Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

24. Есеп әдістемесі (хҮғ.–хіХғ. 1-ші жартысы)

Даму бірнеше параллельді және бір бірімен байланысты бағытпен жүрді. Олар: екі жақты жазбаның ережесі, шоттар классификациясы, шоттар нысандары, Қосарлы жазбаны ұғыну Л.Пачолидан шығатын дербестеуден өткелге бағытталды, мұнда есепке алуда есептің объектісі заттар емес, адамдар болғанда, касса емес – кассир, тауар емес – қоймашы және т.б. шоттарды адам басына телген кезде есептеледі, Басқа авторлар шоттар дербестігінен шығып жатқанда, оларға Х.Олдкастлдың тұжырымдамасы әдеттегі қолданыста болды, Кез келген алынған зат немесе алушы мүлікті сақтаушы немесе тапсырған затты міндетті түрде беруі керек ,Матье де ла Порте (1685) екі жақты жазбаның ережесін тұжырымдады: кім береді – сол кредиттеледі, Бұл ережені ары қарай Э.Дегранж дамытты, яғни «кім алады – сол дебеттеледі, ал кім береді – сол кредиттеледі» деп тұжырымдаған. Де ла Порте екі жақты жазбаға тек бір ереже айтса, оның жерлесі Бертран Франсуа Баррем (1721) бірнеше ереже айтып кеткен: 1) шот дебиттеледі, егер оған шаруашылықтағы құндылықтардың түсімдері жазылатын болса; 2) шот кредиттеледі, егер шаруашылықтағы құндылықтардың шығуы жазылатын болса; 3) егер құндылықтардың шығуы басқа құндылықтардың келуімен бірге жүрмесе, онда есептеу жүргізілетін шот иесі дебиттеледі; 4) егер құндылықтардың келуі шығарылған құндылықтармен бірге жүрмесе, онда есептеу жүргізілетін шот иесі кредиттеледі. В. Менгр мен А. ди Пиетро ұсынды: бір шот дебиттелгенде және бірнеше кредиттеледі немесе бірнеше шоттар дебиттеледі және бір шот кредиттеледі. XVI ғ. шот бухгалтерлік есептің орталық санаты болады, ал шоттарды классификациялау мүмкіндігі – теоритектердің басты жұмысына айналды. Бірінші классификациялар итальяндық авторлармен жасалды. Д. Манцони (1540) барлық шоттарды тірі және өліге бөлді. Л.Флори (1636) барлық шоттарды 4 топқа бөлді: капитал, номиналды шоттар, сауда шоттары және есептік шоттар. П. Скали (1755) шоттарды 3 топқа бөлді: жеке меншікті, корреспондентік және мүліктік. Көрнекті француздық автор, математик және бухгалтер тексеруші Б.Ф. Баррем (1721) шоттың 2 түрін ұсынды: 1) жалпы шоттар – жеке меншіктікі («капитал» шоты) және оның агенттері; 2) жеке шоттар – корреспонденттер – дебитор және кредитор. XVIIғ. 2 жаңа классификациялар пайда болды: 1) Берілген көлемі бойынша. Ж.Савари (1673) шотты 2-ге бөлді: синтетикалық және аналитикалық. Саваридың 2 постулаты: а) Барлық аналитикалық шоттардың сальдо бағасы олар ашылған синтетикалық шотқа тең болу керек. б)Барлық аналитикалық шоттардың дебет айналым бағасы мен кредиттік айналым бағасы олар ашылған, сол шоттың дебет және кредит айналымына тең болу керек. 2. Сальдоның характерыне қарай. Голландтық автор К. ван Гезель (1698) шоттарды жеке меншік (пассивті) және қарама-қарсы (активті) етіп бөлген.Жеке шоттар – сатушыға дебет- пайдасыз, кредит –пайдалы. Қарама-қарсы шоттағы жазбалар қарама-қарсы мінезге ие. Шоттар баланспен жабылған. Басынан шот – Пачолидің бір постулатының аты: дебеттік және кредиттік айналымдардың теңдігі. XIVғ. соңында коммерсанттар балансты тек айналым бақылауы үшін ғана емес, бақылау құралы және шаруашылықты жүргізу үшін құрған. Шоттар нысаны. Отаны Италия шоттын бірінші формасына өз атын берді. Тіркеушілердің сипаты, есептеу кітабы ж\е оларды жүргізу ережесі ескі итальяндық формада болды. Оны Италияда венециандық деп атады. Бұл форманың тіркелімдері Мемориалды кітап, журнал ж\е Бас кітаптарда болды. Осыдан кейін Франческо Гаратти (1688) бұл форманы тұжырымдап, шотты синтетикалық ж\е аналитикалық деп 2-ге бөлді. Шоттар нысаны жаңа итальяндық атқа ие болды. XVII — XVIIIғ. қол еңбегінің шартымен жаңа ірі ұйымдар пайда болғанда, бір журнал шоттардағы жұмыскерлердің еңбектерін бөлуге рұқсат бермеді. Оны іске асыру үшін шоттың жаңа 2 нысаны ұсынылды: немістік, Ф. Гельвигпен сипатталған ж\е француздық , Матье де ла Портпен насихатталған.

