Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

60. Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы

Бухгалтерлік есеп стандарттары. Стандарттар – қаржылық есеп беруді дайындау ережелері. Бухгалтерлік есеп стандарттары – есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субьектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаруашылық субьектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.Стандарттар есептің әр түрлі аспектілерін суреттейді және оның қандайда бір әдістері мен амалдарын дұрыс пайдалануды талдаудың әдістемелік негізі, құралы болып қызмет атқарады. Бүкіл әлемде қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухалтерлік есеп принциптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитеті (ҚЕХСК) Австралия, Канада, Франция, Германия, Жапония, Мексика, Ұлыбритания, АҚШ-тың кәсіби бухгалтарлері арасындағы келісім нәтижесінде құрылды. 1983 жылдан бері барлық кәсіби бұгалтерлік ұйымдар – Бухгалтерлердің Халықаралық Федерация мүшелері ҚЕХСК-ның мүшелері болды. Қаржылық есеп берудің Халықаралық стандарттары комитеті (ҚЕХСК) барлық жерде қабылданып, ұстану үшін 41 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды. ЕХСК-ның басты мақсаты – егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну: • Міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі; • ақпараттық жүйе құру принциптері; • осы ақпараттың сапалық сипаттамалары. • қаржылық есеп беру элементтері. 1997 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы халықаралық бухалтерлік есеп стандарттарына көшу негізінде қазіргі кезде стандарттық түрде қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындаумен толықтырылып отыратын 20 стандарттарын еңгізді.Қазақстанда бухгалтерлік есеп жүйесін реттеудің төрт деңгейлі жүйесі бар деп санауға болады. Бірінші деңгейлі бухгалтерлік жүйені Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп туралы заң құрайды.Бүгінгі таңда «Бухгалтерлік есеп туралы» заң 1995 ж 25 желтоқсаннан бастап әрекет етуде.Бухгалтерлік есеп заңы мемлекетте бухгалтерлік есеп жүйесін анықтайды.

61 ХХ ғасырдағы бухгалтерлік есептің негізгі идеялары. XXғасырларда баланс жүргізупайдаболды. Осығансәйкесарнаулы баланс құқығысаласыпайдаболды. Балансқақойылатынталаптардыңәртүрлілігіолардыңжіктелуінталапетті. Осыған сәйкес Германияда баланстар келесідей бөлінді: - Баланс - брутто (бөлінбеген пайданы көрсету арқылы құрыл); - Баланс - нетто (бөлінген пайданы көрсету арқылы құрылады). БЕ- кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен, сондай – ақ ұйымның есеп саясаты мен («Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Заңның 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер, ұйымдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.Франция мен Еуропада қарапайым бухгалтерия 1911 жылдан бастап пайда болды. Францияда іскерлік корреспонденцияны өте мақтан тұтты. Сонымен қатар бухгалтерлік кодекс және бухгалтерлік құқықтың жаңа саласын құруды қарастырды. Бухгалтерлік кодексте Франция ойшылдарының айтуынша мамандықтың заңдық анықтамасы бухгалтер мен жұмыс берушінің міндеттері көрсетілуі тиіс. АҚШ-та мұны бухгалтерлердің этикалық кодексі деп атады. Германияда есеп теориясының жағдайы төмен деңгейде болды. Ф.Скубиц - коммерциялық училищенің директоры: «Бухгалтерия - бұл кәсіпорынның барлық жағдайы туралы сандармен көрсетуге бағытталған қызмет» деп санады.

62 КСРО-дағы бухгалтерлік есептің даму эволюциясы. Ресейдгі 1940 жылдары бухгалтерлік даму 4 сатымен жүргізілді: 1. Еңбек шығындарын есепке алу бойынша құжаттар; 2. Негізгі құралдарды есепке алу бойынша құжаттар; 3. Өнім шығымын есепке алу бойынша құжаттар.

4. Материалдық шығындарды есепке алу бойынша құжаттар.

Кеңес одағындағы бухгалтерлік есеп әрқашан батыстық үлгіден шыға алмады, бірақ бұл оның шынайы қалпында қалуға кедергі жасамады. Есепшілер византиялық татар- моңғол салық төлеу сметаларын, немістік есеп үлгілерін, ағылшын-американ стандарттарына да өтіп отырды. Кеңес одағында осы сияқты үлгілер, есеп стандарттары да көп болды, дегенмен 1000жылдан астам есеп тарихында жеткілікті өзіндік есеп үлгілері де баршылық.

