де Солозано «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді» - деген болса, оның әріптесі Американдық ғалым-экономист П.Самуэльсон «Біздің ғасырымыз – машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады»,- дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А.Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»,- деп айтса, немец ғалымы Рихард Эдлер Фон Мизес «Есеп – бұл бизнестің арожданы, ұяты»,-деп жазған.

Тарих әрқашан адамдарды қызықтырды, әрбір адам өз отанының, өз отбасының, өз ғылымына тарихы туралы білу маңызды. Тарих мыналарды түсінуге мүмкіндік береді:жүріп жатқан процесстердің динамикасын ашып көруге, олардың заңдылықтарын сипаттауға;

  • даму процесстерімен байланыста үзілістерді көрсету;

  • қолданылатын әдістерін эволюция қарастыруға және категориялар қар;

  • жалпы тұжырымдардың ашуын бақылауын;

  • тек адамдарды ғана емес, проблемалар мен шешімдірдің тарихын көр

  • мамандардың жаңа өзгерістерді дұрыс бағалауды үйрету;

  • практикада шешілген тапсырмаға шолу жасауға, өйткені тарихан тыс бухгалтерлер бірдей проблемаларды қайта-қайда шешуден мәжбүр болады;

  • болашақ ақпараттарды ғылыми мұра ретінде қалдыруға, ол жаңа ойларды іздеуді жеңілдетеді;

  • көп ғасырлық құпияларды ашуға, өйткені бухгалтерлік құжаттар тарихтың тұп нұсқаларын ашып көрсетеді.

Ғылымның тарихын зерттеу туралы сұрақ күман туғызбайды. Сонымен қатар ғылымның даму дәрежесі, оның тарихын зерттеу дәрежесімен анықталады.

Қазіргі кезге дейін бухгалтерлік есептің пайда болуын төменде көрсеткендей түсіндіруге болады.

  1. 6000 жыл бұрын бұл кезде шаруалық өмір деректерін мақсаты тіркеу-тіркеп отырып басталды;

  2. 500 жыл бұрын бұл кезе Лука Пачолидің кітабы жарыққа шықты және өсиеттер сипаттауға басталды;

  3. 100 жыл бұрын бірінші теориялық құрастырмалар пайда болған кез.

66 Бухгалтерлердің кәсіби этикасы. Кәсіби мамандық атқару үшін теориялык негіздегі білім және іс-тәжірибеден дағдыланған ой мен сана қажет. Жоғары дәрежедегі кәсіби мамандық деңгейіне жету үшін интеллектуалды және кәсіби терең білім керек.    Осы заманда бухгалтерлік кәсіби қызмет атқарушылардың арнайы білімі, кәсіби мамандық талабына жауап берерлік ой-санасы, іс-тәжірибесі, этикалық нормалар тәртібін сақтайтын кісілік қасиеті, қоғамдық мүддені қолдайтын қадыры мен  беделі болуы керек.      Бухгалтерлік  есеп кәсібінің деңгейі бухгалтерлерге деген қоғамдық сенімнің артуына  қарай жетілдіріліп отырады. Ал қоғамдық сенімді ақтау үшін бухгалтерлер өз жұмысын жетік біліп, сенімді және сапалы атқарып, тәуелділікке түспеуі керек. Арнайы ережелер мен нұсқаулар, сондай-ақ есеп әдістерін қолдану кезінде бухгалтерлер үш топтың; қоғамның, қатысушы клиенттердің, басқа да әріптес бухгалтерлерің мүддесінен шығу жолдарын анықтауы қажет. Осы жоғарыда айтылғандардың негізі сақталған жағдайда бухгалтерлердің этикалық нормасы қалыптасады және ол жетілдірілініп отырады. Кәсіби  мамандардың жан-дүниесі таза болып, ақылы мен ой санасын жетілдіріп, байқаушылық пен болжампаздық қасиетін сақтап, іскерлік әрекетке қатысушылар мен басқа да клиенттердің айтқанын түсініп, өз кәсібін аса бір біліктілікпен орындайтын қасиеттері болуы керек.     Бухгалтерлік кәсіби қызмет атқарушы адамдар таза, сапалы жұмыстар атқарып, өз мамандығын сыйлап, ешқандай да «келісім» әрекеттерге бармауы керек. Бухгалтерлік кәсіп атқарушы мамандар өздерінің тәуелсіздігін төмендетпей, жұмыстың сапасын арттырып, ешкімді де алдамай, адастырмай, аудиторлық қызметін сатпай, пайдакүнемдікке (меркинтилизм) салынбай, басшының берекесіздігіне қарсы тұрып, бағаның дұрыс қойылуын қадағалап, жоғары деңгейде сапалы қызметтер атқаруды мақсат тұтуы керек. Нарықтық  қатынастар заманында бухгалтерлік кәсіп атқарушылар төмендегі  келеңсіз жағдайлардан және сырттай  күш көрсетіп, пайдакүнемдікке салынушылардан сақ болуы керек. Ол үшін: Біріншіден, өз қаражаттарын белгілі бір бизнеске сомалап салмай, құнды қағаздарға заңсыз иелік етушілік пен көп мөлшерде дивидент алғысы келетіндерді қатыстырмау. Екіншіден, қабылданған және экономикалық өмірге енген бухгалтерлік есеп стандарттарынан  ауытқымай жалған ақпараттар жасаушыларды, өтірік пен  алдауға итермелеушілерді жақындатпау. Үшіншіден, қатысушы клиенттер салық төлемей, салық төлеуден қашып, салық органдарына  жалған мәліметтер беруді мақсат тұтушылардың жолдарын кесу.     Төртіншіден, қатысушы клиенттердің ұсынған парасын алмау.     Бесіншіден, басшылар мен әріптестердің есеп мәліметтерін өзгертіп, әкімшілік шығындарын азайтып көрсету жөніндегі «кереғар ұсыныстарын» қабылдамау.  Кәсіби  бухгалтерлердің этикалық кодексі  бақылау, талдау және тексеру мен  шара қолдану механизмдерін іске асыруға бағытталуы керек. Мұның үшін кәсіби бухгалтерлер, бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалы жасалуын қамтамасыз етіп, жоғары дәрежедегі кісілік идеяны сақтауы керек.     Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлердің  этикалық кодексі әлі күнге дейін  ресми түрде жасалмай келеді. Өркениетті елдерде бухгалтерлердің этикалық кодексіне үлкен мән берілген. Мысалға, Американдық бухгалтерлер қауымдастығы 1986 жылы «Бухгалтерлік  білімнің мақсаты мен маңызы және болашақтағы құрылымы» туралы ресми құжат қабылдаған. Бүл құжатта бухгалтерлерді оқытудың жаңа бағдарламасы жасалып, техникалық және этикалық тұрғыдан бухгалтерлер даярлау ісіне талаптар қойылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]