- •1. Бухгалтерлік есептің даму кезеңдері
- •2. Ежелгі Египеттегі есеп
- •3. Ежелгі Грециядағы есеп
- •4 Ежелгі Римдегі есеп
- •5. Орта ғасырда бухгалтерлік есептің реттелуі
- •6.Орта ғасырда ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебін жүргізу ерекшеліктері
- •7. Екі жақты жазбаның пайда болуы, мәні және дамуы
- •8.Бухгалтерлік есептің мақсаты (хҮғ.–хіХғ. 1-ші жартысы)
- •14. Петр 1 реформасына дейінгі есеп эволюциясы (862-1700 жж)
- •13. Бухгалтерлік есептің неміс мектебі (хіх ғ.- хх ғ. Басы)
- •16 Лука Пачолидің «Бухгалтерлік есеп және екіжақты жазба» бойынша негізгі идеяларына сипаттама
- •18 Тоскандық мектеп өкілдерінің көзқарастары
- •22 Орта ғасырдағы бухгалтерлік есептің дамуы
- •24. Есеп әдістемесі (хҮғ.–хіХғ. 1-ші жартысы)
- •26 Лука Пачолидің «Шоттар және жазбалар туралы трактаты» атты еңбегінің ерекшеліктері мен мәні
- •28 Ғтп және бухгалтерлік есептің дәстүрлі жүйесін қайта қалыптастыру (1921-1929 жж)
- •33. Фабио Бестаның (1845-1923) бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.
- •34. Пьетро д,Альвизенің есеп теориясын сипаттайтын қағидалары.
- •35.Джино Дзаппаның теориясы.
- •37. Роберт Диксидің теориясы
- •38 Иоган Фридрих Шердің теориясы (1846-1924жж)
- •41.Түгендеу - шаруашылық есепті жүргізудің ежелгі әдісі
- •43.Калькуляция, оның пайда болу және даму тарихы
- •44. Лука Пачоли: биографиясы және еңбектерінің мәні
- •45 Лука Пачолидің «Шоттар және жазбалар туралы трактаты» атты еңбегінің Батыс Еуропадағы есептің даму эволюциясына әсері
- •48.Ж. Саваридің өмірбаяны мен бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.
- •49. Артур Кейлидің өмірбаяны және бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.
- •50 Б. Катрульидің өмірбаяны мен бухгалтерлік есептің дамуына қосқан үлесі.
- •51.Салалардағы бухгалтерлік есептің пайда болу және даму тарихы (саудадағы, ауыл шаруашылығындағы)
- •52 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы есеп (1941-1945 жж)
- •53. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан отандық ғалымдардың өмірбаяны және еңбектері (Бутин м.Е., Радостовец в.К., Сатубалдин с.С., Нарибаев к.Н., Дюсембаев к.Ш. Және т.Б.)
- •55. Шетелдердегі бухгалтерлік есеп (20-ғасыр)
- •57 Бухгалтерлік есептің Мәскеу мектебінің баланстық теориясы
- •58 Есептің петербург мектебінің айырбас теориясы
- •60. Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы
- •64 XVIII ғ. Аяғы мен XIX ғ. 1-ші жартысындағы Ресейдегі есептің дамуы
- •67 Ежелгі әлемдегі инвентарлық бухгалтерия мен кіріс-шығыс есептерінің ерекшеліктері
- •68.Бухгалтерлік есептің тарихи дамуының заңдылықтары.
- •70 Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің даму ерекшеліктері
13. Бухгалтерлік есептің неміс мектебі (хіх ғ.- хх ғ. Басы)
XIX ғ. соңы мен XX ғ. басында өндірістің өсуіне және акционерлік қоғамдардың пайда болуына байланысты Германияда баланс жүргізу бағыты дүниеге келді.