Кеңес одағындағы бухгалтерлік есептің алғашқы қадамы «үш жақты» орыс бухгалтериясын негізге ала отырып пайда болды. «Үш жақты» атауы Үш жақты» атауы 3жағдайда туындады:

  1. Тіркеу үш топтың жиынтығы бойынша жүргізіледі: кіріс, шығыс, қалдық.

  2. Регистрлермен үш кітап бірге жүреді: журнал, бас кітап Ф.В. Езерский терминалогиясы бойынша есеп және шот кітабы, алмастырылатын баланс болып табылады.

  3. Үш қана шот қолданылады: касса, құндылық, капитал.

Ф.В. Езерский мен И.П. Шмелев екі жақты жазуды құртып оның орнына үш жақты және төрт жақты шоттарды енгізгеніне сенсе, ал С.Ф. Иванов пен ЭЭ Фельгаузен басқа парадигмаға өзгерткісі келген, яғни 1кезеңінен, 2түпкірлей, 3кеңінен.

Сонымен қатар Кеңес одағының кезінде есептеулер жүргізілетін шотты: Халық табысының есебі; Халық байлығының есебі деп екіге бөлген. Осының өзі И.Ф.Валицкийдің бух есептің дамуына сіңірген еңбегінің нәтижесі. И.Ф.Валицкий- оның жұмыстарының ішінде қазіргі таңда шетелдер баспаларынана кездесетін еңбегі бар. Ол макро шот көмегімен статистикалық әдістер (жазуды бүхгалтерияны құжаттарсыз орындау), тіркеулер, акттер, статистикалық есептеулер жүргізуге болады деп түсінді. Ғылым шоты алғашқы құжат ретінде жүретін мемориалды ордерлерінің көшірмелерінде есепке алынды. Есептеулер жүргізілетін шотты екі қатарға бөлген болатын.

Егер И.Ф.Валицкий екіжақты шығын парадигмасының шекарасын жылжытса, онда С.Ф. Иванов пен ЭЭ Фельгаузендер оларды тереңдетті және кеңейтті: жалпы негізгі назарға ие болған өнеркәсіпті есепке алу қағидалары болады.

63 Бухгалтерлік есептің заңнамалық және экономикалық теорияларының мәні. Бухгалтерлік есептің құқықтық не заңнамалық теориясы, бухгалтерлік есеп-шаруашылық процестерде қатысатын құқықтардың бақылануы және тұлғалардың міндеттемелері дей отырып, бухгалтерлік ғылымды азаматтық құқықпен байланыстырады. Осыдан пайда дегеніміз ол алынған құралдардың жиынтығы емес, осы құралдарды алу құқығы ретінде қарастырылады. Сондықтан көбінесе салық салынатын сома пайдасы ұйымның пайдасы болып табылады деп есептелінеді. Бұл теория бухгалтерлiк есеп- салық құқығының дербес жағдайы дегенге әкеледі. Қазіргі кезде заңнамалық теорияның шекарасын этикалық проблемаларды енгізу арқылы кеңейту тенденциясы қалыптасты. Бұл жағдайда есепті негізге алуда тек құқықтық нормалар ғана емес, сонымен қатар, шаруашылық механизм жүйесінің сәттілігі үшін шаруашылық процестерге қатысушылардың арасындағы әділдікті талап ету де қарастырылады. Бұл жерде жай салыстырмалы шынайылық емес, ұйымның ақпараттық жүйесімен көрсетілген абсолютті шынайылық болуы тиіс. БЕ эконом-қ теориясының өзі макро ж/е микроэкономикалық деп бөлінеді. Макроэкономикалық теорияда есепті негізге алудағы объект ретінде мемлекеттің бүкілхалықтық шаруашылығы алынады. Бұл теорияны жақтаушылар егер әр фирма пайданы белгілі бір мезгілде табысталды деп санаса, бұл ел экономикасына қалай әсер етеді деген сұрақ туындатады. Бухгалтерлік есеп экономикалық құлдырау кезінде дивидендтердің түсуін ұлғайтып, капиталды шоғырландыруды көбейтетін және инфляция кезінде инвестицияларды тұрақтандыратындай болуы керек деп ұлттық экономикалық мақсат талап етеді. Микроэкономикалық теорияда есепті негізге алудағы объект ретінде бөлек фирманың шаруашылығы алынады. Жеке фирманың бухгалтерлік есебі оның экономикалық жағдайын көрсетеді. Микроэкономикаға, яғни фирманың экономикалық бірлігіне негізделген қазіргі есеп теориясы ұйымның нарықтағы операциялары арқылы экономикаға әсер етуін анықтайды. Мысалы бұл тұжырымдама қаржылық есептің стандарттары бойынша комитеті қабылдаған АҚШ-тың бухгалтерлiк есебінің концептуалды негiзi болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]