25 Бухгалтерлік есеп техникасы (ХҮғ.–ХІХғ. 1-ші жартысы). Есептеудің формасы есептік деректерді ұйымдастырады. 1531ж. Неміс авторы И. Готлиб инвентаризацияны(түгендеу) жетілдіріп, бөлек тізім жасаудың орнына, тауарлық кітаптарға табиғи қалдықтарды жазып отыруға кеңес берді, яғни сәйкес шоттардың кредитіне.Бұл шоттардан тауарлардың қозғалысы корініп тұрады.Түгендеуді негізінен бағалы заттардан бастау керек.Европалық фирмалардың есептік тәжірибесінің көрсетуі бойынша: XVI ғ бастап жылдық балансты дайындаудан бұрын міндетті түрде түгендеу жұмыстарын жүргізу керек.1543 ж голландтық бухгалтер Я. Импин есепті кітапқа жазуда жаңа тәртіптер орнатты. Онда шаруашылық өмірдің әдеттегі жағдайларынан басқа, тауарды қанша көлемде сатып алу керек және қандай тауарлар алу керек екені, сонымен қатар анықтамалық құжаттар жазылған. Ол бухгалтерлік архивтің сақталу жүйесін ойлап тапты. Импин жинақтаушы тізімдер жасағанда былай кеңес береді: 1 ай ішіндегі ұсақ шығындарды арнайы кітапшаға жазып, ал журналға ай соңындағы қорытындыны жазу керек.1546 ж испандық ғалым Г. Де Такседа әрбір жылдың басында сол жылда кететін жоспарлы шығындардың соммасын енгізу керектігін айтты.1549 ж баварлық «бухгалтерліктің шебері» Швайнердің пайымдауы бойынша құжаттардың болуы дұрыс бухгалтерлік жазбаның алғышарты.Бұдан шығатын қорытынды: алғашқы құжаттар болмаса, бух жазбалада болмайды.1590 ж басқа испандық автор Б. Де Солозано есепті стандарттауға және нысандауға көңіл бөлді.Ол басты кітаптың үлгісі мен көлемін, қағаздың сапасын, жолдың ұзындығын, сияның түрлерін (қызыл сиямен жазылуы керек) анықтап отырған. Оның паымдауы бойынша дұрыс емес сақталған құжат «балалардың және тышқанның қолына түседі».1676 ж П.Пурра кез-келген материалдық есеп бойынша жазбадан кейінгі қалған қалдықтардың қорытындысын талап етті. 1709 ж С. Рикар арнайы тексеруші шот ашуды ұсынды.Ол шотта кредит пен дебетке жазылатын барлық операциялар болды. 1721 ж Б.Ф. Баррем арнайы таблицалар ойлап тапты. Олар арифметикалық әрекеттерді жеңілдетті. 1754 ж Коррон өндірісте материалдардың қозғалысының есеп жүйесін ұсынды. Әр жұмысшыға жеке шот ашылып, дебетіне материалдардың, кредитіне дайын өнімнің саны мен өзіндіқ құны жазылып отырды. 1758 ж Ларю кассирлерге арналған ереже шығарды: «бірінші жаз, сосын төле, бірінші ал, сосын жаз». 1817 ж И. С. Кинс бухгалтерияда бос қағаздарды қолданды, яғни түптеуден гөрі, қағаздарды алып-салуға болатын папкаларды ұсынды. 1825 ж Дезарно де Лизиньянс бух тіркеу жүргізудің жаңа тәртіптерін орнатты.Ол бойынша сандарды тек бір бағанаға жазу керек. 1827 ж А. Файно тауарларды этикетка арқылы маркалауды ұсынды. Әр этикеткада тауардың коды жазылады. Осы арқылы дүкендегі тауарлардың жылжуын байқауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]