Оның дүниеге келуіне құқықтық арнайы саласын - баланстың құқықты жасаған заңгерлердің іс-әрекеті; балансты бухгалтерияның іргесін қалаушы негізгі тұжырымдама ретінде насихаттау; акционерлерді негізгі есепті форма тетігі - баланспен таныстыру қажеттігі себешпі болды. Балансқа мынандай талаптар қойыла бастады: дәлдік; толықтық; айқындық; шынайылық;сабақтастақ; баланс тұтастығы. Германияда баланс-бруттоны (бөлінбеген пайданы көрсете отырып) және баланс-неттоны (бөлінген пайда көрсетіліп жасалған) бір-бірінен ажыратып тани бастады.Өндірістік есептің теориясы мен калькуляциясын Альберт Кальмес жасады. Оның идеяларының ықпалы зор болды, әсіресе Германияда және революцияға дейінгі Ресейді Р.Я. Вейцман мен Н.Г, Филимонов олардың идеяларын қайталады, ал А.П. Рудановский қалыпты (нормативті) бағаларды пайдалануға байланысты Кальместің идеяларын қайта өңдеп, дамытты.Кальмеспен қатар Иоган Фридрих Шер жұмыс істеді, олар өнеркәсіп өндірісінің көпшілігін үшке біріктіреді: -бір өнімдік бір бөлістіктер; -бір өнімдік көп бөлінетіндер; -параллель циклді және кейіннен жинастырушы өндіріс. Неміс мектебінде есепті екі циклға: саудалық және өндірістік бухгалтерияға нақты бөлу жүруде. Эйген Шмаленбах (1873-1955) саудалық бухгалтерия - борыштар мен міндеттемелерді, ал өндірістік-шаруашылықтың ішкі процестері (көбіне, үш бөлім атап бөлінеді - , материалдарды, өзіндік құнды, нәтижені есептеу) бақылайды деп көрсетеді.
14. Петр 1 реформасына дейінгі есеп эволюциясы (862-1700 жж)
Арнайы мектептерде есепті білетін және кітаптарын жүргізе алатын сауатты адамдарды дайындауға үлкен көңіл бөлген І Петр кезінде есепті ұйымдастыруға айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Ресейдегі есеп әрқашан батыстық үлгіден шыға алмады, бірақ бұл оның шынайы қалпында қалуға кедергі жасамады. Есепшілер уақыт өте келе византиялық, ттар-монғол салық төлеу сметасын, немістік есеп үлгілерін, ағылшын-американ стандарттарына да өтіп отырды. Осы сияқты үлгілер. Есеп стандарттары көп болды, дегенмен 1000 жылдан астам есеп тарихында жеткілікті өзіндік есеп үлгілері де баршылық. Ресейдегі есеп мемлекеттік есеп түрінде пайда болып дамыды. Ресейдің жалпы тарихында бухгалтерлік есеп сол бір қатып қалған принципті ұстанды. Ал енді принциптеріне тоқталып өтсек: Мемлекеттік меншік приматтары принципі- мемлекет барлығының н/е барлық мал-мүліктің, яғни елде орналасқан, иесі болып табылады. Бұл принцип негізінде есептік жазбаларды ж/е есеп ұйымдарын бір реттілікке, жүйеге біріктіретін бірыңғай органның қажеттілігі туады. Бұл принцип кнәздік шаруашылық кезінде 862 ж дүниеге келген. Материалдық жауапкершілік принципі- әрбір мүлікке қатаң жауап беретін жауапты тұлға белгіленеді. Жеке жауапкершілік принципі- есеп обьектісі н/е әрбір адам өз мүлкіне жауап береді. Басқа окладтық бірлікке көшу барысы- бұл принцип төлемдердің барлығы жамағатқа теңдей бөлінеді. Бұл принцип біздің дәуірге дейін ұжымдық материалдық негізде өмір сүрді. Сабақ н/е қиын тапсырма принципі- әрбір қызметкер өз жұмысы жайлы сабақ алуы тиіс, яғни қанша уақытта орындау қажет, есеп енгізу барысындағы жетіспеушілікті беру, планның орындалуы, мақсаттың әдіс-тәсілдер және т.б Коллация принципі- үй шаруашылығына қатысушы адамдар арасындағф өзара байланысқан есептер міндетті тіркеліп отыруы тиіс ж/е саудада кең дамуы керек. Административті құқық/қ қатынас приматтары принципі- басшы алдындағы міндет, басқа міндеттерден де ең маңызды болуы тиіс. Бағалық білім шығындар принципі- заттың бағалары шығын/ға байланысты. Бұл принцип гректер/ң «әділ баға» атты арманынан шыққан.Мазмұндылық принципі- документ сыртқы бейнесі мен өзара байланысындағы реттілік сақталуы, яғни документ толтыру барысындағы дұрыстылық.
15 Ресейдегі есептің дамуына Петр 1 реформасының әсері. Реформа тек есеп саласына ғана емес барлық саласына әсер етті. Осы кезде есеп саласына өзгерістер енгізілді. Ең алғашқы рет осы кезде мемлекеттік актілерде бухгалтер деген термин пайдаланыла бастады. Осы тұстан бастап арнайы мектептер, училищелер, ЖОО бухгалтерлерді дайындай бастады. Осы кездегі тағы бір ерекшелік: екі жақты жазба өте жай түрде таралған. Бұл кезде тек қана шаруашылық операцияларын техникалық түрде тіркеу әдісін де ғана пайдаланылды. Он сегізінші ғасырдан бастап екі жақты жазба дамыды.
Осы уақыттан бастап есепке және бақылауға үлкен көңіл бөлінді. Ұйым бойынша есепке алу нұсқаулары мемлекеттiк акт ретінде шығарылды. Есепке алудың сұрақтары орын тапқан Ең бiрiншi мемлекеттiк акт бұл 1714 жылының 22 қаңтарында белгіленетін болды. Бұл жағдайлар мемлекеттiк аппарат және мемлекеттiк өнеркәсiп үшiн міндетті болып саналды. Олар мыналарды талап еттi:
1 ) жазудың уақытылы болуы және «есеп жедел болу»
2 ) Кіріс және шығыс кітаптарының күнделікті жүргізілуі
3 ) жауапты тұлғалардың қатал дербес бағынуы.
1722 жылдың 5 сәуірдегі Ресей есебінің тарихындағы маңыздағы бір оқиғаның бірі Адмиралтействоның және верфтің басқару регламентін шығаруы. Осы кезде Ресейде ең алғаш рет мынадай сөздер пайда болды: «бухгалтер», «дебет», «кредит».Сондай ақ бұл кезде құжатпен дәлелденбеген жазбалар қабылданбады. Есеп саласындағы орталық орынды қоймадағы қалдық есептері алды. Әскери интендант қоймаларында провиантмейстер камерирмен қалдықтар туралы тiзiмді штаттарға ай сайын бердi
Есептің аса дамуы Орал металлургиялық зауыттарында орын алды. Оны ойлап тапқан атақты металлург В. И. Геннин, ол есептің біткен жүйесін жасады.
Мемлекеттік Орал металлургия зауыттарында материалдық есеп «С» және «D» (кредит, дебет) кітаптарында жүргізілді. Мұндай кітаптарды он екіге апарды- материал сандарының тобына қарай. Кiтаптардағы әрбiр нәрсе мазмұн бойынша яғни есеппен, шаралар және салмақпен және баға бойынша жазылуы керек болды. Сондай ақ кітаптарға бау өткізілуі, оларда парақтардың номерленуі және мөрмен бекiтуi тиіс болды.
Петр I реформасы Ресейде жүргізілген өнеркәсіптілік есептері үлкен нтижеге жетті. Атап айтсақ: кәсіпорындарда алғаш рет шаруашылық өмір фактілерінің толық құжатталуы, түгендеудің жүргізілуі және есептің құрастырылуы, шығындардың мейлінше азайтылуы, мліметтердің құпиялылығы, сияқты жекелеген құрылымды кәсіпорын бөлімшелерінің басқаруына қажетті жетістіктері болды. Сонымен бірге өнеркәсіптік есеп екі жақты жазу жүйесін білмеді.
